Главная / Математика / сайыс сабақ "кім жылдам"

сайыс сабақ "кім жылдам"

«Кім жылдам?» математикалық сайысы. 5 сынып


Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушының бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, оқушының белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Көрнекілік: интерактивті тақта , плакаттар, ұпайы жазылған парақшалар, таратпа материалдар, таблолар, тапсырмалар.

Сайыстың барысы:
І.  Сайыскерлерді топтарға бөлу
ІІ. Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жұмбақтағы математика.

ІV. Математика мақал-мәтелде.
V .Логика тапсырма


І.  Сайыскерлерді топтарға бөлу: Таныстыруы.

« Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!

Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен

Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.

« Тапқырлар » тобы:
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Ұраны: Білім қару етіп, серік етіп,

Болашақтың есігін біз ашамыз!

I.Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру).
Алғырлар тобы.
1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
2. Шеңбердің радиусы 6см.Диаметрі қанша?
3.Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
4. Жұп цифрларды ата.
5.  Санды қандай санға бөлуге болмайды?
6. Ең үлкен екі таңбалы сан?
7. Шеңбер салуға арналған құрал?
8. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?
9. 1 сағатта қанша минут  бар?

10. Бұрышты өлшеуге арналған құрал
11. Шеңбер бойындағы нүктені оның центрімен қосатын кесінді

12. Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш

Тапқырлар тобы.
1.    Қандай сандар жай сандар деп аталады?
2. Қанша цифр білесің?
3. Ең кіші үш таңбалы сан?
4. Тақ цифрларды ата.
5. Метрде неше сантиметр бар?
6.Тоннада қанша киллограмм бар?
7. Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді?
8. Бір ғасырда неше жыл бар?
9. Ең кіші натурал санды ата.

10. Шеңбер сызуға арналған құрал
11.Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар
12.Центр арқылы өтетін кесінді

III.  Математикалық жұмбақтар

1.Бірдей санды бірнеше рет, Өмірің сенің қызық,
Көбейтуден тұрады. Жолында жоқ түзу сызық,
Егер оны ықшамдасаң Басы да жоқ аяғы.
Қандай атау болады? Бір айналым баяғы.

2.Нәрселерді санағанда Нүктеден екі сәуледен
Керек бізге ауадай Құралған айтшы бұл не екен?

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай     

3.Алды –артымыз шексізде Егіз туған қос жүйрік
Жете алмайсыз біздерге
Жарыса шауып терлейді
Сәуле менен кесінді
Бірін-бірі көрмейді
шыққан тегін білесін бе?    
Дамылсыз қанша шапса да

Бір мәреге келмейді.

4.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Үлкен кіші сандарды сен
Ұзындығы жазылып тұр бойында       Қандай таңба қояр едің

Ажыратқың келсе егер Қане ойлан куәгер

IV.             Мақал-сөз мәйегі
( мақал – мәтелдің жалғасын тап.)
№1.
1 . 7 рет өлшеп , 1 рет кес
2. 1 тал кессең  , 10 тал ек,
3. Досыңды 3 күн сынама , 3 жыл сына  .
4. Білгенің бір 9 , білмегенің 99.
№ 2
1.Жігіт1 сырлы  , 8 қырлы  .
2. Ұлға 30 үйден тыю  , қызға 40 үйден тию.
3. 100 тенгең болғанша, 100 досың болсын .
4. 7 жұрттың тілін біл , 7 түрлі білім іл.

V.Логикалық сұрақтар .

«Сыр сандық құпиясы»
10 Бұл зат сендерде жуырда пайда болды. Жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Көбінесе оны уақытты үнемдеу үшін қолданады, ал кейде бірдеңені білмей қалған жағдайда соның көмегімен іздегеніңді оп-оңай тауып алуға болады.
Бұл не?
20 Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не?

30 Бұл негізгі сандардың бір түрі. Олармен сен бастауыш сыныпта танысып келгенсің. Сенің үйіңнің нөмірін, жолдастарыңның санын, оқып жатқан

сабақтарыңның ретін тек қана осы сандармен белгілеуге болады. Бұл қандай сандар?

«Жасырынбақ» (жасырынбақты кішкентай сыныптың оқушылары жасырады)

10 - Алдымен бөлді, сосын тағы да бөлді. Содан соң екеуінің арасына «теңдік» таңбасын қойды.
- Оның көмегімен теңдеу де, есептер де шығаруға болады.
- Дәрі-дәрмек жасағанда оның қандай болу керек екенін жақсы білу керек. Егер біреуін көбірек салып қойсаң, керегіңді ала алмайсың.
- Онымен сендер таныссыңдар, тіпті, онымен жұмыс та жүргіздіңдер. Бұл не?

20 Кейбіреулер «ол» тезірек бітсе екен деп асығады. Өйткені, ол бітсе, ойнауға, асыр салып жүгіруге болады. Бірақ ол бітер емес... Біреулер оны жақсы көреді, ал кейбіреулер ұнатпайды, өйткені «онда» көп ойлау керек, есептеу, жазу, ауап беру қажет. Кейде бірдеңелерді орындайсың-орындайсың, ал тексергенде «2» қояды. Мүмкін, тапсырмаларды дұрыс орындамағансың, әлде уақытың жетпей қалды ма екен? Өйткені «ол» 45 минутқа ғана созылады ғой. Бұл не?

30 Бұл сенің ең негізгі құралың. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отырсаң, бұл құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде қуанасың, ал кейде жылағың келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуансаң оны сен мамаң мен папаңа өзің көрсетіп мәз боласың, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайсың. Өйткені онда сенің бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не?


Қорытындылау: сайыс соңында жеңімпаз оқушылар анықталып, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

сайыс сабақ "кім жылдам"
  • Математика
Описание:

Білімділік Оқушының бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, оқушының белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.
Дамытушылық Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
    интерактивті тақта , плакаттар, ұпайы жазылған парақшалар, таратпа материалдар, таблолар, тапсырмалар. 

Автор Нурсадыкова Альмира Дусупкановна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 510
Номер материала 43998
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓