Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСаяси топ сағат

Саяси топ сағат

Скачать материал

Ф.198

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

 «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі» РМҚК                                                                

 

 

БЕКІТЕМІН                                                                 ОӘБ төрағасының

орынбасары 

_________ А.М.Ибраева                                                                              «___» __________ 2014ж.

 

Сертификаттық талаптар

1, 2 курс арасында 24.11.2014 жылы өткізілетін 

«Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы»

атты саяси сағаты

 

№ р/с

Атауы

Орындаушы

Мерзімі

I. Танысқан нормативтік, оқу – әдістемелік әдебиеттер

1

Қазақстан тарихы.Очерктер. А., 1994.

Мукушева Л.А.

10.11.14

2

Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Қызмет жолы

Мукушева Л.А.

10.11.14

3

Дерек көзі: http://personal.akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы

Мукушева Л.А.

10.11.14

II. Дайындалу және өткізу жоспары

1

Әдебиеттермен танысу

Мукушева Л.А.

10.11.14

2

«Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы» атты саяси сағатты дайындау мен өткізудің жоспарын әзірлеу

Мукушева Л.А.

12.11.14

 

«Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы» атты саяси сағаттың презентациясын жасау

Мукушева Л.А.

14.11.14

 

«Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы» атты саяси сағаттың көрнекіліктерін дайындау

Мукушева Л.А.

15.11.14

 

«Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы» атты саяси сағат өтетін дәрісхананы дайындау

Мукушева Л.А.

24.11.14

 

«Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы» атты саяси сағатты өткізу

Мукушева Л.А.

24.11.14

 

                                   Құрастырған                   Мукушева Л.А.

 

Циклдық комиссия отырысында қарастырылды ___________Л.А.Мукушева

Хаттама № __  «___» ______ 201__ж.

 

Келісілді

«Программист» бөлімінің меңгерушісі

_________М.Н.Мухтарова

«___» ___________ 201__ж.

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саяси топ сағат

Тақырып: «Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: оқытушы Мукушева Л.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы - 1 отырысында қаралып, талқыланды

 

Хаттама №_____ «___­_­»____________2014 ж.

 

Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.  

 


 

Тақырыбы: Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар көрсету, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент», Елбасының портреті

 

Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер-саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

 

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

 

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

 

Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,

Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Еңбек жолы және жетістіктері:

• 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы

Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры

• 1960 – 1973 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.

• 1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

• 1973 – 1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы

• 1977 – 1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы.

• 1979 – 1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

• 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы

• 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

• 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті

• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98,7 жеңіске жетті.

• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды.

• 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық “Бөбек” балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады, “Элитстрой” компаниясын басқарады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады

1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

1993 жылы қарашаның 15 – і күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді.

Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды.

1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген

1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

 

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

 

Жәнібек, Төле би сөзімен саяси сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

 

Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

 

 

 

 

 

 

Оқытушы              Мукушева Л.А.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Саяси топ сағат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуКөрнекілігі: суреттер, слайдтар көрсету, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент», Елбасының портреті

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 199 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.10.2020 170
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гусева Елена Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гусева Елена Александровна
    Гусева Елена Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80959
    • Всего материалов: 210

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе