Главная / Другое / Сауат ашу "Күз кереметі"

Сауат ашу "Күз кереметі"

Ақсу қаласы. Қызылжар ауылының орта мектебі

Даярлық топ











Сауат ашу

Тақырыбы: Күз кереметі


Тәрбиешісі: Мажикова С.К.








2014-2015 оқу жылы



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Күз кереметі.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастырту. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Балалалдың сөздік қорларын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмыс:бау, бақша.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар.

Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық қозғаушы




Іздену-ұйымдастырушы кезеңі

Шаттық шеңбері”

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

Жұмбақ жасыру.

1)Аспай піскен, қайнамай түскен.

2)Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

3)Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

Сөздік жұмыс.

Бақ-әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша-көкөністер (қауын-қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.

Д/о: «Дәміне қарай ажырат»

Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, андай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек.

Дәптермен жұмыс.

а)6-7 беттегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру.

-Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

-Бақта не өседі?

-бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады?

ә)Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу, оларды бояу.(6-бет)

б)Д/о: «Жемістерді себетке жина»

суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себеттің суреттері берілген.

в)Дәптердің 7-бетіндегі (бұрыш, сәбіз, қызанақ) көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасы.

Сергіту сәті.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, атын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Балалар шаттық шеңберінде тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.



Балалар жұмбақ шешеді.

(Жеміс)

(Сәбіз)


(Қарбыз)


Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.





Көзі байланған бала көкөністер мен жемістердің бөліктерінен дәм татып, андай жеміс немесе көкөніс екенін табады.

Балалар әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

-Ағаштардың жапырақтары сарғайған. Адамдар көкөністер мен жемістерді жинап жүр.

-Алма, алмұрт, шие, т.б.

-Жемістер.

Балалар себетке тек жемістердің суретін сызық арқылы себетке сызып көрсетеді.

Балалар көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосып,бояйды.

Бірдей шелекті штрихтайды.

Балалар қимылмен көрсетеді.



Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

-Күздің қандай кереметін сездіңдер?

-Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?

-Суреттен жемістерді атаңдар.

-Көкөністер қайда өседі?

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді.




Бірін-бірі бағалау.



Күтілген нәтиже:

Білуі керек: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білді.

Игеруі керек: адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгіме құрастырту игерді.



Сауат ашу "Күз кереметі"
  • Другое
Описание:

Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.

 

 

Автор Заирова Бибигуль Бейсенбековна
Дата добавления 05.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 1704
Номер материала 55658
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓