Главная / Физика / «Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.

«Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.

Апта: Бейсенбі

Күні: 06.12.2012 жыл

Сабақ: 2 сабақ

Сабақ тақырыбы

«Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.

Жалпы мақсаты

Өтілген тарауды қайталай отырып, білімдерін жинақтау және қорытындылау.

*формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалану;

*физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтау;

*формулаларды, өлшем бірліктерді жадында сақтауға тырысу.


Күтілетін нәтижелер

*топтық жұмыста белсенділік көрсетеді;

*оқушылардың шығармашылығы дамиды;

*өзіндік жеке жұмысты дамыту жолдарын біледі;

*Прямая со стрелкой 3Прямая со стрелкой 4. сұрақтар қоя алады;

* есеп шығару дағдылары қалыптасады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Тапсырмалар

*топқа бөліну. (топқа бөлу үшін физикалық шамаларды пайдаланып тренинг жүргізіледі)

*ассоцияциялық карта толтыру. (зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізе білуі керек)

*топтық жұмыс. (әр топ берілген тапсырмалар бойынша формулаларды, анықтамаларды, өлшем бірліктерді сәйкестендіруі керек)

*жеке жұмыс. (тест тапсырмалары, есептер шығару)

*ой бөлісу ( Диалог арқылы оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. 1-жоғары мәртебелі сұрақ, 1- төмен мәртебелі сұрақ)

*рефлексия ()

Керекті жабдықтар

Оқулық, 9 сыныпқа арналған есептер жинағы, А.П. Рымкевич физика есептерінің жинағы, топшамалар, кесте, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т.б.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Кіріспе



Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу.

Сақталу қасиетіне ие болатын қандай физикалық шамалар бар? Сұрақ жауабы: импульс, энергия, заряд. Осы сұрақтың жауабы арқылы топқа бөлу. Тренинг.

Бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.


Үй тапсырмасын тексеру: Тарауды қайталау, шолу жасау.

Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді.

І топ - «Импульс. Импульстің сақталу заңы» тақырыбын қорғау.

ІІ топ – «Реактивті қозғалыс» тақырыбын қорғайды.

ІІІ топ – «Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыбын қорғайды.


Оқушылар жоқ оқушыларды атайды, топқа бөлінеді.

Оқушылар импульс, энергия, заряд деп жауаптарын айтады.

Топ жетекшілері тобының оқушыларын бағалап отырады.


Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.


Оқушылар топтасып, тапсырмаларға жауап беруге дайындалады.

Оқушылар постерге ойларын түсіреді.

Тұсаукесер

Сонымен балалар, өткен тарауды қайталай отырып, бүгінгі сабақта тарау бойынша алған білімімізді әр түрлі тапсырмалар бойынша, есептер шығару арқылы ойымызды жинақтаймыз.



Оқушылар тыңдайды.




Негізгі бөлім

1 – тапсырма. Топтық жұмыс.

І топ: Формулаларды сәйкестендіру.

ІІ топ: Өлшем бірліктерді сәйкестендіру.

ІІІ топ: Анықтамаларды сәйкестендіру.

2- тапсырма: Есептер шығару.(Әр топқа А, В, С деңгейінің есептері беріледі.)

А деңгейінің есептері

11.5

Денеге 10 с ішінде тұрақты 50 Н күш әрекет етеді. Күштің әрекет ету уақытында дененің жылдамдығы 5 м/с – қа өзгерсе, онда дене массасын анықтаңдар.

11.16

Массасы 50 кг метеориттің 40км/с жылдамдықпен ұшқандағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар.

11.26

Горизонталь бетте 5 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг дөңгелек сырғанамай домалап келеді. Оның импульсін табыңдар?

В деңгейінің есептері

11.1

Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болу үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы қажет?

11.4

Массасы 1 кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 1 м/с – тан 10 м/с-ға дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар.

11.18

Кинетикалық энергиясы 10 Дж, ал импульсі

2 кг*м/с болатын дененің массасын анықтаңдар.

С деңгейінің есептері

11.14

Темір жол вагонының буферлік серіппесін 1 см- ге сығу үшін

30 кН күш керек болса, оны 5 см сығу үшін қандай жұмыс атқарылыды?

11.25

Горизонталь беттегі денеге 10 м/с жылдамдықпен берілді. Егер дене мен беттің арасындағы үйкеліс коэффеценті 0,1 болса, онда дене толық тоқтағанға дейін қанша қашықтықты жүріп өтеді.

11.36

Серепені 4 мм – ге созу үшін 20 мДж жұмыс атқару қажет. Оны 4 см соз үшін қанша жұмыс атқару қажет.

Ой бөлісу «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыптарын қайталау және соған байланысты шығарылған есептерімізді қорытындылай отырып, қаншалықты меңгергеніміз бойынша ой бөлісейік.

Прямая со стрелкой 2Диалогтық оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. Яғни, жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар қою.

Төмен мәртебелі сұрақтар:

1.Адам энергияны қайдан алады? (Адам энергияны жұмыс жасаған кезде және қозғалған кезде алады.)

2.Ғарыш зымыранының ұшуы қандай қозғалысқа негізделген? (Ғарыш зымыранының ұшуы реактивті қозғалыс принципіне негізделген.)

3. Тас вертикаль жоғары лақтырылған. Бұл жағдайда энергияның қандай түрлері болады? (Потенциалдық энергиясы артады, кинетикалық энергиясы кемиді.)

ЖПрямая со стрелкой 1оғары мәртебелі сұрақтар:

1. Техника энергиясыз жұмыс істей ала ма? ( Жоқ. Себебі бірде –бір техника энергиясыз қозғалысқа келіп жұмыс істей алмайды. Сондықтан ғалымдар күн, жел, су, атом энергияларын пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп келеді.)

2.Дененің күш импульсі Ньютонның қай заңы негізінде тұжырымдалған? (Ньютонның ІІ заңы импульстік түсінік тұрғысынан тұжырымдалған.)

3.Сағаттың бұралған серіппесінде механикалық энергияның қандай түрлері бар? (Сағаттың тілшесі төмен бағытталғанда кинетикалық энергиясы артады, ал сағаттың тілшесі жоғары бағытталғанда кинетикалық энергиясы кемиді де, потенциалдық энергиясы артады.)

Оқушылар формулаларды, өлшем бірліктерді, анықтамаларды сәйкестендіреді.



Оқушылар берілген есепті топта талқылап, тақтада орындайды.





































Сұрақтар бойынша ойланады, жауап береді, бірінің ойын екіншісі толықтырады.

Қорытынды

Бекіту: Тарауды қаншалықты меңгергені туралы жеке жұмыс беріледі.

Тест жұмысы әр топқа 10 сұрақтан беріледі, жауабы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Тест қорытындысын критерий бойынша бағалау:

9-10 –«5»; 8-7- «4»; 5-6-«3»; 1-4 –«2»

І топқа

1. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А. кг; В. м/с; С. кг*м/с; Д. Н*кг; Е. кг*с/м

2. Дене импульсінің өзгерісі ... тең

А. күш импульсіне; В. Массасына; С. жылдамдығына;

Д. уақытына; Е. жолына және үдеуіне

3.Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама

А. Күш; В. Дене импульсі; С. Уақыт; Д. Энергия; Е. Ара қашықтық

4. Массасы 2 т зымыран жердің үстінде қозғалмай ілініп тұрғанда төмен қарай жылдамдығы 1250 м/с реактивтік ағын шашады. 1с-та қанша газ массасы ағып шығады? g=10м/с2.

А. 17 кг; В.16 кг; С.14 кг; Д. 10 кг; Е. 20 кг.

5. Массасы 160г хоккей шайбасының импульсі массасы 8г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы керек?

А. 15м/с; В. 16м/с; С. 17м/с; Д. 18м/с; Е. 30м/с

6. Дененің лақтыру мезетіндегі кинетикалық энергиясы 200Дж. Егер дене массасы 800 г. болса, онда ол Жер бетінен қанша биіктікке көтерілетінін анықтаңдар.

А. 25,5м; В. 24,2м; С. 12,1м; Д. 6м; Е. 3,6м

7. Күш импульсі деп

А. Күш пен оған әрекет ету уақытының қатынасына тең

В. Күш пен массаның бөліндісіне тең

С. Күш пен массаның көбейтіндісіне тең

Д.Күш пен оған әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең

Е. Күш пен оған әрекет ететін жылдамдықтың бөліндісіне тең

8. ХБЖ жүйесінде күш импульсінің өлшем бірлігі

А. Н*с; В.Н/с; С.Н*кг; Д.Н/кг; Е. Н/кг*м/с

9.Футболшы массасы 700 г допты теуіп, оған 15м/с жылдамдық береді. Соққының ұзақтығын 0,020 с деп есептеп, соққы күшінің орташа мәні

А.0,200Н; В. 200Н; С. 525Н; Д. 500Н; Е. 600Н

10. Массасы 200г доп, 5м/с жылдамдықпен ұшады. Импульсі қанша?

А.1кг*м/с;В.0,6кг*м/с;С.14кг*м/с;Д.15кг*м/с;Е.21кг*м/с

ІІ топқа

1. Дене импульсінің таңбасы

А. А; В. Е; С. Р; Д. О; Е. q

2.Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама

А.Дене импульсі; В. Күш; С. Уақыт; Д. Энергия

Е. Ара қашықтық

3.Күш импульсі деп

А. Күш пен оған әрекет ету уақытының қатынасына тең

В. Күш пен оған әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең

С. Күш пен массаның көбейтіндісіне тең

Д.Күш пен массаның бөліндісіне тең

Е. Күш пен оған әрекет ететін жылдамдықтың бөліндісіне тең

4.Массасы 10кг балға 1,25 м биіктіктен төске еркін құлап соғылады. Соққы күші 5кН Соққының ұзақтығы

А. 0,0001с; В. 0,01с; С. 10с; Д. 100с; Е. 0,1с

5. Массасы 3кг доңғалақ горизанталь жазықтықта 5м/с жылдамдықпен сырғанамай дөңгеледі. Доңғалақтың импульсін анықтаңдар?

А. 21кг*м/с; В. 19кг*м/с; С. 17кг*м/с; Д. 13кг*м/с; Е. 15кг*м/с

6.Массасы 2т зымыран жердің үстінде қозғалмай ілініп тұрғанда төмен қарай жылдамдығы 1250 м/с реактивтік ағын шашады. 1с-та қанша газ массасы ағып шығады? g=10м/с2.

А. 16 кг; В.17 кг; С.14 кг; Д. 10 кг; Е. 20 кг.

7.Футболшы массасы 700г допты теуіп, оған 15м/с жылдамдық береді. Соққының ұзақтығын 0,020с деп есептеп, соққы күшінің орташа мәні

А.0,200Н; В. 200Н; С. 500Н; Д. 525Н; Е. 600Н

8.Массасы 200г доп, 5м/с жылдамдықпен ұшады. Импульсі қанша?

А.1кг*м/с; В.0,6кг*м/с; С.14кг*м/с;Д.15кг*м/с; Е. 21кг*м/с

9. Болаттан және қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Денелердің импульстерін салыстырыңдар.

А. 2 есе артық; В. 3 есе артық; С. 1,5 есе артық;

Д. 1,5 есе кем; Е. 3 есе кем

10. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, массасы 1000кг машинаның моторы өшіп қалса, ол қанша уақыттан кейін тоқтайды? Кедергі күші 0,2кН

А. 100с; В. 400с; С. 300с; Д. 200с; Е. 500с

ІІІ топқа

1. Дене импульсінің формуласы

А. р=mq; В. р=mF; С. р=mhello_html_m3c253400.gif; Д. р=FQ; Е. р=ЕТ

2.Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама

А. Дене импульсі; В. Күш; С. Уақыт; Д. Энергия

Е. Ара қашықтық

3. Дене импульсінің өзгерісі ... тең

А. массасына; В. күш импульсіне; С. жылдамдығына

Д. уақытына; Е. жолына және үдеуіне

4.Болаттан және қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Денелердің импульстерін салыстырыңдар.

А. 2 есе артық; В. 1,5 есе артық; С. 3 есе артық;

Д. 1,5 есе кем; Е. 3 есе кем

5.Футболшы массасы 700г допты теуіп, оған 15м/с жылдамдық береді. Соққының ұзақтығын 0,020с деп есептеп, соққы күшінің орташа мәні

А.0,200Н; В. 200Н; С. 600Н; Д. 500Н; Е. 525Н

6.Массасы 2т зымыран жердің үстінде қозғалмай ілініп тұрғанда төмен қарай жылдамдығы 1250 м/с реактивтік ағын шашады. 1с-та қанша газ массасы ағып шығады? g=10м/с2

А. 16 кг; В.17 кг; С.14 кг; Д. 10 кг; Е. 20 кг.

7. Массасы 10г оқ қабырғаны тесіп өткенде жылдамдығы 800м/с-тен 300м/с-ке дейін кемиді. Оқ импульсінің өзгеріп табыңдар

А. 6*105 г*см/с; В.3*105 г*см/с; С.50*105 г*см/с

Д.5*105 г*см/с; Е. 10*105 г*см/с

8.Күш импульсі деп

А. Күш пен оған әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең

В. Күш пен массаның бөліндісіне тең

С. Күш пен массаның көбейтіндісіне тең

Д.Күш пен оған әрекет ету уақытының қатынасына тең

Е. Күш пен оған әрекет ететін жылдамдықтың бөліндісіне тең

9.ХБЖ жүйесінде күш импульсінің өлшем бірлігі

А. Н*кг; В.Н/с; С.Н*с; Д.Н/кг; Е. Н/кг*м/с

10.20м/с жылдамдықпен келе жатқанда, массасы 103кг машинаның моторы өшіп қалса, ол қанша уақыттан кейін тоқтайды? Кедергі күші 200Н

А. 100с; В. 400с; С. 300с; Д. 200с; Е. 500с

Жауаптары: 1С,2А, 3В, 4В, 5Е, 6А, 7Д, 8А, 9С, 10А

Қhello_html_m377b6691.gifорытынды. Рефлексия.

hello_html_m174cd70d.gif







Бағалау. Жиынтық бағалау. Топ жетекшілерінің әр тапсырма бойынша қойған бағаларын біріктіріп, мұғалім соңында жиынтық баға қояды.



Үйге тапсырма: 3 – тарау. Сақталу заңдарын қайталау. Қайталауға тест дайындау. (10 сұрақтан 5 жауаптан тұратын)

Есептер жинағынан №11.6; №11.7; №11.20

Оқушылар өз беттерімен орындайды, дәптерлерін көршілерімен ауыстырып, бірін – бірі тексереді, бағалайды.































































































































Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға жапсырады.



Топ жетекшілері сабақ соңында әр тапсырма бойынша топ мүшелерінің бағаларымен таныстырады.


Оқушылар күнделіктеріне жазады.

























«Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.
  • Физика
Описание:

Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу.

Сақталу қасиетіне ие болатын қандай физикалық шамалар бар? Сұрақ жауабы: импульс, энергия, заряд. Осы сұрақтың жауабы арқылы топқа бөлу. Тренинг.

Бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.

Үй тапсырмасын тексеру: Тарауды қайталау, шолу жасау.

Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді.

І топ - «Импульс. Импульстің сақталу заңы» тақырыбын қорғау.

ІІ топ – «Реактивті қозғалыс» тақырыбын қорғайды.

ІІІ топ – «Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыбын қорғайды.

Автор Купжасарова Алмагул Калымжановна
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Физика
Подраздел Другое
Просмотров 1491
Номер материала 59308
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓