Главная / Другое / "Сарымсақ" тақырыбындағы ғылыми жоба

"Сарымсақ" тақырыбындағы ғылыми жоба

hello_html_m3510d870.gifhello_html_mb328726.gifhello_html_426a6bca.gifhello_html_m303fa557.gifhello_html_m3b8d2fcc.gifhello_html_45b110b9.gifhello_html_66fe47b7.gifhello_html_m212c9552.gifhello_html_m3baa9ce3.gifhello_html_m2bfe5e67.gif

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі 

 

Жоба тақырыбы: Сарымсақтың пайдасы

 



Авторы: Жетібай Несібелі

7 - сынып оқушысы





Секциясы: Биология

 

 

 

 Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Реукенова Райгул

 

 

 

 

 



Форт- Шевченко қаласы

2014 ж.

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің 

7- сынып оқушысы Жетібай Несібелінің

«Сарымсақтың пайдасы» атты зерттеу

жұмысына берілген




Пікір



7- сынып оқушысы Жетібай Несібелінің «Сарымсақтың пайдасы» атты

шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы

жасалғанын айтуға болады. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім

жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында сарымсақтың халықтық ем мен

медицинадағы қолданысы, оның пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы

айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші

Несібелі өз жұмысын қорыта келе, сарымсақтың пайдасын дәлелдеуде

халықтық ем де жасап көрген.






Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Реукенова Райгул Аманғалиқызы










Аннотация





Зерттеудің мақсаты: Пияз тұқымдасына жататын түйнек – пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан түрлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.

Болжамы: гер біз дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер сарымсақ жайлы оқып білсек, онда сарымсақтың көптеген сырларын ашып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және қола өсіруге жұмыстанар едік.

Зерттеу кезеңдері:

І кезең: Жоба жұмысының тақырыбы таңдалып, қажетті әдебиеттер мен баспасөз материалдары жинақталды.

ІІ кезең:Жинақталған материалдарға сараптама жасалып, ғылыми мәліметтер салыстырылды.

ІІІ кезең: Зерттеу жұмысының жобасы жазылып, слайд жасалды.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, сарымсақтытың халықтық ем жасауда ғана емес, медицинада да түрлі емдік қасиетінің бар екендігі анықталды.


Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Іздену нәтижесінде сарымсақтың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін біледік. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың халықтық ем жасауда ғана емес, медицинада да түрлі емдік қасиетінің бар екендігі анықталды.


Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, суреттер алынды.

Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, практикада қолдану әдістері пайдаланылады.












Мазмұны




І. Кіріспе

1) Пияз тұқымдасы туралы түсінік ................................................... 3

II. Негізгі бөлім.

1) Сарымсақтың шығу тарихы............................................................ 4

2) Сарымсақтың биологиялық, химиялық құрамы........................... 4-5

3) Сарымсақтың емдік қасиеті............................................................ 5-9

4) Сарымсақтың пайдасы.................................................................... 9-11
Менің тәжірибем

5) Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер........................................ 11-12

6) Пайдалы кеңестер........................................................................... 12-13

ІІІ. Қорытынды.................................................................................... 14-15



IV. Ұсыныс........................................................................................... 15


V. Қосымша суреттер ....................................................................... 16 -19























І. Кіріспе

1) Пияз тұқымдасы туралы түсінік

Дара жарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын өсімдіктер - даражарнақты өсімдіктер . Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері – ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.
Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі – 
қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар – азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.

Сарымсақ  пияз туысты, көпжылдық өсімдік. Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан - «тілшелерден» құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сабағының биіктігі 1 метрге дейін жетелі. Жапырағы жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м биіктікке дейін өседі. [1-сурет] Сарымсақтың өзіне тән иісі болады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27% полисахарид, нәруыз, 7-28 мг% С витамині  бар. Құрамындағы бактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада  қолданылады. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады. Бұл грекше «фитон» - өсімдік  латынша «каедере» - жою, яғни «жойғыш өсімдік» деген мағына береді. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік.

-3 -



Оны шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады.

Сарымсақтың екі түрлі іріктемесі бар: күздік сарымсақ, жаздық сарымсақ. Сонымен бірге тау сарымсағы, жабайы сарымсақ деген түрлері де бар. [2-сурет ] Күздік сарымсақ қысқа қарай егіледі. Ал жаздық сарымсақ көктемде егіледі.

Дүниесі : Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Класы: Дара жарнақтылар
Тұқымдасы: Лалагүлділер
Туысы: Пияз
Түрі: Сарымсақ

Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді.
Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сарымсақты дұрыс сақтаудың маңызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен, сарымсақты сақтайтын ем жақсы әдістің өзі де осы екен, өйткені әдеттегі бөлмедегідей жағдайда ұсталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттерінен ештеңе қалмайтын көрінеді.
Сонымен, сарымсақ жұрттың бәріне дерлік пайдалы делік.
Дерлік дегенді қосып отырғанымыз, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар, не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем домдарды қолдану барысында абай болғаны абзал.
Сарымсақтың құдіретін халық ерте кезден-ақ білген. Бірақ оны екінің бірі қолдана бермейтіні өкінішті. Ең алдымен айтарымыз, сарымсақ құрамында витаминнің көптеген түрі бар, басқа да пайдалы заттар мол. Сарымсақты өсірудің де еш қиындығы жоқ. Кәдімгі пиязды қалай егіп өсірсе, оны да осылай өсіре беруге болады.


II. Негізгі бөлім.

2.1. Сарымсақтың шығу тарихы

2. 1 Сарымсақ (Чеснок) — пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия.

Сарымсақтың дәмі-ащы, иісі өткір.
Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушылар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.
Сарымсаққа міне 4000 жыл, ол  әлемнің барлық тағамдарында, әсіресе Жерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарындадәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.

2. 2 Сарымсақтың химиялық құрамы
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғарыда аз да

болса жаздық. Енді құрамына тоқталайық.

Селен Магний Германий

Фосфор Кальций

Йод http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/0000_1.jpg Хлор





Көмірсулар Темір Марганец

-4-

Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар химиялық зат. Басым бөлігі судан, көмірсулардан, одан кейін, ақуыздардан тұрады. Аздаған мөлшерде майлар болады. Солардың бірі — эфир майы. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Сарымсақ бактерияға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай.Мамандардың айтуынша, 100 г сарымсақта – 150 калория бар.


2. 2 Сарымсақтың биологиялық құрамы


Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлшектерден(тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.
Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай кішкентай болып қалады.


1.Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада сан мың ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. 1.Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді.






-5-



2.Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.


3.Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр “Кагор” шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.


4.Жүрек ауруларына да сарымсақ – таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен.


5.Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.


6.Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді.
Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады.
Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген.



-6-

Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.


7.Қант диабеті  ауруын да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі – ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді.


8.Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады.

9.Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек.


10.Іш өту және жұқпалы іш аурулары өте қауіпті. Бұл ауруларға, әсіресе, балалар бейім келеді. Әрине, дәріханада іш ауруларына қарсы неше түрлі дәрмек бар. Алайда табиғи қауіпсіз ем қолданғанға жететін ештеңе жоқ. Осы ауру түрлерінен емделуге де сізге тағы сарымсақ көмекке келеді.

-7-

Мұндай жағдайда бөлшектенген қараот (портулак) жапырағын (бір ас қасық) бір стакан ыстық суға салып кішкене қоя тұрады, сосын 30 минут қайнатып, оған бір-екі бас ұсақталған сарымсақ қосады. Қымтап орап, жиырма минуттай тұндырып, сүзгіден өткізеді. Жұқпалы іш ауруларында осы тұнбаны 1/2 стаканнан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Жұқпалы іш ауруларынан емделгенде күн сайын тәулік бойына бір бас сарымсақты тұтастай жеген дұрыс. Бұл аурудан тез жазылуға көмектеседі. Ал іш өткен кезде 2-3 грамм сарымсақ ұнтағын күніне екі рет тамақтан кейін қабылдайды. Мұның тиімді әсері бірден байқалып, іш өту тоқтайды, адамның тамаққа да тәбеті оянады. Негізінде сарымсақ ұнтағы адамды қауіпті жұқпалы іш аурулары қоздырғышынан да қорғайды. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу үшін карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Карболен ұнтағына сіңген сарымсақ сөлі тек асқазан, ішек жолдарына түскенде қайтадан жайлап бөлініп шығады. Бұл тәсіл сарымсақтың емдік қасиетін одан сайын күшейте түседі.



11. Бұл емді сондай-ақ тамақтан, жеміс-жидектерден уланғанда, дәрі-дәрмектік заттармен өте қатты уланғанда, асқазан бүріп ауырғанда, іш өткенде күніне үш рет (тамақтан 30 минут бұрын) қабылдау керек.


12.Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.
Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді.
Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем.













-8-

13.Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауғып кетеді.
Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.
Сарымсақты дұрыс сақтаудың маңызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен, сарымсақты сақтайтын ем жақсы әдістің өзі де осы екен, өйткені әдеттегі бөлмедегідей жағдайда ұсталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттерінен ештеңе қалмайтын көрінеді.
Сонымен, сарымсақ жұрттың бәріне дерлік пайдалы делік.
Дерлік дегенді қосып отырғанымыз, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар, не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем-домдарды қолдану барысында абай болғаны абзал.

2.4.Сарымсақтың пайдасы, құдіреті
Арнайы зерттеулер



Бізге жақсы таныс және жоғарыда айтып кеткен сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Соған қарамай сарымсақты сирек қолданамыз. Сарымсақ қандай ауруларға дауа болады?
Сарымсақтың құдіретін халық ерте кезден-ақ білген. Бірақ оны екінің бірі қолдана бермейтіні өкінішті. Ең алдымен айтарымыз, сарымсақ құрамында витаминнің көптеген түрі бар, басқа да пайдалы заттар мол. Сарымсақты өсірудің де еш қиындығы жоқ. Кәдімгі пиязды қалай егіп өсірсе, оны да осылай өсіре беруге болады. АҚШ-та сарымсақтың шипалық қасиетін ұзақ уақыт зерттеп,
одан тиімді препарат жасап шығарған. Бал және асханалық сіркесумен араластырып жасаған препарат төмендегідей ауруларды емдейді.
Рак. Ғалымдар сарымсақ құрамында рак клеткаларының өсуін тежейтін, фитохимиялық заттар бар. Рак ауруларын емдейтін ұлттық институттың мәліметтері бойынша, сарымсақты үзбей пайдаланатын адамдар арасында асқазан мен тоқ ішек рагіне шалдығушылар саны жоққа тән. Сондықтан сарымсақтың әсерін күшейте түсу үшін оны күн сайын майдалап езіп, сіркесу және балмен араластырып, үзбей пайдаланған мақұл.





-9-



Холестерин. Англияның «Ланцет» деген медициналық журналы ағзадағы холестеринді азайтып, қаннан толық бөліп шығарудың тиімді тәсілі күн сайын сарымсақ жеу деп есептейді. Ол үшін сарымсақты үккіште өткізіп, сіркесумен араластырып, дәміне қарай бал қосады. Бір жолға бір-екі бөлік жетеді.
Демікпе. Екі бөлік сарымсақты майдалап езіп, бір қасық алма сіркесуымен араластырады, бірнеше тамшы бал қосады. Соны әрқашан таңертең аш қарынға ішсеңіз, өзіңізді жақсы сезінесіз, біртіндеп құлантаза сауығуыңыз мүмкін.
Диабет. Американдық диетолог Клейннің зерттеуі бойынша, едәуір мөлшердегі сарымсақ бұршақ (горох) және үрме бұршақ (фасоль) қосындысы диабетпен сақтанатындардың қанын сұйылтуға ықпал етіп, қан айналымын түзейді, қан құрамындағы қант азаяды. Аталмыш қосындыға алма сіркесуы мен бал қосса әсері тіпті молая түседі.
Сарымсақтан қашпаңыз
http://dev.massaget.kz/userdata/news/news_4465/thumb_b/photo.jpg

Сарымсақтың бойында тұнып жатқан керемет қасиеттердің көпшілігі қадым замандардан бері белгілі. Мысырда атақты пирамидалар салынып жатқан қиын кезеңде сарымсақтың көмегі ұшан-теңіз болған екен. Яғни сарымсақты көптеп пайдалану арқылы жан-жақтан әкелінген құлдардың арасында болатын жұқпалы індеттердің өршуіне тосқауыл қойылған. Ежелгі Грекия мен Римде де оның емдік қасиеттері жоғары бағаланған көрінеді.

Сарымсақ дегенді естісек, ең алдымен оның өзін елестетуден бұрын, иісі мұрынымызға келіп үлгереді. Жағымсыз иісіне бола оны жек көріп те жатамыз. Мұнымыз мүлде қате. Өйткені сарымсақтың біз біле бермейтін талай-талай кереметтері бар екен.

Қазіргі таңда оның құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, адам ағзасы үшін пайдасы толық зерттеліп біткен





-10-

Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компонеттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:

АҚШ пен Швеция ғалымдары сарымсақтың молекулалық тұрғыда адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Нәтижесінде сарымсақтың әсерімен қан тамырларының кеңейіп, ашылатыны байқалды. «Бұл сарымсақпен гипертонияны (қан қысымының көтерілуін) емдеуге болатындығын білдіруде», – деп мәлімдеді Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джулиус.

Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады екен. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады.

Тағы бір ғалымдардың зерттеуінше, сарымсақты жиі қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны аз кездескен.

Менің тәжірибем

2.5.Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер



*Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушылар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған. Ертеде римдіктер мен гректер сарымсақ жеген әскер батыл әрі өжет болады деп сенген.

*Тіпті Олимп ойындарына қатысатын атлеттер де бұдан шет қалмаған. Мысырлық әйелдер балаларын ішек құрттардан сақтау үшін мойындарына сарымсақ іліп қоюды әдет еткен екен.

*Пирамидаларды салып жатқан жұмысшыларды түрлі аурудан қорғау үшін оларға пияз бен сарымсақ қосылған тағамдарды көп жегізген. Сарымсақ жеу олардың жұмысқа деген қабілеттерін арттырған көрінеді. Бұл жайында б.з.д. 450 жылы Мысырға саяхат жасап, Хеопс пирамидасын тамашалаған көне грек тарихшысы Геродот мынадай естелік жазып қалдырған: «Пирамидада көне Египетке тән белгілермен таңбаланған жазбалар сақталыпты. Онда пирамиданы салып жатқан уақыттарда жұмысшылар тұтынған ащы көкөністер: шалған, пияз бен сарымсақтардың мөлшері көрсетіліпті.



-11-

Әлгі жазбадағы таңбаларды түсіндіріп тұрған аудармашым бір мезетте қатты таңғалған кейіпте «білесіз бе, жұмысшыларға пияз бен сарымсақ алуға жұмсалған ақша тұп-тура он алты мың күмісті құрапты» дегені есімде жақсы қалыпты».

*Аллаһ Тағала Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын түрлі сынаққа салып, 40 жыл шөлде қаңғыртқаны белгілі. «Көктен бізге тамақ түссін» дегенде, оларға үнемі бөдене еті мен мәннә шырыны түсіп тұрған. Бірақ біршама уақыттан кейін әлгі қауым қайта баяғы әніне басады. Өздері бұрын көп тұтынған көкөніс түрлерін, жеңсік астарын аңсайды. Тамақтың бір түрінен жалыққандарын айтып, Мұса пайғамбарға (а.с.) шағымданады. Осы оқиға баяндалғанда, аяттағы көкөністер қатарында сарымсақ та аталған:

«Қане, сендер былай деп едіңдер: Әй, Мұса, тамақтың бір-ақ түріне енді төзе алмаймыз. Біз үшін Раббыңа дұға ет, бізге сәбіз, acқабақ, сарымсақ, жасымық пен пияз секілді жер өнімдерінен берсін»(Бақара, 61).

*Адамдар үшін пайдалы болған сарымсақ иттер мен мысықтар үшін улы болып саналады.

Қалай қолдану керек? 

Сарымсақты негізі шикідей жеген пайдалы. Сарымсақтың өткір иісін артынан  алманы, жалбыз жапырақтарын, немесе балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен кетіруге болатындығы айтылады.





2.6.Пайдалы кеңестер

* Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.

* Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.

*• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.

* Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.





-12-



*Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.


* Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.

* Маса шаққан жерге сарымсақтың шырынын жақса, ол жерде зиянды заттар қалмайды.

Швецияда балалар мектепке барарда сарымсақ жегізу қалыпты әдетке айналған. Өйткені, бұл балаларды мешеулікке ұрынудан сақтайды деп біледі. Бүгінгі күні дәріханаларда сарымсақтың ұнтақтары мен арнайы дәрілері де халыққа тарауда. Мамандар күн сайынғы тамақта 10-15 гр. сарымсақ жеп тұрудың денсаулыққа пайдалы екендігін айтады.

Хадистерде

Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегідей бірқатар хадистерінде сарымсақтың өте пайдалы екендігін, оны емге жарату керектігін білдірген.

«Сарымсақ жеңдер, сонымен емделіңдер. Өйткені ол жетпіс түрлі ауруға ем» «Сарымсақ немесе пияз жеген кісі (иісі кеткенше) мешіттерімізге жоламасын, үйінде отырсын» (Бұхари, Әдеп, 76; Азан, 1/207)

Кейде Расулаллаһқа (с.а.с.) көкөністен жасалған тамақ әкелінгенде, алдымен иісін байқап, неден жасалғанын сұрайтын. Қай көкөніс түрі екенін анықтап, өзі жемейтін болса, жанындағы сахабаларының біріне беретін. Әлгі сахабасының сәл тартынғанын байқаса: «Сен маған қарама, же. Өйткені мен сен секілді емеспін, сен сөйлеспейтіндермен (періштелермен) тілдесемін» дейтін (Мүслим, Мәсажид, 73).

Ислам діні көпшілік жиналатын орындарды таза ұстауға шақырады. Сондықтан, мешітке жамағатқа ұнамсыз жағымсыз иіспен бармауды ескерткен. Ал Расулаллаһтың (с.а.с.) пияз не сарымсақ та жемей өзін әр уақыт таза ұстауы – ол кісіге Жәбірейіл періштенің жиі келіп тұратындығы себепті еді.








-13-

ІІІ. Қорытынды.


Алайда, ол кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты.

Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанымен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) ешқандай лабораторияда зерттеу жүргізбей-ақ, уахиға сүйене отырып жеткізген.


Қорыта айтсам, сарымсақ

Иммунитет жүйесін қуаттандырады.
● Қатерлі ісік ауруына себеп болатын заттарды денеден алыстатады.
● Микроп өлтіруші болып табылады.
● Жүрек және тамыр ауруларының алдын алады.
● Өте жақсы табиғи антибиотик.
● Тұмау және бронхитке қарсы әсерлі.
● Жасушалардың қалыптасуын жеңілдетеді.
● Бүйрек және қуық жолдарында тас пайда болуының алдын алады.
● Ас қорытуды жеңілдетеді.
● Қорғазыннан улануға қарсы жақсы әсер етеді. 
● Әлсіздікке, қалжырауға және шаршауға қарсы жақсы әсері бар.
● Сіңір түйілулерінің алдын алады.
● Қызу көтерілуіне қарсы пайдасы бар.
● Дененің жас және қуатты болуын қамтамасыз етеді.
● Шаш төгілуінің алдын алады.
● Жылан уына қарсы жақсы пайдасы бар.
● Пикникке шыққанда және палаткада сарымсақ болатын болса, зиянды жануарлармен жәндіктерді жақындатпайды.
● Артериосклероз ауруына шалдыққан адамдарда зиянды холестеринді түсіріп, пайдалы холестеринді көтереді.
● Құяң (тұз байлану ауруы), демікпе, безеу және қант диабетіне қарсы жан-жақты әсер етеді.
● Созылмалы жұқпалы ауруларға шалдыққандар (Дабыл қуысының қабынуы және көз қабынулары сияқты науқастар) жүйелі түрде сарымсақ жейтін болса өте көп пайдаларын көреді.
Ол ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді.



-14-

Сарымсақ тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.

аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.



ІV.Ұсыныс.

1.Әз Елшінің «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі бүгінгі күні толықтай дәлелденіп, тек ақиқатты ғана айтқанын ұғыңыздар.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда сарымсақтың денсаулыққа пайдасының көптігін біле отырып, күнделікті тұрмыста жиі қолдануыңызға кеңес беремін.



"Сарымсақ" тақырыбындағы ғылыми жоба
  • Другое
Описание:

Бұл аталмыш тақырыптағы жоба - 1-7-сынып оқушыларына арналған Республикалық шығармашылық жобалар байқауының ІІ кезеңіне қатысу үшін зерттелген жұмыс.

Зерттеу жұмысын 7-сынып оқушысы мектептегі дарынды-қабілетті оқушының бірі Жетібай Несібелі жүргізді.

"Сарымсақ" тақырыбындағы шығармашылық жоба күнделікті тұрмыста қолданылатын Сарымсақтың пайдасы мен зиянын, емдік қадір-қасиетін, тұрмыстық жағдайда қолданылу ерекшелігін, пайдалы кеңестерді  таразылайды.

Сондай-ақ жоба зерттеушісі сарымсақтың тұрмыста емдік қадір-қасиетін   дәлелдеу үшін тәжірибе жүргізіп, байқады. 

Автор Реукенова Райгул Амангалиевна
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 2768
Номер материала 59017
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓