Инфоурок Математика КонспектыСандардың жуық мәндері.Сандарды дөңгелектеу.

Сандардың жуық мәндері.Сандарды дөңгелектеу.

Скачать материал

Күні: 09.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 5а

Тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Мақсаты:
Оқушылардың ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырып, ондық бөлшекке айналдыратын жай бөлшектерді байланыстыра отырып амалдар қолдануға есептер шығару

Міндеттері
Оқушылардың жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлуге есептер шығарту, алынған білімдерін тиянақтау.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетім ен еңбектену дағдыларын дамыту.
Оқушыларды іздемпаздыққа, жекелей жұмыс істей білуге, тез ойлап дәл жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Оқыту әдісі: нақтылы - индуктивті, сұрақ жауап, тірек белгісі
Құрал жабдықтар: оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар
Көрнекіліктер: флипчарт, тест, көрнекі кестелер, тірек белгілер

Қойылатын талаптар:
- жай бөлшектерге амалдар қолдана білу;
- ондық бөлшектерге амалдар қолдану;
- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаза білу, егер айналдыруға болса;
- ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жаза білу;
- ондық бөлшектерді салыстыра білу.
- сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы, медианасы табуды білу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сынып әзірлігі; Тыныштық сәті күй - «Көңіл толқына»(үзінді)
ә) сабақтың мақсатын баяндау, өту жоспарын айту;
2. Үй тапсырмасы, тексеру қорытындысы.

Негізгі бөлім:
Жасырын сөзді табайық [2], [3]

а) Сайыс «Бәйге». Математикалық диктант
«Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді»
Ондық бөлшектермен жаз:
4, 7; 16, 04; 16, 23; 19, 0252; 10; 3, 49; 17, 011; 1, 868; 22, 008; /
Берілген сандар қатарының өзгеріс ауқымен медиаасын табыңдар.

Жауабы: сандар қатарының өзгеріс ауқымы сұралады - 20, 14
Сандар қатарының медианасы - 16, 04
Екеуі бірігін бүгінгі күнді білдіреді.
Теориялық жаттығу: [4],[5]
б) Сайыс «Жүзден жүйрік». «Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла».
(3 қатарға үлестірмелі қағаздар тарату). Әр қатардан тақтаға оқушылар шығып кезек кезекпен амалдардың орындалуын есептеп көрсетіп орындайды:

Тапсырма: оқулықпен жұмыс
№ 1245
Х маусым айы күні
х -( 0, 2х+0, 5х)=9
х=30 маусым айында 30 күн Жауабы: маусым айында 30 күн

№1248
S=32. 4 екі қала арасы
v1= велосипедші
v2= v1+27=40. 5 мотоциклші

t2 мотоцикл t1 велосипедтен қанша уақытқа бірінші келеді
t2=0. 8 t1=2. 4
t1 - t2=2. 4 - 0. 8=1. 6 сағ
Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 1, 6 сағат бұрын келді

№1251
V=767, 73 т
a= м ұзындығы
b=15, 7 м ені
1м=1
c=? м биіктігі
V=abc
S=ab=
767, 73=511, 82c
c=767, 73: 511, 82=1, 5м
Жауабы: параллелепипед биіктігі 1, 5 метр
Кестені толтырайық: есепті шешіп жылқының түрін анықтайық. [6],
[7] жақсы оқитын оқушыларға,
Есеп: үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме парақша
б) Сайыс «Тұлпар». «Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас».
Теңдеулерді шеш:

№1
а) х+ =22, 56
№2
а) у+ =9, 16
№3
а) z - 1, 68=

в) Төмендегі ондық бөлшектерді, өсу ретімен орналастырыңдар;

1) 3, 809; 3, 80930;; 3, 803; 3, 983; 0, 9999; 0, 999
2) 5, 61080; 5, 6108; 5, 610;; 5, 47218

г) рефлексия (алама ағашы)

Үй тапсырмасын беру. № 1244, №1250 Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптарынан сынаққа дайындалып келіңдер. [8],
Қорытынды: «Алуан - алуан жүйрік бар, Әліне қарай жүгірер» демекші оқушыларға қорытынды бағаларын айту.

 

 

Күні: 10.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 5а

Тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1) Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды үйрету;

2)Оқушылардың әр топ бойынша бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Дамытушылық: 1) Әр түрлі әдістер негізінде танымдық қызығушылығын;

Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін дамыту .

1)      Тәрбиелілік: Шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу, қазақтың ат спортын дәріптеу арқылы ұқыптылыққа, байсалдылыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : алған білімді нақтылау, қорытындылау сабағы.
Сабақ көрнекілігі : жылқы суреті ,тірек-схема, дөңгелектер, ватман, үлестірмелер, тест
тапсырмалары, есептер жазылған топшамалар, бағалау парағы, стикерлер,
смайликтер салынған плакат, видео-роликтер.
Әдіс-тәсілдер: кубизм, топтастыру, кластер әдісі, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқушымен жұмыс, практикалық, рефлексия.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау;
Оқу-құралдарын түгелдеу.
Жылқылардың суретін бөлшектерге бөліп, сол бойынша оқушылады топтастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1) Үй тапсырмасында кластер әдісі қолданылады, яғни әр топ ондық бөлшектерге қолданылатын амалдарды өздерінің ойларымен бейнелеп шығады.
2) Кубизм бойынша ережелерге шолу жасалады.
ІІІ. «Жамбы ату сайысы» қатесін табу (Жылқының үстінде отырып садақ ату)
Тақтада жазылған ондық бөлшектерге қолданылған амалдардың ішінде үтірлер не қалып қойған, не дұрыс қойылмаған соны анықтау керек. Дұрыс жауабын тапқан оқушы стикерден алып отырады.
Жамбы ату – қазақ халқында мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып, екпінді бәсеңдетпей құрулы бақан үстіндегі нысананы атып түсіруі керек.
№1237
1,6+2,4:0,4=1,6+6=7,6
0,25*10-2,4*0,5=2,5-1,2=1,3
2,3+0,7:0,1=2,3+7=9,3
3,23:10+0,04=0,323+0,04=0,363
0,48:1,2*5-1,82=0,4*5-1,82=0,18
8,6-2,5:0,5+1,4=8,6-5+1,4=5
9,1+11,5:5-5,6=9,1+2,3-5,6=5,8
53,4:8,9*0,3+0,2=6*0,3+0,2=2
ІV. «Аударыспақ ойыны» бұл кезеңде топтарға тапсырмалар беріледі, ал топ оқушылары кезекпе-кезек есептерді орындайды. (Бұл жерде барлық оқушылар қатынасады. Ұпайлар саны: бірінші аяқтаған оқушы – 3 ұпай, екінші аяқтаған оқушы – 1 ұпай, соңғы аяқтаған оқушы – 1 ұпай еншілейді, ұпай саны стикерде жазулы тұрады.)
Аударыспақ – салт аттылардың бірін – бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Қайрат күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін нағыз ер жігіттің қатысатын ойыны.

 


№1238
І топ есептері:
2,8:0,7 -0,63=3,37
8,4-6:0,75=0,4
6,25*0,2+0,8:0,64=1,25+1,25=2,5
ІІ топ есептері
38-15*0,6:0,25=38-36=2
(0,17-0,09)*4,5=0,36
12,42:2,7+0,3*1,8=4,6+0,54=5,14
ІІІ топ есептері
1) 1,75:25+0,91*1,9=0,07+1,729=1,799
2) 1,6*0,5: (0,16*1,25) =0,8:0,128=6,25
3) 6,4+73,5*2=6,4+147=153,4
«Топ бәйге» сайысы. Әр топқа 1 есептен беріледі және топ мүшелері бірлесе орындайды. Берілетін уақыт – 1 немесе 1 мин 30 сек.
Топ бәйге –аттың бабын қажет ете бермейтін атшабыс түрі. Жарысқа белгіленген қашықтықта орташа деңгейде (10-15 шақырым арасында) және аты бар ниет білдірушілердің барлығыда қатыса береді, топ бәйгеге балалар да, ересектерде қатыса береді.
№ 1241
Тікбұрышты параллелепипед пішінді ағаш білеушенің ұзындығы 5,5 дм, ені 2,6 дм, биіктігі 1,2 дм. Ағаштың 1 дм3 –інің массасы 0,5 кг. Өлшемдері берілген ағаш білеушенің массасын табыңдар.
Шешуі: V= 5,5*2,6*1,2= 17,16 (дм3)
17,16:0,5=34,32 (кг)
Жауабы: ағаш білеушенің массасы 34,32 кг
№1242
Автотурист бірінші күні 120 км жол жүрді. Бұл оның екінші күні жүрген жолының 0,8-індей. Автотурист екі күнде неше километр жол жүрді?
Шешуі: 120:0,8=150 (км)
120+150= 270 (км)
Жауабы: автотурист екі күнде 270 км жол жүрді.
№1245
Маусым айындағы күндердің 0,2-сі жауынды, 0,5-і ашық, қалған 9 күн бұлтты болды. Маусым айында неше күн бар?
Шешуі: 0,2+0,5=0,7
1-0,7=0,3
9:0,3=30 (күн)
Жауабы: маусым айында 30 күн бар.
VІ. «Теңге ілу ойыны» тест тапсырмаларын шешу. Тест 5 тапсырмадан тұрады, 1 дұрыс жауап 1 стикер. Тақтада барлығы берілген уақытта орындап болған соң, оқушылар өздерінің жұмыстарын тақтадағы жауап бойынша тексереді.
Теңге ілу – бозбалалар ойнайтын қазақтың ұлттық ат спорты. Желіп келе жатқан аттың үстінде отырып, желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз атанады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны бесеу болуы керек. Теңгелердің арақашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп лақтыруы керек. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қорытындысы шығарылады.


Тест жұмысы (Екі нұсқа 5 сұрақтан)
І нұсқа
Өрнектің мәнін тап:
5,26+а, мұндағы а = 108,074.
А) 1133,34 Ә) 1,13334; Б) 113,334 В) 113,1
2. Теңдеуді шеш: 12 – х =3,07.
А) 15,07; Ә) 8,93 Б) 15,7 В) 9,07
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте:
А) 17,75; Ә) 17,225; Б) 26,475; В) 17,7875.
4. Теңдеуді шеш: 2х+3х= 10,5
А) 0,21; Ә) 2,1; Б) 20,1; В) 21.
5. Формула бойынша есепте:
S=v×t, мұндағы v=3,7 км/сағ, t=0,1сағ.
А) 30,7 км; Ә) 37 км; Б) 3,7 км; В) 0,37 км
ІІ нұсқа
1. Өрнектің мәтін тап:
0,74+а, мұндағы а =18,063.
А) 18,137; Ә) 188,03; Б) 19,37; В) 18,803
2. Теңдеуді шеш: 18-у=4,15
А) 13,85; Ә) 14,15; Б) 22,15; В) 13,95.
3. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте:
 А) 24,645; Ә) 15,52; Б) 0,555; В) 9,305
4. Теңдеуді шеш:
7х – 3х =5,6.
А) 0,14; Ә) 1,4; Б) 10,4; В) 14.
5. Формула бойынша есепте:
S=a×b, мұндағы a=2,5 м, b=0,4м.
А) 1м2; Ә) 10 м2; Б) 0,1м2; В) 100м2.
Дұрыс жауаптары:
І нұсқа
Б
Ә
А
4.Ә
5.В
ІІ нұсқа
В
А
Б
Ә
А
VІІ. Бекіту сұрақтары:
Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
Ондық бөлшектерді кбейтуді қалай орныдаймыз? Ондық бөлшекті дәрежелеуді қалай орындаймыз?Ондық бөлшекті бөлу ережесі қалай?
VІІІ. Үй тапсырмасы
6.1-6.4 № 1246,1249,1250
ІХ. Бағалау. Оқушыларды жинаған стикерлерінің саны бойынша бағалау.
Х. Рефлексия. Бүгінгі өткен сабақ бойынша оушылар өздерінің алған әсерлерін смайликтерді жапсыру арқылы білдіреді.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару (қайталау сабағы)

Мақсаты:

1. Білімділік: Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана білу,өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,тез есептей білуге үйрету.

3. Тәрбиелілік: Дәлдікке,ұқыптылыққа,ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: Оқушылардың білімін жүйелеу сабағы

Сабақтың әдісі: Сұраққа жауап алу,ойын,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: таблицалар,перфокарталар,нөмірленген

жетондар, жедел хат,көмекші құралдар

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)

ІІІ.Есептер шығару(30 мин)

ІV.Пәнаралық байланыс орнату(5 мин)

V.Үйге тапсырма беру(1 мин)

VI. Сабақты қорытындылау(1 мин)

VII.Бағалау(1 мин)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру

ә)Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлеміз:

1.Жай сандар тобы

2.Құрама сандар тобы

3.Натурал сандар тобы

Топ жетекшілерін тағайындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру

Ондық бөлшектерді қосу 

Бөлшек сандардың ондық жазылуы

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Ондық бөлшектерді азайту 

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Ондық бөлшектерді салыстыру

Өтілген 5 тақырып бойынша жеке-жеке таблица жасап,мысалдар арқылы түсіндіре отырып,еске түсіру

ІІІ. Есептер шығару

«Шыңға жету» ойынын ойнаймыз

1-тур. «Бәйге»

№1060 есеп

1) 6,3-2,3+7,5=11.5

2) 8,1+1,9-3,8=6.2

3) 12,9-5,7+6,031=13,231

4) 9,5-5,3+3,3=7.5

5) 16-2,3+4,5=18,2

6) 17,5-2,5+13,82=28.82

Үш топтан 3 оқушы шығып, 2 есептен шығарады.Үлестірме қағаздағы сұрақтарға жауап береді.(Оқушылардың есепті шығаруына,сұраққа жауап берулеріне байланысты, үшбұрыш - «3», төртбұрыш -«4», дөңгелек -«5» ұпай көлеміндегі фигураларды беремін.Олар топ жетекшілеріне беріп отырады.

2-тур. «Көкпар»

№1061

1) 5,6+8,03-7,99=5.64 

2) 11.8-5.7+8.65=14.75

3) (8,12+16,9)-15,086=9.934

4) (95,83-76,9)+41,333=60.263

5) (146,03-97,8)+18,091=66.321

6) (101,9+0,653)-72,111=30.442

3 оқушыға ұпайлар беріледі.

3-тур. «Аламан»

( Топ басшыларына перфокарта түрінде тестер таратылады)

1.Ондық бөлшек түрінде жаз: (8,7)

2.Ең үлкен санды тап: (71,3)

3.Ондық бөлшектерді қос: (15,3)

4.Ондық бөлшектерді азайтуды орында: (2,02)

5.Ондық бөлшекті оқы: (4,7)

5- еуіне дұрыс жауап берсе «5» ұпай т.с.с.

Қалған оқушылар есептер шығарады:

№1064 №1068

Барлығы 4,7кг 1) 0,8; 1,4;2 2)2,6; 3;3,4

Мырыш 1,9кг2,6; 3,2; 3,8 3,8; 4,2;4,6

Мыс х кг 4,4; 5;5,6 5; 5,4;5,8

Шешуі: х=4,7-1,9=2.8

( 6 фигура таратылады)

ІV. Жедел хаттағы сұрақтарға жауап беру

Пәнаралық байланыс орнату

1.Жай санға да құрама санға да жатпайтын сан (1)

2.Мына сандардың ішінен қасиетті санды табыңдар:

16; 19; 45; 80; 8; 7;15 (7)

3.Дүние жүзінде неше мұхит бар?(4)

4.Үшбұрышта неше қабырға бар?(3)

5.Ұлыстың ұлы күні наурыз айының қай күні? (22)

6.Түйеқұс бір аяғымен тұрғанда 10 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг болады? (10 кг)

7.Қосындыны тап: 12,5+6,5 (19)

8.Шаршы қабырғасы 5см , ауданы қанша болады? (25)

( 8 фигура таратылады)

Аты аталған сандар топтарынан шығып,рет-ретімен тұрады.Оларға сәйкесті әріптер алдын ала жазылып қосылады. Сонда «8-наурыз» деген сөзді оқимыз. (Құттықтау айтылады)

V. Үйге тапсырма беру

№1061 есеп(7;8)

№1063 есеп

VІ. Сабақты қорытындылау:

Жиналған ұпайлары арқылы жеңіске жеткен топты анықтау

VII.Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау, бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Берілген санды ондық бөлшекке, разряд бірліктеріне шығармашылықпен, логикалық оймен іске асыра білуі, амалдар қолдану білімдерін пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушылардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға, белсенділігін көтеруге, ойын жүйелеуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: Қайталау - бекіту сабағы
Көрнекілігі: «Қазақстан» картасы, транспорттар суреттері, билеттер, жолдамалар, тесттік жұмыс парақшалары.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ -
жауап, жарыс, мадақтау, ынталандыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға сабақтың мақсатын айту.
- бүгінгі сабағымыздың мақсаты: ондық бөлшектерге қандай амалдар қолдауды үйренсек, соларды қайталау арқылы тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін «Қазақстан» қалаларына саяхаттаймыз.
Қалаларымызға саяхатымызды бастамас бұрын сыныптағы оқушылар үш топқа бөліп аламыз. Олар: «Туристер», «Саяхатшылар», «Зерттеушілер» болып жарысқа түсеміз.
ІІ. Есептер шығаруға кіріспе:
Енді, балалар осы үш топ болып «Қазақстанға» саяхатымызды бастамас бұрын мына конверттерден жолдамамызды алайық. Ол үшін жолдаманың артындағы тапсырмаларда орындау қажет. Мұнда сіздерге жай бөлшек түрінде берілген сандарды ондық бөлшек түрінде жазу қажет.
«Туристер» тобының жолдама есебі: және
Жауабы: 0, 56 және 0, 8
«Саяхатшылар» тобының жолдама есебі: және
Дұрыс жауабы: 1, 6 және 0, 72
«Зерттеушілер» тобының жолдама есебі: және
Дұрыс жауабы: 0, 15 және 3, 2
ІІІ. Практикалық жұмыс.
- Балалар, енді жолдамамызды алсақ, енді бағыттап көрсетілген қалаларға саяхатымызды бастаймыз.
1. «Туристер» тобы конверттен алған жолдамалары арқылы Әйтеке би – Ақтөбе – Көкшетау – Семей – Астана қалалары бағытында саяхаттайды. Бұл қалаларға олар жеңіл машина арқылы саяхаттайды.
Ақтөбе қаласына жету есебі: 32, 75+47, 25=80
32, 75
+
47, 25
80, 00
Көкшетау қаласына жету есебі: 0, 28 - 0, 2=0, 08
0, 28

0, 2
0, 08
Семей қаласына жету есебі: 7, 2*2=14, 4
7, 2
*
2
14, 4
Астана қаласына жету есебі: 4, 9: 0, 7=7
4, 9 0, 7
49 7
0
2. «Саяхатшылар» тобы мына бағыттар бойынша автобуспен саяхаттайтын болады: Әйтеке би – Қызылорда – Талдықорған – Шымкент – Алматы.
Қызылорда қаласына жету есебі: 28, 24+41, 76=70
28, 24
+
41, 76
70, 00
Талдықорған қаласына жету есебі: 1, 49 - 0, 4=1, 09
1, 49

0, 4
1, 09
Шымкент қаласына жету есебі: 3, 5*7= 24, 5
3, 5
*
7
24, 5
Алматы қаласына жету есебі: 5, 5: 0, 5=11
5, 5 0, 5
5 11
0 5
5
0
3. «Зерттеушілер» тобы Әйтеке би – Өскемен – Орал – Ақтау – Атырау бағыты бойынша машинамен саяхатқа шықпақ.
Өскемен қаласына жету есебі: 81, 79+38, 21=120
81, 79
+
38, 21
120, 00
Орал қаласына жету есебі: 7, 55 - 0, 5=7, 05
7, 55

0, 5
7, 05
Ақтау қаласына жету есебі: 8, 9*4=35, 6
8, 9
*
4
35, 6
Атырау қаласына жету есебі: 8, 1: 0, 9=9
8, 1 0, 9
81 9
0

І
V. Бекіту
Енді, әрбір топ қалаларымызға жетіп болсақ, сол жеткен қаламызда сіздерге арналған «Парижге» саяхат билеті бар. Париж қаласына бару үшін мына адасқан әріптерден сөз құрайық:
АНТНРАУЛСА - НАТУРАЛ САН (17)
КЫОДЕБШӨЛҚН - ОНДЫҚ БӨЛШЕК (4, 25)
1. «Туристер» тобының адасқан әріптері: ТЕӨУБКЙ - КӨБЕЙТУ
17*4, 25=72, 25
2. «Саяхатшылар» тобының адасқан әріптері: УҚСО - ҚОСУ
17+4, 25=21, 25
3. «Зерттеушілер» тобының адасқан әріптері: УБЛӨ - БӨЛУ
4, 25: 14=0, 25

Енді, адасқан әріптерімізді тауып болсақ сол амалдарды тақтадағы адасқан әріптерден шыққан сандарға қолдану арқылы жауабымызды айтамыз.
Туристер тобы 2 натурал санын 8, 4 ондық бөлшегіне көбейтіп, «Саяхатшылар» тобы 2 натурал санын 8, 4 ондық бөлшегіне қосу амалын орындасы, «Зерттеушілер» тобы 8, 4 ондық бөлшегін 2 натурал санына бөлу арқылы жауаптарын айтады.
Топтың кейбір мүшелерімен жұмыс:
Тест тапсырмасы:
1) Ондық бөлшек түрінде жаз:
А) 9, 9
Б) 0, 99*
В) 100, 99
Г) 99, 100
2) Ондық бөлшекке айналдыр:
А) 1, 4
Б) 0, 4
В) 0, 25*
Г) 4, 25
V. Қорытындылау:
Балалар, бүгін сендерге Париж билетімен қоса қосымша құнда баяндалған: ол үшін мына сызбаны дұрыс орындау қажет:
VІ. Үйге тапсырма №
VІІ. Бағалау:
Жеңіске жеткен топты жалпы құттықтау, басқа топтарға да өз еңбектері үшін рахметімді айта келіп, топтың белсенді оқушыларын «Өте жақсы», «жақсы» деген бағалармен бағалау. Тест жұмыстарын, оқушылардың белсенділік көрсетуіне байланысты бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 13.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 5а

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті дөңгелектеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшекті дөңгелектеу тақырыбын қайталай отырып, осыған дейін алған білімдерінді қорытыңдылау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының  ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Сайыс.

Әдіс тәсілдері: есептер  шығару , сұрақ –жауап.

Пәнаралық байланыс: информатика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары,  интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар.

Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу, түгендеу. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.

Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Математика тарихынан қосымша материал: Қазақстанның Мұхтарбай Өтелбаев, Әлімхан Әбеуұлы Ермеков, Асқар Жұмаділдаев, Улбай Өмірбаев сияқты ғұлама ғалымдарымыз бар екен. Осы ғалымдарымыз туралы кішкене дайындаған мәліметтерімізді айтып өтейік.

Сабағымызды қай топ шапшан ойынымен жалғастырайық.

Алдарында әр-түрлі қағаздар, желім және қайшы тұр. Солармен әр топ бірлесіп алқа жасайды. Қай топтың шапшан әрі тез екенін анықтайық.

Кім тапқыр ойыны.  

1 тапсырма. Ондық бөлшектерді дөңгелектеңдер:

1 топ.
1) ондықтарға дейін: 1685; 913; 646;
2) жүздіктерге дейін: 386; 617; 2885;
3) мыңдықтарға дейін: 77658; 6480; 11761;

2 топ.

1) ондықтарға дейін: 2369; 896; 245;
2) жүздіктерге дейін: 258; 325; 2569;
3) мыңдықтарға дейін: 55784; 1426; 25456;

3 топ.

1) ондықтарға дейін:2548; 361; 354;
2) жүздіктерге дейін: 912; 658; 4152;
3) мыңдықтарға дейін: 98125; 5418; 65248;

2 тапсырма. Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:

1 топ.
1) 2, 4* ≈ 2, 5;
2) 9, 35* ≈ 9, 35;
3) 14, 67* ≈ 14, 68;

2топ.
1) 4,8*≈4,8;

2) 6,75*≈6,76;

3) 25,66*≈25,66;

3 топ.

1) 2,8*≈2,9;

2) 3,52*≈3,53

3) 26,11*≈26,11;

Сергіту сәті

3 тапсырма.

1топ.

Жердің радиусы 6371 км. Марс планетасының радиусы Жкер радиусының 0,53-іне тең. Марс планетасы радиусының ондық үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.         Жауабы: 6371*0,53=3376,63≈3376,6

2 топ.

Эскалатордың ұзындығы 150м. Ол жолаушыны 3,2 минутта жоғарғы қабатқа көтереді. Эскалатордың жылдамдығының ондық үлестерге дейінгі дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Жауабы: 150/3,2=46,875≈46,9

3 топ.

Қазақстандағы ауданы жағынан ең үлкен облыс-Қарағанды облысы. Оның ауданы 428 мың кв.км. Қарағанды облысының ауданы шамамен неше жүз мың квадрат километр?

Жауабы: 428мың кв.км≈400мың кв.км

 

Бекіту.

Санды дөңгелектеу дегеніміз не? Мысал келтіріңдер:
Сандарды дөңгелектеу ережесі қалай тұжырымдалады?

Санды дөңгелектегенде, сан қандай мәніне ие болады?

 

Рефлексия

Не білемін

Не білдім

Не білгім келеді

 

5) Үйге тапсырма. 1195

6)  Сабақтың қорытындысысабақты талдау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 11.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 5а

Сабақтың тақырыбы:      Сандардың жуық мәндері.Сандарды  дөңгелектеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға «санның жуық мәні», «санды дөңгелектеу» туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушыларға санды қандай да бір үлеске дейін,бүтінге

дейін дөңгелектеуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге,   

тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: түсіндіру мультфильм кейіпкерлерімен,сұрақ-жауап

Көрнекі-құралдар: Компьютер, проектор,слайд-презентация

Сабақ барысы:

Сабақтың толық нұсқасы презентацияда құрылған.

I. Мәселе қою (слайдтар № 1 – 6)

 

 

 «Санның  жуық мәні» нені білдіреді?

II. Оқушыларға  «санның жуық мәні» деген түсінік беріледі.(слайды № 7 – 10).

Осыдан кейін «санның  дәл мәнінен кем жуықтау» және «санның дәл мәнінен артық жуықтау» деген сөйлемге түсінік беріледі (слайдтар № 11 – 13).

Әрбір мысалдың шешімін тапқан сайын оқушылар ережені толығымен дәл айтып,оқып отырады.Үйде балалардың анықтама мен ережелерді оқығысы келмейтіні құпия емес.Сабақта бірнеше рет теорияны тыңдайтын болса,оқушылар көп күш түсірмей-ақ тақырыпты ұғып алады.

 III. Оқушыларға санды бүтінге дейін дөңгелектеу мысалдарында, санды дөңгелектеу алгоритмі беріледі.  (слайдтар № 14 – 21).

 

Балаларға қарапайым түрде түсіндіру үшін ,кәдімгі сызғышты қолданамыз.Бесінші сынып оқушыларына таныс емес,жаңадан «жуық теңдік» белгісі енгізіледі.Білімдері санды бүтінге дейін дөңгелектеуде нақты мысалдармен бекітіледі. (слайд № 22).

IV.Санды дөңгелектеу ережесі беріліп,бекітіледі. (слайдтар  № 23 – 30).

V. Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс №1184,№1185,№1186,№1194

(Слайдтар № 31 – 34) «Қатені ұстап ал» ойынымен өткізіледі.Бұл этапта     

 жаңа материалды бекіту ғана емес,математикалық сөзді сауатты сөйлеуді  

 қалыптастыру да жүргізіледі. Оқушыларға «дұрыс», «қате» деп сөйлеуге

 рұқсат етілмейді.Тек «дәл», «жалған» деген терминдер қолданады.

VI. Қорытынды.Үй тапсырмасы. Пайдаланылған әдебиеттер. 295300 беттер.

Күні: 10.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің жалпы түрдегі өрнегін жаза білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдері болатын сандар жұбын жаза білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін білу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кестелер, формулалар жазылған кесінділер, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. Әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

 Сабақ барысы:

¨                    Ұйымдастыру кезеңі

¨                    Логикалық тапсырма шешу.

¨                    Жаңа сабақты түсіндіру.

¨                    Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту

¨                    Математикалық диктант өткізу.

¨                    Жаңа сабақты бекіту.

¨                    Үйге тапсырма беру.

¨                    Сабақты қорытындылау, бағалау.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды зейінін сабаққа аударын алғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіруді бастаймын.

Тақырыптың алдын ала тапсырмасында 3х+2у-8=0  екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу қысқаша келтірілді.

Берілген 3х+2у-8=0

=-3х+8

у=-1,5х+4

х=1 болса, у=2,5

х=2 болса, у=1

х=3 болса, у=-0,5 осы берілген сандар  жұптары берілген теңдеудің шешімі.

Мысалы, 3х+2у=9, 7х-4у=8, -х+2у=4  теңдеулері -екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Бұл теңдеулерді жалпы түрде жазуға болады: ах+ву=с

 ах+ву=с  түріндегі теңдеулер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады.  Мұндағы х пен у  -айнымалылар, ал в және с -қандай да бір сандар. Сызықтық теңдеудегі с бос мүше деп аталады.

Шешімдер  жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар  теңдеулер  мәндес теңдеулер деп аталады. Шешімдері болмайтын  екі айнымалысы бар  теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері:

1-қасиет.Теңдеудегі қосылғыштың табасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына  көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

2-қасиет.Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейтсек немесе  бөлсек, берілген   теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді    тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбы   осы теңдеудің шешімі деп аталады.

 №1426 оқушылар ауызша жеке жауап береді.

№1427 оқушылар ауызша  жеке жауап береді.

І деңгейлік тапсырмалар.

№1428  оқушыларды тақтаға шығарамын.

Х=-1 және у=3;  х=-8 және у=6 мәндер жұптарының қайсысы х+у=2 теңдеуінің шешімі болады?

-1+3=2;    -8+6=-2  1) шешім болады  2) шешім болмайды.Оқушылар тақтада орындайды.

№1430 теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез келген екі шешімін табыңдар:

1)х+у=3 у=3-х   х=1 у=2; х=2 у=1; 

2)-2х+у=7  у=7+2х  х=1  у=9; х=2 у=11;

жеке жұмыс. №1432 мына мәндер жұбы шешімі болатындай екі айнымалысы бар бір сызықтық теңдеу құрыңдар:

1)х=1 және у=4;  х+4у=0

2)х=-2 және у=3; -2х+3у=0

№1433  жұптық жұмыс

7х+2у=14 теңдеуінің шешімдері: (1;у), (2;у), (0;у), у-ті табыңдар.

7•1+2у=14;  2у=14-7,  у=7/2  у=3,5

7•2+2у=14;  2у=14-14  у=0

7•0+2у=14;  2у=14,   у=7

№1434  топтық жұмыс

50х+100у=400

50х=400-100у   х=8-2у   у=1  х=6  у=2  х=4

у=3  х=2

№1435  топтық жұмыс

7х+35у=210

=210-35у

х=30-5у

у=1  х=25   у=2  х=20   у=3   х=15 т.б.

ІІ деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс

№1438 төмендегі теңдеулерден шешімі х=3, у=2  болатындарын теріп жазыңдар:

6•3-2,5•2-13≠0   1/3•3+3,5•2-8=0

0,3•3-4•2≠10,8    0,6•3-2+0,2=0

жұптық жұмыс

№1440 теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің қандай да бір екі шешімін табыңдар: 

у=3-3/8х     у=1,5-5/7х        у=2-1,4х

у=4-2,5х      у=3-1,75х        у=1-1/3х

топтық жұмыс.

№1441

1)  ах+7у=11  теңдеуінің шешімі х=-2;    у=3  болғандағы а-ның мәнін табыңдар.

-2а+7•3=11   -2а=11-21  -2а=-10  а=5

2) 4х-ву=2    х=3,  у=5

4•3-5в=2   12-5в=2   -5в=2-12   -5в=-10  в=2

Математикалық диктант. Оқушылар орындарында орындайды.

¨      3х+у=7  теңдеуінің  кез келген 3 шешімін табыңдар.

¨      Х+у-2=0 теңдеуінің 2 шешімін табыңдар

¨      Х+у-1=0

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтарға қолдын көтеріп жап береді:

·         Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

·         Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін айтып беріңдер.

·         Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?

Үйге тапсырма №1445, 1446 есептерді шығарып келу.

 Сабақты қорытындылау, бағалау.

Күні: 11.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі.

Сабақтың мақсаттары: ах+ву=с теңдеуіндегі айнымалылардың ең  болмағанда біреуінің коэффициенті нөлге тең болмағанда оның графигі түзу сызық болатынын білу.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кестелер, формулалар жазылған кесінділер, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

¨                    Ұйымдастыру кезеңі

¨                    Логикалық тапсырма шешу.

¨                    Жаңа сабақты түсіндіру.

¨                    Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту

¨                    Математикалық диктант өткізу.

¨                    Жаңа сабақты бекіту.

¨                    Үйге тапсырма беру.

¨                    Сабақты қорытындылау, бағалау.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Логикалық тапсырма.

 

 


                   +                  = 8                  -              =?

 


                 +                 =9

 

                 +                 =?

 

 

Оқушыларды зейінін сабаққа аударын алғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіруді бастаймын.

Тақырыптың алдын ала тапсырмасында у=3х-2  екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу қысқаша келтірілді. а=3   в=1   с=-2

у=3х-2  теңдеуінің графигі төменде көрсетілген.


Координаталық жазықтықтағы координаталары теңдеудің  шешімдері болатын нүктелер жиыны екі айнымалысы бар теңдеудің графигі деп аталады.

1-мысал  х-2у=4 сызықтық теңдеуінің графигі

ах+ву=с  теңдеуіндегі а≠0    в≠ 0   с≠0    болса, оның графигі  ординаталар Оу осімен (0;с/в) нүктесінде, ал абсциссалар Ох  осімен (с/в; 0)  нүктесінде  қиылысатын түзу болады.

 

 

Ах+ву=с теңдеуіндегі  в=0 а≠0 с≠0  болсын.

2-мысал4х+0*у=8 4х=8 х=2

бұл жағдайда теңдеудің графигі Ох абсциссалар осімен (2,0)  нүктесінде қиылысатын, Оу осіне параллель  түзу болады.

 Ах+ву=с теңдеуіндегі  а=0 в≠0 с≠0  болсын.


3-мысал 0*х+3у=9  3у=9  у=3

бұл жағдайда теңдеудің графигі ординаталар осімен (0,3) нүктесінде қиылысатын, ал Ох абсциссалар осіне параллель түзу.

Ах+ву=с екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің ең болмағанда бір айнымалысының коэффициенті нөлге тең болмаса, оның графигі түзу сызық болады.

№1452 оқушылар ауызша жеке жауап береді.

І деңгейлік тапсырмалар.

№1453 теңдеу графигін салыңдар.Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, орындайды.

х+у=3


у=3-х

х+4у=3

=3-х

у=3/4-1/4*х


№1454     5х+3у=15 теңдеуіне тиісті нүктелерді табу.Оқушылар дәптерлерінде жеке орындайды.

№1455 2х+у=5 теңдеуінің графигін салу. х=2 болса, у-тің мәні неге тең?

у=5-2х  теңдеуінің графигі


2*2+у=5    у=1

оқушылар жұптық жұмыс жүргізеді.

Математикалық диктант.

¨      у=-2х+2 теңдеуінің графигін салыңдар.

¨      у=2х+3 теңдеуінің графигін салыңдар.

Бекіту сұрақтарына оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді:

v  Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі қандай фигура болады?

v  у=0 болса, график қандай болады?

v  х=0 болса, график қалай болады?

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма №1459,1460 есептерді шығару.

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 13.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін  графиктік тәсілмен шешу.

Сабақтың мақсаттары: бір жүйеге біріктірілген екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдерінің ортақ болатынын білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін  графиктік тәсілмен шеше білу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: графиктер, формулалар жазылған кесінділер, карточкалар, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 Сабақ барысы:

¨                    Ұйымдастыру кезең і

¨                    Логикалық тапсырма шешу.

¨                    Жаңа сабақты түсіндіру.

¨                    Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту

¨                    Карточкамен жұмыс.

¨                    Жаңа сабақты бекіту.

¨                    Үйге тапсырма беру.

¨                    Сабақты қорытындылау, бағалау.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Логикалық тапсырма.

Алғашқы 3 қатар белгілі бір заңдылықпен құрылған. Осы заңдылыққа сәйкес төртінші қатардағы сұрау белгісінің орнына төмендегі жауаптардың қайсысы сәйкес келеді?

1.      5,5,50,500

2.      3,6,18,108

3.      4,8,32,256

4.      1,? ,? , ?,  (1,2,2,4)

Тақырыптың алдын ала даярлық тапсырмасында  у=-х+5 және у=х-1 теңдеулерінің графиктері салынып, олардың екеуіне де ортақ нүкте көрсетілген. Теңдеулердің екеуінің де графиктерінің қиылысу нүктесінің координаталары сол екі теңдеуге де ортақ шешім болады. Сонымен қатар, көрсетілген тәсілмен шешімдері ортақ екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдерін тауып үйрену тапсырылған.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері үш түрлі жағдайда орналасады. Осыған байланысты екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің:

1.      бір ғана шешімі бар,

2.      шешімдері жоқ

3.      сансыз көп шешімдері бар.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың  мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.

Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз-оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін  шешудің графиктік, алмастыру, қосу тәсілдері бар.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуді қарастырып отырмыз.

 

 

 

1 жағдай.

у=0,5х+2

у=-1,5х+6    жауабы (2;  3)

 

егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын  түзулер қиылысса, онда теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады.

 

ІІ жағдай.

Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель

 

у=-0,5х+2

у=-0,5х-3

 

 

 

жауабы:  шешімдері болмайды, Ø

егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель болса, онда теңдеулер жүйесінің шешімі болмайды.

 

ІІІ жағдай.

Жүйедегі теңдеулердің графигі болатын түзулер беттеседі.

7х+2у=12

35х+10у=60

 

егер теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер беттесетін болса, онда теңдеулер жүйесінің шексіз көп шешімі болады.

 

№1471 оқушылар ауызша жеке жуап береді.

№1472 оқушылар жеке жауап береді.

І деңгейлік тапсырмалар

№1473    теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. Оқушылар тақтада орындайды.

у=2х    

х-у=3 у=х-3

 

 

 

 

 

№1474 Оқушылар тақтада орындайды.

х+у=7

-х+2у=-4

 

№1475 Әр оқушы жеке орындап, көрсетеді.

 теңдеу жүйесін құру, теңдеулер жүйесінің шешімін табу.

2х+3у=12

-2х+у=-4   жауабы: (3;2)

№1476-1479  есептер теңдеулер жүйесінің шешімдерін анықтауға арналған. Оқушылар топ болып шығарады.

ІІ деңгейлік тапсырмалар.

№1482  теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіп, қайсысының шешімі болатынын, болмайтынын анықтау. Оқушылар жеке жұмыс істейді.

№1486 графикті пайдаланып шешімі болатынын, болмайтынын анықтау. Оқушылар жеке жұмыс істейді.

2у-х=4

6у+3х=36  жауабы:  (4;4) бір шешімі бар.

2у-х=4

2у+х=4 жауабы:   (0;2) бір шешімі бар.

1488 сызықтық теңдеулер жүйесін құру. Оқушылар жұппен жұмыс атқарады.

2х+3у=12

-х+3у=3  жауабы:  (3;2)

 

2х+3у=12

2х+3у=5     жауабы: шешімі жоқ

2х+3у=12

6х+9у=36  шексіз көп шешімдері бар.

Карточкамен жұмыс.

2х+у=6        х-у=5
3х-у=7         5х+у=0
6х-у=0        3х+6=у
5х+у=0         х=1
 

 

 

 


Бекіту сұрақтары:

ü  екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?

ü  Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?

ü  Сызықтық  теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі қандай жағдайда болады?

Үйге тапсырма №1483,1492 есептердің графиктерін салу.

Қорытындылау, бағалау.

 

Күні: 14.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін  алмастыру тәсілімен шешу.

Сабақтың мақсаттары: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу дағдыларын қалыптастыру. Рационал сандармен берілген пропорциялық теңдеуді келтіріп шеше білуді қайталау.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: графиктер, формулалар жазылған кесінділер, карточкалар, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

¨                  Ұйымдастыру кезең і

¨                  Логикалық тапсырма шешу.

¨                  Өткен сабақты қайталау.

¨                  Жаңа сабақты түсіндіру.

¨                  Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту

¨                  Тест.

¨                  Жаңа сабақты бекіту.

¨                  Үйге тапсырма беру.

¨                  Сабақты қорытындылау, бағалау.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Логикалық тапсырма.

Төмендегі сөздердің біреуі басқалардан бөлек. Ол сөз қайсысы?

А) алма    в) қарбыз

С) помидор   д) асқабақ    жауабы: алма.

©    екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?

©    Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?

©    Сызықтық  теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі қандай жағдайда болады?

 

Тақырыптың алдын ала тапсырмасында

Х-у=29 (1)

2х+7у=112  (2) теңдеулер жүйесін (1)  теңдеудегі х-ті у арқылы өрнектеп алып, оны (2) теңдеуге қойып, бір айнымалысы бар теңдеуге келтіріп шешу тәсілі көрсетілген. Сонда

 

х=29+у

2(29+у)+7у=112

бұл алғашқы берілген теңдеулер жүйесімен мәндес теңдеулер жүйесі. Осыдан у=6; х=35 шығады. Осы көрсетілген реттілікпен

х+у=1

5х+3у=37 теңдеулер жүйесін шешу оқушыларға тапсырылған. Жауабы; (17;-16)

тақырыптың қысқаша мазмұны.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін  алмастыру тәсілімен шешуді мысал емсептерді шығарудан бастау дидактикалық тұрғыдан көрнекіліктерді пайдаланумен бірдей нәтиже береді. Мысалы,

2х+у=11                 у=11-2х

5х-2у=5                  5х-2(11-2х)=5

5х-22+4х=5

=27

х=3   у=11-2·3=5 жауабы: (3;5)

 

Екі айнымалысы бар сызықтық  теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:

©    Теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екіншісі арқылы (х-ті у арқылы немесе у-ті х арқылы) өрнектеу керек;

©    Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады.;

©    Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек;

©    Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.

 

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің біреуіндегі айнымалының коэффициенті 1-ге тең болған жағдайда берілген теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.

І деңгейлік тапсырмалар

№1497 теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер.

Х-у=2          х=2+у

2х-3у=-1     2(2+у)-3у=-1   2+2у-3у=-1,  -у=-3, у=3, х=5

жауабы: (5;3)

№1498 теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер.

 

4х+3у=5     у=-5+2х

у-2х=-5      4х+3(-5+2х)=

 

 

4х-15+6х=5    10х=20  х=2

у=-5+4   у=-1  жауабы: (2;1)

№1499

2(х+у)-х=-6     2х+2у-х=-6   х+2у=-6    х=-6-2у

3х-(х-у)=0       3х-х+у=0      2х+у=0      2(-6-2у)+у=0

2(-6-2у)+у=0

-12-4у+у=0

-3у=12

у=-4    х=2   жауабы: (2;4)

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сандардың жуық мәндері.Сандарды дөңгелектеу."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күні: 11.04.2015 жыл.

Пәні: Математика

Сыныбы: 5а

Сабақтың тақырыбы:      Сандардың жуық мәндері.Сандарды  дөңгелектеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға «санның жуық мәні», «санды дөңгелектеу» туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушыларға санды қандай да бір үлеске дейін,бүтінге

дейін дөңгелектеуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге,   

тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: түсіндіру мультфильм кейіпкерлерімен,сұрақ-жауап

Көрнекі-құралдар: Компьютер, проектор,слайд-презентация

Сабақ барысы:

Сабақтың толық нұсқасы презентацияда құрылған.

I. Мәселе қою (слайдтар № 1 – 6)

 

 

 «Санның  жуық мәні» нені білдіреді?

II. Оқушыларға  «санның жуық мәні» деген түсінік беріледі.(слайды № 7 – 10).

Осыдан кейін «санның  дәл мәнінен кем жуықтау» және «санның дәл мәнінен артық жуықтау» деген сөйлемге түсінік беріледі (слайдтар № 11 – 13).

Әрбір мысалдың шешімін тапқан сайын оқушылар ережені толығымен дәл айтып,оқып отырады.Үйде балалардың анықтама мен ережелерді оқығысы келмейтіні құпия емес.Сабақта бірнеше рет теорияны тыңдайтын болса,оқушылар көп күш түсірмей-ақ тақырыпты ұғып алады.

 III. Оқушыларға санды бүтінге дейін дөңгелектеу мысалдарында, санды дөңгелектеу алгоритмі беріледі.  (слайдтар № 14 – 21).

 

Балаларға қарапайым түрде түсіндіру үшін ,кәдімгі сызғышты қолданамыз.Бесінші сынып оқушыларына таныс емес,жаңадан «жуық теңдік» белгісі енгізіледі.Білімдері санды бүтінге дейін дөңгелектеуде нақты мысалдармен бекітіледі. (слайд № 22).

IV.Санды дөңгелектеу ережесі беріліп,бекітіледі. (слайдтар  № 23 – 30).

V. Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс №1184,№1185,№1186,№1194

(Слайдтар № 31 – 34) «Қатені ұстап ал» ойынымен өткізіледі.Бұл этапта     

 жаңа материалды бекіту ғана емес,математикалық сөзді сауатты сөйлеуді  

 қалыптастыру да жүргізіледі. Оқушыларға «дұрыс», «қате» деп сөйлеуге

 рұқсат етілмейді.Тек «дәл», «жалған» деген терминдер қолданады.

VI. Қорытынды.Үй тапсырмасы. Пайдаланылған әдебиеттер. 295300 беттер.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 383 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2015 3340
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтимова Нургуль Бахытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтимова Нургуль Бахытжановна
    Айтимова Нургуль Бахытжановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45522
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Организация учебно-исследовательской деятельности учащихся как средство развития познавательной активности при обучении математике в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе