ІІ. Негізгі бөлім.
Көрініс: «Шыңғыс хан өсиеті»
|
Салауатты өмір сүрудің басты шарты –
темекі,нашақорлық,маскүнемдіктен арылу.Маскүнемдік,темекі,нашақорлық
ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.Оның қажеттілігі денсаулықты нашарлатып,адамды
аздыруда.
Салауатты өмір «Қазақстан -2030» жолдауында
шылым шегу терең ойластырылып, қоғамдық өмірден ығыстырылуы қажет делінген.
Келесі кезекті оқушылар шығармашылығына
берсек:
1-студент:
Әлемге аты мәшһүр Шыңғыс хан өзі құрған
қағанатының және қол астындағы ұлт- ұлыстарының береке – бірлігіне көңіл
бөліп, халықты аздыратын жат әдет- ғұрыптардан сақтандырып отырған.Осындай
жағымсыз әдеттің бірі - арақ деп санаған.Ол маңайындағы
нөкер-уәзірлеріне,балаларына, қолбасшыларына арақты пайдаланбауларын қатты
ескертеді екен.Осының куәсі «Шыңғыс ханның тоғыз нөкері мен жетім баланың
шешендік айтысы» деп аталады.
Тест сұрақтары:
|
-Баяндама «Денсаулық байлықтан да
қымбат»
Әдеби монтаж:
1-студент:
Жымысқы жау – арақ мынау,
Аңқылдаған,жалпылдаған.
Аңқау жұртым,қазағым,
Сенгіштіктің,көнбістіктің
Тарттың әбден азабын.
Жинағаныңды,иманынды
Айырбастап нашаға
Сенің кері кесіріңнен
Босап жатыр босаға.
2- студент:
Сені қазақ,қылып мазақ,
Алды арақ шынжырлап,
Тозды тұрпат,азды ұрпақ,
Азат елді кім құрмақ ?
Салт пен тойың, дәстүр ойың,
Көгенделіп араққа.
Салғырт ел боп,мәңгүрт ел боп,
Іліңдің сен санатқа.
3- студент:
Ішіп жатыр,шегіп жатыр,
Ата,әке,жас бала.
Жанын сатқан,тәнің сатқан,
Көрдік істі масқара.
Адамшылдық,асқақ қылық,
Қасиеттен тұл болдың,
Жүзің сынық,жүйкең бұзық,
Наша, араққа құл болдың.
Көрініс: «Шыңғыс хан өсиеті»
Шыңғыс хан:-
Уа,нөкерлерім мен шешендерім.Елде арақ ішушілер бар ма? Арақтың пайдасы ше
?Ойларынды айтыңдаршы.
Салқымсары:
Осындай ұлы жиынның
Арақсыз сәні болар ма?
Арақ-шарап жоқ болса,
Жиында көңіл толар ма?!
Ойраттың қара кіруі:
Жиналып ішсек бәріміз,
Бақыт сусын емес пе?
Алыс- жақын ішпеген
Армандамыз емес пе?!
Шу мерген:
Ойыңдағы сөзіңді
Арақ ашып бермей ме?
Жақсы менен жаманды
Айырып ол бермей ме?
Шарап ішпей өткізген
Думан құрғақ емес пе?
Жалайырдың Мұқылайы:
Арақ әркез қыдырып,
Тауысады төзімді.
Думан күні мас қылып,
Қырылыстырар өзіңді,
Бірлігіңді бұзады,
Қайғыға душар етерің
Білмей жүрміз біз әлі.
Борақұл:
Арақ-шарап досыңнан
Тайдырады емес пе?
Жаман атың еліңе
Жайылады емес пе?
Арамдыққа үйір қып,
Тәңір қосқан қосыңнан
Айырады емес пе?
Жетім бала:
-
дат,тақсыр.
Шыңғыс хан:
-
айт,датыңды.
Жетім бала:
Өлшеусіз ішсең –дерт дербез,
Өлшеп ішкен қуаныш.
Құмартып алсаң араққа,
Жынды етеді емес пе?
Шандыға шешен:(ашуланып)
Хан иемнің бұлайша
Сырын тартар сен бе едің?
Сен сияқты жетімде
Сөз болар ма татымды
Жетім бала:
Өз ойламым,байламым.
Сол ғана дұрыс деппін бе?
Хан ием дат берген соң,
Ойымды зорға асырып,
Сөзімді айттым асығып.
Шыңғыс хан: -
Тоқта балам,әркім өз ойың жақсы айтты.Өз халқыма, кейінгі ұрпағыма өсиетімді
айтайын.Хатшы жазып ал:
-
Аздап ішсең адалдығың сақталып, ләззаттанасың,
Көптеп ішсең
адамдығыңнан азып,ақымақтанасың.
- Ел басшысы мен қолбасшысы
араққұмар болса, халықтың қасіреті.
|
Студенттер іс-шара барысында оқытушымен
жақсы қарым-қатынас орнатады,белсене араласады.
Баяндамаға өз ойларын қоса біледі.
Әдеби монтаж бойынша студенттер өз дайындықтарын
көрсетеді.
Көрініске қатыса әрі көре отырып арақ пент
темекінің зиянын түсінді.
|
ІV. Қорытынды
|
- Қамшының сабындай қысқа ғұмырда
–мәнді,салауатты өмір сүргенге не жетсін!Бұл біздің өз қолымызда. Осы
алдымызда қойылған қойылымнан нендей ой түйдіңіздер.
- Айналайын жастарым,
Өн –бойында әрдайым,
Дәл осындай кеселден,
Сақтай жүрші, ылайым- дей келе тәрбие
сағатымызды.жабық деп жариялаймын.Осы ұлағатты сөздерден көп ой түйіп,жаман
әдеттерден аулақ болады деген ойдамын.Сау болыңыздар.
|
-
студеттер өз ойларын айтады.
- Сау болыңыз.
|
Іс-шара өз мақсатына жетті.
Іс-шараға қатысқан студенттерді марапаттау.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.