Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСалауатты өмір - денсаулық кепілі 2 кл

Салауатты өмір - денсаулық кепілі 2 кл

Скачать материал

Салауатты өмір –денсаулық кепілі

Мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге үйрету.                  2. Оқушылардың ой - пікірлерін ортаға салу,  ой қорыта білу қабілеттерін дамыту, ортаның қысымына қарсы тұра білуге дағдыландыру (темекіні, алкогольді байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру).
3. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға
тәрбиелеу.
Тренинг сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру

1)    Сәлемдесу

2)    Шаттық шеңбері                                                                                                          Балалар оң қолдарыңмен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук-тук дейді. Енді осы кішкентай жүрегімізде мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір-бірімізді жылытайық. Бір-бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күн шуағына айналды.  Ендеше, осы күннің жылуын салауатты өмір сүруімізге арнайық.

Ойын: «Жаңбыр»                                                                                                      Мұғалім: Балалар сендер шыныққан сайын табиғат әлеміне жан бітеді.  (оқушылар жаттығу жасау)

1.     Жылы жаңбыр да жауды. (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу)

2.     Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді. (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу)

3.     Жылы жаңбырдан соң, өсімдіктер жапырақтарын күнге жая бастады. (аяқты артқа созып, қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу)

4.     Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр.(Қолды қанатша қағып отрып-тұру)

5.     Жан-жануарлар да ояна бастады. (жерге тіземен тұрып, аяқтарын созу)

Оқушылар әр түрлі гүлді таңдау арқылы екі топқа бөліну.                                                   Қызыл түсті таңдағандар – өмірге белсенділер.                                                                       Сары түсті таңдағандар – мейірімді жандар.

2.  Кіріспе.
    Мұғалім:  Қош келдіңіздер, ұстаздар және оқушылар.  Біз бүгін  «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» атты тренинг өткізгелі отырмыз. Бұл тренингті өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, тазалық,  лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу.

 

·        Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында “Салауатты өмір салты-әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп жазған. Сондықтан әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.

Біліп  ал

·        Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Амударияның жағасында ауырып қалып, Қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана өмір сүруге арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Ұзақ өмір сүрудің кілті неде деп ойлайсыңдар?

Ойлап айт

І топ     Денсаулық дегеніміз не?  Денсаулықтың достарына нелер жатады?                                                                      ІІ топ   Дені сау адам қандай болады? Денсаулықтың қастарына  нелер жатады?

«Денсаулық»  атты бейнеролик                                                             

Ойын: «Ине мен жіп»                                                                                                                                                         Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - біріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.                                                                             

Жағдаяттан шығу

1- жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағжаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ  ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

 

“Сиқырлы ағаш” ойыны.
Ойынның шарты:
 Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады.               

Сұрақтар:
1. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
2. Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі)                                4. Ең бірінші – байлық не? (денсаулық)                                                                                       5.Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)                                                                                                           6.Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басың мен ісі бар. (Тарақ)


Мақалдың жалғасын тап

 

1.     Көзің ауырса, қолыңды тый.

(Ішің ауырса, аузыңды тый)

2.    Денсаулықтың қадірін, (ауырғанда білерсің)

 

Өмірден түйгенім

І топ     Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына  әсері қандай деп ойлайсыңдар?  Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

ІІ топ    Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер? Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қорыту

-        Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)

-       Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке...
Оқушылар бір - біріне тілектерін жазып ұсынады.

Түйін сөз
«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта»  деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты. Ел ертеңі – сендерсіңдер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.   

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Салауатты өмір - денсаулық кепілі 2 кл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Салауатты өмір –денсаулық кепіліМақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге үйрету. 2. Оқушылардың ой - пікірлерін ортаға салу, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту, ортаның қысымына қарсы тұра білуге дағдыландыру (темекіні, алкогольді байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру). 3. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.Тренинг сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру1)Сәлемдесу2)Шаттық шеңбері Балалар оң қолдарыңмен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук-тук дейді. Енді осы кішкентай жүрегімізде мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір-бірімізді жылытайық. Бір-бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күн шуағына айналды. Ендеше, осы күннің жылуын салауатты өмір сүруімізге арнайық.Ойын: «Жаңбыр» Мұғалім: Балалар сендер шыныққан сайын табиғат әлеміне жан бітеді. (оқушылар жаттығу жасау)1.Жылы жаңбыр да жауды. (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу)2.Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді. (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу)3.Жылы жаңбырдан соң, өсімдіктер жапырақтарын күнге жая бастады. (аяқты артқа созып, қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу)4.Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр.(Қолды қанатша қағып отрып-тұру)5.Жан-жануарлар да ояна бастады. (жерге тіземен тұрып, аяқтарын созу)Оқушылар әр түрлі гүлді таңдау арқылы екі топқа бөліну. Қызыл түсті таңдағандар – өмірге белсенділер. Сары түсті таңдағандар – мейірімді жандар.2. Кіріспе. Мұғалім: Қош келдіңіздер, ұстаздар және оқушылар. Біз бүгін «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» атты тренинг өткізгелі отырмыз. Бұл тренингті өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, тазалық, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында “Салауатты өмір салты-әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп жазған. Сондықтан әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.Біліп ал Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Амударияның жағасында ауырып қалып, Қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана өмір сүруге арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті. Ұзақ өмір сүрудің кілті неде деп ойлайсыңдар? Ойлап айтІ топ Денсаулық дегеніміз не? Денсаулықтың достарына нелер жатады? ІІ топ Дені сау адам қандай болады? Денсаулықтың қастарына нелер жатады? «Денсаулық» атты бейнеролик Ойын: «Ине мен жіп» Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер. Сендер менің артымнан бір - біріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.Жағдаяттан шығу1- жағдаят:Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?2-жағжаят:Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?“Сиқырлы ағаш” ойыны. Ойынның шарты:Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Сұрақтар: 1. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын) 2. Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста) 3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі) 4. Ең бірінші – байлық не? (денсаулық) 5.Шомылған баланы, Аймалап алады. Сүртеді қолын да, Сүртеді жонын да. (Сүлгі) 6.Аузы жоқ, көзі жоқ, Тілі жоқ, өзі жоқ. Бірақ та тісі бар, Басың мен ісі бар. (Тарақ)Мақалдың жалғасын тап1.Көзің ауырса, қолыңды тый.(Ішің ауырса, аузыңды тый)2.Денсаулықтың қадірін, (ауырғанда білерсің)Өмірден түйгенімІ топСпорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?ІІ топҚазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер? Спорттың қай түрін ұнатасың?Қорыту - Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу) -Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау) Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке... Оқушылар бір - біріне тілектерін жазып ұсынады.Түйін сөз«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты. Ел ертеңі – сендерсіңдер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 767 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.07.2020 449
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Лаврова Людмила Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Лаврова Людмила Анатольевна
    Лаврова Людмила Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86408
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2676 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 478 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 198 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 662 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 536 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе