Главная / Информатика / Сабақтың тақырыбы: "Вирус түрлері"

Сабақтың тақырыбы: "Вирус түрлері"


МКҚК «Шонжы политехникалық колледжі»

Өндірістік оқыту шебері

Шарипова Нурбуви Хетиповна


Өндірістік оқыту сабағының жоспары

Мамандық: «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Сабақтың тақырыбы: Вирус түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру,

жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау,

компьютерлік вирус зиянды жерлерін, вирустің түрлерімен және

олардың айырмашылығын түсіндіру.

2. Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге және уақыт үнемдеуге

тәрбиелеу.

3. Дамыту: Тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді

пайдалана білу, компьютермен жұмыс істеу іскерлігін, логикалық ойлау

қабілеттерін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар:

1.Компьютерлер

2.SIN KAZ бағдарламасы

3.Карточкалық тапсырмалар

4.Слайд

5.Баннер

6.Оқулық: 1) ҚР – да ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу - әдістемелік құрал, Алматы 2007ж.

2) Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ», Алматы 2003ж.


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

1.оқушыларды түгендеу

2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3. құрал-жабдықтарының түгельдігін тексеру


ІІ. Кіріспе түсініктеме: 43 мин


Оқушылардың алдынғы сабақта алған білімдерін тест тапсырмасы және сұрақтар арқылы тексеру:

  1. Мұрағат дегеніміз не? (бір ғана файлда қысылып сақталған қалталар, файлдар және өзге де мәләметтер жиынтығы)

  2. Мұрағаттаушы бағдарламаларды атап өтіңіз (WinZip. Win RAR)

  3. Ол қандай бағдарламалар? (файлды қысуға)

  4. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы... (ол аз орын алады)

  5. Қысылған файл (мұрағаттаушы көмегімен буылған файл)



Оқушыларды компьютерге отырғызып SIN KAZ бағдарламасында тест тапсырмаларды орындау.



Тест тапсырмалар:


1. Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?

a) мұрағаттаушы бағдарламалар

b) файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары

c) интерпретатор-бағдарламалар

d) транслятор-бағдарламалар

2. Қысылған файл – бұл …

a) ұзақ уақыт қолданылмаған файл

b) көшіруден қорғалған файл

c) мұрағаттаушы көмегімен буылған файл

d) рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл

3. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы …

a) оған аз уақытта қол жеткізуге болады

b) ол вирустардан жеңіл қорғалады

c) ол рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады

d) ол аз орын алады

4. Мұрағаттаушы бағдарламаларды көрсетіңіз.

a) WinZIP, WinRAR

b) WordArt

c) Word, PowerPoint

d) Excel, Internet Explorer

5. WinRAR және WinZIP бағдарламалары ... арналған

a) қалталармен жұмыс істеуге

b) файлдармен жұмыс істеуге

c) вирусқа қарсы өңдеуге

d) файлдарды қысуға

6. Қалтаны немесе файлды мұрағаттау үшін ... керек

a) таңдалған нысанда тінтуірдің оң жақ батырмасын басу, мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу

b) таңдалған нысанда тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, Бас мәзірдегі Орындау әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу

c) Файл мәзіріндегі Әзірлеу әмірін таңдау – Мәтіндік құжат – Жарайды батырмасын басу

d) Құралдар мәзіріндегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу

7. Қысылған файлмен жұмыс істемес бұрын аталған әрекеттердің қайсысын орындау керек?

a) қайта пішімдеу

b) ағымдағы каталогта көшірмесін жасау

c) мұрағатты ашу

d) орындалуға жіберу



Вирустар қайдан пайда болды?


Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.


Сабақты бастамас бұрын компьютерлік вирустардың анықтамасына тоқталайық.


Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (200-5000 байт) бағдарлама.Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирустардың түрлері белгілі.


Компьютерлік вирус ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң,

компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

- кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

- көптеген файлдардың бүлінгені байқалады

Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:


  • «Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

  • «Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.

  • «Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау прогламмаларына кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т.с.с

  • «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.


Мақсаттарына қарай вирустар мынандай 4 бөлікке бөлінеді:

hello_html_6f59baed.gif


















Вирустың пайда болуынан компьютерде мынандай өзгерістер болады



  • Кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • Экранға әдеттегіден тіс бөтен мәліметтер, символдар пайда болады;

  • Компьютердің баяу жұмыс істеу;

  • Жұмыстың тоқталуы;

  • Файлдармен папкалардың жоғалуы;

  • Файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;

  • Қосымша бағдарламалар дұрыс жұмыс істемейді;

  • Дискілерге немесе диск жетектеріне қатынас болмайды;





Вирустардың таралу жолдары


  • Дискеттер

  • Лазерлік дискілер

  • Компьютерлік желілер

  • Флешкалар


Тест тапсырмлар арқылы жаңа тақырыпты бекітеміз:

1.Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?

  • Компьютерлік вирустар

  • Компьютерлік бомбалар

  • Программалық вирустар

2.Ішінде вирус табылған программа?

  • Емделетін

  • Көрінбейтін

  • Бүлінген

3.Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

  • 5

  • 3

  • 2

4.Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?

  • Файлдық

  • Жүктейтін

  • Макровирустар

5.Макровирустар....

  • Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады

  • Операциялық жүйені жүктегенде жұғады

  • Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

6.Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?

  • Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар

  • Бейсауат,насихатшы,мағынасыз,

шантаж жасаушы

  • Жүктейтін,макровирустар

7.Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?

  • 15 000

  • 50 000

  • 25 000

8.Мақсатына қарай вирустар:

  • Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар

  • Бейсауат,насихатшы,мағынасыз, шантаж жасаушы

  • Жүктейтін,макровирустар

9. Мақсатына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

  • 3

  • 4

  • 5

10. Вирустың өлшемі

  • 200-500 байт

  • 200- 5000 байт

  • 200-50000 байт


Жалпы қауіпсіздік талаптары:

ДК- де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1.ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

3. Мұғалімнің рұхсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

7. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

8. Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға болмайды.

ІІІ. Ағымдық нұсқама: 200 мин

А) Өз бетімен жұмыс істеу:

1) Техника қауіпсіздігін сақтау ережелерімен талаптарын таныстыру

2) Карточкалық тапсырмалармен жұмыс жасау.

Б) Шебердің мақсатты тексерулері:

Оқушыларды жұмыс орындарына бөліп, айналымдарды жасау. Айналымдар арқылы оқушылардың сабақты меңгергендігін байқап, түсінбеген жерлерін көрсету және түсіндіру.Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру.

Оқушыларды жұмыс орындарына бөліп, айналымдарды жасау. Айналымдар

арқылы оқушылардың сабақты меңгергендігін байқап, түсінбеген жерлерін көрсету.Құрал – жабдықтарды пайдалану, жұмыс орындарын дайындау.

1 – айналым: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып оны тереңдете меңгерту.

2 – айналым: Жұмыс орындарының дайындығын қадағалау. Оқушыларға жеке-дара тапсырмалар беру.

3 – айналым: Техникалық қауіпсіздік ережелерін бақылау. Карточкалық тапсырмалармен жұмыс жасау.

4-айналым: Оқушылардың жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аударып, сұрақтарға түсінік беру.

5– айналым : Берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру әр оқушының іс-әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал-жабдықтары мен құрылғыларды пайдалана білуге көңіл бөлу, сапасына техника қауіпсіздігіне көңіл бөле отырып, жіберілген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру, бақылау нәтижелерін дәптерге түсіру.

IV. Қорытынды нұсқау: 25 мин

  1. Айналымдар бойынша оқушылардың орындаған тапсырмаларын қабылдау

  2. Қатемен жұмысты талдау.

  3. Оқушыларға баға қою, оны оқушыларға хабарлау.

  4. Сабақты қорытындылау.

  5. Үйге тапсырма: Жаңа тақырыпты оқып , 15 сұрақтан тест тапсырма жазып келу.




Сабақтың тақырыбы: "Вирус түрлері"
  • Информатика
Описание:

МКҚК «Шонжы политехникалық колледжі»

                                                                                     Өндірістік оқыту шебері

                                                                                     Шарипова Нурбуви Хетиповна

                                                                                    

 

Өндірістік оқыту сабағының  жоспары

Мамандық: «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Сабақтың тақырыбы:Вирус түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру,

                        жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау,

                        компьютерлік вирус зиянды жерлерін, вирустің түрлерімен және

                        олардың айырмашылығын түсіндіру.

               2.Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге және уақыт үнемдеуге

                                        тәрбиелеу.

3.Дамыту: Тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді                     

                     пайдалана білу, компьютермен жұмыс істеу іскерлігін, логикалық ойлау

 

                     қабілеттерін дамыту.

Автор Максатов Сетвалды Абайдуллаевич
Дата добавления 19.12.2014
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 826
Номер материала 8087
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы