Главная / Технология / Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке

жапсыру.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.


Дамытушылық: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.


Тәрбиелік: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.


Сабақтың типі: аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті», «Б.Момышұлының сөзі».


Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.


Сабақтың барысы:


I Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. Екі топқа бөлу.

3.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.


II сабаққа дайындық сұрақтары

1.Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолданамыз ?

2.Дайындама бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдану керек ?

3.Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

4.Дайындаманы төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықтар жүргізу керек ?


III Жаңа сабақ.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә. Қастеев.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

«Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.


hello_html_7b24f63d.gifҚазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:


  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.


hello_html_m17e892af.jpghello_html_m72d88fa0.jpghello_html_6652b564.jpg


Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.


hello_html_m208b422f.jpghello_html_m4edcee59.jpghello_html_m3e2e1aee.jpg


Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.



hello_html_212e06d1.jpghello_html_7c30c4c8.jpghello_html_1c9930a3.jpg




Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.



hello_html_m1c19efcd.jpghello_html_m638834ba.jpghello_html_m4b60a8d1.jpg


Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.



hello_html_m2d387404.jpghello_html_m1344bf76.jpghello_html_4787d0be.jpghello_html_m2feff15f.jpg


Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.





2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.


hello_html_m3dd2e63a.jpghello_html_250aa343.jpghello_html_m738f3f60.jpghello_html_2f6c241c.jpg


Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.



hello_html_153d117e.jpg hello_html_1227c083.jpghello_html_m60b080c7.jpghello_html_m7b2de6de.jpg

Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан

гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай

дорбаға, аяққаптарға істетіледі.


hello_html_69708a9d.jpghello_html_m325414b.jpghello_html_m53334787.jpghello_html_m62f7d5d4.jpg




3. Космогониялық ою - өрнектер.


hello_html_eed85cc.jpghello_html_m8f1c27c.jpg


Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.


hello_html_m41750b84.jpghello_html_m77ac90b7.jpghello_html_m12d37607.jpghello_html_6e0cd75d.jpg




4. Геометриялық ою - өрнектер.


hello_html_m7fc5fb6f.jpg

hello_html_m3d3181e2.jpghello_html_m756b3068.jpg

Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.



hello_html_m42d79807.jpghello_html_18723c5e.jpghello_html_m4af75ccf.jpg


Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.


hello_html_m88f8c58.jpghello_html_m57950abf.jpg


Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.



Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.


IV Сергіту сәті. Бүгінгі сайсымызға екі топ қатысып отыр:

  1. «Нөсер» тобы.

  2. «Темір» тобы.


Мақал – мәтелдер жарысы.


Мысалы:

Еңбек түбі – береке,

Көптің ісі мереке.


Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


V Сарамандық жұмыс.

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

hello_html_4fc8a292.jpghello_html_m5ae0e549.jpghello_html_m76c9f13c.jpg








Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.


Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарындаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.

Дайндаманың бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды дайындаманың бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз. Дайын сызбамызды қылараның көмегімен арнайы орында кесіп аламыз, кесілген ою үлгісін желім көмегімен тақтайшаның бетіне жапсырылады. Дайын болған үлгіні құмқағаздың көмегімен өңдеп, нитролакпен боялып жұмыс аяқталады.


hello_html_m29dff79e.jpg

hello_html_m19590316.jpghello_html_m336c0e3b.jpg







VI Қорытынды.


  1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.

  2. Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.


VII Үйге тапсырма.

Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.


Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.
  • Технология
Описание:

 

Сабақтың тақырыбы:  Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке

                                                      жапсыру.

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.

 

Дамытушылық:  ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелік:   ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  дәстүрлі  сабақ.

 

Сабақтың типі:   аралас сабақ.

 

Сабақтың әдісі:    топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

 

Сабақтың  көрнекілігі:   слайдтар:  «Ә. Қастеевтің  сөзі»,    «Ою-өрнектер»,   «Сергіту сәті»,   «Б.Момышұлының сөзі».

 

Пәнаралық байланыс:   тарих,  бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.

 

Сабақтың барысы:

 

I Ұйымдастыру  бөлімі.

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 

2. Екі топқа бөлу.

3.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

 

II сабаққа дайындық  сұрақтары

1.Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолданамыз ?

2.Дайындама  бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдану керек ?

3.Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

4.Дайындаманы төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықтар жүргізу керек ?

 

III Жаңа сабақ.                          

Өнерді  таудың  бұлағынан,

Қойдың  құлағынан,

Апамның  киізінен,

Қошқардың  мүйізінен  үйрендім.

                                                Ә. Қастеев.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

   «Қол өнер – мол өнер»  дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

    Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор. 

        Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым.   Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

   Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.

                            

 

Қазаққа  ұлттық   нақыш  беретін  оның  өзіндік  ою - өрнектері.

Ұлттық  ою - өрнектерді    төрт  топқа  жатқызады:

 

1.     Жан жануарлар  тектес  ою - өрнектер.

 

 

 

Қошқар  мүйіз – қазақ  оюының  ең  көне  түрі.  Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік  бұйымдарының  бәрінде  кездеседі.

 

  

 

Сыңар  мүйіз – кең  тараған  ою - өрнек үлгісінің бірі.  «Қошқар  мүйіздің» тек  бір  жақ  сыңарын  ғана бейнелейді.  Сырмақ, текемет, киім-кешектердің  жиегіне  істетіледі.

 

 

           

    

 

 

 

Түйе  табан – түйенің  басқан  ізіндегі  қос  табаны  сияқты  дөңгеленіп  келетін, S әріпі  тәрізді  күрделі  өрнек. «Табақша  өрнек» деп  те  аталады.

 

 

   

 

Түйе  өркеш – түйенің  қос  өркешіне  ұқсайтын  өрнек.  Әшекейленетін  заттардың  жиектеріне  көбірек  істетіледі. 

 

 

        

 

Қос  қанатты – құстың  қос  қанатын   кең  жайып  ұшқан  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

 

 

 

 

2. Гүл – жапырақ  өсімдік  тектес ою - өрнектер.

 

       

 

Гүл (жауқазын) – барлық  гүлдің  бірбеткей  бейнесін  бейнелейтін  өрнек.

 

 

                                                      

                                           Көбелек – қанатын  еркін  жайып, көсіле  ұшқан    

                                              гүлді   көбелектің  үлгісіндегі  өрнек.  Шай 

                                              дорбаға, аяққаптарға  істетіледі.

 

         

 

 

 

3. Космогониялық  ою - өрнектер.

 

 

 

  Жұлдыз – аспандағы  жыпырлаған  жұлдыздардың  натуралы  қалпын  бейнелейтін  және  бес  жұлдыздың  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

 

              

 

 

 

4. Геометриялық  ою - өрнектер.

 

 

 

Ботакөз – сыртқы  пішіні  ботаның  көзіне  ұқсап  келетін  ромбы  тәріздес  өрнек.

 


   

 

Қарға  тұяқ – қарғаның  басқан  ізінің  үлгісіне  ұқсатылып  жасалған  өрнек.  Алаша, кілем  тоқуда пайдаланылады.

 

 

 

 

Тұмарша – үшбұрыш  үлгілес  болып  келетін  өрнек.  Бұйымдардың  жиектерін, ортасын  көмкеруде  кездеседі.

 

 

Әр ою - өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

 

IV Сергіту  сәті.   Бүгінгі  сайсымызға  екі  топ  қатысып  отыр:

1.     «Нөсер»  тобы.

2.     «Темір»  тобы.

 

Мақал – мәтелдер жарысы.

 

Мысалы: 

Еңбек  түбі – береке,

Көптің   ісі  мереке.

 

Еңбек  етсең  ерінбей,

Тояды  қарның   тіленбей.

 

V   Сарамандық  жұмыс.

Өткенді  еске  алып, ойға  толам,

Сұрыптап  тезге  салып, көп  ойланам,

Ой түбіне  жете  алмай  титықтасам,

Қолыма  қайшы  алып, ою оям – деп  Б. Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төртқұлақ - өрнектің  ортасы  жіліншік  өрнегі  тектес  болып  келетін, төрт  тармағына  мүйіз  өрнегі  қондырылған  ең   көне  ою - өрнек  түріне  жатады.

 

  Ақ  қағаздан  қайшымен  қиып алған  ою - өрнектің  шаблонын  жапсырма  қағаз  бетіне   қойып, қарындаш  арқылы  сызып  түсіреміз. Оқушылардың  жапсырма қағаз  бетіне түсірген  ою - өрнектерін  қайшымен  қиып  аламыз.

Дайндаманың бетіне  диоганаль сызықтарын  жүргізу арқылы  центрлік  нүктесін  табамыз.  Алынған  оюды  дайындаманың бұрыштарына  келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз. Дайын сызбамызды қылараның көмегімен арнайы орында кесіп аламыз, кесілген ою үлгісін желім көмегімен тақтайшаның бетіне жапсырылады. Дайын болған үлгіні құмқағаздың көмегімен өңдеп, нитролакпен боялып жұмыс аяқталады.

 

 

 

 


 

 

VI   Қорытынды.

 

1.     Оқушылардың  жұмыстарын  тексеріп,  жіберілген  қателерін  көрсету.

2.     Жасалған  бұйымның  нәтижесіне  қарай  бағалау.

 

VII   Үйге  тапсырма. 

Қазақ  халқының  ою - өрнектерін  басқа  халықтардың  ою - өрнектерімен  салыстыру.

 

 

Автор Бектасова Нургуль Тынымовна
Дата добавления 14.12.2014
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров 3488
Номер материала 7137
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы