Главная / Другое / Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқу құралдары туралы түсінік алу, олардың қызметімен танысу; антоним, синоним, омонимді қайталау; әр түрлі тапсырмаларды орындау 
2.Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту; 
3.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу; 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, қорытындылау. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
2. оқушылармен амандасу, Гимн орындау, кезекшімен сұхбат 
3. Үй тапсырмасын тексеру: 
25-бет, 1-тапсырма 
"Мектеп" мәтіні 
4. Білімді жан-жақты тексеру: 
1. "Мектеп" деген сөз қандай тілден шыққан? 
2. "Мектеп" деген сөз қандай мағынаны білдіреді? 
3. Мектептек қандай ереже бар? 
4. Барлық ережені орындаған оқушы қандай болады? 
5. Сен нешінші мектепте оқисың? 
6. Мектеп қай көшеде орналасқан? 
7. Мектеп қандай? 
8. Мектепте қандай кабинеттер бар? 
9. Сендерге қандай мұғалімдер сабақ береді? 
10. Сендердің сынып жетекшілерің кім? 
11. Антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. 
12. Синоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. 
13.Омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. 
5.Жаңа сабақ 
-Жаңа сабақты сөзжұмбақтарды шешу арқылы, сабақтың тақырыбын ашамыз. 
Бірге мектепке барасың, 
мектептен келесің 
Бар заттар, ішінде. Ол не? 

Ақ қағазға жазып, 
Қалдырасын жазып. 
Ол не? 

Жыртылған қағазды, 
Жабыстырар, ол не? 

Саласын суретті, 
Бояйсын суретті. 
Ол не? 

Сызасын түзу, 
Керек құрал, ол түзу. 
Ол не? 

Жазбай қалса сен оны, 
Жаздырасың онымен. 
Ол не? 

Қате жазсаң кешіреді, 
Сүртіп-сүртіп өшіреді. 
Ол не? 
Портфель Қалам 

Қарындаш 
Өшіргіш 

Желім Ұштағыш 
5.Оқулықпен жұмыс 
1-тапсырма. Сөздермен сөйлем құраңдар. 

Қалам, сызғыш, ұштағыш, желім, өшіргіш, күнделік. 

2-тапсырма. Өлеңді Мәнерлеп оқып, аударыңдар 
6.5 Жол Өлең стратегиясы 
1. 
2. 
3. 
4. 
5. 
7.Бекіту: тест 
1. Мағыналары қарама-қарсы сөздер - ... 
а) антоним ә) синоним б) омоним 
2. Айтылуы бір, мағыналары бөлек сөздер - ... 
а) антоним ә) синоним б) омоним 
3. Синонимді тап 
а) жақсы, жаман ә) мұғалім, ұстаз б) жаз, қыс 
4. оқу құралын тап 
а) дәптер ә) адам б) оқушы 
5. "Мой дневник" аудармасын тап 
а) менің дәптерім ә) менің қаламым б) менің күнделігім 

Тест жауаптары 
1.а 
2.б 
3.ә 
4.а 
5.б 

8.Үйге тапсырма 
- 33-бет, 2-тапсырма. Өздеріңе 
ұнаған 3 шумақты жаттау (ауызша); 
- 34-бет, 3-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беру (жазбаша) 

9.Бағалау. 
Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары
  • Другое
Описание:

Сабақтың мақсаты: 
1. Оқу құралдары туралы түсінік алу, олардың қызметімен танысу; антоним, синоним, омонимді қайталау; әр түрлі тапсырмаларды орындау 
2.Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту; 
3.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу; 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, қорытындылау. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер 

Автор Баймаканова Зибагуль Карбаевна
Дата добавления 27.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 625
Номер материала 12889
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓