Инфоурок Иностранные языки КонспектыСабақтың тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы»

Сабақтың тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы»

Скачать материал

Күні: 28.11.2014ж

Сынып: 10 «А»

Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы»

Жалпы мақсат: Балаларға Абайдың ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасын, сөз өнерін  үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы ретінде тануын терең игерту

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  Абайдың ақын мен ақындықтың мұрат-мақсатын,көзқарасын, сөз өнерін  үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы ретінде тануын талдап игереді

Түйінді идея: Белинский мен Чернышевскийдің әдебиетті өмірге жақындату, сол арқылы қоғамдық дамудың  өзекті мәселелерін  батыл көтеру жайлы ойлары Абайға күшті әсер еткен.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Түртіп алу», «Ассоциация» әдісі.

Дереккөздер, ресурстар: «Абай» деректі фильмі, слайдтар,

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу

Сәлемдеседі. Сабаққа қажет оқу құралдарын даярдайды.

2минут

Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру

Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен бастайды.
Өлең жолдарының әр тармағын бірінен соң бірі іліп алып айтады

 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам.

Тұсау-кесер

12 минут

Үй тапсырмасы:

Абай Құнанбаев жайлы көрсетілім дайындап келу

 

Әр топ жасап келген көрсетілімдерін (слайдтарын) интерактивті тақтада қорғайды.

 

1-топ: Абайдың  шыққан тегі, отбасы, өмірі.

«Қалың елім, қазағым»

 

2-топ: Ақынның өнер-білім жолындағы ізденісі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

 

3-топ: Әлем таныған Абайға арналған мұражайлар мен ескерткіштер. «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»

       

 

Тұсау-кесер

3 минут

«Ой қозғау» әдісі

«Абай» деректі фильмінен үзінді көрсетемін

Оқушылар Абайдың ақындыққа 40 жасында бет бұрғанына байланысты  оптимистік, реалистік, сыншылдық ой қозғайды.

 

Негізгі бөлім

3 минут

«Түртіп алу» әдісі арқылы мәтінді мегерту

1-қадам:Мәтінді оқу

«V» - маған таныс

«+» - мен үшін жаңа

«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді

«?» - Бұл туралы тереңірек білгім келеді

2-қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.

15 минут

Мұғалімнің түсіндірмесі.

«Өлең – сөздің патшасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» .

Үш жылдың 1887,1888, 1889 жылдар ішінде біріне-бірі жалғас жазылған бұл үш өлеңде Абай ақынның қоғам алдындағы қызметі мен сөз өнерінің күші жайындағы ойын тереңдетіп толықтыра түсті. Бұл түптеп келгенде, әдебиеттің халықтығы туралы орыстың революцияшыл-демократтарының эстетикалық көзқарасымен  үндеседі. Белинский мен Чернышевскийдің әдебиетті өмірге жақындату, сол арқылы қоғамдық дамудың  өзекті мәселелерін  батыл көтеру жайлы ойлары Абайға күшті әсер еткен. Осы идеяға сүйене отырып, ақын қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруге  күш салады.  Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы, тыңдаушы тәрбиелемек болады. Бұл – Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген үлкен жаңалығы.

«Ассоциация» әдісі.

1-қадам: шеңбер сызып тақырыпты жазады.

2-қадам: тақырып туралы білетін ақпараттарын жазады

3-қадам: барлық топтар тақырыптарын  сыныпта презентация жасайды

 

Әр топ өздеріне берілген өлеңді мәнерлеп оқып, плакатқа талдау  жасап қорғайды

1-топ: «Өлең – сөздің патшасы»,

2-топ: «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»

3-топ: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

 

Қорытынды

8 минут

- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап, өлеңдердң талдап  болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасау үшін шағын пікірталас жасап көрейік:
Пікірталас сұрақтары:
- Абайдың қазақ өлеңдерінің құрылысына енгізген жаңалықтары неде? Абайдың «Қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушы» екенін дәлелдеп айтыңдар.
-«Сөз тазалығына» деген Абайдың көзқарасы. Сендер қазіргі қазақ тілінің тазалығына қалай мән бересіңдер?
-Абай реализмі дегенді қалай түсінесіңдер? Оның сипаттамасы қандай?
- Абайдың ақындық өнегісінің  кейінгі қазақ  әдебиеті өкілдеріне қандай әсер-ықпалы болды?

Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу. Қанша адам қатысса, сонша пікір болуы мүмкін.
Пікірталастың тәртібі:
Кезектесіп сөйлеу.
Бірін - бірі тыңдай білу.
Сөйлеушінің сөзін бөлмеу.
Бірін - бірі сыйлау.(арына, намысына тиетін артық сөз қолданбау).

1-минут

Үй тапсырмасы:  эссе жазу

Ұлы Абай- қазағымның беделі,

Ұлы Абай -кең дүниенің есігі,

Өлең-жырдың, қарасөздің бесігі,

Заманының дарасы ол данасы,

Абайды білсін қазақтың байтақ даласы,

Абайды оқы, қазақтың барлық баласы! –деп сабағымызды аяқтаймыз

 

«..... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Эссе жазу

 

Бағалау парақшасын талқылау

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісі

 

Кері байланыс

Ойларын жазады.

Не білдім?

Не қиын болды?

Не білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі: Сатылай кешенді талдау

1. Авторы. Абай Құнанбайүлы

2. Тақырып. Бұл өнер туындысы,әдеби шығарма-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындық.

3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі өлшеммен

4. Идеясы. Өлеңді түсіне білуге бағалауға шақырады. Сөздің асылы — поэзия екенін, жақсы сөз даналықтың айғағы екенін айтады.

5. Шумақ. Өлең 15 шумақтан тұрады. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ. Өлең 60 тармақтан тұрады. Тармақ-өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ. Тармақ 3  бунақтан тұрады. Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын. Өлең 11 буыннан түрады. Буын сөздің қурамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.

9.Ұйқас а,а,б,а қара өлең ұйқасы

 Оқушыға өлең шумағын талдату

Ө-/лең-//сөз-дің пат/ша/сы//,сөз са/ра/сы,//а
Қи/ын/нан// қи/ыс/ты/рар//ер да/на/сы//а
Тіл/ге же/ңіл,//жү/рек/ке//жырлы ти/іп,//б
Теп-теріс//жұ/мыр кел/сін//ай/на/ла/сы а

 

10. Теңеу – Өтірік пен өсекті жүндей сабап

11.Эпиттет – Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын.

12. Метафора – Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.

13. Сөздік:

Аят (арабша) — құран сөзі
Хадис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі
Бәйіт (арабша) — өлең сымал — өлең секілді
Құтпа (арабша) — уағыз оқу, сөйлеу мағынасында
Мүнәжәт (арабша) — Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту

14. Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады

 

 

Өлеңге кешенді талдау:

    1.Өлеңнің авторы-

    2.Тақырыбы-

    3.Жанр түрі-

    4.Идеясы-

    5.Шумақ саны-

    6.Бунақ саны-

    7.Буын-

    8.Ұйқас түрі-

    9.Әдеби теориялық ұғымдар-

    10.Тәрбиелік мәні-

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың тұқым-тұяғы: Кішіктің тоқалынан екі бала туған. Бірі – Әнет, екіншісі – Әйтек.  Әнет жеті жарғыны жасасқан бидің бірі болған.  Әйтектің бәйбішесінен – Олжай,  тоқалынан Байбөрі, Қалқаман. Олжайдың үш баласы  - Айдос, Қайдос,  Жігітек.  Қайдостың баласы Бөкенші, Борсақ. Жігітектің бәйбішесінен  Кеңгірбай би.  Айдостың  төрт баласы – Ырғызбай, Торғай, Топай, Көтібақ.  Ырғызбайдың төрт баласы болған,  олар – Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар.  Кеңгірбай бидің орнына  Өскенбай би болған. Өскенбайдың бәйбішесінен  Құнанбай жалғыз. Құнанбай  өзінің мағыналы  ұзақ өмірінде көп іс тындырған, соңына ізгілікті із қалдырған , әрі ақылды, өжет кісі болған. Құнанбайдан  - құдайберді, тәңірберді,  Абай, Ысқақ,  Оспан, Қалиоллла (жас кезінде қайтыс болған!  Ысмағұл деген жеті бала туған. Абайдан Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл есімді ұлдары, Гүлбадан есімді қызы болған. Әбдірахман мен Мағауия құрт аурудан ерте қайтыс болған.  Ақылбай  әкесінің қырқын өткізген түні  белгісіз аурудан қайтыс болған. Тұрағұл Кеңес үкіметі тұсында қуғынға түсіп, жер аударылған, аурудан азап  шеккен.  Тұрағұлдың қызы Мәкен  қазір алматыда тұрады. Мағауияның ұлы Жағыпардан қалған Ғазел есімді қыз бар, Ол білікті маман дәрігер. Абай тұқымдарының біразы Ұлы Отан соғысы құрбандары болған.  Санамалап келсек: Әубәкірден екі бала, Мағауиядан екі бала, Мекәйілден екі бала, Ізкәйілден бір бала, барлығы тоғыз азамат соғыста із-түзсіз кетіпті.

 

 

Кішірек кезінде ауыл молдасынан  аздап сауат ашқан абайды әкесі он жасында  Семейге оқуға жібереді.  Әуелі  ол Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде  оқиды. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб,парсы тілдерін үйренеді.  Шығыстың классик ақындары Низами, Сағди, Хафиз, Физули шығармаларымен , ертегі, дастан, қиссалармен Абай осы кезде танысқан. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша  оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Он үш жасында Абайды әкесі  Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Өнер-білім жолындағы ізденісін  Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды.  1870 жылы  Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен танысады.  Соның көмегімен  Абай кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен  оқитын болады.  1880 жылдарда Михаэлис арқылы  ол Долгополов, Леонтьев сияқты айдауда жүрген демократтармен танысады.  Бұл жылдары  абай орыс әдебиетінің  класиктері  Пушкин, Лермонтов, Салтыков-щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын және Белинский,  Герцен, Чернышевкий, Добролюбов сияқты  революцияшыл-демократтардың еңбектерін оқиды. Еуропаның  бірталай ақындары, ғалымлары, даналарының туындыларымен  танысады.  Солардың ішінде Сократ, Платон, Аристотель, Байрон,  Гете, А.Дюма, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер т.б. шығармалары кездеседі.

 

 

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы М.Әуезовтің ұсынысы бойынша ақынның туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ ССР-нiң Халық Комиссарлар кеңесiнiң 1940 жылдың 1 сәуiрiндегi №347 қаулысы негiзiнде құрылды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Қаз.ССР Министрлер кеңесінің 05.04.1990ж. №141 қаулысы бойынша ақын мұражайы Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы болып құрылды. Қорық-мұражайдың негiзгi қорын 1885 жылы Абайдың өлкетану мұражайына тапсырған заттары құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. Алғашқы жылдар мұражай, ақын Семейге келгенде түсiп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлерiнде орналасты. 1967 жылдан бастап мұражай көпес Р.Ершовтың үйiне орын тептi. Қорық-мұражай құрамына Семейде: бас мұражай, «Алаш арыстары - М.Әуезов» мұражайы; Абай ауданында: М.Әуезовтің мұражай-үйі (Бөрілі), Абайдың мұражай-үйі, "Шәкәрімнің Саят қорасы" экспозициясы (Жидебай), Шәкір Әбенұлының мұражай-үйі (Құндызды); Үржар ауданында: Әсет Найманбайұлының әдеби-мемориалдық мұражайы (Мақаншы); «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешені және 6400 гектар қорық алқабы (Жидебай) кіреді. Қорық алқабына кіретін тарихи орындар: Абайдың мұражай-үйі, «Абай – Шәкәрім» мавзолей кешені, Еркежан зираты, Құдайберді - Зере - Ұлжан зират қорғаны, Зұлғарыш қыстауы – Ақ баз, Кенгірбай (Би ата) мазары, Құнанбай құдығы, Махмұт қорасы, Мұсақұл төбесі, "Орыс қорасы", Оспан көлі, Оспан құдығы, Ырыздықбай қорасы, "Шәкәрімнің саят қорасы" экспозициясы, Шәукенбай - Ғабитқан зират қорғаны.Семейдегі бас мұражай құрамына: көпес Р.Ершовтың үйi, жаңа ғимарат, Ахмет-Риза мешіт-медресесі, “Алаш арыстары - М.Әуезов” мұражайы, әкiмшiлiк ғимараты кiредi. Бас мұражай экспозициясында “Абай дәуiрi”, “Абай бейнелеу өнерiнде”, «Абай және Семей шаһары» атты тақырыптық көрме залы, «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», ақын дастандарына арналған “Шығыс залы”, “Грек залы”, «Жаз» өлеңіне арналған зал, “Абайдың ақындық мектебi”, “Абайтану”, “Абай халық жүрегiнде”, "Сыйлықтар" залдары орналасқан. Онда Абай өмірі мен шығармашылығы, оның ақындық және туыстық айналасы, замандастары мен дәстүрін жалғастырушылар жайлы мол мағлұматтар жинақталған. Мұражай экспозициясына ақын отбасынан қалған көне мүліктер, түпнұсқа құжаттар, Абай дәурінін, оның қоғамдық қызметін бейнелейтін этнографиялық және архивтік деректер, шығыс ғұламаларының сирек кездесетін шығармалары, батыс философтарының туындылары, замандас ақындар жазбалары жинақталған. Сонымен бірге, экспозицияда қазақтың ұлттық салт-дәстүрін айшықтайтын, аса бір шеберлікпен жасалған жиһаздармен жабдықталған 6 қанатты киіз үй мен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қала тұрмысын танытатын құнды үй-іші мүліктері орын алған.

       Жидебай қорық алқабы Семейден 178 шақырым жерде Абай ауданы жерінде орналасқан. Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы 1840 жылы Жидебайға қоныс тепті. Кейін Абайдың інісі – Оспанның еншісіне қалдырып, Құнанбай өзі Ақшоқыға көшеді. 1894 жылы, Оспан қайтыс болғаннан екі жылдан кейін, бұл қыстау Абай жайына айналды. Ақын өз жобасы бойынша қыстауды қайта салдырды. Абаймен бірге бұл қыстауда кезінде Оспан мен Еркежан бауырына салып алған Ақылбай балалары: Әубәкір мен Пәкизат тұрды. Абай дүниеден өткен соң қыстауға Әубәкір ие болып қалды

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күні: 28.11.2014ж Сынып: 10 «А» Пән: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы» Жалпы мақсат: Балаларға Абайдың ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасын, сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы ретінде тануын терең игерту Күтілетін нәтиже: Оқушылар Абайдың ақын мен ақындықтың мұрат-мақсатын,көзқарасын, сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, әлеуметтік тартыстың құралы ретінде тануын талдап игереді Түйінді идея: Белинский мен Чернышевскийдің әдебиетті өмірге жақындату, сол арқылы қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін батыл көтеру жайлы ойлары Абайға күшті әсер еткен. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Түртіп алу», «Ассоциация» әдісі. Дереккөздер, ресурстар: «Абай» деректі фильмі, слайдтар, Сабақтың барысы: Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу Сәлемдеседі. Сабаққа қажет оқу құралдарын даярдайды. 2минут Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен бастайды.Өлең жолдарының әр тармағын бірінен соң бірі іліп алып айтады Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім? Ерте оянып , ойланып, ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын аттандырып келешекке , Біздермен осы күнгі тілдескен кім? Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? Көрікті көңілде жыр, қолда қалам Өмірдің өріне өрлей басқан қадам Қазақтың өлеңінің ұлы атасы, Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам. Тұсау-кесер 12 минут Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаев жайлы көрсетілім дайындап келу Әр топ жасап келген көрсетілімдерін (слайдтарын) интерактивті тақтада қорғайды. 1-топ: Абайдың шыққан тегі, отбасы, өмірі. «Қалың елім, қазағым» 2-топ: Ақынның өнер-білім жолындағы ізденісі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» 3-топ: Әлем таныған Абайға арналған мұражайлар мен ескерткіштер. «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 847 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.07.2020 444
    • DOCX 79.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пицель Татьяна Федоровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пицель Татьяна Федоровна
    Пицель Татьяна Федоровна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75749
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов