Главная / Другое / Сабақтың тақырыбы: «Көңілді старт»

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді старт»

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасы МКҚК

Тәрбиеші: Ыбыраева Ж.К.

Тақырыбы: «Көңілді старт»
Мақсаты: Балаларға дене шынықтыру пайдасың, адамның дені сау, сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Сәбилерге көтеріңкі көңіл күй қалыптыстыру. Түрлі спорттық құралдарды қолданудағы тепе-тендікті сақтау, икемділік, кеңістікті бағдарлау дағдыларын жетілдіру. Шынықтыру жаттығуларына, қимылды ойындарға сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Шаттық шеңбері: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Сәулетті елдің көгінде,
Шамшырақ болып жанамыз.
Тәрбиеші: Балалар, бізідің бүгінгі сайыстың ерекшелігі тақырыбымызға байланысты көңілді старт ғана байланысты болмақ.
-Сайысқа дайынбыз ба?
Балалар: Дайынбыз.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, сайысымызды бастамас бұрын топтардың атымен ұранымен таныс болайық.
Таныстыр
1. Топтың аты : «Күншуақ»
Топтың ұран:
«Күндей болып, күлеміз
Шуақ шашып жүреміз»
2Топтың аты: «Сұнқар»
Топтың ұран:
«Сұңқардай самғаймыз,
Жарыстан қалмаймыз»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар батырлар, ендігі кезекте біздің бүгінгі ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
Эстафеталық жарыстың шарттары:
1. «Кеглилер арасымен жүгіру»
2. «Доппен секіру»
3. «Жалауды апару» 
4. «Кеглилерді құлату»
“Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі”Т.Карлейль
1.«Кеглилер арасымен жүгіру»
Шарты: «Күншуақ» және «Сұңқар» тобының балалары кезекпен кеглилер арасымен құлатпай жүгіреді.
Тәрбиеші:Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы. Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.Шынықсаң шымыр боларсың демекші келесі кезек
2.«Доппен секіру»
Шарты: Үлкен допты астыларына қойып, кедергілер арасынан межеге жетіп, кері қайту.
3. «Жалауды апару» Шарты: «Күншуақ» және «Сұңқар» тобының балалары жалауды апарады, екіншісі алып келеді.
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысымызды әрі қарай жалғайық.
4. «Кеглилерді құлату»
Шарты: «Күншуақ» және «Сұңқар» тобының балалары кезекпен кеглилерді доппен атып құлатады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер барлық ойындарда жақсы нәтиже көрсете білдіңіздер. Енді сәл демалып алайық, «Көңілді күн» музыка ырғағында жәй қимылмен жаттығулар жасайды.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі эстафета ойындарымыз сіздерге ұнады ма?
Балалар: -Иә, ұнады.
«Сұнқар» және «Күншуақ» тобы эстафеталық жарысқа өте жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау, және оларды медальдармен марапатау.




Сабақтың тақырыбы: «Көңілді старт»
  • Другое
Описание:

Балаларға дене шынықтыру пайдасың, адамның дені сау, сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Сәбилерге көтеріңкі көңіл күй қалыптыстыру. Түрлі спорттық құралдарды қолданудағы тепе-тендікті сақтау, икемділік, кеңістікті бағдарлау дағдыларын жетілдіру. Шынықтыру жаттығуларына, қимылды ойындарға сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы. Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.Шынықсаң шымыр боларсың демекші келесі кезек


Автор Жумабекова Куаныш Багитжановна
Дата добавления 15.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 3639
Номер материала 58106
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы