Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары және атаулары. Металдар және бейметалдар туралы түсінік
№1 зертханалық тәжірибе /1.1/.
Заттардың физикалық қасиеттерін танып білу.
Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсінеді, химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйренеді,Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге дағдыланады.
Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт, ) және күрделі заттар (су, мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері, металдар жинақтамасы, химиялық элементтердің таралу диаграммасы қойылады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: физика, биология
Тірек білім мен біліктер:: атом және атомдық масса.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тірек білім мен біліктерді тексеру: Оқушыға жай және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін төмендегі тапсырманы беремін
1. Оқулықтан жай және күрделі заттқа берілген анықтаманы тауып, өз бетіңше қайталап айт.
2. Тақтада берілген төмендегі заттардың ішінен жай, және күрделі заттардың аттарын көшіріп жаз: алюминий, мыс оксиді, су, көмір қышқыл газы, оттегі, темір, темір сульфиді,сынап оксиді, азот.
Жаңа материалды оқыту: «Жиксо» әдісі арқылы мәтін мен танысуды тапсырамын.Оқушылардың судың және көмір қышқыл газының модельдері арқылы олардың құрамын қайталап талдап, бүкіл заттардың құрамын модел арқылы көрсету қолайсыз екенін біледі. Одан кейін химиялық символиканың шығуының қысқаша тарихымен таныстырып, 3-4 элементтің таңбасын жазамын. Оқушыларға мынадай тапсырма беремін: оқулықта берілген 2- кестемен зейін қойып таныс.
Дәптрге а) металдың ә) бейметалдың таңбасын жаз және атауға жаттық. Оқушыларға химиялық элемент атомдардың белгілі бір түрі екендігін атап өтіп, қазіргі кезде109 атомның түрі немесе элементтің түрі бар дейміз.
Оқушылар назарын химиялық элементтің атом түрі ретінде жай заттарды құрайтынын, сонымен бірге күрделі босқа элементтермен бірге күрделі заттың құрамына ене алатындығын көрсетемін .
Химиялық элемент, жай зат және күрделі затұғымдарын ажырата білуі үшін оқушыларға мынадай жаттығу орындатамын.
Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде күрделі зат құрамында айтылады: а) темір сульфиді - бұл темір мен күкірттен құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:
зертханалық тәжірибе
1.Металдар мен бейметалдар үлгілерімен танысып ,олардың сыртқы түрін сипаттандар.
2.Берілген күрделі заттарды қарап,олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріндер.
Жаңа материалды бекіту:
1.Тапсырманы орында: Оқулықтан 12-жаттығуды орындау.
2.Химиялық элементжәне жай зат деген ұғымдарды ажырата білу үшін төмендегі тапсырманы орындайды.
Мына сөйлемдердің қайсысында мыс жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде айтылады:а) мыс купорасының құрамында мыс болады:
ә)сым мыс тан жасалған:
б) мыс оксидінің құрамында мыс болады:
в) мыс электр тогын жақсы өткізеді.
3. Мына элементтерді ата:
1 нұсқа: H, ........... AІ................ Na, .................. N
2 нұсқа: S, ........... Zn,.............. O, .................. Mg
3 нұсқа: Ca, CІ, Fe, P
1.Магнийдің үш атомынан және азоттың екі атомынан тұратын қосылыстың формуласын жазыңыз. Осы қосылыстың салыстырмалық молекулалық массасын есептеп шығарту.
2.Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?
3.Бинарлы қосылыстың формуласын құрыңыз: темірдің екі атомына, оттегінің үш атомы сәйкес келеді.
4.Химиялық таңбаларды пайдаланып формулаларды жазыңыз: мыстың екі атомы; хлорсутектің үш молекуласы; судың бес молекуласы; азоттың екі атомынан тұратын бір молекуласы.
Үйге тапсырма беру.§1 1-10 жаттығу. .
6 665 159 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Шокатова Сагдат Кажымукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
10 ч.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
8 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.