Главная / Начальные классы / Сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы Рақымжан.

Сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы Рақымжан.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі нің

бастауыш сынып мұғалімі Кукенова Нуржамал

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

1.Ұйымдастыру.

Балалар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс деген сөздер естіп жүреміз. Бүгін осы сөздердің мағыналарына тереңірек үңілеміз.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде, елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

1 - оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.

2 - оқушы: Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса, көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер күні төнген күнде.
Соғыс басталысымен барлық ер - азаматтар Отанын қорғауға аттанып кетіп жатты. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата - аналары қалып жатты.
(Слайд көрсетіліп тұрады.)

5 - оқушы. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5 миллион адамға жетті.

6 - оқушы. Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.

7 - оқушы. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

8 - оқушы: Тарихи деректерге қарағанда 1942 - 1945ж 1млн. 196мың. 164 қазақ - стандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры - атағын алды.

9 - оқушы: Атап айтсақ Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған батыр аталарымыз.

10 –оқушы: Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші. Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі- Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев. Батыр атамыздың батырлық, ерлік істері ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа үлгі.

Хронологиялық таблица( слайдтан көрсетіледі)

Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы(1999).

  • 1942 ж. әскергеалынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяуәскеручилищесінбітірген.

  • 1944 ж. қазанайынанбастап I Белорусьмайданындағы 150-Идрицк атқыштардивизиясықұрамында взвод басқарып,Польша және Германия жерлеріндегіұрыстарғақатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезіндеасқанерліккөрсетті. 30-сәуірде олжауынгер Григорий Булатов екеуіКеңесәскерлеріарасынанРейхстагқаалдыменжетіп, жеңістуынтікті. Соғыстанкейінгіжылдары Эльба бойындағыкеңестікоккупациялықәскербөліміндеқызметатқарды.

ХалыққаһарманыатағыР.Қошқарбаевқа 2001 жылыберілді. Ал Рақымжан 1988 жылыдүниеденөткенеді. БатырдыңжұлдызынтапсырусәтінеҚошқарбаевтың жары Рахила, қызыӘлияжөнемайдандасдосыЖ.Жанасовшақырылды. НаграданытапсырукезіндееліміздіңПрезидентіНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтыңбатырлықерлігінебарыншажоғарыбағаберді, оныңтәрбиелікжәнепатриоттықмәнінатапайтты.

Батырдың балалық шағы ( слайдта суреттері көрсетіледі)Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған "Штурм" деген кітабында жан-жақты баяндады. Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.

Ән: Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі»

Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Қортынды

Бүгінгі тәрбие сағатымызда батыр атамыз туралы көп нәрсеге қанық болдық деп ойлаймын.

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы.Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары сөзсіз. Қазақтың Рақымжандай дара да дана батыры ешқашанда ұмытылмақ емес. Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымзды аяқтаймыз.

Сау болыңдар.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.

Сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы Рақымжан.
  • Начальные классы
Описание:

·         1924 ж. 19 қазанда Ақмолаоблысы Ақмолаауданындадүниегекелген.

·         1942 ж. әскергеалынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяуәскеручилищесінбітірген.

·         1944 ж. қазанайынанбастап I Белорусьмайданындағы 150-Идрицк атқыштардивизиясықұрамында взвод басқарып,Польша және Германия жерлеріндегіұрыстарғақатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезіндеасқанерліккөрсетті. 30-сәуірде олжауынгер Григорий Булатов екеуіКеңесәскерлеріарасынанРейхстагқаалдыменжетіп, жеңістуынтікті. Соғыстанкейінгіжылдары Эльба бойындағыкеңестікоккупациялықәскербөліміндеқызметатқарды.

ХалыққаһарманыатағыР.Қошқарбаевқа 2001 жылыберілді. Ал Рақымжан 1988 жылыдүниеденөткенеді. БатырдыңжұлдызынтапсырусәтінеҚошқарбаевтың жары Рахила, қызыӘлияжөнемайдандасдосыЖ.Жанасовшақырылды. НаграданытапсырукезіндееліміздіңПрезидентіНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтыңбатырлықерлігінебарыншажоғарыбағаберді, оныңтәрбиелікжәнепатриоттықмәнінатапайтты.

Батырдың  балалық шағы ( слайдта  суреттері  көрсетіледі)Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған "Штурм" деген кітабында жан-жақты баяндады. Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.

Ән: Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі»

Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Қортынды

Бүгінгі  тәрбие  сағатымызда  батыр  атамыз  туралы  көп  нәрсеге  қанық  болдық  деп  ойлаймын.

Батыр  ұл  есімдері  сақталады,

Жыр  болып  жүректерде  жатталады.

Ғасырдан  ғасырларға  аңыз  етіп

Ұрпағы  мәңгі  бақи  мақтанады.

Осындай  ерліктің  ерен  үлгісін  көрсетіп, артына  өшпес  із  қалдырған  ердің  ісін  ұмытпай  тарихымызды  жаңғыртып  отыру – бүгінгі  ұрпақтың  парызы.Елім  деп  туған  ерлердің  есімі  бір  ғасыр  өтсе  де,  ел  есінде  сақталары  сөзсіз. Қазақтың  Рақымжандай   дара  да  дана   батыры  ешқашанда  ұмытылмақ  емес. Осымен  бүгінгі   ашық  тәрбие  сағатымзды  аяқтаймыз.

Сау  болыңдар.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні  орындалады.

Автор Кукенова Нуржамал
Дата добавления 10.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 450
Номер материала 57738
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓