Инфоурок Другое Рабочие программыСабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.5-сыныптарға арналған ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.5-сыныптарға арналған ашық сабақ

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың

түрлері

 

Сабақтың мақсаты:

1). Білімдік жағы: оқушылардың дауысты дыбыстар жөніндегі білімін қорытындылап, дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері жөнінде біледі, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйренеді;

2). Дамытушылық жағы: іскерлік белсенділіктерін, ойлау, жаттау қабілеттерін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамытады, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастырады, тірек схемасын пайдалана білуге дағдыланады;

3). Тәрбиелік жағы: сабаққа ынталары артады, өз-өзіне сенімділіктері күшейеді, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиеленеді.

 

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта слайдтары, фонетикадан блоктық тірек сызбалар.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, анализ, синтез, «Сатылай кешенді талдау» элементтері, Венн диаграммалары.

 

Сабақтың түрі:   Блок-сабақ элементтері бар дәстүрлі сабақ.

 

Пәнаралық байланыс: анатомиямен, әдебиетпен.

 

Сабақтың бөлімдері:

І. Ой қозғау

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Талдау – табыс кілті

ІV. Кім жылдам?

V. Ой толғау...

VІ. Бекіту

 

Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқу құралдарын тексеру.

         2. Интерактивті тақта арқылы

 

І. Ой қозғау:      1. Фонетика деген не? Нені зерттейді?

2. Тілімізде неше дыбыс, неше әріп бар?

3. Әріп деген не, дыбыс деген не?

                            4. Әліпби деген не?

5. Біз қандай әліпбимен жүрміз? Қашаннан?

6. Орыс әліпбиінде жоқ, қазақтың өзіне тән дыбыстарды ғана белгілейтін неше әріп бар еді? (9=ұ, ү, і, ғ, қ, ң, ө, ә, һ).

7. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады? (өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін, тіс, жақ).

8. Дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз).

9. Дауысты дыбыстар қалай аталады? Нешеу? (интерактивті тақта).

10. Дауысты дыбыстар біріншіден тілдің қатысына қарай қалай бөлінетін еді? (интерактивті тақта: жуан, жіңішке).

11. Дауысты дыбыстар екіншіден жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?

12. Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай нешеге бөлінетін еді? (еріндік, езулік).

13. У дыбысының асты неге сызылған, ерекшелігі неде?

 

Енді сабағымыздың

ІІ. Мағынаны тану бөліміне көшейік:

(интерактивті тақта арқылы күннің жады мен сабақ тақырыбын дәптерге жазу)

Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, тек үннен тұрса, дауыссыз дыбыстарды айтқанда керісінше өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарды айтқанда салдыр басым болып, үн болмайды немесе өте аз болады. Мысалы: м, к, қ.

         Ал енді осындай 25 дауыссыз дыбысты айтқанда салдыр мен үн әрбіреуінде әртүрлі дәрежеде болады. Сондықтан дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай үнді, ұяң, қатаң болып үшке бөлінеді (интерактивті тақта арқылы көрсетіледі).

         Үн мен салдырдан құралып, бірақ үннен басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз. Олар 7 – р, й, у, л, м, н, ң (интерактивті тақта).

         Салдыр мен үннің қатысынан жасалған, бірақ үннен салдыр басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз. Олар 7 – б-в, г, ғ, д, ж, з (интерактивті тақта).

         Тек қана салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз. Олар 12 – к, қ, х, с, ц, т, ш, щ, ч, п, ф, һ (интерактивті тақта).

         (Дауыстылардың асты 1, дауыссыздардың асты 2 сызықпен белгіленген).

         Түсіндік пе?

         Енді осы түсінгендерімізді «Венн диаграммасы» арқылы жинақтап, қорытып жіберейік: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай екен?

 

Дауыстылар                                                               Дауыссыздар

1. Ауа өкпеден еш кедергісіз шығуынан болады;

2. Тек қана үннен тұрады;

3. Бір өзі буын құрай береді;

4. Дауыстылар 12-ақ.

Екеуі де тіл дыбысына жатады;

Екеуі де сөйлеу мүшелері арқылы айтылады;

Екеуі де сөз құрамында кездеседі.

1. Ауа өкпеден шыққанда сөйлеу мүшелерінің кедергісіне ұшырап, салдыр пайда болады;

2. Салдырдан немесе үннің өте аз қоспасынан тұрады,

3. Бір өзі буын құрай алмайды;

4. Дауыссыздар 25.

 

ІІІ. Талдау – табыс кілті. Енді оқулықпен жұмыс жасап көрейік, оқулығымызды ашып (114-бет) 262-жаттығуға назар аударайық, әр жұптан 2 сөзден дәптерлерімізге жазып шыға қояйық (пайдасыз, баласыз; батпақ, қадақ; әке, егін; қағаз, қақты; азамат, басшы; шашпау, қажымас).

         263-жаттығу. Мына жұмбақтың шешуіндегі өзгешеліктерді түсіндіріңдер (кекілік, екілік).

 

         ІV. Кім жылдам? Интерактивті тақтадан слайд арқылы «Адасқан әріптерді тап та, мақал құра» деген тапсырма шығады. Адасқан әріптерді орнына қойса «Отан от басынан басталады» деген мақал шығады. Тауып қол көтерген оқушы тақтаға жазады. Сосын сол оқушыға «отан» сөзіне фонетикалық талдау жасатамын.

    ..      .

О Т А Н                                                     («Сатылай кешенді талдау

О – жуан, ашық, еріндік;                          элементтері» болады)

А – жуан, ашық, езулік.

 

         V. Ой толғау. Ал, балалар, енді мен сіздердің шығармашылық шеберліктеріңізді де байқағым келіп тұр. Қане, кімнің ойы жүйрік екен, соны білу үшін бірнеше ғана сөйлемнен тұратын шағын мәтін құрап, ат қойып бере аласыңдар ма? Жарайды, мен сіздерге бастап берейін (интерактивті тақтадан слайд бойынша)

         Қыс мезгілі. Дала аппақ қар. Ауланың бұрышынан аянышты қыңсылаған дауыс естілді... деп бастап беремін.

         Бірінші оқыған оқушы бағаланады.

 

         VІ. Бекіту бөлімі. Сонымен, бүгінгі өткен сабағымызды және бір бекітіп өтейік, дауыссыз дыбыстар дегеніміз қалай айтылатын дыбыстар екен? Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді екен? (интерактивті тақтадағы слайд) (үнділер, ұяңдар, қатаңдар, саны, астын 2 сызатынымыз, үстіндегі нүктелердің себебі).

 

         Үйге тапсырма беру: 1) Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері (жаттау);

         2) 265-жаттығу – төменде берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беру. *Өздерің де осындай жұмбақтар құрастырып көріңдер.

         Оқушыларды бағалау: Сабаққа жақсы қатысып көзге түскен балаларға тиісті бағалар қойылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.5-сыныптарға арналған ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Сабақтың мақсаты:

1). Білімдік жағы: оқушылардың дауысты дыбыстар жөніндегі білімін қорытындылап, дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері жөнінде біледі, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйренеді;

2). Дамытушылық жағы: іскерлік белсенділіктерін, ойлау, жаттау қабілеттерін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамытады, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастырады, тірек схемасын пайдалана білуге дағдыланады;

3). Тәрбиелік жағы: сабаққа ынталары артады, өз-өзіне сенімділіктері күшейеді, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта слайдтары, фонетикадан блоктық тірек сызбалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, анализ, синтез, «Сатылай кешенді талдау» элементтері, Венн диаграммалары. 

Сабақтың түрі:   Блок-сабақ элементтері бар дәстүрлі сабақ. 

Пәнаралық байланыс: анатомиямен, әдебиетпен.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 208 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2015 2234
    • DOCX 48 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азизова Айман Хожагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Азизова Айман Хожагалиевна
    Азизова Айман Хожагалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22863
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе