- 30.09.2020
- 792
- 6
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Күні : 19\20.11.2014
биология
Сынып: 7 «а,в»
Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Буынаяқтылардың көптүрлілігін, жәндіктердің негізгі ерешеліктерін ұғындыру, шаянтектестердің тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайдтар, суреттер, оқулықтар
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: әдебиет, биология
Сабақтың барысы:
р/c Сабақтың кезеңдері уақыты
I Ұйымдастыру 5
II Үй тапсырмасын сұрау 10
III Жаңа сабақты түсіндіру 15
IV Бекіту 10
V Қорытынды 5
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау
1) “Ой толғаныс”
Сұрақтар:
1. Былқылдақденелілер деп аталуы неге байланысты?
2. Былқылдақденелілер типі неше класқа бөлінеді?
3. Былқылдақденелілердің мүшелер жүйесі туралы не айтуға болады?
4. Буылтық құрттармен салыстырғандағы ерекшеліктері қандай?
5. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
2) Тест сұрақтары
III. Жаңа сабақты түсіндіру ( призентациямен сабақ түсіндіріледі )
БУЫНАЯҚТЫЛАР - омыртқасыз жануарлар типі.
Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Буынаяқтылар 4 тип тармағынабөлінеді: желбезектыныстылар (Branchіata),хелицералылар (Chelіcerata), трилобиттәрізділер (Trіlobіtomorрha), кеңірдектыныстылар (Tracheata). Бұлардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады.
Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі көп камералы. Буынаяқтылар денесіндегі целом қуысы, алғашқы қуыспен бірігіп кетіп, дененің тұрақты қуысын (миксоцель) құрайды, мұны аралас қуыс дейді. Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) ішектері болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілікететіндерінде көкірек аяқтарының түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы ішектің түтік тәрізді өсіндісі) орналасқан. Буынаяқтылар дара жынысты, кейбір түрлері жыныссыз (партеногенездік) жолмен көбейеді.
Кесте
Қантарату жүйесі
Зәр шығару жүйесі
Жүйке жүйесі
Көбеюі
Тыныс алу жүйесі
Шаянтәріздестер
Жүрегі және қантамырлары қанды дене қуысына айдайды. Қантарату жүйесі тұйықталмаған қантарату жүйесі
Бездер арқылы жүзеге асады. Дененің бас бөлігінде орналасады
Көру, иіс сезу, сипап сезу және тепе-теңдікті сақтау мүшелері едәуір дамыған
Басым бөлігі дара жынысты және олар жынысты жолмен көбейеді
Суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады
Өрмекшітәріздестер
Ашық жүйелі
Көпшілігі сатан без және мальпигий тамырлары арқылы қажетсіз заттар бөледі
Құрсақ жүйке тізбекшелер, жүйке түйіндерінің іріленуінен түйінде жүйкесі түзіледі сезім мүшелерінің құрылысы едәуір күрделі
Дара жынысты іштей ұрықтанады
Өкпе қапшығы және демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады
ІV. Бекіту
V. Қорыттынды
Ой қорыту
Балалар, бүгінгі сабақты меңгеруде қандай қиындықтар туындады?
Туындаған қиыншылықтарды жеңуде атқарған іс-әрекетіңіз?
Сабақ барысында нені меңгердіңіз?
Алдағы уақытта нені үйренгіңіз келеді?
Бағалау кезеңі (Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды)
Үй тапсырмасын беру кезеңі (оқу, түсінік, қосымша іздену)
6 656 307 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Тойманова Қаламқас Серікбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.