Инфоурок Биология Другие методич. материалыСабақтың тақырыбы: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік.

Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік.

Скачать материал

Күні : 17\18.11.2014

биология
Сынып:
8 «а,ә»

Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Әңгіме, практикалық.  

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.

2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ-ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу. Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.

3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.

Сабақтың басқа пәндермен байланысы: салауатты өмір салты, биология

Көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, қосымша әдебиеттер, оқулық, маркер, ақ қағаз.

Сабақ барысы

р/c

Сабақтың кезеңдері

уақыты

I

Ұйымдастыру

5

II

Үй тапсырмасын сұрау

10

III

Жаңа сабақты түсіндіру

15

IV

Бекіту

10

V

Қорытынды

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

·        Сәлемдесу

·        Оқушылардан жаңа тақырып бойынша жалпы бар білімін тексеру.

 

2. Үй тапсырмасын сұрау

1) Кестені толтыр

 

1. Дәрігерлік Косметология

 

 

 

2. Сәндік Косметология

 

 

 

2) Термин сөздерге  анықтама бер

 

ДЕРМАТОЛОГИЯХИРУРГИЯОНКОЛОГИЯЭНДОКРИНОЛОГИЯ, ИНФЕКЦИЯ

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Жаңа білім беру. (Призентация, видео)

 

Сауалнама

Сіз ЖҚТБ - ауруы туралы не білесіз ?

 

№ Сұрақтар

 Ия,

жоқ,

білмеймін.

1

ЖҚТБ ауруы туралы түсінігіңіз бар ма?

 

 

 

 

2

ЖҚТБ жұқпалы ауруға жата ма ?

 

 

 

 

3

Жынысына қарай үлкен - кіші демей ЖҚТБ жұқпалы ма ?

 

 

 

 

4

ЖҚТБ жұғатын кезеңдер:

 

 

 

 

а.

Жыныстық қатынаста.

 

 

 

 

б.

Медициналық инені пайдалануда.

 

 

 

 

в.

Қан ауыстырғанда.

 

 

 

 

г.

Қолмен сәлемдесу.

 

 

 

 

д.

Асхана ыдыстарын пайдаланғанда.

 

 

 

 

е.

Көпшілік әжетханаға барғанда.

 

 

 

 

ж.

Сілекей арқылы, түшкіргенде.

 

 

 

 

з.

Көздің жасы арқылы.

 

 

 

 

и.

Көпшілік орында шомылғанда.

 

 

 

 

й.

Анасынан жаңа туған балаға.

 

 

 

 

к.

Жезөкшемен кездестінбе.

 

 

 

 

5

ЖҚТБ –ға қарсы уколмен салатын дәрі бар ма ?

 

 

 

 

6

ЖҚТБ ауруын емдеуге бола ма ?

 

 

 

 

7

АҚТҚ – жұқтырылған адам дайындаған тағамды ішуге болады ма ?

 

 

 

 

8

ЖҚТБ – мен ауырған адамның бетінен сүю қауіпті ма ?

 

 

 

 

 

 

·        Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіре отырып және тақтаға жазады.

АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы.

ВИЧ – вирус иммунодефицита человека.

ЖҚТБ – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.

СПИД – синдром приобретенного имунного дефицита.

 

ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ – та тарай бастады, әсіресе ауруларды бақылау орталығы арасында ерекше инфекция санының көбеюін туғызды.  Осы уақытқа дейін бұл инфекция тек қана қорғау механизмдері онкоауруларымен зақымдалған немесе иммундық жүйені әлсірететін дәрілерді ішетін адамдарға ғана кездесетін.

 Жаңа ауруды негізгі себебі иммундық жүйенің бұзылуы және жетпеуі екені, бұл жетіспеушілік вирус арқылы шақырылған, кейін бұл вирус АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) деп аталды. Вирус 1983 жылы ашылды.

 Бәлкім, АҚТҚ ғасырлар бойы қауіпсіз түрде өмір сүріп, тек жаңа қазіргі уақытта агрессивті жағдайға көшкен болар. ЖҚТБ- ні зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда, бірақ ең маңыздысы мыналарды білу керек.

 ЖҚТБ мәселелері әлі де бірнеше онжылдыққа дейін әлемде сақталады, тіпті оған керек вакцина немесе емдеу жолы табылсада.

 АҚТҚ инфекциясын одан ары таратудан аулақ болу үшін жекеленген, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық дәрежеде бірқатар шаралар қолданылады.

АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.

 

 

 

Айырмашылығы

 

 

 


АҚТҚ

ЖҚТБ

Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды.

АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады.

Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ – мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды.

Қазіргі уақытта ЖҚТБ – ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ. АҚТҚ –нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады. Оппортунистік инфекция – бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары  (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы  (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).

 

 

АҚТҚ инфекциясының таралу жолдары

 

АҚТҚ – ның бір адамнан екінше адамға жұғуының негізгі үш жолы бар:

 
Блок-схема: альтернативный процесс: Жыныстық
Жыныстық қарым –қатынас кезінде, қынаптан сперма немесе сұйықтық бөліну арқылы. Бұл АҚТҚ инфекциясының қоғамда таралуының негізгі жолы. Негізінде жастар АҚТҚ – мен зақымдалған адамдардан жыныстық қатынас арқылы жұқтырады.
Блок-схема: альтернативный процесс: Парентеральдық
Тері қабаты бүтіндігінің үшкір құралмен бұзылуы, егер де құралда АҚТҚ – мен зақымдалған адамның қаны болса. Бұл инені, шприцті, бритваны және басқа дәрігерлік құралдары қолданғаннан болуы мүмкін. Бұл нашақорлар үшін зақымданудың басты жолы және есірткіні бір рет болсын «кір» зақымдалған шприцпен тамыр арқылы қолданған жағдайда. Сол сияқты нашақорлар тәртіпсіз жыныстық қарым –қатынас жасап, ал нашақор қыздар есірткіні алу үшін жезөкшелік өмір кешеді. Одан бас қа нашақорлар мүшеқапқа теріс қарайды, сондықтан ЖҚТБ –мен зақымдану мүмкіндігі күшейеді. Осының барлығы АҚТҚ – нің басқа да адамдарға жұғу қаупін төндіреді.
Блок-схема: альтернативный процесс: Зақымдалған анадан балаға
Жатыр арқылы туғанша, босанар кезде, ананың сүті арқылы. Негізінен жүкті әйел инъекция арқылы есірткіні қолдану арқылы АҚТҚ – мен зақымданады, кейде жыныстық қарым –қатынаста. АҚТҚ – мен зақымданған ананың баласына жұқтыру қауіпі 50% құрайды.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


АҚТҚ қалай таралмайды

Амандасу арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, бассейнге, саунаға, дәретханаға барғанда, жәндіктер шағу арқылы, достық сүйісуден, ыдыс –аяқ, киім арқылы, үй жануарларымен қарым –қатынаста, тамақ өнімдері арқылы.

 
 

 

 

 

 

 

 


ЖҚТБ – ның алғашқы белгілері (симтомдары)

- салмақтың көп төмендеуі;

- тұрақты жөтел;

- лихорадка (тоңу) және диарея (іш өту).

 ЖҚТБ – мен ауыратындар жұқпалы ма?

 Адам, АҚТҚ – мен зақымдалғаннан кейін, белгілері бар болса да, жоқ болса да АҚТҚ

басқаға жұғуы мүмкін.

 

 

4. Бекіту.

 

1- жаттығу. «Ой шабуылы»

 Оқушыларға «Дененің қандай сұйықтықтарын білесіңдер?» деген сұрақ қойамыз.

Жауап нұсқаларын тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қойамыз: қан, тер, сілекей, кіші дәрет, лимфа, қынап ылғалы, ана сүті, жұлын сұйықтығы (сарысу).

 Оқушыларға АҚТҚ –мен зақымданған адамда немесе ЖҚТБ – мен науқаста  қорғаныш тапшылығы қоздырғышы осы сұйықтықтардың барлығында болуы мүмкін  екенін және оның басқа адамды зақымдауға жеткілікті мөлшері барлық жерде бола бермейтінін түсіндіреміз. Адам организмінде АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтарды тізіп  шығамыз және ашып көрсетеміз: қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті. Жұлын  сұйықтығында АҚТҚ –ның жоғары мөлшері болғанымен ол организмнен бөлінбейді,  сондықтан күнделікті жағдайда қауіп туғызбайды. Қалған сұйықтықтарда қоздырғыш  мөлшері өте төмен және зақымдау үшін жеткіліксіз.

 

2 – жаттығу. Шағын топтардағы жұмыс.

 Оқушыларды 4 –топқа бөлеміз. Бұл үшін оларды 1 –ден 4 –ке дейін санатамыз.

 Бірлер –бірінші, екілер –екіншілер, үштер – үшінші, төрттер – төртінші топқа бірігеді.

 Бірінші және екінші топқа АҚТҚ қалай берілетінін талқылап, қағазға жазуды, ал үшінші және төртінші топқа АҚТҚ қалай берілмейтінін талқылауды ұсынамыз. Оқушылардың назарын алдыңғы жаттығуда көрсетілген адам организміндегі АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтықтарға (қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті) аударамыз.  

Талқылаудан кейін әрбір топ жетекшілерін таңдайды, ол өз тобының жұмыс нәтижелерін қағазға жазып барлық қатысушыларға көрсетіп, оқып береді. Жауап дұрыс  оқылуы үшін жұмыс барысында қағаздың үлкен парақтары мен маркерлер қолданылады.

 Әрбір жетекші сөйлеп болған соң, оқытушы басқа оқушылардан жауапты  толықтыруларын, өз ескертпелерін айтуын, түзетулер енгізуін сұрайды. Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасайды.

 

3- жаттығу АҚТҚ –ның таралу жолдары, көздері

 

 Оқушыларға тапсырма; осы АҚТҚ қандай жолдармен беріледі және оны сурет салу

арқылы сипаттап беру.

 

Енді оқушылар ЖҚТБ – ні тудыратын АҚТҚ вирусы қалай таралатынын және

қандай жолмен таралатынын біледі. Сондай –ақ белгілі өмірлік жағдайда қауіп қандай

дәрежеде екенін білу қажет.

 

4 - жаттығу Ситуацияляқ есеп:

Әңгіме

Оқушыларға сұрақ

1 әңгіме.

Айнұр сабақтан кейін көкөніс дүкенінде істейді. Ол осы дүкенде істейтін Жанардың ЖҚТБ –мен ауыратынын естіді. Айнұрдың шешесі бұл туралы біліп қойып, Айнұрдың бұл жұмысты тастағанын  жөн көреді.

а) Айнұр шешесіне АҚТҚ –нің таралу жолдары туралы нені айтады?

б) Айнұрға жұмысты тастау керек пе?

в) Жанармен бірге жұмыс істей отырып,

Айнұрдың зақымдануының қауіпі қандай

дәрежеде?

2 әңгіме.

 Марат 15 жаста, ол ЖҚТБ –ні тудыратын АҚТҚ – мен зақымдалған. Ол ауру болып көрінбейді, бірақ тез шаршайды. Ол мектепке баруын жалғастырғысы келеді, бірақ осы туралы біреуге айту керек пе, соны білмейді.

а) Сендер қалай ойлайсыңдар, Маратқа мектепке баруын жалғастыру керек пе?

б) Бұл туралы ол біреуге айту керек пе?

в) Егер де ол жөніңде сендерге айтса, сендер қалай қарар едіңдер?

г) Егер де Марат сенімен бір партада отырса, АҚТҚ –мен зақымдану қауіпі қандай дәрежеде?

 

 

5. Қорыттынды

Бағалау кезеңі (Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды)

Үй тапсырмасын беру кезеңі (оқу, түсінік, қосымша іздену)

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күні : 17\18.11.2014
биология
Сынып: 8 «а,ә»
Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Әңгіме, практикалық.   
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.
2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ-ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу. Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.
3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: салауатты өмір салты, биология
Көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, қосымша әдебиеттер, оқулық, маркер, ақ қағаз.
Сабақ барысы
р/c    Сабақтың кезеңдері    уақыты
I    Ұйымдастыру    5
II    Үй тапсырмасын сұрау    10
III    Жаңа сабақты түсіндіру    15
IV    Бекіту    10
V    Қорытынды    5
1. Ұйымдастыру кезеңі.
•    Сәлемдесу
•    Оқушылардан жаңа тақырып бойынша жалпы бар білімін тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау
1) Кестені толтыр

1. Дәрігерлік Косметология
2. Сәндік Косметология
2) Термин сөздерге  анықтама бер

ДЕРМАТОЛОГИЯ, ХИРУРГИЯ, ОНКОЛОГИЯ, ЭНДОКРИНОЛОГИЯ, ИНФЕКЦИЯ
3. Жаңа білім беру. (Призентация, видео)

Сауалнама
Сіз ЖҚТБ - ауруы туралы не білесіз ?

№ Сұрақтар     Ия,    жоқ,    білмеймін.
1     ЖҚТБ ауруы туралы түсінігіңіз бар ма?            
2     ЖҚТБ жұқпалы ауруға жата ма ?            
3     Жынысына қарай үлкен - кіші демей ЖҚТБ жұқпалы ма ?            
4     ЖҚТБ жұғатын кезеңдер:            
а.     Жыныстық қатынаста.           
б.     Медициналық инені пайдалануда.            
в.     Қан ауыстырғанда.            
г.     Қолмен сәлемдесу.            
д.     Асхана ыдыстарын пайдаланғанда.            
е.     Көпшілік әжетханаға барғанда.            
ж.     Сілекей арқылы, түшкіргенде.            
з.     Көздің жасы арқылы.            
и.     Көпшілік орында шомылғанда.            
й.     Анасынан жаңа туған балаға.            
к.     Жезөкшемен кездестінбе.            
5     ЖҚТБ –ға қарсы уколмен салатын дәрі бар ма ?            
6     ЖҚТБ ауруын емдеуге бола ма ?            
7     АҚТҚ – жұқтырылған адам дайындаған тағамды ішуге болады ма ?           
8     ЖҚТБ – мен ауырған адамның бетінен сүю қауіпті ма ?            
•    Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіре отырып және тақтаға жазады.
АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы.
ВИЧ – вирус иммунодефицита человека.
ЖҚТБ – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.
СПИД – синдром приобретенного имунного дефицита.

ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ – та тарай бастады, әсіресе ауруларды бақылау орталығы арасында ерекше инфекция санының көбеюін туғызды.  Осы уақытқа дейін бұл инфекция тек қана қорғау механизмдері онкоауруларымен зақымдалған немесе иммундық жүйені әлсірететін дәрілерді ішетін адамдарға ғана кездесетін.
 Жаңа ауруды негізгі себебі иммундық жүйенің бұзылуы және жетпеуі екені, бұл жетіспеушілік вирус арқылы шақырылған, кейін бұл вирус АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) деп аталды. Вирус 1983 жылы ашылды.
 Бәлкім, АҚТҚ ғасырлар бойы қауіпсіз түрде өмір сүріп, тек жаңа қазіргі уақытта агрессивті жағдайға көшкен болар. ЖҚТБ- ні зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда, бірақ ең маңыздысы мыналарды білу керек.
 ЖҚТБ мәселелері әлі де бірнеше онжылдыққа дейін әлемде сақталады, тіпті оған керек вакцина немесе емдеу жолы табылсада.
 АҚТҚ инфекциясын одан ары таратудан аулақ болу үшін жекеленген, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық дәрежеде бірқатар шаралар қолданылады.
АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.
Айырмашылығы
АҚТҚ    ЖҚТБ
Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды.    АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады.
Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ – мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды.    Қазіргі уақытта ЖҚТБ – ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ. АҚТҚ –нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады. Оппортунистік инфекция – бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары  (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы  (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).
АҚТҚ инфекциясының таралу жолдары
АҚТҚ қалай таралмайды
ЖҚТБ – ның алғашқы белгілері (симтомдары)
- салмақтың көп төмендеуі;
- тұрақты жөтел;
- лихорадка (тоңу) және диарея (іш өту).
 ЖҚТБ – мен ауыратындар жұқпалы ма?
 Адам, АҚТҚ – мен зақымдалғаннан кейін, белгілері бар болса да, жоқ болса да АҚТҚ
басқаға жұғуы мүмкін.


4. Бекіту.

1- жаттығу. «Ой шабуылы»
 Оқушыларға «Дененің қандай сұйықтықтарын білесіңдер?» деген сұрақ қойамыз.
Жауап нұсқаларын тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қойамыз: қан, тер, сілекей, кіші дәрет, лимфа, қынап ылғалы, ана сүті, жұлын сұйықтығы (сарысу).
 Оқушыларға АҚТҚ –мен зақымданған адамда немесе ЖҚТБ – мен науқаста  қорғаныш тапшылығы қоздырғышы осы сұйықтықтардың барлығында болуы мүмкін  екенін және оның басқа адамды зақымдауға жеткілікті мөлшері барлық жерде бола бермейтінін түсіндіреміз. Адам организмінде АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтарды тізіп  шығамыз және ашып көрсетеміз: қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті. Жұлын  сұйықтығында АҚТҚ –ның жоғары мөлшері болғанымен ол организмнен бөлінбейді,  сондықтан күнделікті жағдайда қауіп туғызбайды. Қалған сұйықтықтарда қоздырғыш  мөлшері өте төмен және зақымдау үшін жеткіліксіз.

2 – жаттығу. Шағын топтардағы жұмыс.
 Оқушыларды 4 –топқа бөлеміз. Бұл үшін оларды 1 –ден 4 –ке дейін санатамыз.
 Бірлер –бірінші, екілер –екіншілер, үштер – үшінші, төрттер – төртінші топқа бірігеді.
 Бірінші және екінші топқа АҚТҚ қалай берілетінін талқылап, қағазға жазуды, ал үшінші және төртінші топқа АҚТҚ қалай берілмейтінін талқылауды ұсынамыз. Оқушылардың назарын алдыңғы жаттығуда көрсетілген адам организміндегі АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтықтарға (қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті) аударамыз. 
Талқылаудан кейін әрбір топ жетекшілерін таңдайды, ол өз тобының жұмыс нәтижелерін қағазға жазып барлық қатысушыларға көрсетіп, оқып береді. Жауап дұрыс  оқылуы үшін жұмыс барысында қағаздың үлкен парақтары мен маркерлер қолданылады.
 Әрбір жетекші сөйлеп болған соң, оқытушы басқа оқушылардан жауапты  толықтыруларын, өз ескертпелерін айтуын, түзетулер енгізуін сұрайды. Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасайды.

3- жаттығу АҚТҚ –ның таралу жолдары, көздері

 Оқушыларға тапсырма; осы АҚТҚ қандай жолдармен беріледі және оны сурет салу
арқылы сипаттап беру.

Енді оқушылар ЖҚТБ – ні тудыратын АҚТҚ вирусы қалай таралатынын және
қандай жолмен таралатынын біледі. Сондай –ақ белгілі өмірлік жағдайда қауіп қандай
дәрежеде екенін білу қажет.

4 - жаттығу Ситуацияляқ есеп:
Әңгіме    Оқушыларға сұрақ
1 әңгіме.
Айнұр сабақтан кейін көкөніс дүкенінде істейді. Ол осы дүкенде істейтін Жанардың ЖҚТБ –мен ауыратынын естіді. Айнұрдың шешесі бұл туралы біліп қойып, Айнұрдың бұл жұмысты тастағанын  жөн көреді.    а) Айнұр шешесіне АҚТҚ –нің таралу жолдары туралы нені айтады?
б) Айнұрға жұмысты тастау керек пе?
в) Жанармен бірге жұмыс істей отырып,
Айнұрдың зақымдануының қауіпі қандай
дәрежеде?
2 әңгіме.
 Марат 15 жаста, ол ЖҚТБ –ні тудыратын АҚТҚ – мен зақымдалған. Ол ауру болып көрінбейді, бірақ тез шаршайды. Ол мектепке баруын жалғастырғысы келеді, бірақ осы туралы біреуге айту керек пе, соны білмейді.    а) Сендер қалай ойлайсыңдар, Маратқа мектепке баруын жалғастыру керек пе?
б) Бұл туралы ол біреуге айту керек пе?
в) Егер де ол жөніңде сендерге айтса, сендер қалай қарар едіңдер?
г) Егер де Марат сенімен бір партада отырса, АҚТҚ –мен зақымдану қауіпі қандай дәрежеде?
5. Қорыттынды
Бағалау кезеңі (Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды)
Үй тапсырмасын беру кезеңі (оқу, түсінік, қосымша іздену)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация научно-исследовательской работы "Лишайники, как индикаторы экологической обстановки окружающей среды района"
  • Учебник: «Биология. Многообразие живых организмов», Захаров В.Б., Сонин Н.И.
  • Тема: Группа Лишайники
  • 30.09.2020
  • 887
  • 7
«Биология. Многообразие живых организмов», Захаров В.Б., Сонин Н.И.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2014 2198
    • DOCX 87.5 кбайт
    • 77 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тойманова Қаламқас Серікбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4263
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек