Главная / Музыка / Сабақтың тақырыбы : Домбыра-дастан

Сабақтың тақырыбы : Домбыра-дастан

Сабақтың тақырыбы :  Домбыра-дастан

Тақырыбы:   Домбыра – дастан.

   Мақсаты:1.Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру.

                     2.Оқушылардың  сабаққа ынтасын, қызығушылығын  арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

                    3.Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Түрі:   аралас сабақ

Әдісі:  сұрақ-жауап, көрнекілікпен түсіндіру, әдеби- музыкалық  монтаж.

Пәнаралық байланыс:  өмірмен, тарих, музыка.

Көрнекілігі:Музыкалық аспаптар, суреттер, нақыл сөздер, слайд, компьютер
  Сабақтың өтілу барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.

1.Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Әдептілік әлемі» тақырыбында өткен тәрбие сағатында берілген тапсырмалардытексеру. 
 ІІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Қызығушылықты ояту

«Әдептілік» сөзін топтастыру.

  ІV. Жаңа сабақ   Мағынаны тану.

1.«Ой қозғау»                    

«Тақырыпты ашу»

Қай ұлттың болмасын өзінің  ұлттық музыкалық аспабы болады.  Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.

Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар — домбыра мен қобыз аспабы. Уақыт өте келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: қылқобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, асатаяқ, сазсырнай, дауылпаз, тұяқтас және т.б.  (Суреттері көрсетіледі)

.Жұмбақтар шешу.

1.     Бұл аспап-ата көзі, баба мұра.

           Қазақ үшін теңі бар ма, бағалы да,

           Тербеліп кетсе шектер, теріп перне.

           Теңіз күйлер төгіледі шанағында.   (домбыра)

2.     Қос желі, үш жерінен қазығы бар,

Құбылған қоңыр желден азығы бар.

Желіні сабалайды дыңылдатып,

Байғұстың соншама не жазығы бар?

      3.  Екі ішекке бір тиекті қондыра,

Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.

Білсең егер айта қойшы балақан,

Бұл қай аспап? (Бұл- кәдімгі домбыра)

   Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап – домбыра аспабы. Домбырада әр түрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау тіпті классикалық шығармалар да орындауға болады. 

Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыс кезінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ер жүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал, ұлы күйшілер күй өнерінің  негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнағанын мақтанышпен айтамыз. Домбыра аспабы бір сөзбен айтқанда қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.

Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда домбыра ұлттық болмысты бейнелейтін симбол, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.

Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады. Шанағы(кеудесі) мойны және басы.

Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып тұратын түйме орналасқан. Мойны он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелерге  бөлінген.

 Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші қызмет атқарады.

                    Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

                    Сенімен сырласымдай тілдесемін.

                    Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

                    Өнердің не екенін білмес едім.

Домбыра аспабында ойналған қаралы қайғыны естірткен аңыз күй «Ақсақ құлан»

                  (Сурет бойынша ауызша түсіндіру)
                                               V.Сергіту сәті

                       Қаздар, қаздар  Га –га-  га

                       Жем жейсіңбе? Иә- иә- иә.

                       Жем жесеңдер келіңдер,  Жоқ — жоқ.

                       Неге?

                       Тауда қасқыр орнаған,

                       Жібермейді оңбаған.    ( 2 рет қайталату)

                           Домбыра туралы өлең шумақтары

  1. Екі ішектің бірін қатты,

 Бірін сәл –сәл кем бұра.

 Қазақ –нағыз қазақ емес,

 Нағыз қазақ — домбыра.

        2. Домбыра – шертіп тартылатын ішекті аспап.

        3. Домбыра, мұнша шешен болдың неге,

            Күй талғап көкірегің шежіре ме?

               Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

               Саусағың тиіп кетсе ішегіңе.

4.Домбырамен сөйлеткен

    Махаббаты халқымның

    Жігер беріп күй деген

    Шақырады алтын күн.

         5. Домбыра тілегімді қуаттасаң,

   Үніңе үзіле бір құлақ тосам.

   Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,

   Бойдағы қуатыма қуат қосам.

         6. Қос ішек толқынды өзен, сұлу арна,

   Екпіндеп еркін аққын, тұрып алма.

   Мен білсем, домбыра сен –махаббатсың,

   Махаббат тіршілікте суынар ма?

         7. Әдемі сенде әуен бар сезінгенге,

   Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?

   Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,

   Тірліктің  у –шуынан безінгенде.

8. Тарт күйіңді, домбыра,

    Төгіл –төгіл тәтті күй

    Тау суындай сылдыра,

    Тауда тұман тұрмасын,

    Ойды, қырды қыдыра

    Күй әлемді шарласын.

9. Төксін десең сырын саз,

     Құлағын тек оң бұра

     Үніне ерсең, жұртың мәз.

     Ел мақтаны домбыра.  

Ән: Домбыра сазы.

«Кім жылдам»ойыны.

Ойынның шарты: Қазіргі кезде домбырамен ән айтатын әншілеріміздің  суреттері көрсетіледі. Сол әншінің кім екенін табу.

                                   Сабақты қорытындылау.

«Бәйге» ойыны арқылы  сабақты қорытындылау.

Оң жақтағы  -   60                   Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы.

           Ортадағы      -   50                  Күй атасы мен анасы кімдер?

           Сол жақтағы -  70                  Аңыз күй қалай аталады?

           Оң жақтағы   -  30                  Кімнің баласы аңға шығады?

           Сол жақтағы -  10                  Хан баласының өлімін кім естіртеді?

           Ортадағы       -  40                  Хан не деп жарлық шығарды?                                                           

-Тәрбие сағатымыздың соңында музыка пәнінің мұғалімі бір күй тартып береді.

       ІV. Үйге тапсырма: «Домбыра » сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың тақырыбы : Домбыра-дастан
  • Музыка
Описание:

— Домбыра аспабында ойналған қаралы қайғыны естірткен аңыз күй «Ақсақ құлан»

Автор Жұманазарова Ұлбала Бекназарқызы
Дата добавления 25.12.2014
Раздел Музыка
Подраздел Другое
Просмотров 1299
Номер материала 11970
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓