Қазақ әдебиеті 9-сынып
Сабақтыңтақырыбы: Шалкиіз. «Би Темірге
бірінші толғауы»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Шалкиіз толғауларының
өзіндік көркемдігі,ой тереңдігін,тіл кестесін ,мазмұнын ашу.Шалкиіздің
көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау екендігін
дәріптеу.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен іздену,
ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз
пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын қалыптастыру;
3.Тәрбиелігі: Сөз өнерін түсініп, қадірлей
білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге,
Шалкиіз секілді жыраулардың өмірі мен толғауларын меңгерту арқылы
адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ
тілі.
Әдістер: сұрақ-жауап, мәнерлеп
оқу, іздену, өздік жұмыстар
Көрнекіліктер:слайдтар,таблица, Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп
оқыту», Бес
ғасыр жырлайды. І том. Интерактивті тақта.
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру
кезеңі. /
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарын
аудару/
II. Үй тапсырмасын сұрау . а/Қазтуған жыраудың
өмірін оқып, «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін жаттауға сұрау.
ә/.Қазтуған жырының маңызы.Қиял
байлығы, суреттеу шеберлігі ,таза ұлттық рух,ұлттық тіл тазалығы.
б.Қазтуған
толғауы-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгіде
екендігі.
III.Жаңа сабақ: Шалкиіз. «Би Темірге
бірінші толғауы»
1.Шалкиіз өмірі мен
шығармашылығынан мәлімет:
Шалкиіздің алшын руы,Қияс табынан
шыққандығы туралы дерек.Зерттеуші ғалымдардың топшылауынша өмір сүрген
уақыты:1465-1560 жылдар.Әкесі Тіленші дала шонжарының бірі болған.Шешесі
Ноғайлының ұлы биі-Мұсаның қызы.Шалкиіз шығармалары 1883 жылы
В.Радловтың,дағыстандық Мұхаммед Османовтың кітабында жарық көрді.
Сахара жұлдызы,дала данасы,сөз
құдіреті,пірі-Шалкиіз көмейінен күмбірлеген жыр тогілген классикалық дәрежедегі
жырау.
«Би Темірге бірінші толғауы»: Темірдің
іс-әрекетіне риза болмай шығарған толғауы.Толғауда Темірді аспандата,асқақтата
мадақтайды,тіпті фантастикалық бейнеге жеткізеді.
Темір бейнесін жасаудағы поэтикалық тіл:
Метафоралар: алдаспаным
қағдам,арабы
торым
алтынсың,жібексің,сұңқарсың
Ақыл-нақыл,афористік сөздер: «Жоғары қарап оқ атпа
Жуық түсер қасыңа» т.с.с.
«Құладан жаман қу аламас»
Салыстыру,балау: «Сен алтынсың-мен тұлмын
Сен жібексің-мен
жүнмін»
Мінездеу,суреттеу: «Кендір баулы ақ желкен
Көк теңізді жал
толқынға жеткіздің»
Эпитет,теңеу: ақ сұңқарым
Сынып оқушыларын 3 топқа
бөліп,тапсырмалар берілді:
1-тапсырма:Темір тұлғасы,бейнесін
көрсететін сөздерді жинақтап жазу,ол сөздер ішінен теңеу,метафора сияқты
көркемдегіш сөздерді табу.
2-тапсырма: Толғаудағы ассонанс пен
аллитерацияны табу,қай дыбыстар көп пайдаланылған. Мысалы: «Ж», «Т», «С»
дауыссыз дыбыстарының жиі кездесуі.
3-тапсырма:Жырдағы
қайталанулардың,әсіресе сөздердің басқы буындары қайталанып келетін қатарды
табу.
Сынып оқушыларына жалпы берілетін тапсырмалар:
-Жыраудың
кез-келген толғауын алып,өлең құрлысына:буын,тармақ,бунақ,шумаққа талдау.
Мысалы: Шығармақ бұлт/жай тастар,/7/а
Ағытқан ойды/жол бастар,/8/а
Ақ желкенді/жел бастар,/7/а
Ғадыл төре/ел бастар./7/а
Бекіту: 1.Шалкиіз жыры-философиялық афоризмнің,терең
ақылдың,шынайы көркемдіктің қайнар көзі.
2.Шалкиіз-«новатор»,оның шығармашылығы әдебиеттің дамуын,заманның өсуін
білдіреді.
Үй тапсырмасы:1.Шалкиіздің өмірі мен
шығармашылығы. «Би Темірге бірінші толғауын» мәнерлеп оқуға,талдауға.
2.Мына кестені толтыру:
Жырау
|
Толғаулары
|
Ұйқас түрлері
|
Поэтикалық тілі
|
Мәні,маңызы
|
|
|
|
|
|
Сыныптан
тыс оқуға:
«Жайыңды білген қарындас», «Ағынды сулар,аймақ көл», «Ер Шобан» өлеңдерін оқу
Оқушыларды
бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.