Шығыс
Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілі малшы
ауылы
Абай атындағы «Мектеп бала бақша» кешені КММ –сі
Калыкова
Ғалия Касымбековна- даярлық тобының мұғалімі
Білім беру
саласы: «Таным»
Бөлімнің
аты: Математика
Сабақтың
тақырыбы: Теңге
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Ұлттық ақшамыз
теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы
ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын
арттыру, тиянақтылыққа, бірін-бірі тыңдай білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың зейіні мен логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың
типі:
Жаңа сабақ
Сабақтың
түрі:
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, үлестірмелі материалдар
Сабақтың
әдісі:
әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық
байланыс:
Көркем әдебиет
Іс -әрекет кезңдері
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Балалардың іс әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың
оку-құралдарын түгендеу.
Зейіндерін
сабаққа аудару.
Өткен
сабақты еске түсіру:
«Бәйге»
ойыны
Сұрақтары:
1. 1қолыңда неше
саусақ бар?
2. Қандай
фигураларды білесің?
3. 5пен7-нің
арасында қандай сан бар?
4.8 санының
көршісін тап.
5.5+1=? Есепті
шығар
6. Сызықтар
нешеге бөлінеді?
7. Алты алманың
екеуін
Диас сұрап алды
Айтшы сонда
нешеуі
Өз қолыңда
қалды? (4)
8. 7 6 қайсысы
үлкен, қайсысы кіші?
9. 8+2=? Есепті
шығар
|
Балалардың
жауаптары тыңдалады.
|
Ұйымдастыру -ізденушілік
|
-Жаңа
сабақ түсіндіру
Теңге - ұлттық
ақшаның атауы.
Оның түрлері:
ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1,2,3,5,10 және т.б. болып ірілене
беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны
кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.
Оқулық
дәптердегі тапсырмаларды орындау.
- Монеталардың
суреті берілген. Оларды ата.
- Әр
әмиянда неше монетадан? Әр әмиянда неше теңгеден?
«Теңге
терейік» ойыны
- Ақша
санаудыүйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің
ішіне цифрмен жаз.
- Сенде
ақша бар ма? Ол ақшаға сен не сатып алатыныңды таңда? Сатып алған
затыңды монеталардың керекті санына қос. Сенде ақша қалды ма? Неше?
- Берілген
теңгелерден есеп құрастыр.
Сергіту
сәті:
1,2,3 Бойға
жинап күш,
4,5,6 Отыр, тұр,
шалқы
7,8,9,10 Орындығыңа
қон
|
Балалар
мұғалімді мұқият тыңдайды
Балалар
тапсырманы тиянақты орындайды
Балалар есеп
құрастырады
Балалар қимылмен
орындайды.
|
Кері байланыстылық-
түзетушілік
|
Қорытынды.
Ауызша есептер:
-Серіктің 5
теңгесі болды, анасы оған тағы 2 теңге берді. Серікте барлығы неше теңге
болды - ?
-Айымның 10
теңгесі бар еді, ол 5 теңгесіне балмұздақ алды. Айымда қанша теңге қалды-?
Сандарды
тура және кері сана.
Осы сандардан қолданылатын монеталарды ата.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0
Сұрақ-жауап:
-Теңге
дегеніміз не ?
-Ақшада не
бейнеленген ?
-Ақшаның қалай
ұстауымыз керек ?
-Ақша қалай келеді?
-Әр ұлт ақшасы
қалай аталады ?
|
Балалар
белсенділік танытады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Теңге жайлы мағлұмат алады
Қандай түсініктерді
игерді:
Ақшаны үнемдеп пайдалану керек.
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: Тапсырманы
орындау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.