Инфоурок Иностранные языки КонспектыСабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов "Қаздар қайтып барады"

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов "Қаздар қайтып барады"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты: білімділік - жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық – шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру дүниетанымын кеңейту, белсенділігін арттыру; тәрбиелік - туған жерге, Атамекенге деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, интерпретация, формативті
бағалау үлгісі, проблемалық сұрақтар
Көрнекілігі: үнтаспа, әдеби көркем шығармалар, таратпалы кестелер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру
( Сыныпты бес топқа бөлу)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Сабақтың эпиграфы
Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар, тарихи шығармалардың шебері Қазақстан Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов және оның шығармасы жайында әңгімелейміз.
Қ. Жұмаділов – 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық Республикасы) дүниеге келген. Қазақ әдебиетіне әңгіме хикаяттарымен бірге «Көкейкесті», «Атамекен», «Соңғы көш», «Тағдыр» атты көлемді романдар қосқан кемел жазушы
«Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері атанды.
Жазушы жайында замандасы Әкім Таразы былай деді:
- Қабдеш өмірбаяны біздің ешқайсымызға ұқсамайтын. Себебі ол Қазақстанда емес, сонау Шығыс Түркістанда, қаймағы бұзылмаған көшпенділер ауылында дүниеге келді, өсті. Бір елде туып - өсіп, есейген шағында атажұртына келіп, сол ел туралы шығарма жазды. Оған табиғи талантымен қоса өмір тәжірибесі көмектесті.
Ел - жұрттан, Атамекеннен жырақта жүрген қандастарының асыл арманы жазушының «Қаздар қайтып барады» деп аталатын әңгімесінде өрнектеледі.
Сыныпқа сұрақ:
• Оқушылар сендердің ойларыңша, қаздар қайда қайтуы мүмкін?
Ассоциация
Отанына ата - мекеніне
Ұясына көлге
Туған жерге жылы жаққа
- Жақсы, енді біз шығарманың өзімен танысып көрелік.
Баяу күй әуені ойнайды.
II Әңгіменің мазмұнымен танысу
(Бес топқа әңгіменің мазмұны бойынша бес түрлі мәтін таратылады)
Топ құрамы:
Баяндамашы
Бақылаушы
Секундомер
а) мәтінді игеру уақыты: 4 минут
ә) топта талқылау, ой қосу: 2 минут
III Әңгіме мазмұнын баяндау
1. Мұғалім сөзі
- Тау іші. Шетсіз, шексіз жайлау.
Ұшқан құс пен жүгірген аңнан басқа ешбір тіршілік белгісі байқалмайды. Күз мезгілі де жеткен шақ. Етікші шыңы көзге шалынады. Шекара асып, арғы бетке өтетін жолаушы осы шыңнан асады. Себебі ол – төте жол
2. I топ жалғастырады.
3. 1 - ші мәтін мен 2 - ші мәтінді байланыстыратын үзінді оқылады.
4. 2 - ші мен 3 - ші мәтінді байланыстыру.
Біраз жүрген қарт Тентек - Халдай өзеніне жетті.
Алаңқайда демалып отырып, анадай жерде жатқан адамның қу басын көрді. Шошынған қарт: «Сүйегімді жат жерде қалдыра көрме, енді екі - ақ күндік өмір бер!»- деп құдайға жалбарынды.
5. 3 пен 4 - мәтінді байланыстыру.
Төлеутай - қарттың жалғыз немересі. Басынан қандай қиындық өтсе де немересін, ауылдастарын өзінің қара қайратымен сорпа - судан кенде қылған жоқ.
6. 4 пен 5 - мәтінді байланыстыру.
Бір күні аңнан келген қартты екі сақшы алып кетіп, тергеусіз түрмеге қамайды. Сол қамақтан бір жылдан соң ғана босатады. Ауылға келгенде, сол жылы елде жұт болғанын, тігерге тұяқ қалмағанын білді. Өзі жоқта жалғыз жұбанышы – Төлеутай аштыққа төзбей, қыршынынан қиылыпты.
Жетпіске келген қарт үшін мына дүниенің қызығы да, мән - мағынасы да қалмаған еді. Осындай шақта көңілімде бір сәуле жылт етіп бір жанып, бір өшті. Ол - 40 жыл бойы арман еткен, Атамекенге сапар болатын.
7. Мәтіннің түйінін, шешімін, түп нұсқадан (үзінді) оқып беру.
IV. Әр тортың бақылаушысы қорытынды жасайды.
V. Проблемалық сұрақ қою
1. Қарттың бөтен елде өмір кешу себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Жазушы, Байтас қарт, қаз арасында қандай ұқсастық бар?
Сыныпқа сұрақ
- Шығарма тақырыбы не?
- Осыдан шығатын идея қандай?
VI. Мәтін бойынша топтық жұмыс
(Бес топқа бес түрлі жұмыс беріледі.
1 - топ
Әңгімеден өзіңе ерекше әсер еткен оқиғаны мәтіннен тауып оқып бер.
2 - топ
Атамекен топырағын аттаған қарт сезімі, қуанышы мәтінде қалай суреттелген?
3 - топ
Байтас қартқа мінездеме бер. Қарт бойынан қандай ерекшеліктерді
байқадыңдар? Кестені толтыр.
Кейіпкер Шығармадағы іс - әрекеті Бойындағы адами қасиеттері
Байтас қарт Ұзақ та ауыр жолға шықты, көкжалмен алысты, туған жерге асықты, отбасынан, немересінен айырылды, шекарадан өтті, ата қонысына жетті Өмір тауқыметін көрген, еңбекқор, қажырлы да қайратты, қиындықты ақылмен жеңеді, жүрегінде сағынышы басым, адал жан.
4 - топ
Шығарманы композициялық құрылысына талда.
Мәтіннен жер - cу аттарын теріп жаз. Білетін сөздеріңе географиялық тұрғыдан сипаттама бер.
5 - топ
Байтас қарт арманына жетті ме? Кестені толтыр.
Арманына жетті Арманына жете алмады.
Ит - құсқа жем болмай, ата қонысқа жетті.
Ол бұны 40 жыл күткен еді
Өз үйінің, бөлмесінің орнын көрді, ата - бабасына құран бағыштады. Қарт ізімен ит жетектеген шекарашылар қуып жетті.
Жалғыз өзі қалай өмір сүреді?
Ертерек шешім қабылдап, Төлеутайға берген уәдесін орындап, бірге келуі керек еді.
Орындауға: 3 мин.
Талдауға: 1 мин.
а) Баяндамашы сөзін тыңдау.
б) Бақылаушының баға беруі.
VII. Сөздікпен жұмыс
Әр топ өз мәтіндерінен қиын сөздерді анықтайды, жауап береді.
1. Қозыкөш жер - аса алыс емес, біршама қашықтық өлшемі.
2. Мойыл, ұшқат - шөп атаулары.
3. Саптыаяқ - сұйық алып ішуге арналған ыдыс.
(Дәптермен жұмыс)
VIII. Сыныпқа сұрақ
- Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» аталу себебі неде екен?
Қорытынды.
Байтас қартты шекара асырып, қиыншылыққа төзуге алып келген туған жерге деген сүйіспеншілік.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші әркімнің туған жері өзіне ыстық. Себебі, кіндік қаның тамған жер, ата - баба, бауыр, достың жүрген жері, тарихи Отаның. Ендеше, «Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары»
Отанға қалтқысыз еңбек ету – әр перзентінің міндеті.
Бағалау

 Үйге тапсырма1. Мәтіндік жоспар құру.
2. теңеулерді теріп жазу, пейзаж бен портретті тауып, кесте бойынша толтырып келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов "Қаздар қайтып барады""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңа сабақ. Сабақтың эпиграфы Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар, тарихи шығармалардың шебері Қазақстан Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов және оның шығармасы жайында әңгімелейміз. Қ. Жұмаділов – 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық Республикасы) дүниеге келген. Қазақ әдебиетіне әңгіме хикаяттарымен бірге «Көкейкесті», «Атамекен», «Соңғы көш», «Тағдыр» атты көлемді романдар қосқан кемел жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері атанды. Жазушы жайында замандасы Әкім Таразы былай деді: - Қабдеш өмірбаяны біздің ешқайсымызға ұқсамайтын. Себебі ол Қазақстанда емес, сонау Шығыс Түркістанда, қаймағы бұзылмаған көшпенділер ауылында дүниеге келді, өсті. Бір елде туып - өсіп, есейген шағында атажұртына келіп, сол ел туралы шығарма жазды. Оған табиғи талантымен қоса өмір тәжірибесі көмектесті. Ел - жұрттан, Атамекеннен жырақта жүрген қандастарының асыл арманы жазушының «Қаздар қайтып барады» деп аталатын әңгімесінде өрнектеледі. Сыныпқа сұрақ: • Оқушылар сендердің ойларыңша, қаздар қайда қайтуы мүмкін? Ассоциация Отанына ата - мекеніне Ұясына көлге Туған жерге жылы жаққа - Жақсы, енді біз шығарманың өзімен танысып көрелік. Баяу күй әуені ойнайды. II Әңгіменің мазмұнымен танысу (Бес топқа әңгіменің мазмұны бойынша бес түрлі мәтін таратылады) Топ құрамы: Баяндамашы Бақылаушы Секундомер а) мәтінді игеру уақыты: 4 минут ә) топта талқылау, ой қосу: 2 минут III Әңгіме мазмұнын баяндау 1. Мұғалім сөзі - Тау іші. Шетсіз, шексіз жайлау. Ұшқан құс пен жүгірген аңнан басқа ешбір тіршілік белгісі байқалмайды. Күз мезгілі де жеткен шақ. Етікші шыңы көзге шалынады. Шекара асып, арғы бетке өтетін жолаушы осы шыңнан асады. Себебі ол – төте жол 2. I топ жалғастырады. 3. 1 - ші мәтін мен 2 - ші мәтінді байланыстыратын үзінді оқылады. 4. 2 - ші мен 3 - ші мәтінді байланыстыру. Біраз жүрген қарт Тентек - Халдай өзеніне жетті. Алаңқайда демалып отырып, анадай жерде жатқан адамның қу басын көрді. Шошынған қарт: «Сүйегімді жат жерде қалдыра көрме, енді екі - ақ күндік өмір бер!»- деп құдайға жалбарынды. 5. 3 пен 4 - мәтінді байланыстыру. Төлеутай - қарттың жалғыз немересі. Басынан қандай қиындық өтсе де немересін, ауылдастарын өзінің қара қайратымен сорпа - судан кенде қылған жоқ. 6. 4 пен 5 - мәтінді байланыстыру. Бір күні аңнан келген қартты екі сақшы алып кетіп, тергеусіз түрмеге қамайды. Сол қамақтан бір жылдан соң ғана босатады. Ауылға келгенде, сол жылы елде жұт болғанын, тігерге тұяқ қалмағанын білді. Өзі жоқта жалғыз жұбанышы – Төлеутай аштыққа төзбей, қыршынынан қиылыпты. Жетпіске келген қарт үшін мына дүниенің қызығы да, мән - мағынасы да қалмаған еді. Осындай шақта көңілімде бір сәуле жылт етіп бір жанып, бір өшті. Ол - 40 жыл бойы арман еткен, Атамекенге сапар болатын. 7. Мәтіннің түйінін, шешімін, түп нұсқадан (үзінді) оқып беру. IV. Әр тортың бақылаушысы қорытынды жасайды. V. Проблемалық сұрақ қою 1. Қарттың бөтен елде өмір кешу себебі неде деп ойлайсыңдар? 2. Жазушы, Байтас қарт, қаз арасында қандай ұқсастық бар? Сыныпқа сұрақ - Шығарма тақырыбы не? - Осыдан шығатын идея қандай? VI. Мәтін бойынша топтық жұмыс (Бес топқа бес түрлі жұмыс беріледі. 1 - топ Әңгімеден өзіңе ерекше әсер еткен оқиғаны мәтіннен тауып оқып бер. 2 - топ Атамекен топырағын аттаған қарт сезімі, қуанышы мәтінде қалай суреттелген? 3 - топ Байтас қартқа мінездеме бер. Қарт бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Кестені толтыр. Кейіпкер Шығармадағы іс - әрекеті Бойындағы адами қасиеттері Байтас қарт Ұзақ та ауыр жолға шықты, көкжалмен алысты, туған жерге асықты, отбасынан, немересінен айырылды, шекарадан өтті, ата қонысына жетті Өмір тауқыметін көрген, еңбекқор, қажырлы да қайратты, қиындықты ақылмен жеңеді, жүрегінде сағынышы басым, адал жан. 4 - топ Шығарманы композициялық құрылысына талда. Мәтіннен жер - cу аттарын теріп жаз. Білетін сөздеріңе географиялық тұрғыдан сипаттама бер. 5 - топ Байтас қарт арманына жетті ме? Кестені толтыр. Арманына жетті Арманына жете алмады. Ит - құсқа жем болмай, ата қонысқа жетті. Ол бұны 40 жыл күткен еді Өз үйінің, бөлмесінің орнын көрді, ата - бабасына құран бағыштады. Қарт ізімен ит жетектеген шекарашылар қуып жетті. Жалғыз өзі қалай өмір сүреді? Ертерек шешім қабылдап, Төлеутайға берген уәдесін орындап, бірге келуі керек еді. Орындауға: 3 мин. Талдауға: 1 мин. а) Баяндамашы сөзін тыңдау. б) Бақылаушының баға беруі. VII. Сөздікпен жұмыс Әр топ өз мәтіндерінен қиын сөздерді анықтайды, жауап береді. 1. Қозыкөш жер - аса алыс емес, біршама қашықтық өлшемі. 2. Мойыл, ұшқат - шөп атаулары. 3. Саптыаяқ - сұйық алып ішуге арналған ыдыс. (Дәптермен жұмыс) VIII. Сыныпқа сұрақ - Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» аталу себебі неде екен?Қорытынды.Байтас қартты шекара асырып, қиыншылыққа төзуге алып келген туған жерге деген сүйіспеншілік. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші әркімнің туған жері өзіне ыстық. Себебі, кіндік қаның тамған жер, ата - баба, бауыр, достың жүрген жері, тарихи Отаның. Ендеше, «Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары» Отанға қалтқысыз еңбек ету – әр перзентінің міндеті.Бағалау Үйге тапсырма1. Мәтіндік жоспар құру. 2. теңеулерді теріп жазу, пейзаж бен портретті тауып, кесте бойынша толтырып келу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2020 697
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бородуля Елена Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бородуля Елена Васильевна
    Бородуля Елена Васильевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69757
    • Всего материалов: 209

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания французского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе