Главная / Иностранные языки / Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі

Сабақ 19

Ғали Орманов атындағы орта мектеп


Күні

М.М. Джаксыбаева


Сынып 7 а

Қатысқандар саны ----

қатыспағандар саны ----




Сабақ негізделген оқу мақсаты


Сын есім туралы өткенді қайталай отырып, оның түрленуі туралы түсінік беру.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Сын есім туралы ұғым қалыптастырады.


Оқушылардың басым бөлігі

  • Сын есімнің түрленуі жайлы үйренеді.


Кейбір оқушылар

  • Жалғау түрлері туралы түсінік алады.

Алдыңғы оқу

Тіл ұстарту бойынша 42, 43-жаттығу жұмыстары оқылады. Өткен сабақтағы білімді пысықтап алу үшін оқушыларға үлестірмелі карточкалар мен перфокарточкалар беріледі.




Жоспар


Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы






а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту.
Жұмбақ жасыру арқылы оқушыларды топтарға бөлу
1. Сөз сөйлесең қозғалыста болады
(Тіл)
2. Өзім арық, ізім әріп
(Қалам)
3. Қолыңа алсаң шешен
Ақылы асқан көсем
(Кітап)
Жұмбақтың шешуін тапқан топқа сол жұмбақтың шешушін беру
1. топ «Тілшілер»
2. топ «Жазушылар»
3. топ «Білімділер»
Сабақтың барысымен таныстыру
Бүгінгі сабағымыз «Ашық журнал» сабағы деп аталады. Журналдың тапсырмалары 6 - кезеңнен тұрады.
I кезең «Қайталау - оқу анасы»
II кезең «Жаңа сабақ құпиясы»
III кезең «Кітап - досың ақылшың»
IY кезең «Білімді мыңды жығар»
Y кезең «Ойлан, тап»

ә) Үй тапсырмасын сұрау: I «Қайталау - оқу анасы»


Тіл ұстарту бойынша 42, 43-жаттығу жұмыстары оқылады. Өткен сабақтағы білімді пысықтап алу үшін оқушыларға үлестірмелі карточкалар мен перфокарточкалар беріледі.















«Жұмбақтар жинағы»



















































«Қазақ тілі» оқулық

Ортасы




б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын есімнің не екенін сурет арқылы топтастыра отырып, ережесін шығарып алайық.
үлкендеу
қып - қызыл
кішкентай
Алма (қандай?)
Дөңгелек (көлемі)
өте көп
сопақтау
Сын есімнің анықтамасын шығару
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз.
Сын есім құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып үш түрге бөлінеді.
Мыс: көк, көкшіл, қып - қызыл, қара ала.
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең.
Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мыс: қына - лы, алақан - дай, жиде - лі.
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.
Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай
III кезең «Кітап - алтын қазына»
(Жаттығумен жұмыс жасау)

46-жаттығу. Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазыңдар.

Көк-көкшіл, көгілдір, аса көк, тым көк, көкшілтім, көгірек, өте көк.

Қымбат-қымбатырақ, аса қымбат, тым қымбат, қымбаттау, қымбатырақ.

Ақ-ақшыл, ақшылтым, ақшылдау, аппақ, өте ақ, тым ақ, аса ақ, ақшылырақ.

Ұзын-ұзындау, ұзынырақ, аса ұзын, тым ұзын, өте ұзын.

Кіші-кішілеу, кішірек, кішігірім, аса кіші, тым кіші, өте кіші.

Ащы-ащырақ, ащылау, аса ащы, тым ащы, өте ащы.

Биік-биігірек, биіктеу, аса биік, тым биік, өте биік

Жуас-жуастау, жуасырақ, өте жуас, аса жуас, тым жуас.

47-жаттығу. Сын есімдерді тауып, байланысқан сөзімен теріп жазу. Түрлерін ажырату.

Жыртқыш құстар, қыран бүркіт, көргіштік, алғырлық, таулы жер, тұлғасы кесек, кеудесі кең, иықты, жүні салалы, ақтұнжыр, қаратұнжыр, ақшыл, сұрғылт, қызыл қайың, қызыл шұбар, қан құмар, өжет, жасықтау балапан, сұрғылт балапан, құс біткеннің ұшқыры.


Менің бағытым” ойыны

1. тәтті                                                       жар

2. тік                                                             адам

3. тегіс                                                         қант

4. суық                                                         қоян

5. сұр                                                             су

6. ақылды                                                     жер



Мына сөздердің  қарама-қарсы  сөздерін  табыңдар.

 Әлсіз —             , кең — ….,жомарт -…..,ұзын-….,қатты -…., мейірімді -…. .
Сен қалай ойлайсың?
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа,
Ақ қолыңмен тарта аласың сен тілім!
Оқушылар өлеңнің авторын және өлең қалай аталатынын табу керек
Иә, балалар бұл Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» атты өлеңі . Енді осы өлеңнің ішінен сын есімдерді тауып, сатылай кешенді талдау жасатамын.
Таза, тап - таза
Сұрағы: қандай?
Тұлғасына қарай: туынды
Құрамына қарай: күрделі
Мағынасына қарай: сапалық сын есім
Шырай түрі: күшейтпелі
«Қане қай топ қандай?»








АКТ







































































«Қазақ тілі» оқулық

























































«Қазақ тілі» энциклопедиясы



АКТ











































«Қазақ әдебиеті»








Аяқталуы






Білімді бекіту:

IY кезең «Біліміңді байқап көр»
«Сыңарын тап» ойынын ойнату.
Ақ - лау көк - қай
Үлкен - ше, сар - шіл
қоңыр - ғылтым жақсы - ғыш
Толық - деу жұқа - қай
Жеңіл - ша жуан - лау
Боз - тау терең - деу

Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуі оқу.45-жаттығу


Бағалау: «Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле» Ж. Баласағұн.

























«Қазақ тілі» оқулық

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы




Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



1.





2.







Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



1.





2.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



1.





2.






Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі
  • Иностранные языки
Описание:

Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын есімнің не екенін сурет арқылы топтастыра отырып, ережесін шығарып алайық.
үлкендеу
қып - қызыл
кішкентай
Алма (қандай?)
Дөңгелек (көлемі)
өте көп
сопақтау
Сын есімнің анықтамасын шығару
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз.
Сын есім құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып үш түрге бөлінеді.
Мыс: көк, көкшіл, қып - қызыл, қара ала.
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең.
Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мыс: қына - лы, алақан - дай, жиде - лі.
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.
Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай
III кезең «Кітап - алтын қазына»
(Жаттығумен жұмыс жасау)

46-жаттығу. Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазыңдар.

Көк-көкшіл, көгілдір, аса көк, тым көк, көкшілтім, көгірек, өте көк.

Қымбат-қымбатырақ, аса қымбат, тым қымбат, қымбаттау, қымбатырақ.

Ақ-ақшыл, ақшылтым, ақшылдау, аппақ,өте ақ, тым ақ, аса ақ, ақшылырақ.

Ұзын-ұзындау, ұзынырақ, аса ұзын, тым ұзын, өте ұзын.

Кіші-кішілеу, кішірек, кішігірім, аса кіші, тым кіші, өте кіші.

Ащы-ащырақ, ащылау, аса ащы, тым ащы, өте ащы.

Биік-биігірек, биіктеу, аса биік, тым биік, өте биік

Жуас-жуастау, жуасырақ, өте жуас, аса жуас, тым жуас.

47-жаттығу. Сын есімдерді тауып, байланысқан сөзімен теріп жазу. Түрлерін ажырату.

Жыртқыш құстар, қыран бүркіт, көргіштік, алғырлық, таулы жер, тұлғасы кесек, кеудесі кең, иықты, жүні салалы, ақтұнжыр, қаратұнжыр, ақшыл, сұрғылт, қызыл қайың, қызыл шұбар, қан құмар, өжет, жасықтау балапан, сұрғылт балапан, құс біткеннің ұшқыры.

“Менің бағытым” ойыны

1. тәтті жар

2. тік адам

3. тегіс қант

4. суық қоян

5. сұр су

6. ақылды жер

Мына сөздердің қарама-қарсы сөздерін табыңдар.

Әлсіз — , кең — ….,жомарт -…..,ұзын-….,қатты -…., мейірімді -…. .
Сен қалай ойлайсың?
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа,
Ақ қолыңмен тарта аласың сен тілім!
Оқушылар өлеңнің авторын және өлең қалай аталатынын табу керек
Иә, балалар бұл Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» атты өлеңі . Енді осы өлеңнің ішінен сын есімдерді тауып, сатылай кешенді талдау жасатамын.
Таза, тап - таза
Сұрағы: қандай?
Тұлғасына қарай: туынды
Құрамына қарай: күрделі
Мағынасына қарай: сапалық сын есім
Шырай түрі: күшейтпелі

Автор Джаксыбаева Мунира Мейировна
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров 625
Номер материала MA-062431
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы