Главная / Начальные классы / Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сабақтың мақсаты: Шылаулар туралы алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Шылау сөздердің ерекшеліктерін білдіретін жаттығуларды орындату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

жазылу туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие беру,табиғат-анаға,ондағы құстар тіршілігіне, өсімдік дүниесіне деген жанашырлық сезімдерін ояу, отансүйгіштікке, тазалыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: техникалық құрал-жабдықтар, компьютер.

Түрі: экологиялық-ертегі сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақжауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Бағдарлау-мотивациялық кезең. Қызығушылығын ояту.

-Екі көз не үшін керек?

-Бір жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең, туған елге жету үшін.

-Балалар, біз бүгін әдеттен тыс экологиялық-ертегі сабағын өтеміз. Біз Морфология еліне саяхат сабағын өткенде қандай сөз таптарымен таныстық?

-Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу.

-Олай болса, келесі сөз табының еліне барамыз. Жол алыс. Сондықтан жол-жөнекей ертегі айтып, ертегі кейіпкерлерімен бірге сөйлесіп, пікірлесіп, бір-бірімізге көмектесіп барамыз.

Ерте, ерте ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп, 40-та кемеліне келіпті. 50- ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабағының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақасап ауырған соң амал бар ма?

-Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады. Бұтақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер, -деп терек күндіз-түні зарлай береді. Оның даусын естіп, бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.

-Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің қайда екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, -деп ұшып жөнеледі.

Көгершін ұшып келе жатып, бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп бар жайды баяндайды «терекке жақсылық жасай көр» деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ, -дейді сауысқан. Ақ көгершін одан әрі ұшып кетеді. Жолда айдын көлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді. Оған да теректі емдей көр жеп өтініш айтады. Сонда Аққу:

-Мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Менен көп құстар ақыл-кеңес сұрайды. Мен саған ақыл айтайын, ол үшін сен әуелі менің тапсырмаларымды орында, -деп тапсырма береді.

Көгершін тапсырманы алып:«Мұны қалай орындасам екен» деп қиналып,ойланып отырады.

-Балалар,сендер көгершінге көмектесесіңдер ме ?Көгершін қиналып отыр.Олай болса, тапсырмасын орындап көрейік.

1-тапсырма «Артық сөзді тап!» ойыны. Берілген сөздер қатарынан артық сөзді табыңдар.Олар қай сөз табына жататындығын анықтаңдар.Сол сөздерді теріп жазыңдар.

1.Кітап,дәптер,парта,шейін,өшіргіш.

2.Ақ,сары,да,көкшіл күрең.

3.Басады,жүреді,туралы,отырады,жазады.

4.Жиырма,елу,мен,бес,бір.

5.Мен сен,ол, және,олар.

6.Әрең,тез,үшін,асықпай,жаздыгүні.

-Ал балалар,осы сөздерге сұрақ қойып көрейікші.

1.Сұраққа жауап бере ала ма?Сұрақ қойыла ма?

2.Сұрақ қойылмаса,онда олар сөйлемде қызмет атқара ала ма?

3.Егер сөйлемде қызмет атқара алмаса,онда ол сөздердің толық мағынасы бар ма?

Сұраққа жауап бермесе де,сөйлемде қызмет атқара алмаса да,ол сөздер сөз табына жатады.

Слайдта көрсетіліп отырады.

1.Сөйлемде ешқандай қызмет атқармайды.

2.Сұрақ қойылмайды.

3.Толық мағынасы жоқ.

4.Сөз табы.

-Ал балалар ребус арқылы шешіп көрейік.

2-тапсырма.Аққудың тапсырмасы.

,,,Әтеш ,,,құлын, лақ,, ау суреті

Ш ы л ау


Сызбамен жұмыс

Шылау дегеніміз не?

Шылаулар :ма,ме,ба,бе,мен,бен,пен,және,да,де,та,те,үшін,туралы,ақ,қана,ғана,қой,

ғой

Сонымен,балалар,сендер аққудың тапсырмаларын орындадыңдар.Көгершін сендерге рақмет айтып,тапсырмалардын жауаптарын алып аққуға келеді.Аққу оған былай ақыл айтады.:

-Сен осы тоғайда үнсіз-күйсіз,жұмыссыз жүрген құстар бар,солардың бірін тап та ,өтініп көр.Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп барып,теректі емдеп берер,-дейді.Аққуды ақылын тыңдап,көгершін ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.Ол құс көгершіннің тілегін орындап,теректің құрт ауруын жазған екен.Содан бері әлгі терек жайқалып өсіп тұр екен.

-Ол қандай құс деп ойласыңдар? (тоқылдақ)

Дұрыс,айтасыңдар.Сол күннен бастап Тоқылдақ орман дәрігері болып,барлық ағаштарды

Құрттардан тазартып жүреді екен.

-Балалар сонымен тыңдаған ертегімізден қандай қорытынды шығаруға болады?

Ой тұжырымдамасы.

-Біздер де ағаштарды қамқорлыққа алып,олардың әдемі боп өсуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.


-Таза ауада дем алсақ,денсаулығымыз нығаяды.Сондықтан теректердің жайқалып өскені біздер үшін де пайдалы екенін ұмытпайық.

-Балалар,осылайша ертегімізде аяқталды,біздер ШЫЛАУ еліне келіп жеттік.

Тақырыпты,күнді,айды жазу.

Көркем жазу минуты.

Ал балалар,дәптерімізге әдемі ,көркем етіп«Тт» табиғат сөзін жазайық.

«Кім тез жазады,керекті сөзді табады?»


1-жаттығу.Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.Мен(бен,пен) қай сөйлемде шылау,қай сөйлемде қосымша болып тұр.Мен (бен,пен) шылаулары кездесетін сөздерді көшіріп жаз.


Осыдан оқушылар өздері ереже шығарады.

Мен(бен,пен) шылаулары бірыңғай екі сөзді байланыстырады да

Екеуінің ортасында бөлек жазылады..Мысалы. Жемшашарға торғай мен кептер қонақтады.


3-жаттығу.Өлеңді жатқа жазу.Мәтіндегі шылауларды бір сызықпен,жатыс септігі жалғанған сөзді екі сызықпен сыз.


-Балалар,Қазақстан дегенде көз алдымызға не елестейді?

Кең байтақ дала,айдын-шалқар көлдер,асқар биік таулар,мемлекеттік нышандар,қазақ халқының салт-дәстүр көріністері елестейді.

Сергіту сәті. Қара жорға биі

4-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,шылаулардың астын сыз.Сөйлемдегі жатыс септік жалғауы жалғанған сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр.

Ережені оқушылар өздері айтады.

Да,(де),-та,(-те) шылаулары атау септкітегі сөзбен байланысады да,бөлек жазылады.Мысалы. Балға да,балта да еңбек құралына жатады.

-да,)-де),-те,)-те) жатыс септік жалғаулары өзі жалғанған сөзбен бірге жазылады.Ондай жалғаулы сөз кейде баяндауыш,кейде тұрлаусыз мүше болады.Мысалы: Өрісте малдар дайылып жүр.Малдар күні бойы өрісте.

Әдебиеттік оқу пәнінде өткен тақырып атауларында кездесетін шылауларды айтамыз:

«Иесі мен сиырдың айтысы»,«Ара мен шыбын» т.б.

Қорытындылау.

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Не ұнады?

Қай сөз табын қайталадық ? (қағазға жазғызу)

Үйге тапсырма Ережелерді жаттау 5-жаттығу

Бағалау



Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сабақтың мақсаты: Шылаулар туралы алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Шылау сөздердің ерекшеліктерін білдіретін жаттығуларды орындату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

жазылу туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие беру,табиғат-анаға,ондағы құстар тіршілігіне, өсімдік дүниесіне деген жанашырлық сезімдерін ояу, отансүйгіштікке, тазалыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: техникалық құрал-жабдықтар, компьютер.

Түрі: экологиялық-ертегі сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақжауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Бағдарлау-мотивациялық кезең. Қызығушылығын ояту.

-Екі көз не үшін керек?

-Бір жақсылықты көру үшін.

Автор Эменова Улжан
Дата добавления 19.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 460
Номер материала MA-060435
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓