Главная / Начальные классы / Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем

Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем

Бекітемін: Үмбетқалиева.З

Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын одан әрі қалыптастыру,

бейбітшілік пен зұлымдылық арасындағы байланысты

меңгерту.                             

2. Ұлы Отан соғысына байланысты ақпараттарды оқып ізденуге, батырлар

ерліктеріне баға беруге, қорытынды жасай білуге

дағдыландыру.                                                                                                    

 3.Оқушылар бойында адамгершілік, патриоттық сезімдер қалыптастыру

арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Батырлар тағзым етуге,

құрметтеуге үйрету.                                                                  

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, слайд, суреттер т.б

Сабақтың әдісі: Ой толғау, ассоциация, топпен жұмыс, түсіндіру

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен оқу –құралдарын шығарып, оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

  • Сәлематсыздар ма, балалар?!

  • Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық.

  • Балалар, барлығын далаға қараңдаршы, күн сәулесін шашап, таң атып келе жатыр. Осы күн сәулесін кәне , барлығымыз алақанға салайық.

Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.-деп мейірімділік пен жылулықты жан-жағымызға шаша отырып сабағымызды бастаймыз.

  • Енді балалар, қолымыздағы күннің суретінің артына қараңшы. Артында сандар жазылған, сол сандар арқылы топқа бөлінеміз.

Оқушыларды топқа бөлу. Сандар арқылы бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Кім дайын?

Екі оқушыдан жатқа сұраймын. Екі оқушыға сұрақ қоя отырып, 70 саннын шығарып аламын.

70 сөзі шығару керек?

  • Бата не үшін беріледі?

  • Батаның қандай қасиеті бар?

  • 70 санны туралы не айтамыз? Оқушылар сөйлеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.

Соғыс туралы бейнебаян көру.

  • Енді балалар осы бейнеролик туралы не түйдіңдер? Қандай сезімде болдыңдар?

  • Олай болса, балалар барлығымызда соғысты жек көреміз?

  • Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қ. Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көремін» өлеңімен танысамыз.

  • Қ. Жұмағалиевтың өмірімен танысайық.

  • Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. Қаз ҰУ - ды бітірген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.

Өлеңді өзім оқып беремін.

Оқушыларға өлеңді оқыта отырып, ішінен түсініксіз сөздің астын сызу.

Дәптермен жұмыс:

Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
Ғұмыр бойы – өмір бойы.

Топтық жұмыс:

1топ. Өлеңді қара сөзбен жазу. Оқушыларға сұрақ қою.

Сұрақ: 1. Соғыс болмау үшін не істеуміз керек?

2 топ. Ұлы Отан соғысы батырларын жазу

3топ. «Соғыс» сөзіне ассоциациялық аймақ құру  .

Сергіту сәті.

Ой толғау:

1-топ: «Ақындар жырлайды» Берілген өлең шумақтарына ұйқас құрау.

2-топ: «Бейбітшілік» сөзін қалай түсінесіңдер?

3-топ: «Деректер сөйлейді» музейге саяхат.

Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.

Жақсы балалар , барлығымызда өз жұмыстарымызды қорғай отырып, бүгінгі тақырыбымызды барынша аштық деп ойлаймын. Ұлы Отан соғысы туралы менде сендерге мәлімет бере кетейін. 1941 жылыдың 22 маусымында елімізге түнгі сағат 4-те неміс әскер басып кірді. Бұл соғысқа тарихи деректерге сүйенсек, Респубиликадан 1 млн 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикамыздан еңбек армиясына 700 000 адам жіберілді. Біздің аулымыздан да соғысқа қатысқан адамдар бар екенін білеміз. Олар Жұлдызбай ата, Жиделі ата, Үсен ата, Ізімберген аталарымызды айтуға болады. Бірақ ол кісілер өкінішке орай өмірден озып кетті. Соғыс елімізге көптеген зардаптар келтірді. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. 1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды.

1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.

  • Ендеше осында отырған бәрімізде соғысты жек көреміз!

  • Олай болса бүгінгі сабағымызды «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнмен аяқтаймыз.

Қорыту:

Әр топ бір-бірін бағалау. Стикерге тілек жазып, жапсыру














Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем
  • Начальные классы
Описание:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын одан әрі қалыптастыру,

бейбітшілік пен зұлымдылық арасындағы байланысты

меңгерту.

2. Ұлы Отан соғысына байланысты ақпараттарды оқып ізденуге, батырлар

ерліктеріне баға беруге, қорытынды жасай білуге

дағдыландыру.

3.Оқушылар бойында адамгершілік, патриоттық сезімдер қалыптастыру

арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Батырлар тағзым етуге,

құрметтеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, слайд, суреттер т.б

Сабақтың әдісі: Ой толғау, ассоциация, топпен жұмыс, түсіндіру

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен оқу –құралдарын шығарып, оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Сәлематсыздар ма, балалар?!

-Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық.

-Балалар, барлығын далаға қараңдаршы, күн сәулесін шашап, таң атып келе жатыр. Осы күн сәулесін кәне , барлығымыз алақанға салайық.

Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.-деп мейірімділік пен жылулықты жан-жағымызға шаша отырып сабағымызды бастаймыз.

Автор Жақайқызы Сауле
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 330
Номер материала 58612
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓