Главная / Другое / Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Сөйлем мүшелеріне талдауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.
Түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап,
түсіндіру
Көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта, бор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу, түгелдеу.
ә) сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І, ІІ, ІІІ қатарға есімшелі, көсемшелі, тұйық етістікті мақал - мәтелдер жазып келу. Етістіктен өткенді қайталау.
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Етістік дегеніміз не? Оның неше шағы бар?
2. Осы шақтың түрлері, мысал ойлаңыз. Қалып етістіктерін атаңыз.
3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
4. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
5. Етістіктің райларын атаңыз. Жасалу жолдары.
6. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жақсы балалар, етістік жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік. Бүгінгі жаңа сабағымыз етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, сұрақтарын қайталап өтейік. (ауызша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары еске түсіріледі.)
Мұғалім: Жақсы рахмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік. (ауызша)
1. Мен биыл мектепті бітіремін.(баяндауыш)
2. Оқу - білім бұлағы.(бастауыш)
3. Білгенге – маржан, білмеске – арзан.(толықтауыш)
4. Ол күлімсіреп қарады.(пысықтауыш)
5. Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш)
Мұғалім: Тапсырмаларды ауызша орындайды. Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі.
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп баяндауыш қызметінде болады.
Сөйлем соңында келген тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларда тұрып та баяндауыш қызметін атқарады.
2. Көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
3. Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
4. Етістік есімше, тұйық етістік тұлғаларында атау септігінде келіп, заттанып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
5. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.
6. Етістік есімше немесе тұйық етістік тұлғаларында атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 216 - жаттығуға назар аударыңдар.
Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып алып, сұрақтар қою арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тақтамен жұмыс.
217 - жаттығу (Етістіктің шақтарын, райларын ажырату.), 218 - жаттығу (Етістіктерді тауып, тұлғасына қарай ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау)
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу «Етістік»
Есімше
Бастауыш
Ілік
Пысықтауыш
Толықтауыш
Есім
Көсемше
1.- ған,- ген,- қан,- кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістік.
2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістіктің қызметі қандай?
3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді?
4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі?
5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі?
6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі.
7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі?
ҮІ. Үйге тапсырма: 
Сыныпқа – 131 - беттегі пысықтауға арналған сұрақтармен ауызша жұмыс жасау, етістіктің сөйлемдегі қызметіне 5 сұрақтан тұратын тест құрап келу, 215 - жаттығуды орындау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Сөйлем мүшелеріне талдауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.
Түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта, бор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу, түгелдеу.
ә) сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І, ІІ, ІІІ қатарға есімшелі, көсемшелі, тұйық етістікті мақал - мәтелдер жазып келу. Етістіктен өткенді қайталау.
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Етістік дегеніміз не? Оның неше шағы бар?
2. Осы шақтың түрлері, мысал ойлаңыз. Қалып етістіктерін атаңыз.
3. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
4. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
5. Етістіктің райларын атаңыз. Жасалу жолдары.
6. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жақсы балалар, етістік жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік. Бүгінгі жаңа сабағымыз етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, сұрақтарын қайталап өтейік. (ауызша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары еске түсіріледі.)
Мұғалім: Жақсы рахмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік. (ауызша)
1. Мен биыл мектепті бітіремін.(баяндауыш)
2. Оқу - білім бұлағы.(бастауыш)
3. Білгенге – маржан, білмеске – арзан.(толықтауыш)
4. Ол күлімсіреп қарады.(пысықтауыш)
5. Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш)
Мұғалім: Тапсырмаларды ауызша орындайды. Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі.
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп баяндауыш қызметінде болады.
Сөйлем соңында келген тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларда тұрып та баяндауыш қызметін атқарады.
2. Көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
3. Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады.
4. Етістік есімше, тұйық етістік тұлғаларында атау септігінде келіп, заттанып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
5. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп келіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.
6. Етістік есімше немесе тұйық етістік тұлғаларында атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 216 - жаттығуға назар аударыңдар.
Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып алып, сұрақтар қою арқылы сөйлемдегі қызметін анықтау.
Тақтамен жұмыс.
217 - жаттығу (Етістіктің шақтарын, райларын ажырату.), 218 - жаттығу (Етістіктерді тауып, тұлғасына қарай ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау)
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу «Етістік»
Есімше
Бастауыш
Ілік
Пысықтауыш
Толықтауыш
Есім
Көсемше
1.- ған,- ген,- қан,- кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістік.
2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістіктің қызметі қандай?
3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді?
4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі?
5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі?
6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі.
7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі?
ҮІ. Үйге тапсырма:
Сыныпқа – 131 - беттегі пысықтауға арналған сұрақтармен ауызша жұмыс жасау, етістіктің сөйлемдегі қызметіне 5 сұрақтан тұратын тест құрап келу, 215 - жаттығуды орындау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Автор Тукенова Айгуль Имангалиевна
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 167
Номер материала MA-066242
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓