Инфоурок Иностранные языки КонспектыСабақтың тақырыбы: "Білгірлер додасы"

Сабақтың тақырыбы: "Білгірлер додасы"

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: «Білгірлер додасы» (зияткерлік сайыс)

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың  тіл туралы  білімдерін  кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын  кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде  пайдалануға үйрету.Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.
Дамытушылық: Эмоционалдытанымдық ортасын кеңейту. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық ,ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, тиянақты сөйлеу әдеттерін  жетілдіру.
Тәрбиелік: Мақалмәтелдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген  қызығушылығын  арттыру.
Көрнектілігі: слайд, сигналдық дөңгелекшелер,мақтау қағазы,бейнеролик, даналық сөздер

Сайыстың барысы:
1. Оқушылар ұжымын  ұйымдастыру
2.
Кіріспе сөзі, мақсатын түсіндіру, әділқазылар алқасын сайлау
3.
Сайыскерлердің өзінөзі таныстыруы.
4.
Ойын ережелерімен таныстыру
5.  
ІҮ турдан тұратын зияткерліктанымдық ойын.
І. Бәйге
ІІ.  Полиглот
ІІІ. Жаңғырған салт-дәстүр
ІV. Сөз ойла, тез ойла
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар ұжымы. – Тіл-өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз  ойын жеткізе алмас  еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем  тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеруҚР азаматының парызы.

Ең алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділ-қазылар алқасын таныстыру.

-------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------

Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп тұр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмындеп бүгінгі сайысты бастайық.
1. Әр
топ өзін  таныстырады.

І топ  «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»

ІІ топ «Домбыра», ұраны «Бабамның үні,бабамның тілі-домбыра»

«БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз -дей келе  біз  «БӘЙГЕ»  кезеңін бастайық.

Шарты: Топтарға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

Сұрақтар

1-                               «Фразеология» сөзінің баламасы?(Тұрақты тіркес)

2-                               Тілдің ең кіші бөлшегі? (әріп , дыбыс)

3-                               Қазақстан қашан тәуелсіздігін алды?(1991 ж 16 желтоқсан)

4-                               Елбасының халыққа жолдаған статегиясы қалай аталады? (Қазақстан-2050)

5-                               «Ақ киізге көтерді» сөзінің мағынасы? (хан сайлады)

6-                               «Лексика» сөзі қай тілден енген? (латын)

7-                               Орфографиялық норма нені қарастырады? (Сөздің дұрыс нормада жазылуын)

8-                               «Жаны зәр түбіне кету» мағынасы не? (қорқу)

9-                               Сингорманизм заңы нені қарастырады? (буын үндестігі)

10-                           Полисемантизм термині нені зерттейді? (көп мағыналық сөздерді, грек тілінен)

11-                           Тіл туралы заңымызға сәйкес қай жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді? (1989 жылы)

12-                           Қазақ тіліндегі жалғау түрлерін атап беріңіз? (көптік, жіктік, тәуелдік, септік)

13-                           Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын ұлттық ойыны? (Ақсүйек)

14-                           Атақты «Құлагер» поэмасы кімнің еңбегі? (І.Жансүгіров)

15-                           Әл-Фараби өмірге келген қала? (Отырар)

«Полиглот»

Шарты: Әр топқа жеке-жеке  мақал-мәтелдер оқылады. Осы мақал-мәтелді сіздер толықтырып, тапқан сөздеріңізді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтасыздар.Ұпай саны 10-мен бағаланады . Толық болмаған жағдайда ұпай жартысы шегеріледі.

1.     Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер

Атадан ... ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер  (жаман, плохой, bad)

2.     ... ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді  (Алтау, шесть,six)

3.     ... көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды (досы, друг,friend)

4.     ... өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі (қыз,девочка,girl)

5.     ... тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады (тіл, язык,language)

6.     ... таумен кездеспейді,

Адам адаммен кездеседі (тау, горы, mountine)

7.     ... сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді (сөз, слова,  word)

8.     Қына тасқа бітеді,

... басқа бітеді  (білім, знания,    knowledge )

9.     ..... қылды қақ жарған (қара, черный, black)

10. Ел  қонбаса - ... азады,

Жер болмаса- ер азады  (жер, земля,   world )

«Жаңғырған салт-дәстүрлер»

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын – деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.

 

Шарты: Екі топқа да мәтін оқылады. Ал, сіздер осы мәтіннен қандай салт-дәстүр кездесетінін және қай шығармадан алынғандығын анықтауларыңыз керек.

1.     – Сенің сегіз қызын бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын,-деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? («Ер Төстік» ертегісі, құда түсу)

2.     –Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп- мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш ,-деп хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады. («Аяз би» ертегісі, енші беру)

3.     –Алтынмен ішін безеген,

Сырты күміс ақ отау

Келістіріп түзеген

Арттыруға сайланды

Қырық түйе қазына,

Қырық құл мен қырық күң,

Қосып берді қызына   («Ер Төстік» ертегісі, жасау беру)

4.     Балаға таңсық болып жүрген байғұс,

Үйіне алып келіп қылды тойды

Туғандай тумаса да қылайын деп,

Кім деп ол баласының несін қойды?  («Алпамыс батыр» жыры, азан шақырып ат қою)

5.     Балталы, Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы,балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!   («Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры, қоштасу)

6.     Өлім деген тәңір иесі,

Желіккен құлан өңгісі

Құлан мен тұлпар желіккен, жосыған құлан желіккен,

Балаңды шайнап өлтіріп,

Жұлмалап жалмап кетіпті   («Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту)

«Сөз ойла, тез ойла»

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім - демекші, болшағымыз да, келешекке үміт артқан жастарымыз да өздеріңсіздер! Біз достығы мен ынтымағы жарасқан, тәуелсіз «ҚАЗАҚСТАН» атты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ендеше, сайысымызды осы елімізбен сабақтастыра отырып, ойынымыздың келесі «Сөз ойла, тез ойла» атты бөлімін бастайық.

Шарты. Екі топ басшылары ортаға шығып, «қазақстандықтар» деген сөздегі әріптерді колдана отырып,  бірнеше сөздер құрастыру керек. 

(қазақ, ас,тақ,тас,тандыр,қазы,тары,арық,ар,ата,қаз,ара,нар,атан,тана,асық,ық,ыс, Қазақстан, тарақ,сандық,сан,қатар,қақ,ат,қасық,ана,зат,атыз,сатқын т.б.)

Ал, екі топ «Ана тілі-жүрек үні» атты тақырыпта шағын мәтін жазады.

Топтар дайын болғанға дейін көрермендермен ойын ойналады. Логикалық сұрақтар жасырылады.

1.     Дүниедегі ең шапшаң не? (Ой-қиял)

2.     3 түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

3.     Кім барлық тілде сөйлей алады? (Жаңғырық)

4.     Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (Іші толы бөшкеге)

5.     Қазанның ішіне не симайды? (Қазанның қақпағы)

6.     Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)

7.     Ағаш басында 8 торғай отыр. Оның 2-еуін Сотқарбек атып алды.Ағаш басында қанша торғай қалды? (0)

8.     Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (Аспан суреті судан көрінген кезде)

Топ басшыларының сөздері оқылып, тексеріледі. Ал, мәтін жазбаша түрде әділ-қазы алқаларына тапсырылады.

Қорытынды шешім дайын болғанға дейін Қазақстан еліміз жайлы қысқаша бейнероликті тамашаласақ.

1.     «Тіл – ұлттың басты негізі»

Сөз кезегі әділ-қазалар алқасына беріледі.

(Жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталады)

Мұғалім: Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл

Қасиетті тіліміздің мәнін біл

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,- демекші, ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған Қазақстанның білімді де, отансүйгіштік рухы биік ұл-қызы болып өсе беріңіздер! Әрқашан басымызға қара бұлт төнбей, тек көк туымыз көк аспанда желбірей берсін! Барғаңызға көп рахмет!

«Көк тудың желбірегені» әні қойылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: "Білгірлер додасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«БӘЙГЕ»Қарап тұрмай бәйгеге еріңізШәкірттерге әділ шешім беріңізЖүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарарБәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық.Шарты: Топтарға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланадыСұрақтар 1-«Фразеология» сөзінің баламасы?(Тұрақты тіркес)2-Тілдің ең кіші бөлшегі? (әріп , дыбыс)3-Қазақстан қашан тәуелсіздігін алды?(1991 ж 16 желтоқсан)4-Елбасының халыққа жолдаған статегиясы қалай аталады? (Қазақстан-2050)5-«Ақ киізге көтерді» сөзінің мағынасы? (хан сайлады)6-«Лексика» сөзі қай тілден енген? (латын)7-Орфографиялық норма нені қарастырады? (Сөздің дұрыс нормада жазылуын)8-«Жаны зәр түбіне кету» мағынасы не? (қорқу)9-Сингорманизм заңы нені қарастырады? (буын үндестігі)10-Полисемантизм термині нені зерттейді? (көп мағыналық сөздерді, грек тілінен)11-Тіл туралы заңымызға сәйкес қай жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді? (1989 жылы)12-Қазақ тіліндегі жалғау түрлерін атап беріңіз? (көптік, жіктік, тәуелдік, септік)13-Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын ұлттық ойыны? (Ақсүйек)14-Атақты «Құлагер» поэмасы кімнің еңбегі? (І.Жансүгіров)15-Әл-Фараби өмірге келген қала? (Отырар)«Полиглот»Шарты: Әр топқа жеке-жекемақал-мәтелдер оқылады. Осы мақал-мәтелді сіздер толықтырып, тапқан сөздеріңізді үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтасыздар.Ұпай саны 10-мен бағаланады . Толық болмаған жағдайда ұпай жартысы шегеріледі. 1.Атадан жақсы ұл туса,Есіктегі басын төрге сүйрерАтадан ... ұл туса,Төрдегі басын жерге сүйрер(жаман, плохой, bad)2.... ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді(Алтау, шесть,six)3.... көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды (досы, друг,friend)4.... өссе елдің көркі,Гүл өссе жердің көркі (қыз,девочка,girl)5.... тас жарады,Тас жармаса, бас жарады (тіл, язык,language)6.... таумен кездеспейді,Адам адаммен кездеседі (тау, горы, mountine)7.... сүйектен өтеді,Таяқ еттен өтеді (сөз, слова,word)8.Қына тасқа бітеді,... басқа бітеді(білім, знания,knowledge )9...... қылды қақ жарған (қара, черный, black)10.Елқонбаса - ... азады,Жер болмаса- ер азады(жер, земля,world )«Жаңғырған салт-дәстүрлер»Мәңгі бақи есте қаларҒажайып бір сайыс болсынБілімдірек шәкірт озарҚиынырақ сұрақ болсын – деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.Шарты: Екі топқа да мәтін оқылады. Ал, сіздер осы мәтіннен қандай салт-дәстүр кездесетінін және қай шығармадан алынғандығын анықтауларыңыз керек. 1.– Сенің сегіз қызын бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын,-деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? («Ер Төстік» ертегісі, құда түсу)2.–Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп- мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш ,-деп хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады. («Аяз би» ертегісі, енші беру)3.–Алтынмен ішін безеген,Сырты күміс ақ отауКелістіріп түзегенАрттыруға сайландыҚырық түйе қазына,Қырық құл мен қырық күң,Қосып берді қызына («Ер Төстік» ертегісі, жасау беру)4.Балаға таңсық болып жүрген байғұс,Үйіне алып келіп қылды тойдыТуғандай тумаса да қылайын деп,Кім деп ол баласының несін қойды?(«Алпамыс батыр» жыры, азан шақырып ат қою)5.Балталы, Бағаналы ел, аман бол!Бақалы,балдырғанды көл, аман бол!Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!(«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры, қоштасу)6.Өлім деген тәңір иесі,Желіккен құлан өңгісіҚұлан мен тұлпар желіккен, жосыған құлан желіккен,Балаңды шайнап өлтіріп,Жұлмалап жалмап кетіпті(«Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту)«Сөз ойла, тез ойла»Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашаққа бастаған дана тілім - демекші, болшағымыз да, келешекке үміт артқан жастарымыз да өздеріңсіздер! Біз достығы мен ынтымағы жарасқан, тәуелсіз «ҚАЗАҚСТАН» атты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ендеше, сайысымызды осы елімізбен сабақтастыра отырып, ойынымыздың келесі «Сөз ойла, тез ойла» атты бөлімін бастайық. Шарты. Екі топ басшылары ортаға шығып, «қазақстандықтар» деген сөздегі әріптерді колдана отырып,бірнеше сөздер құрастыру керек.(қазақ, ас,тақ,тас,тандыр,қазы,тары,арық,ар,ата,қаз,ара,нар,атан,тана,асық,ық,ыс, Қазақстан, тарақ,сандық,сан,қатар,қақ,ат,қасық,ана,зат,атыз,сатқын т.б.)Ал, екі топ «Ана тілі-жүрек үні» атты тақырыпта шағын мәтін жазады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.09.2020 385
    • DOCX 30.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Волкова Марина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Волкова Марина Владимировна
    Волкова Марина Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79785
    • Всего материалов: 210

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания немецкого языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 68 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 814 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек