Главная / География / Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы

Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы

Сабақтың тақырыбы:  Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы

9 сынып

Сабақтың мақсаты : білімділік: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы  туралы  білімдерінің негізінде, ауданның өнеркәсібі  мен  шаруашылығының  маманданған салалары  туралы түсіндіру.

  дамытушылық : Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, шаруашылығына дұрыс  баға беруге, қосымша деректерді, оқулықтағы сурет, сызба-схема, кестелерді атлас, картаны  пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. 

тәрбиелік: оқушыларды  патриоттық, экологиялық, туған ел байлығын қорғап қадірлей білуге тәрбиелеу. Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен  шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың оқыту әдісі: Жеке, жұптық, ұжымдық, СТО әдісі « ДЖИГСО»  

Сабақтың көрнекілігі: 9-сыныпқа арналған атлас , Қазақстанның экономикалық картасы, дидактикалық, материалдар, интерактивтік тақтаны пайдалану, интернет слайдтары қосымша ізденіс материалдары.                                                                                                  Күтілетін нәтиже: 1.Сабақ соңында   оқушылар  экономикалық ауданның  ЭГЖ мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы  туралы ой бөлісе алады.

2.  Ауданның маманданған салаларына сипаттама бере алады. 

3. Өнеркәсіп орындарын картадан көрсете алады.

Сабақтың барысы:                                                                                                                          

 1.Ұйымдастыру бөлімі:  сынып оқушыларын   Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау  қалаларының  суреттерін   таңдату  арқылы сыныпты  4 топқа бөлеміз, әр топ өзінің   топ басшысын   сайлайды.  Топқа бағалау парағы үлестіріледі,  топ басшысы  бағалау парағына  оқушының  аты-жөнін    жазады, бағалап отырады.

Үй тапсырмасын  тексеру. Тест

Жаңа сабақты  меңгеру. Қызығушылықты ояту кезеңі. (  Орал, Ақтөбе, Атырау; Ақтау қалаларының  негізгі маманданған салалары мен  өнеркәсіп тораптарының орталықтары туралы слайд , презентация түрінде  көрсетіледі). Кластер  стратегиясын  қолдану арқылы оқушылардың қызығушығын оята отырып тақырыпты ашу.1.Батыс Қзақстан  экономикалық ауданының табиғат  жағдайы  шаруашылықтың қандай түрін  дамытуға қолайлы?2. Аудан қандай  кен орындарына  бай?3. Батыс Қазақстан  экономикалық ауданы  өнеркәсіптің қандай салаларына маманданған?4. Қай облыста мұнай көп  өндіріледі?

Мағынаны тану кезеңі. « ДЖИКСО» әдісімен әрбір топқа мәтіндер үлестіріледі, топ басшылары өз тобына түсіндіріп болғаннан кейін,  келесі топқа түсіндіреді.

1 топ - Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсібі, маманданған салалары

2 топ -  Ауыл шаруашылығы , тамақ және жеңіл өнеркәсіптері

3 топ  - Темір жол , құбыр, автомобиль, өзен, теңіз , әуе көліктері .

4  топ -  Қалалары негізгі маманданған өнеркәсіп салалары,

даму проблемасы және болашағы, экологиясы.

Сонында әрбір топ өз тақырыбын топта талқылап алып,  топтан  1  оқушы шығып қорғайды.

 Қорғау тәртібі:

1. Уақытқа бағыну (әр топ 3-4 мин)

2. Жаңашыл болу

3. Проблемалық жағдайына тоқталу

4. Қазақстанның экономикасына қосар үлесін дәлелдеу.

(ірі қалаларына сипаттама беру үшін статистикалық мәліметтер, күнделікті газет-журналдан,интернеттен алынған соңғы деректер пайдаланылу керек)

Топтық  практикалық жұмыс.1 топтың  тапсырмасы: Оқулықтың (233 бет, 135 – суретті) пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Халықтың көбі қай салада жұмыс істейді?

2.Қай облыста адамдар ауыл шаруашылығында көбірек жұмыс жасайды? Карта мен атластан  табыңдар.

2 топтың тапсырмасы: Батыс Қазақстанның пайдалы қазбаларының кенорындарын карта мен оқулықты пайдаланып ( 148-сурет)  табыңыздар.

Қай облыстарда кездесетінін анықтаңдар.3 топ тапсырмасы: Батыс Қазақстандағы ең ірі облысты анықтап,(оқулықтың  272 бет, 148 -суретті )пайдаланып, картадан өнер кәсіпорындарын көрсетіңдер. 4 топтың тапсырмасы: 16-кестені зер сала отырып анықтаңтар.

1. теңіз көлігімен қандай  жүк түрі тасымалданады?

2. жүктің қайсы түрінің тасымалдау көлемі көбейген?

Топтық практикалық жұмысты  әрбір топта  талдап орындайды да ,  топтан 1 немесе 2  оқушыдан шығып қорғайды.

ll. Ой толғаныс кезеңі.

    Қорытынды тест.

1. Батыс Қазақстанның маманданған салалары?

а)мұнай мен газ өндіру  в)түсті металлургия  с)электр энергетикасы  д) машина жасау е) химия

2.Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы қосымша сала

а)көмір в) мұнай газ химиясы с) тоқыма д) машина жасау  е) балық өңдеу

3.Рентген аспабын шығаратын қала?

а)Ақтөбе  в)Атырау с)Ақтау д) Орал е) Жаңажол

4.Мал шаруашылығы салаларының арасында біршама дамығаны

а)қой мен марал шаруашылығы   в) қой мен ірі қара шаруашылығы  с) құс пен шошқа шаруашылығы д) түйе және жылқы шаруашылығы  е) құс және жылқы шаруашылығы

5.Хром мен никель өндіретін  облыс

а) Атырау   в) Ақтау   с) Орал д) Ақтөбе е)барлығы 

Тест жауаптары

1- а   2- д   3- а   4- в   5- д

Бағалау:                     

5+ “5”   4+ “4”   3+ “3”   2+ “2”

 Топ басшылыры  бағалау парағын мұғалімге тапсырады.

Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні

Жеке жұмыс

Топпен жұмыс

Бағасы

1.

2.

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:§ 28 оқу . Кескін картаға Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсіп орындарын түсіру.



Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясы
  • География
Описание:

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың оқыту әдісі:Жеке, жұптық, ұжымдық, СТО әдісі « ДЖИГСО»

Сабақтың көрнекілігі:9-сыныпқа арналған атлас , Қазақстанның экономикалық картасы, дидактикалық, материалдар, интерактивтік тақтаны пайдалану, интернет слайдтары қосымша ізденіс материалдары. Күтілетін нәтиже: 1.Сабақ соңында оқушылар экономикалық ауданның ЭГЖ мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы ой бөлісе алады.

2. Ауданның маманданған салаларына сипаттама бере алады.

3. Өнеркәсіп орындарын картадан көрсете алады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: сынып оқушыларын Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларының суреттерін таңдату арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз, әр топ өзінің топ басшысын сайлайды. Топқа бағалау парағы үлестіріледі, топ басшысы бағалау парағына оқушының аты-жөнін жазады, бағалап отырады.

Үй тапсырмасын тексеру. Тест

Жаңа сабақты меңгеру. Қызығушылықты ояту кезеңі. ( Орал, Ақтөбе, Атырау; Ақтау қалаларының негізгі маманданған салалары мен өнеркәсіп тораптарының орталықтары туралы слайд , презентация түрінде көрсетіледі). Кластер стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушығын оята отырып тақырыпты ашу.1.Батыс Қзақстан экономикалық ауданының табиғат жағдайы шаруашылықтың қандай түрін дамытуға қолайлы?2. Аудан қандай кен орындарына бай?3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы өнеркәсіптің қандай салаларына маманданған?4. Қай облыста мұнай көп өндіріледі?

Мағынаны тану кезеңі. « ДЖИКСО» әдісімен әрбір топқа мәтіндер үлестіріледі, топ басшылары өз тобына түсіндіріп болғаннан кейін, келесі топқа түсі
Автор Борамбаева Майра Малдыбаевна
Дата добавления 02.12.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров 565
Номер материала MA-062894
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓