Главная / Иностранные языки / Сабақтың тақырыбы: "Қансонарда бүркітші шығады аңға"

Сабақтың тақырыбы: "Қансонарда бүркітші шығады аңға"

Сабақтың тақырыбы: «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

Сабақтың мақсаты:а) білімділік:  Абайдың поэзиясы туралы білім бере отырып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін оқыту.

ә)  дамытушылық: оқушылардың эстетикалық танымын ояту, өз беттерінше ізденуге , зерттеуге үйрету;

б) тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты  құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақ әдісі: СТО технологиялары арқылы талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: түрлі слайдтық суреттер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, биология, жаратылыстану, этнопедагогика.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабаққа аударып, қажетті құрал-жабдықтарының болуын ескерту.

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Махамбет Өтемісұлы кім?(Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында Бекетай деген жерде дүниеге келген. Махамбет он ағайынды болған. Оның ақындық ,шешендік дарыны елге ерте танылады. Ол жас кезінен батыр, палуан ,мерген , домбырашы, ақын атанады ). 

2. Махамбеттің Исатайға арналған қандай өлеңдері бар?( «Тарланым», «Қызғыш құс», «Есіл ер», «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар күн», «Исатай деген ағам бар»).

3. Махамбеттің «Тарланым» өлеңін және өздері қалаған бір өлеңін жатқа айту. («Ереуіл атқа ер салмай», «Мінкен ер», «Мұнар күн», « Ұлы арман» т.б)

Әдебиет зерттеушісі З.Қабдолов Махамбет туралы былай деген:

Махамбет-Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры, Махамбет есімі –өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-«қазақ» сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап –таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз , басқа жер бетіндегі елдің өлең-жырында жоқ.

Ендеше біз бүгін XIX ғасырдың Махамбеттей ірі өкілі- Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын және оның «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен танысамыз.

I. Қызығушылықты ояту.(Слайдтан Абайдың портреті көрсетіледі. Балалар сендер мына портреттегі тұлғаны танисыңдар ма? Абай туралы не білеміз? Олай болса , ол туралы не білетінімізді топтастырайық. (Оқушыларға парақ үлестіріледі. Соңында слайдтан ассоцация үлгісі көрсетіледі. Оқушылардың жазғанымен салыстырылып, толықтырылады)

-Оқушылар , ақынның қандай өлеңдерін білеміз?

-Абай атамыз жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған, оны білеміз бе?(Интерактивті тақтадан жыл мезгілдерінің суреті көрсетіліп, өлеңдерінен үзінді сұрау)

Абай өзі өмір сүрген дәуірді, сол өмірдің бел-белестерін , асу-еңістерін көз алдына елестете суреттей білген ақын. Абай поэзиясы –әсемдіктің мөлдір бұлағы. Соның бірі-аңшылық өнеріне арналған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген лирикасы.

II.«Ойқозғау» стратегиясы.

-Балалар, аңшылық өнеріне байланысты қандай аңшы құстарды білесіңдер?( аңшы қүстар-қарақұс, дала қыраны, ителгі, тұрымтай, қырғи)Бұл құстардың барлығы- алғыр, қыран, көреген, жыртқыш құстар.

-Қазақ халқының дәстүріне ,  салт-санасына ,тіршілігіне , кәсібіне сай өнердің қандай түрлерін білесіңдер?(салт-дәстүр: 1)көкпар, 2) аударыспақ, 3) ат бәйгесі, 4) асық ойнау, 5) күрес, 6) алтыбақан, 7) қыз қуу, 8) теңге ілу.

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз өнер тақырыбына, оның ішінде аңшылық өнеріне арналады.

Саятшылық өнері дегеніміз не? Саяткерлердің сұңқар мен қаршығаға үйрек пен қаз алдыру, қақпан, тұзақ құру, лашынға қоян алдыру, түлкі мен қасқырды бүркітке алдыруы ең сүйікті істердің бірі болып саналады. Бұл бір жағынан ата-дәстүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де жатады.

Қансонар дегеніміз не? Саятшылық адамды сыншылдыққа үйретеді. Саятшылық –серілік кәсіп әрі спорт өнері.  Негізінен құсты күз бен қыста аң аулауға салған дұрыс. Қансонар- жер бетіне жаңа қар түскен шақ, бұл кезде аңның ізі айқын көрінеді. Қансонар –аң аулауға ең қолайлы мерзім. Сол үшін аңшылар қансонарды күтіп, пайдаланып қалуға тырысады.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін бір оқушы мәнерлеп оқиды.

II. « Түсініктеме күнделігі» стратегиясы.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

III. «Мағынаны тану» стратегиясы.

Өлеңді оқушыларға оқыту, талдату.

Әр оқушы бір-бір шумақтан оқып, қара сөзбен қысқаша мазмұнын айтып, сол бөлімге ат қояды.

1-шумақ: Қансонарда бүркітші шығады аңға,

              Тастан түлкі табылар аңдығанға,

              Жақсы ат пен тату жолдас –бір ғанибет

              Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Бұл бөлімнің аты-«аңға шығудың шарты»

(Әрі қарай оқушыларға оқытып, көмек ретінде слайдтан бөлімдердің атын көрсету)

Біз алдыңғы сабағымызда теңеу, эпитет дегеніміз не екенін айттық. Ал енді тағы бір айшықтаудың түрі  антитеза(шендестіру) дегеніміз- бір –біріне кереғар құбылыстарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр- сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару.

Шығармадан эпитет, теңеу, шендестірулерді табу. Эпитеттер: «қыран құс», «қыран паң», « қанды көз" т.б.  Теңеу: «таудан жиде тергендей», 

IV. «Ойтолғау» Аңшылықтың пайдасы қандай деп ойлайсыңдар?

Аңшылық- тату жолдас, таза ауа, қимыл-қозғалыс, ойың бөлінеді, табиғатты сүйесің, табиғаттың қыр-сырын ұғасың, ас, салауатты өмір-салты, өнер, қызық, т.б.

Қазіргі кезде адамдардың табиғат аясына шығып қызықтауы, табиғатпен үндесіп өмір сүруі азайып бара жатыр. Табиғат аясына шыққан жағдайда да табиғатты ластап кетеді. Осы жағдайларды ескерте, аңшылықтың адам денсаулығына тигізер зор пайдасы бар екендігін , бос уақытыңды тиімды пайдалану екендігін ұғындыру керек. Тату жолдаспен табиғат аясында бір сәт бойыңды жазып, таза ауа жұтып, аң-құсты қызықтап келгеннің өзі- бір ғанибет!

Қорытынды: Сонымен, біз бүгін Абай Құнанбайұлының  қандай өлеңімен таныстық? Ол өлеңнен нені байқадық?

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. «Түлкі алған бүркіт» тақырыбынад сурет салу.

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: "Қансонарда бүркітші шығады аңға"
  • Иностранные языки
Описание:

Автор Джаксыбаева Мунира Мейировна
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров 559
Номер материала MA-062433
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓

Похожие материалы