Главная / Биология / сабақтан тыс іс шара жоспары "Көктемді қондырып қанатына"

сабақтан тыс іс шара жоспары "Көктемді қондырып қанатына"


Көктемді қондырып қанатына

ХХІ ғасыр жас қырандары

Интеллектуалдық олимпиада

Ахметова Рахила Қабылқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша»КММ

Мақсаты:

  • Құстар күні мерекесін өткізе отырып,оқушыларды құстарды аялап қорғауға, күтуге ықыластарын арттыру.

  • Құстардың сыртқы бейнесі,тіршілігі, қоректенуі туралы білімдерін дамыту.

  • Адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

  • Іріктеу бөлімі


  • “Бәйге”


  • “Жалғасын тап”


  • “Жеті жұмбақ”


  • “Көкпар”


  • “Тапқырлық”

Іріктеу бөлімі
Жұмбақтарды шешу

1. Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)

2. Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала

Бұл қай құс? (Сауысқан)

3. Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй салады. (Қарлығаш)


4. Қара арғымақ мінгенім,

Қыр айнала жүргенім.

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш ілгенім (Бүркіт)

5. Өзі суда жүзеді ,

Алқымында дорбасы.

Балықтарды сүзеді

Жиған терген сонда асы (Бірқазан)

6.Бір құс бар,үлпілдеген жүні жұмсақ,

Тұяғы бейне болат алмас пышақ.

Тұмсығы имек, көрмейді көзі күндіз,

Шарықтап көкті кезіп,түнде ұшад. (Үкі)

Бәйге

1.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?

2.Қандай құс хат тасушы атанған?

3.Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?

4.Құстың негізгі мекені?

5.Қай құста мүлде ұя болмайды?

6.Дүниедегі ең кішкене құс?

7.Құстарды зерттейтін ғылым саласы?

8.Құстардың өңешінің кеңейген жері қалай аталады?

9.Құс аналығының атауы?

10.Құс аталығының атауы?

11.Мүшел жыл санауға кірген құс?

12.Қазақстанда қоқиқаз қорғалатын қорық?

13.Асыранды құстарды қолдан өсіру қалай аталады?

14.Құстардың дене температурасы?

15.Бұдан 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі?

Жауаптары:

  1. Бүркіт

  2. Көгершін

  3. 960 рет

  4. Ұя

  5. Көкек

  6. Колибри

  7. Орнитология

  8. Жемсау

  9. Мекиен

  10. Қораз

  11. Тауық

  12. Қорғалжың

  13. Құс шаруашылығы

  14. +41; +43

  15. Көнеқұс (Архиоптрикс)


Жалғасын тап

1. Ақ сұңқар құстың баласы.... ( Алдына қоймай жем жемес)

2. Өлеңге енсе,сөз сұлу..... (Аққу жүзсе көл сұлу)

3. Аспандағы тырнадан...... (Қолдағы бозторғай артық)

4. Тауықты тойындыра алмайсың.... (Қызды киіндіре алмайсың)

5. Екі қарға таласса..... (Бір құзғынға жем болар)

6. Қарға баптанып сұңқар болмас.... (Есек мақтанып тұлпар болмас)

Жеті жұмбақ (дұрыс жауап 10 ұпай)


1

2

3

4

5

6

7

8

9


№1

  • Қыран құстың қоразы қалай аталады? (Шәулі)

№2

  • Он жастағы бүркіттің аты? (Барқын)

№3

  • Қыран құстың мекиені қалай аталады? (Ұябасар)

№4

  • Тауды, даланы мекендейтін ірі қыран құс? (Бүркіт)

№5

  • Тосын сыйлық.

Құттықтаймыз!

№6

  • Қыран құстың балапаны қалай аталады? (Ақ үрпек)

№7

  • Өлексе жемтікке үйір ірі жыртқыш құс? (Қарақұс)

№8

  • Арабтар контрабандалық жолмен шетелге көбірек әкететін құс? (Сұңқар)

№9

  • Балақ жүні сарғыш, аңға көп машықтанған алғыр қыран құс? (Сарбалақ)

Көкпар
(Өлеңнің атын, авторын,жалғасын тап)

1

Қараторғай,қарлығаш, тырналарым.


Қашан бізге әкелер жыл хабарын?..

Жауабы:

Қашан келер зергерлер аққу, қаздар,

Әшекейлеп көлдерін, жылғаларын.

Аты: «Үлпілдеген, үрпиген үкім менің»

Авторы: Мұқағали Мақатаев

2

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан.

Құс едің ғой, кең далама бауыр басқан...

Жауабы:

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым,

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым

Аты. «Бозторғайым»

Мәтіні: Бәкір Тәжібаевтікі; Әні: ЕскендірХасанғалиевтікі

3

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы...

Жауабы:

Ал адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде (жылай да алмай)2 қалады.

Аты: «Құстар қайтып барады»

Мәтіні: Тұманбай молдағалиевтікі Әні: Нұрғиса Тілендиевтікі

4

Қара бауыр қасқалдақ,

Қайда ұштың пыр-пырлап ай...

Жауабы:

Сазың қалды сәбидің

Еңбегіндей былқылдап, ай

Аты. «Қасқалдақ»

Мәтіні. Есенғали Раушановтікі; Әні: Лесбек Амановтікі

Тапқырлық

№1

Құстардың табиғаттағы пайдасы

№2

Құстардың адам өміріндегі маңызы

Қорытынды:

Жеңімпазды құттықтау


сабақтан тыс іс шара жоспары "Көктемді қондырып қанатына"
  • Биология
Описание:

u Құстар күні мерекесін өткізе отырып,оқушыларды құстарды аялап қорғауға, күтуге ықыластарын арттыру.

u Құстардың сыртқы бейнесі,тіршілігі, қоректенуі туралы білімдерін дамыту.

u Адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.Құстардың табиғаттағы алатын орны ерекше сондықтан да оларды күтіп ,баптап, әрдайым қорғап жруіміз керек.

Автор Ахметова Рахила Кабыловна
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 421
Номер материала MA-064495
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓