Главная / Физика / Сабақ жоспары «Тұрақты электр тогы»

Сабақ жоспары «Тұрақты электр тогы»

Сынып: 10А сынып. Пәні: Физика. C:\Users\MARKAN\Desktop\Рисунок1.jpg

Мұғалімі: Қанат Дәркен Кәменқызы. Балқаш қаласы. №8 орта мектеп.

Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша тұрақты токтың пайда болу шарттарын, электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші туралы,тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңдарын, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, Кирхгоф ережелері, токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңдары жөнінде оқушылардың алған білімін жинақтап, дамыту.

Дамытушылық Алдыңғы тарауда өткен білімдеріне сүйене отырып,

тұрақты электр тогы тарауымен салыстырып, алған

білімдерін топтасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге,

одан әрі тереңдетіп, дамыту

Тәрбиелік Ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу,

жауапкершілікке, іскерлікке үйрету.

Көрнекіліктер Тірек-сызба белгілері, кесте, электрондық оқулық.

Пәнаралық байланыс Информатика, химия, биология, технология

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім (үй тапсырмасын тексеру/таратпа

материалдар арқылы оқушылардың алған білімдерін

тексеру)

Біздің сабағымыз 7 модульге немесе 7 сабаққа бөлінген. Бүгін 5-ші сабақ білімді бекітіп, қорытындылау сабағына көшеміз. «Тұрақты электр тогы» тарауының модулі төмендегідей:

Модульдің құрылысы

Сағат саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе бөлім

1-сабақ

1) Модульдің құрылысын түсіндіру

5 минут

Оқушылар дәптерге жазады



2) Тақырыптың міндеті мен мақсаты түсіндіру

5 минут

3) Тірек сызба схемасы бойынша сабақ барысын түсіндіру

35 минут

Сөйлеу бөлімі (диалогтық)

2-сабақ

«Бақытты сәт» ойыны

45 минут

Топ

бойынша жұмыс


3-сабақ

Зертханалық жұмыс

45 минут

4-сабақ

Зертханалық жұмыс

45 минут

5-сабақ

Танымдық ойын (тарау бойынша қорытындылау

45 минут

Қорытынды бөлім

6-бөлім

Тарауды қорытындылау

45 минут


7-сабақ

Сынақ жұмысы

45 минут

Кіріспе (3 минут)

  1. Сабақ мұғалімнің мақсатын түсіндірумен басталады. Басқа сабақтардан ерекшелігі – оқушылар деңгейлік тапсырмаларын өз қалаулары бойынша таңдайды. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар алдында тапсырма көрсетілген оқу материалы (компьютерде, партада) жатады. Сабақ үш бөлімнен тұрады (білімді сынау, тест, эксперименттік). Оқушылардың жауабын сараптаушы үш оқушы болады.

Сабағымыздың І бөлімі (14+1 минут). Таратпа материалдар арқылы үй тапсырмасын тексеру.

І бөлімнің мақсаты: Эксперименттік үй тапсырмаларын тексеру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда табиғи қабілеттерін шығармашылық деңгейге көтеру (20 ұпай).

І бөлімде «Біліміңді сынап көр» атты танымдық ойын ойналады. Әрбір топ деңгейлер бойынша ОЭ парақтарында жеке-жеке тапсырмалар алып орындайды. ІІІ деңгейге «Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша проблемалық сұрақтар, ІІ деңгейге компьютерден «Электронды оқулықтағы» жаттығу есептері, І деңгейге эксперименттік үй тапсырмаларына байланысты жоба қорғау жұмыстары ұсынылады. І бөлімнің соңында ОЭ парақтарын сарапшылар тексеріп, бағалаушы бағасын қояды.


Сабағымыздың екінші бөлімі (3+1 қорытынды = 4 минут).

  1. ІІ бөлімнің мақсаты.Электр тогы, электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші, тұрақты токтың болу шарттары, тізбек бөлігі және т олық тізбек үшін Ом заңдары, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, токтың жұмысы мен қуаты туралы білімдерін тест арқылы тексеру. Әр компьютерден және ОЭ парақтарынан тест сұрақтары беріледі. Тест соңында сарапшылар жинап алып, тексеріп, бағалаушы бағасын қояды.

Сабағымыздың үшінші бөлімі (15 минут).

  1. Сабағымыздың ІІІ бөлімінде оқулықтағы «Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы» №6 зертханалық жұмысты демонстрациялық және компьютерден электрондық вариант нұсқасында орындау ұсынылады. Тапсырмалары компьютерде және таратылған ОЭ парақтарында көрсетілген. Екі топтың зертханалық жұмыстарының орындалу қорытындысын қарай отырып сараптап, сарапшылар саралағаннан кейін бағалаушы әрбір оқушының сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай бағалау критерилері бланкасын толтырады.

Сонымен біз тұрақты электр тогы тарауының басты маңызды мәселелеріне тоқталдық. Мұғалімнің қорытындысы (электрондық оқулықтан) – 3 минут.

Үйге тапсырма: § 9, 1-9.8 мазмұндап оқу. Келесі сабақ эксперименттік есептер шығаруға дайындалу.


Сабақ жоспары «Тұрақты электр тогы»
  • Физика
Описание:

Сынып:  10А сынып.  Пәні: Физика.

Мұғалімі: Қанат Дәркен Кәменқызы. Балқаш қаласы. №8 орта мектеп.

Сабақтың тақырыбы:  «Тұрақты электр тогы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша тұрақты токтың пайда болу шарттарын, электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші туралы,тізбек  бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңдарын, өткізгіштерді тізбектей және  параллель жалғау, Кирхгоф ережелері, токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңдары жөнінде  оқушылардың алған білімін жинақтап, дамыту.

Дамытушылық      Алдыңғы тарауда өткен білімдеріне сүйене отырып,  

                                 тұрақты электр тогы тарауымен салыстырып, алған  

                                 білімдерін топтасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге,

                                 одан әрі тереңдетіп, дамыту

Тәрбиелік               Ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу,

                                 жауапкершілікке, іскерлікке үйрету.

Көрнекіліктер           Тірек-сызба белгілері, кесте, электрондық оқулық.

Пәнаралық байланыс  Информатика, химия, биология, технология

Сабақ барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі

                                ІІ. Негізгі бөлім (үй тапсырмасын тексеру/таратпа  

                                     материалдар арқылы оқушылардың алған білімдерін  

                                     тексеру)

Автор Қанат Дәркен Кәменқызы
Дата добавления 24.12.2014
Раздел Физика
Подраздел
Просмотров 1048
Номер материала 11564
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓