Главная / Начальные классы / Сабақ жоспары қоршаған орта "Мамандықтар" мектепалды даярлық

Сабақ жоспары қоршаған орта "Мамандықтар" мектепалды даярлық

hello_html_6d1e8357.gifhello_html_3f2394d2.gifПәні: Қоршаған орта

Тақырабы: Мамандақтар

Мақсаты:

- Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, еңбек етудің қажеттілігі жайлы айтып өту.

  • Болашақта қандай маман иесі болатынына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

  • Өз еңбегіне адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мамандық иелерінің суреттері , үлестірмелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Назарларын сабаққа аудару.

Жылулық шеңбері: Табиғатым тамаша, көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап, жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер ана, сәлем саған нұрлы күн.

Аман есен болайық, бейбітшілік қалайық.

Армысыздар қонақтар!



  1. Жаңа сабақ:

Жұмбақ жасыру .

  • Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)

  • Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

  • Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)

  • Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

  • Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды. (Маи қызметкері)

  • Тыныштықты отанның, күзететін адам кім? (Шекарашы)

  • Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

  • Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші)

  • Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)

  • Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)

  • Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.(Сатушы)

  • Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қсасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)

Балалар осы шешілген жауаптарды бір сөзбен қалай айтамыз?

  • Бір сөзбен айтқанда мамандық иелерін айтамыз .

Осы аталған мамандықтардан басқа тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?

  • Оқушылардың жауабы.

Балалар біз Зайсан көлінің жағалауында тұрғандықтан, біздің ауылдың ер азаматтарының көбісі қандай қызмет атқарады? Жұмақ жасырамын сендер шешіп көріңдер:

Айдында ол жүзеді, тірі күміс сүзеді. (Балықшы)

Біздің ауылдың ер азаматтарының көбісі балық шаруашылығымен айналысады екен.

Ал балалар сендер өскенде қандай мамандық иесі болуды армандайсыңдар?

-Оқушылардың жауабы.

-Неліктен.





III. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян , естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен ытқып-ытқып секірді .

Қарап еді артына, қиығын салып көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап, көжегі екен өзінің.



IV. Суретпен жұмыс:



- Оқушылардың жартысына мамандық иелерінің суретін таратып, олардың атқаратын қызметтері жайлы сұрау.

- Қалған оқушылар суреттегі мамандық иелерінің құрал жабдықтарымен байланыстырып сызықтар арқылы қосып көрсетеді.

Мысалы:



https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSPno-VRNaGVmRnF8n9WjTkDgR_JVdWXKhgNBoMj0qpR3rpnLlL2qjUud0https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRROwrLxjoB2mwIlZZ1MooZ1CcF9PpE-uf5nyQfubBFp0lgP2nuBRno-TP8



https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQq7-0STNQKoOyks5jvoJb2Zu6kx_xVUYOGUs96_wTGxv3o4DXohVgsGrIhttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQNoGHNUyH-39WbBX6-LVr2fc_Jg3Wtmivkd_4pk14D9ELvwjlkxU3cox-v





V. Ойын: Сыңарын тап.

Оқушыларға микрафон, қазан, қайшы, тарақ, хат, қайық, уколдың суреттері көрсетіледі, олар қай маманға қажет құрал екенін тауып айтады.

Балалар сендер мамандықтарға байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?

  • Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін,

мен дәрігер боламын.



  • Сән үлгісін қиятын,

шаштараз баолам жолында .

Түрлі-түрлі шаш қиып,

Қызмет етем халыққа.











  • Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламын .

Үлкен болып өскенде,

Мен сатушы боламын.



  • Елге қызмет етемін,

шаршамайтын мен бірақ.

Күні - түні маи болып,

Ұйқтамайтын мен бірақ.



  • Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.



  • Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын,

Әсем қала саламын.



VI. Қорытындылау.



-Мен сендерге әріптер көрсетемін, сендер сол әріптен басталатын мамандық атауларын атайсыңдар.

А- Аспазшы

Ғ- Ғарышкер

Ш- Шахтер

М- Мұнайшы, маи қызметкері

Т-Тігінші

Қ-Құрлысшы

-Балалар біз нелермен таныстық ?

- Әртүрлі мамандықтармен.



Мадақтау, бағалау.

























Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ.



















«Мамандықтар»

АШЫҚ САБАҚ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ





ОРЫНДАҒАН: СУЙЕСИНОВА Ж.Т

























2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ.

Сабақ жоспары қоршаған орта "Мамандықтар" мектепалды даярлық
  • Начальные классы
Описание:

Пәні:  Қоршаған орта

Тақырабы:  Мамандақтар

Мақсаты:

                - Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, еңбек етудің қажеттілігі жайлы айтып өту.

-          Болашақта қандай маман иесі болатынына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

-          Өз еңбегіне адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Мамандық иелерінің суреттері , үлестірмелер, суреттер.

 

Автор Суйесинова Жадыра Тлеубековна
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 2388
Номер материала 56227
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓