Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары: "Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев"

Сабақ жоспары: "Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты:  Б.Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштату.

Тұлғалық нәтиже:

1.     Мәтіннің көңіл күйін, автордың көзқарасын танып білуге қабілеттерін жетілдіру.

2.     Көркем сөйлеу тілін,ойын,шығармашылық қиялын ұштай түсу.

3.     Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауағ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікір – сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: жүйелеу,талдау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы,мәтіннің желісі бойынша салынған сюжетті суреттер.Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді.Автордың суреті.

 

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

- Балалар бүгінгі көңіл – күйлеріңіз?

- Тамаша.

- Күнделікті жұмысымыз бойынша топқа бөліндік.

I топ – Әдептілік                    II топ – Ұқыптылық

III топ – Алғыр                       IV топ – Тапқыр

-Біздер бүгін, топтарымыздың атын не себептен бұлай алғанымыз, әдебиеттен «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тарауға байланысты алып отырмыз.Сендердің бойларыңда осындай қасиеттерге толы болғандықтан, өздеріңді осылай бөлдім.

-Балалар топтың ережесін еске түсіріп жіберейікші.

1.     Тәртіп

2.     Тыныштық

3.     Талап

4.     Бір – бірімізді тыңдау

- Сонымен бірге, балалар бір – бірімізді бағалап отырамыз.

Ол түрлі стакандар арқылы және 2 жұлдыз 1 ұсыныс.

-Балалар,бүгінгі тапсырмалар мына менің алдымда жатқан суреттерді бірігіп құрастыру.Осы схема арқылы біз бүгінгі сабағымызды бағалаймыз.

Әрбір бөлігінде тапсырмалар беріледі.Біз ол үшін белсенді қатысып отырайық.

1-тапсырма: үй тапсырмасы және қораптағы сұрақтарға жауап айт.

Үй тапсырмасын 6 оқушы сабақты кезектесіп айтады.

Соңынан оқушылар 2 жұлдыз,1 ұсыныс бойынша бағалайды.

I топ.

- Әлкейдің сүйікті ісі не еді? (оқушылардың жауабы)

- Дұрыс айтасыңдар.Әлкей кітап оқығанды сүйікті ісіне айналдырды!

II топ.

-Адам 4 – 5 жасынан кітап оқып кететініне сенесіңдерме? (оқушылардың жауабы)

III топ.

-Әлкейдің бойындағы өздерің байқаған жақсы қасиеттерді атаңдар?

(оқушылардың жауабы)

Дұрыс айтасыңдар.Әлкей зерек,ертегіні жақсы көретін,ұйып тыңдайтын,жырларды әндетіп,кітапты жақсы көреді.

IV топ.

-Біздің сыныптағы кітап құмар бала кім деп ойлайсың? (оқушылардың жауабы)

-Балалар өздерің шығарған өлеңдерінен кім оқып береді?

-Ендеше, біз балалар мозайканың бір бөлігін ілейік.

Қызығушылығын ояту.

2 – тапсырма. Бейне таспаны тамашала

Жаңа сабақ (кинодан үзінді Қожаның өзін – өзі бағалауы)

-Балалар ,бұл қандай фильм?Кім туралы?

-Қожа қандай бала?

-Одан жақсы адам шығады деп ойлайсыңдар ма?

(Оқушылар өз ойларын айтады)

-Балалар,әрбір кинофильмдер белгілі бір жазушының шығармасы желісінде түсіріледі.

Дәптермен жұмыс.  Осы кинофильм «Менің атым Қожа» көркем шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев.Ал фильмнің режисері Абдолла Қарсақбаев.

 -Балалар үйден автор туралы мәлімет жинақтап келу тапсырылған еді. Ал кім айтады.

1-оқушы:

Бердібек Соқпақбаев

(1924-1991) 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Балдырған" журналында, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашьшық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Бозтөбеде бір қыз бар", "Өлгендер қайтып келмейді" және "Қайдасың, Гауһар" секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивальінде "Менің атым Қожа" фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

2-оқушы:

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 81  жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...

Мұғалім:

Режисер дегеніміз кім деп ойлайсыңдар?

Қарсақбаев Абдолла (2.10.1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 2.9.1983, Алматы) - кинорежиссер. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген.

 

1978 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1956 жылында Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген .

1947 - 1983 жылында "Қазақфильм" студиясында режиссеры болып "Ана мен бала" (1955), "Егер біздің бәріміз де..." (1961, екеуін де реж. С.Қожықовпен бірге), "Қанатты сыйлық"  "Менің атым Қожа" (1963, Т.Дүйсенбаевпен бірге, 1964 жылы өткен Орта Азия мен Қазақақстан кинематографияшыларының байқауының және 1967 жылы Канн қаласында өткізген халықаралық кинофестивальдың дипломына ие болды), "Балалық шаққа саяхат" 1969),  сонымен қатар "Қазақ халқының қолөнері" (1958), "Торғай шегі" (1963), "Ақтөбе" (1972), т.б. деректі фильмдерін қойған.

Дәптермен жұмыс:

-Енді бүгінгі күннің жадысын жазайық.

«Менің атым Қожа»  Бердібек Соқпақбаев

-Осы бейнефильмнен тағы не байқадыңдар?

(Оқушылардың жауабы:

-Қожа айнаның алдына тұрып өзі-өзіне сөйлеп: « Тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен не істеуім керек?»  деп сұрақ қойды.)

-Демек, Шығармаларда  кейіпкерлердің өзіне-өзі қарата айтылған, ішкі сырын білдіретін ойын (қуаныш,реніш, күдігін) – монолог деп атаймыз.

Яғни, өзі ғана сөйлейді. Енді осы монологты терең білу үшін 

3- тапсырманы  орындайық.

Оқулықпен жұмыс. (мәтінді төрт бөлімге бөліп, іштей оқыту)

І топ:  Кешкі астан кейін төр үйге кіріп.

           Ал сөйле батырым.

ІІ топ: Ол тәртіпсіз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу.

            Ақыры төмендегідей    бірауыздан қаулы қабылдайды.

ІІІ топ: Қаулы Қадыров Қожаның

              Ендігәрі бұл қылығым қайталанбасын.

            Жоғары тауық базға демалыстан екі рет жүгіріп барып келем.

ІV топ: Үшінші соңына дейін.

              Тізбектеп ауызша айтқызу.

Сөздікпен жұмыс:

Қаулы- жиналыстың шешімі

Келекелейді  - мазақтайды

4- тапсырма:

Сергіту сәті. (фильмнің қызықты сәттерін тамашалау) .

(Күресіп жатқан жерінен үзінді көрсету)

- «Менің атым Қожа» фильмінің үзінділерін тамашалайық.

5-тапсырма:

Шығармашылық тапсырма:

І топ: Қожаға мінездеме беріңдер.

(сотқар, алғыр, мейірімді, пысық, тапқыр, тентек,  қателіктерін түсіне білген, білімді)

ІІ топ: Кеңестің қаулысы бойынша Қожаның бойындағы басты қандай кемшіліктер аталды?

1.     Тәртіпсіздік

2.     Ұрыншақтығы

3.     Сабақ үстінде тыныш отырмауы

4.     Таспен атқылауы

5.     Сабақтан қалады және үнемі кешігеді

ІІІ топ:  Венн диаграммасы

Сұлтан

Ұқсастығы

Қожа

Темекі шегеді, айлакер, ұрлық,тентек, сабақ оқымайды, жаман қылықтарға жақын

Екеуіде ұл бала

Сенгіш, еліктегіш, алғыр

ІV топ: Көрініс көрсету. Диалогтерді тауып, рольге бөліп ойнап шығу.

 

Әр топты 2 жұлдыз,1  ұсыныс арқылы бағалау.

Топтық жұмысты қорытындылау: (қосымша)

1.     Қожаның жақсы адам боларына сенер ме едің?

2.     Қожаның орнында болсаң өзің не істер едің?

3.     Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын» дейтіндерің бар ма?

4.     Адамның өзін-өзі сынауы оңай ма?

Мұғалім сөзі:

-Балалар, өздеріңнің іс-әрекеттерің Қожаға ұқсаса да, үлкейгенде сендерден «үлкен» азамат шығады деп ойлаймын. Бердібек аталарың сияқты бірің жазушы болсаң, енді бірің ғұлама ғалым, ел тілегін ақтайтын Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары болатындарыңа сенемін.

Рефлексия:

-Бердібек Соқпақбаев туралы не білдік?

-Негізгі басты кейіпкер кім?

-Міне, балалар, біздің кітабымызда  құрастырылып шықты. Бұл шығарманы әлі де терең білу үшін мына кітапты біздің кітапханадан алып оқуға болады.

Бүгінгі сабаққа барлығыңызда белсене қатыстыңыз «5», «4», «3»

Үй тапсырмасы:

·        2008 жылы  «Менің де атым Қожа» атты отбасылық комедиялы фильмі жарық көрді. Олай болса, осы «Менің де атым Қожа» атты фильм туралы қосымша мәлімет алып келу.

·        Мәтінді оқу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары: "Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев Сабақтың мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру. Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже: Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту. Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштату. Тұлғалық нәтиже: 1. Мәтіннің көңіл күйін, автордың көзқарасын танып білуге қабілеттерін жетілдіру. 2. Көркем сөйлеу тілін,ойын,шығармашылық қиялын ұштай түсу. 3. Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауағ тәрбиелеу. Сабақ жаңа форматта өткізілді. Сыныпты топқа бөліп, мозайка әдісі бойынша тапсырмалар орындалды. Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін арттыруда шығармашылық тапсырмалар, түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.06.2020 8207
    • DOCX 100.3 кбайт
    • 110 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Матыкин Иван Петрович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Матыкин Иван Петрович
    Матыкин Иван Петрович
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85622
    • Всего материалов: 243

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 566 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 476 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов