Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыСабақ жоспары. Еңбек жағдайлары

Сабақ жоспары. Еңбек жағдайлары

Скачать материал

 

Тарау:

Еңбек жағдайлары

Сабақ тақырыбы:

Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін  білу не үшін қажет?

Мектеп: Көкшетау қаласы НЗМ

Уақыты: 40 минут

Мұғалімнің аты - жөні: Сатиев А.К.

Сынып:  9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Ø  Ауызша және жазбаша түрде тиімді қарым-қатынасты жүзеге асырады;

Ø  Дәлелдер мен дәйектер қолдана отырып, өз ой пікірін білдіреді

Ø  Құқықтық мәселелер мен жағдайларға талдау жүргізеді және өзіндік баға береді

Ø  Еңбек жағдайларын анықтайды

Ø  Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

Сабақтың мақсаты

Еңбек жағдайларын анықтайды

Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

Тілдік мақсаттар

Құқықтық жағдайларды топта талқылайды (айтылым, жазылым дағдысы)

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары

Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері: ...

Қызметкердің құқықтары мен міндеттері ....

Қызметкерге құқықтары мен міндеттерін білу маңызды, себебі ...

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Мектеп бағдарламасы көлемінде қоғамдық гуманитарлық пәндері бойынша алған білімдерін, күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін және БАҚ көздерінен берілетін еңбек құқығы туралы ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

 

Оқыту ресурстары

Басы

7 мин

 

 

 

Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін  білу не үшін қажет?

 

Б Сыныпқа бейне материал көрсетіледі («Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау»), сұрақтар қоя отыра сабақтың тақырыбы ашылады. Оқу мақсаттар мен жетістік критерийлері таңыстырылады.

Еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы)

Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері

 

http://adilet.zan.kz

Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау

www.youtube.com/watch?v=SmG0uP3Fv8U

 

 

 

Ортасы

20 мин

 

Б  «Әркім әркімді оқытады» («Броун қозғалысы»)

Жеребе бойынша әр оқушы еңбек құқықтары (жұмыс уақыты, тыңығу уақыты, жалақы) жазылған 1 «тілшеден» (қосымша 5) алады.Оқушылар  5 минут ішінде өз «тілшелеріндегі» ақпаратпен барынша көп оқушыны таңыстыруы және өзіде ақпараттарды жинауы қажет.

Б/Ж Ең көп ақпаратпен бөліскен 3-4 оқушыны тыңдаймыз.

 Б  «Өз тобынды тап».

 Оқушылар қолдарындағы «тілшелерді» тақырыптары жазылған қорапшаларға салу ұсынылады.

  1. Жұмыс уақыты.
  2.  Демалыс уақыты
  3. Жалақы

 Әр қорапшадан бір оқушы қорапшалардағы «тілшелерді» атай отыра өз «отбасыларымен» таңыстырады. Сынып толықтырады немесе қателерді дұрыстай алады.

Б/Т  Кейс-стади технологиясы

Топтардағы (3 топ, «өз тобынды тап» әдісінің нәтижесі бойынша бөлуге болады) оқушылармен бірге төмендегідей ситуациялар талқылатып, еңбек субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін ашамыз. Топтық жұмыс бағаланады. (кейс құрамы: топта жұмыс істеу ережелері (қосымша 1), бағалау критерийлері (қосымша 3), құқықтық ситуация, ҚР Конституциясының 24-бабынан,  ҚРЕК 22, 23-баптарынан, 16-тарауларынан қажетті тармақтар, сондай-ақ тапсырманы шешуге қатысы жоқ ақпараттар)

1ситуция:

 «Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмілетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

 

2 ситуация:

 «Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабынды дәлелде.)

 

3 ситуация:

«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».

(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды  немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)

 

Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады.  Оқушылар жауабына талдау жасап, қорытындылаймыз

 

Ж Оқушыларға құқықтық жағдай беріледі. (қосымша 2) Үйде олар берілген жағдайдың құқықтық шешімін табады (кейс беріледі, бағалау критерийлері ұсынылады (қосымша 6) ).

 

ҚРЕК 22-бап

ҚРЕК 23-бап

ҚР Конституциясының 24-бабы, 

 

ҚРЕК 16-тарау. ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы 3 минут

Рефлексия.  (қосымша 4)  

 

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

 

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

 

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

 

 

Отбасы құқығы  және некенің түрлерін зерттеу барысында оқушылардың бойында отбасылық құндылықтар , өзара  түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Отбасы қоғамның ең басты тірегі  екенін сезінеді.

 

Рефлексия

 

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

 

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

 

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 

Қосымша 1

1.    Пікірталастың мақсатын ешқашан ұмытпа:

     ақиқатты, шешімді, мәселеден шығу жолын табу.

2. Достарынның пікірін құрметте.

3. Кез келген айтылған ой дәлелді болуы керек.

 4. Барлық пікірлер қарастырылуы керек.

5. Достық қарым-қатынасты ұстанындар.

6. Дауласу үшін дауласпа! 

Қосымша 2


Мира: Сәлем, Айым!
Айым
: Сәлем, Мира, жағдайын қалай?
Мира: Жақсы,
заңгерге оқып жатырмын, ал сен қайда жүріп жатырсың? Неге көңіл-күйін жабырқау?
Айым:
Қиындықтар басыма түсіп тұр. Оқуға түсе алмадым, соңдықтан дүкенге жұмысқа  орналастым, сатушымын.
Мира: Жақсы ғой, ақша табасын, отбасына көмек бересің!
Айым: Иә, жалақым жақсы, бірақта мені уақытша алды, мен орнына алған сатушы декреттік демалыста. Күніне 10 сағат, жұмасына 6 күн жұмыс істедім, қатты шаршадым. Директорға бұлай жұмыс істей алмаймын десем, жоспарды орындау керек дейді.
Мира:
Сен жұмысқа тұрғанда еңбек шартында жұмыс уақытын белгілемеп пе едіңдер.

Айым:  Ешқандай шарт жасалған жоқ, басында ол 8 сағат жұмыс істейсін деп айтқан. Бір ай бұрын жұмысқа кешігіп қалдым, ескертусіз, сөгіс жариялап еңбек кітапшама жазып қойды. Бұл да түк емес. Мен кеше ауруханадан шықтым, соқыршегіме ота жасалды.  Аурулықтың парағын жұмысқа апарайын деп барсам, менің орнымда басқа қыз отыр. Директор маған ауру-сырқау қызметкерлер керек емес деп, жұмыстан шығарып жіберді.  
Мира:
Енді уақытынды бос өткізбей өз құқықтарынды қорғамайсың ба?! 

Айым: Мен қай жерде оныкі дұрыс,қай жерде қате екенің де білмеймін.
Мира:
Мен де білмеймін, бірақ сенің  директорының іс әрекеттері заңға қайшы екенің сеземін.


Сұрақ:
«Қыздарға қандай көмек берер едіңіз. Айымның қандай құқықтарын директор бұзып отыр?» 

 

Қосымша 3

 

·        Топта ситуациялық сұрақты талдайды, ортақ пікірге келеді

·        Кем дегенде 2 заң бұзушылықты анықтайды;

·        Мәселені шешудің кем дегенде 1 жолын көрсетеді

·        Нақтылық. Екіұшты жауап болмауы керек;

  • Тапсырманы орындау барысында теориялық білімін пайдаланады;
  • Әр анықталған заң бұзушылық кем дегенде 1  заң бабымен дәлелденеді.

 

Кейс құрамы: құқықтық ситуация, ҚР Конституциясының 24-бабынан,  ҚРЕК 22, 23-баптарынан, 16-тарауларынан қажетті тармақтар, сондай-ақ тапсырманы шешуге қатысы жоқ ақпараттар (қажетті ақпаратты бөліп алу керек)

Қосымша 4

 

Бір немесе бірнеше сөз тіркесін пайдаланып кері байланыс жаса.

 


Бүгін мен білдім…

Қызықты болды…

Қиын болды…

Мен орындадым…

Менің түсінгенім…

Енді мен істей аламын…

Мен сездім

Осы сабақтан алғаным…

Мен үйрендім…

Менің қолымнан келді…

Менің жеткенім…

Мен жасап көремін…

Мені таңқалдырды…

Сабақ мен үшін тәжірибе берді …

Менің жасағым келді…

Менің ойға түйгенім...

Есте сақтаймын ...

Мен үшін әлі де ...


 

 

Қосымша 5 («тілшелер»)

 

Жалақы

1.      Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс).

 

2.      Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді.

 

3.      Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.

 

4.      Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек.

 

 

5.      Жалақыны еңбегіне қарай төлеу—алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі.

 

6.      Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді.

 

7.      Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді

 

8.      Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді.

 

 

Демалыс уақыты

1.    Демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін бекітілуі тиіс.

2. Ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;

3. Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес)

4. Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады;

5. Іссапардағы жұмысшы бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

6. Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу үшін жұмыс берушінің ықыласымен, жұмысшының жазбаша келісімі қажет;

 

7. Жұмысшының келісімінсіз демалыс және мейрам күндері мына жағдайда жұмысқа жұмылдырылады:төтенше жағдайларды, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттардың алдын алу үшін, немесе олардың салдарын жедел жою үшін

 

  1. Еңбек демалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату.   

 

Жұмыс уақыты

1. Жұмыс уақытықызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі.

2. 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген.

3. Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс.

4. Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.

8. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді.

5. Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.

6. 18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.

7. Жұмыс уақытының белгіленген ұзактығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша төленеді.

Қосымша 6

·        Жеке ситуациялық сұрақты талдайды, қорытынды шығарады;

·        Кем дегенде 2 заң бұзушылықты анықтайды;

·        Мәселені шешудің кем дегенде 1 жолын көрсетеді

·        Нақтылық. Екіұшты жауап болмауы керек;

  • Тапсырманы орындау барысында теориялық білімін пайдаланады;
  • Әр анықталған заң бұзушылық кем дегенде 1  заң бабымен дәлелденеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу мақсаты

Еңбек жағдайларын анықтайды

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Жұмыс уақыты, тыңығу уақыты, жалақы ұғымдарын біледі

Қолдану

5 минут ішінде кем дегенде 5 оқушымен ақпаратпен бөліседі

Топпен жұмыс жасай білу

Топта ситуациялық сұрақты талдайды, ортақ пікірге келеді.

 

 

Оқу мақсаты

Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Берілген мәселеге нақты жауап береді

Қолдану

Әр анықталған заң бұзушылық кем дегенде 1  заң бабымен дәлелденеді

Сыни ойлау және зерттеу

Кем дегенде 2 заң бұзушылықты анықтайды;

Мәселені шешудің кем дегенде 1 жолын көрсетеді

 

Оқу мақсаттары мен дағдылар

 

  • ауызша және жазбаша түрде тиімді қарым-қатынасты жүзеге асырады

 

  • өз ой пікірін білдіру үшін дәлелдер мен дәйектер қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді және бағалайды
  • құқықтық мәселелер мен жағдайларға талдау жүргізеді және өзіндік баға береді

 

  • ерікті еңбек құқығы, еңбек қатынасының субъектілері ұғымдарын біледі

 

  • еңбек жағдайларын анықтайды

 

·        жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмілетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды». Әкімшіліктің іс-әрекетіне баға бер?

 

 

 

 

 Жұмысты ұзақ іздеген азамат Ә., ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Азамат Ә. бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін,мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты. (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәкес келе ме?)

 

 

Зауытта апататты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитыны он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ,сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, онікі заңсыз болады деп мәлімдеді.

Он жеті жасар Нуржан туралы әкімшіліктің талабы орынды  немесе орынсыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары. Еңбек жағдайлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Разработка урока по основам права. Урок разработан по новой интегрированной программе Назарбаев интеллектуальных школ. использованы интерактивные методы обучения ("Броунское движение, Кейс-стади"). Даны все рессурсы. Тема урока поставлена как вопрос. Ученики работают в группах. Кроме учебных целей запланированы языковые цели. Урок разработан для класса с русским языком обучения. Использованы стратегии методики КЛИЛ.

Сабақ тақырыбы:

Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін  білу не үшін қажет?

Сабақ мақсаттары:

Еңбек жағдайларын анықтайды

Жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін талдайды

Тілдік мақсаттар:Құқықтық жағдайларды топта талқылайды (айтылым, жазылым дағдысы)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Самостоятельная работа по теме "Развитие общества. Многовариантность общественного развития" 10 класс
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 3. Динамика общественного развития
Рейтинг: 5 из 5
  • 01.10.2020
  • 11056
  • 198
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию на тему" Динамика общественного развития" 7 класс
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 3. Динамика общественного развития
  • 30.09.2020
  • 862
  • 12
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Рабочая программа элективного курса по обществознанию в 11 классе «Человек и общество»
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: Глава 2. Социальная сфера
  • 30.09.2020
  • 689
  • 28
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Рабочая программа элективного курса «Право» в 10 классе
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: Глава 3. Правовое регулирование общественных отношений
  • 30.09.2020
  • 617
  • 17
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Лазебникова А.Ю., Матвеев А.И. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 2334
    • DOCX 124 кбайт
    • 101 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатиев Амангельды Кенелович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сатиев Амангельды Кенелович
    Сатиев Амангельды Кенелович
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8659
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания обществознания в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 302 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 146 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 906 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека