Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Мектеп: ЖББ№8 о.м
Сыныбы: 9
“Өзін-өзі тану пәні”
Пән мұғалімі:Мырзахметова Кокенай
2 слайд
Тақырыбы: Татулық – бірлік негізі.
3 слайд
Құндылық: Сүйіспеншілік, қиянат жасамау.
Қасиеттері: достық, татулық, бірлік сезімі.
4 слайд
Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-татулық,бірліктің адами қарым- қатынастағы мәнін ашу;
-адамдармен сыйластықты,жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-бірлікке,достыққа,кішіпейілділікке тәрбиелеу;
5 слайд
1.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып бөлмесінің реттілігіне шолу
2.Жоқ оқушыларды анықтау
3.Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп өту
4.Жағымды күйге ену
6 слайд
Шаттық шеңбері (баяу музыка ойналады)
«Орманға саяхат» жағымды ойлау сәті жүргізіледі.
7 слайд
2. Үйге берілген тапсырма.
Өткен сабақта «Адалдық-ардың ісі» тақырыбында шағын шығарма жазып келу тапсырылған.( әр оқушының дәптері тексеріледі және жақсы жазылған шығарма дауыстап оқылады,мақтау, мадақтау жүргізіледі)
8 слайд
3.Жаңа сабақ
(Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар беріледі)
1. «Татулық- достық кілті» дегенді қалай түсінуге болады?
2.Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын айта аласыңдар?
3.Достық, ынтымақ, бейбітшілік ұғымдарының ұқсастығы неде?
9 слайд
4.Дәйек сөз
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...
деп ақын бабамыз Жамбыл Жапаұлы Жабаев бір айтысында халық мүддесін, жалпы адамгершілік қасиеттерді,елдің, халықтың татулығын жоғары қойып жырлайды.
10 слайд
5.Әңгіме (мұғалімнен сый)
Бізге келіп жеткен аңыз әңгімелерде Төле би Әлібекұлының елдің береке-бірлігін нығайтуда сіңірген еңбегі туралы көптеп айтылады. Бірде Төле би ауырып жатқанда Қазыбек би бастаған біраз билер көңілін сұрай келеді.Олар биден еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара.Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады»,- деп жауап берген екен.
Енді бірде Төле би өзінен жасы үлкен абыз билерден бата алмақшы болады да әуелі ол әкесіне барады. Жасы жүзге тақап қалған әкесі оған ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Сол кезде Төле: «Ел бірлікте болу үшін не істесе болады?- дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
-Балам мынаны сындырып көрші?І
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?- Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп оп-оңай сындырады. Әкесі Әлібек би:
-Бұдан не түсіндің,балам?-дейді.
Сонда Төле би:
-Түсіндім, әке,бұның жауабы: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау алмайды дегеніңіз ғой- дейді.
11 слайд
6. Оқушыларға сұрақтар
1.Төле бидің жауабына талдау жасап көр, не ұқтыңдар?
2.Төле бидің өсиетінің құндылығын қалай түсінесің?
3.Бабалар салып берген жолмен біздің еліміз қалай көркеюде?
4.Қазақстан қандай мемлекет?
5.Елімізде қанша ұлттың өкілдері тұрады?
6.Ел бірлігін сақтауға қандай жағымды ой қосар едің?
12 слайд
7.Топпен жұмыс
1-топ: Өлең шығару.(берілген сөздерді жалғастырып өлең құрастыру)
Бейбітшілік-
Татулық-
Достық-
Бірлік-
2-топ: Тізбені жалғастыр.
Отбасы татулығы-
Ұжым татулығы-
Ауылдың татулығы-
Отанның татулығы-
3-топ: Тақырыпқа байланысты сурет салу немесе эмблема жасау.
13 слайд
8. Ән айту сәті
Бейбітшілік сақталады
Сөзі:Нұфтолла Шәкеновтікі
Әні:Әбілахат Еспаевтікі
Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар.
Бейбіт елдің біз ұланы.
Қайырмасы:
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
Ел ұраны мәңгі анық,
Әр жүректе жатталады.
Қолға ласа барлық халық,
Бейбітшілік сақталады.
Қайырмасы.
14 слайд
9.Үйге тапсырма
Тақырыпқа байланысты ой-толғау жазып келу.
10.Қорытынды
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық бар жерде.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық бүкіл әлемде.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
•
•Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
•
•Міндеттері:
•-татулық,бірліктің адами қарым- қатынастағы мәнін ашу;
•-адамдармен сыйластықты,жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
•-бірлікке,достыққа,кішіпейілділікке тәрбиелеу; • •1.Ұйымдастыру кезеңі •1. Сынып бөлмесінің реттілігіне шолу •2.Жоқ оқушыларды анықтау •3.Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп өту •4.Жағымды күйге ену • • • •Шаттық шеңбері (баяу музыка ойналады) •«Орманға саяхат» жағымды ойлау сәті жүргізіледі. •
•
6 664 320 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мырзахметова Кокенай --. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.