Главная / Начальные классы / Саба0 жоспары математика 7 саны мектепалды даярлық

Саба0 жоспары математика 7 саны мектепалды даярлық

Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ.








« 7 саны »

АШЫҚ САБАҚ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ





ОРЫНДАҒАН: СУЙЕСИНОВА Ж.Т























2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ.




Пәні: Математика


Сабақтың тақырыбы: 7 саны


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санымен таныстыру.

Білімділігі: Балаларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. .Апта күндері және «Жеті қазына» 7 саны туралы мағұлмат беру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдемі жазуға, шапшандыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ой қозғаумадақтау, қорыту.

Көрнекілігі: Суреттер, жазу дәптері.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру сәті:


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-Қыс мезгілі екенін сендер қалай ажыратасыңдар?

-Қыста қар жауады, күн суық болады.

-Жақсы балалар қыс мезгілінің ойындарыдаерекше болады.

-Қане, қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз атайықшы?

-Оқушылардың жауабы.

-Олай болса балалар бәрлеріңді шаттық шеңберіне шақырамын, біз қазір сендермен қармен атысып ойнаймыз.

Шарты: Сендердің әр қайсыларыңның алдарыңда ақ қағаз жатыр. Мен 1,2,3 дегенде сендер ақ қағазды алып қарды мыжығандай мыжып бір-бірлеріңе атасыңдар. Жақсы балалар сендер қыстың бір ойнын тамашаладыңдар. Енді балалар әр қайсың жердегі қардан бір-бірден алыңдарда мыжығын жазып қараңдар қай баладан сурет шықты.

II. Жаңа сабақ

-Балалар ненің суреті бұл?

-Шалғының

-Жақсы балалар шалғымен не істейді?

-Шөп шабады

-Балалар шалғыға мұқият қарайықшы қандай санға ұқсайды ?

-7санына

-Суреттегі мына ақшақардың неше жұмысшысы бар екенін санайықшы?

-7 жұмысшысы бар.

Ақшақар жұмысшылпрына былай дейді. Қара мына қызықты.

Шалғыны кім ұмытты,

Жеті балам бір тартсақ,

Бел ортамнан сызықты.

-Балалар қандай санды көп айттық ?

Олай болса бүгінгі сабағымыз 7 саны.

*Балалар қазақта жеті саны киелі, қасиетті сан болып саналады. Неге екені белгісіз тұлабойы сырға толы құпиясы ашылмаған сан екен.


*Осы 7 санына байланысты сендер қандай ертегіні білуші едіңдер?

-7 лақ ертегісі. (Тақтаға суретін ілу)

*Бір аптада неше күн бар еді?

- 7 күн (Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)

* Қазақта тағы 7 ата және 7 қазына деген бар екен.

- 7 атаға 1.Әке-бала

2. Немере

3.Шөберек

4.Шөпшек

5.Немене

6.Туажат 7.Жекжат


*7 Қазынаға Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл ой, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт.


IV. Сергіту сәті. Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Талтамызға салайық

V.Дәптермен жұмыс:


*7 санын ауада жаздырту. 7 санын жазуға уйрету


* Цифрларды бастырып жаз.

*Неше құмырсқаның жүгі жоқ? Неше құмырсқаның жүгі бар? (суретпен жұмыс)


VI. Ойын « Қай қатар көп алма жинайды»

Тоғайдада 7 алма ілінген, 3 қатардан бір баладан шығып алманың артындағы есепті шығарады. Қай бала бірінші есепті дұрыс шығарса келесі алманы алып есебін шығарады.

2+3=5

6-3=3

6+1=7

5+2=7

2-2=0

2-1=1

* «Жасырын санды тап» ойыны. Ойын шарты: берілген екі санның арасындағы, жетіспей тұрған санды, оқушы атауы тиіс. «1,3», «2,4», «3,5», «4,6», «5,7»


Қорытынды:

-7 саны қандай сан екен?

-7 санына байланысты мақал - мәтел білесіңдер ме?

-7 күнді ата?

-7 атаны ата?

-7 қазынаны ата?

-7 түсті ата?

-7 лақ?


Балаларды мадақтау.









Саба0 жоспары математика 7 саны мектепалды даярлық
  • Начальные классы
Описание:

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Суйесинова Жадыра Тлеубековна 

Пәні: Математика

 

Сабақтың тақырыбы: 7 саны

 

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды 7 санымен таныстыру.

Білімділігі: Балаларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. .Апта күндері және «Жеті қазына» 7 саны туралы мағұлмат беру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдемі жазуға, шапшандыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ой қозғаумадақтау, қорыту.

Көрнекілігі: Суреттер, жазу дәптері.

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру сәті:

 

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-Қыс мезгілі екенін сендер қалай ажыратасыңдар?

-Қыста қар жауады, күн суық болады.

-Жақсы балалар қыс мезгілінің  ойындарыдаерекше болады.

 

Автор Суйесинова Жадыра Тлеубековна
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 917
Номер материала 56229
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓