Главная / Начальные классы / Сабақ жоспары 4 сынып

Сабақ жоспары 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың жазғы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1. Жаз мезгілі туралы түсінік беру.

2. Жазғы өсімдік, табиғат құбылысындағы болатын

өзгерістерді тани білу. Қиялын, сөздік қорын дамыту.

Дүниетанымдарын кеңейту.

3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер, қима қағаздар, тапсырмалар.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жаз мезгіліндегі табиғаттағы ерекшеліктер туралы. Оқушылардың өмірден алған түсініктерін сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Ретін тап» берілген жыл мезгілдерінің атауларын оқу және ретімен орналастыру.

жаз

көктем

күз

қыс

Әр жыл мезгілінің ерекшелігіне тоқталу, ай аттарын атау. Әр жыл мезгілдерінің ауа- райында болатын ерекшеліктерді атау, сәйкестіріп қою.

ІV. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мәтінмен жұмыс: мәтін оқып беру, онда қай жыл мезгілі туралы айтылады?

Маусым айы –жаздың басы.Кешқұрым дала түрлі қимылдарға толады. Мал қораға келеді. Түні қандай тұнық десеңізші!

Ай сүттей жарық. Шырылдаған шегірткенің дауысы естіледі. Арайлы таңды айтсаңшы шіркін! Сен таңертең тұрып, жазғы таңды қарсы алып көрдің бе? Таңмен бірге оянған бұлбұл үні көңілді әлдилейді. Гүлдер де бой түзеп таңмен бірге оянып, күнге бойын түзейді. Күн тас төбеге көтеріледі. Жер бетіне нұрын таратады.

V. Жаңа сабақ: Адамдардың жазғы еңбегі.

Таңертеңнен басталатын ауыл жұмысы кеш батқанға дейін толассыз.

а) Жаз көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,

табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын, жазғы еңбек туралы әңгімелету.

ә) Жағы еңбек туралы оқып беру.

б) Дауыстап оқыту. Оқушылардың сырттай оқуы. (тізбектей)

Сергіту сәті.

Жұмбақтар:

  1. Көк жүзінде көп жолақ.

Қойды екен оны кім бояп. (кемпірқосақ)

2.Санымыз қанша білмейміз,

Түнімен көз ілмейміз. (жұлдыз)

  1. Келе салып қақпаны тербетіп ақ жатқаны. (жел)

  2. Орақ болып туады.

Табақ болып тұрады. (ай)

VІ. Жаңа білімді тексеру: –Жазда өсімдіктер тіршілігіне қандай өзгерістер болады? –Жаз айы қай айдан басталады? –Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата? –Ауыл шаруашылық машиналарының атын ата? –Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп жеміс салады?

Жазғы еңбек сәйкестендіру тапсырмаларын орындату. Қима қағазда берілген тапсырмалармен жұмыс.

VІІ. Сабақты бекіту: Өлең жолдарын тізбектей оқу.

Жаз.

Найзағай жарқылдап,

Сатырлар нөсері.

Кең дала салқындап,

Самалы еседі.

Жайлауда түнесең,

Бұлағы сарқырап,

Көрінер тым әсем

Жұлдызы жарқырап.

Жақұттай құлпырып,

Гүл өскен таласа.

Ғажайып тұр тұнып,

Жаз қандай тамаша!

Біз не жайында білдік? Өлең не туралы?

VІІІ. Үйге тапсырма

ІΧ Бағалау.

Сабақ жоспары 4 сынып
  • Начальные классы
Описание:

1.Көк жүзінде көп жолақ.

Қойды екен оны кім бояп. (кемпірқосақ)

2.Санымыз қанша білмейміз,

Түнімен көз ілмейміз. (жұлдыз)

3.Келе салып қақпаны тербетіп ақ жатқаны. (жел)

4.Орақ болып туады.

Табақ болып тұрады. (ай)

VІ. Жаңа білімді тексеру: –Жазда өсімдіктер тіршілігіне қандай өзгерістер болады? –Жаз айы қай айдан басталады? –Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата? –Ауыл шаруашылық машиналарының атын ата? –Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп жеміс салады?

Жазғы еңбек сәйкестендіру тапсырмаларын орындату. Қима қағазда берілген тапсырмалармен жұмыс.

VІІ. Сабақты бекіту: Өлең жолдарын тізбектей оқу.

Жаз.

Найзағай жарқылдап,

Сатырлар нөсері.

Кең дала салқындап,

Самалы еседі.

Жайлауда түнесең,

Бұлағы сарқырап,

Көрінер тым әсем

Жұлдызы жарқырап.

Жақұттай құлпырып,

Гүл өскен таласа.

Ғажайып тұр тұнып,

Жаз қандай тамаша!

Біз не жайында білдік? Өлең не туралы?

VІІІ. Үйге тапсырма

ІΧ Бағалау.

Автор Семизбаева Гаухар Кабидоллаевна
Дата добавления 20.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 787
Номер материала MA-065745
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓