Главная / Другое / Сабақ жоспары "Ш.Кудайбердиулы" (10-СЫНЫП)

Сабақ жоспары "Ш.Кудайбердиулы" (10-СЫНЫП)

Күні: Пәні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның өмірі мен шығармашылығы (жалпы шолу).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі : ашық сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті, машина, фиш-боун, ақылдың алты қалпағы, т.б.

Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, плакаттар, слайд.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : (1 мин)

а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;

ә)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)

«Ойлау бутерброды» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.

А) Жамбыл Жабаев туралы нақты деректер

Ә) Жамбыл Жабаев дегенде бірінгі ойға келетін сөз, сөз тіркесі, сөйлем.

Б) Шығармалары, тақырыбы.

3. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. (2 мин)

Сыныпты топқа бөліп, олардың атын анықтау.

4. Жаңа сабақ. (22 мин)

Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты бір-бір сөйлем беріледі.

1. Ол – Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі.

2. Ол – жеті жасында әкесінен жетім қалған.

3. Ол – өзінің алғашқы өлеңін де жеті жасында жазады.

4. Ол – 20 жасында болыс болған.

5. Ол – ГПУ қызметкері Абзал Қарасартовтың қолынан қаза табады.

6. Ол – 30 жыл қараусыз қалған құдықта жатқан.

7. Оны 1961 жылы ұлы Ахат құдықтан шығарып, Абай зиратының қасына арулап жерлейді.

8. Ол – 30 жасында сал ауруына ұшырап, сөйлей алмай қалады. Соның салдарынан жеті жасынан бастап жазған өлеңдерін өртеп тастайды.

9. Ол – Париж, Стамбұл кітапханаларына болған.

10. Оның Меккеге барудағы ең алғашқы мақсаты «қажы» болу емес, Құнанбай атасының «тәкиясын» көру болатын.

11. Оның өз еңбектері арасында үш шығармасына көңілі толмаған. Жарамсыз деп таныған.

12. Оның тағы бір ұлы Зият әкесіне жабылған жаланың салдарынан елден кетуге мәжбүр болған.

13. Ол – 19 жасында Абай ағасының нұсқауымен «қазақ халқының шежіресін» жазып бастаған.

14. Ол – халқын, «өнерлі, білімді елден» - орыс халқынан тағылам алуға шақырған.

15. Оның шығармалары ең алғаш 1912 жылы Семейде «Қазақ айнасы» деген атпен жарық көрген.

16. Ол – «Абай жолындағы» Шұбар есімді кейіпкердің протатипі.

17. Ол – 1985 жылы жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» жинағына енбей қалған.

18. Ол – 1958 жылы 2 қазанда халқымен қайта қауышты.

Біз бұл сөйлемдер арқылы бүгінгі сабағымыздың кейіпкері кім екенін біліп отырмыз. Яғни бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның өмірі мен шығармашылығы». Кейіпкер туралы шағын бейне жазба көрсетіледі және слайд арқылы ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тағы біраз мәлімет беріледі.

Тапсырма:

1-топ. «Машина» әдісі. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын автомобильдің көрінісі арқылы түсіндіру.

2-топ. «Жұлдыз» әдісі. Мұнда топ оқушылары кім?, қашан?, қайда?, неліктен?, қалай? деген сұрақтарға жауап береді.

3-топ. «Фиш-боун» әдісі. Балық кейпінде сызылған тірек-сызба арқылы ақын шығармашылығын топтастыру.

5. Сабақты бекіту. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз.

Ақ қалпақ – нақты деректер

Қызыл қалпақ – ішкі сезім, эмоция

Сары қалпақ – пайдалы жақтары

Қара қалпақ – зиянды жақтары

Жасыл қалпақ – идея ұсыну

Көк қалпақ – қорытынды

6. Үй тапсырмасын беру. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының тақырыбын талдау.

7. Бағалау.

қ\с

Оқушының аты-жөні

Өзін-өзі бағалау

Топтың бағалауы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға















Сабақ жоспары "Ш.Кудайбердиулы" (10-СЫНЫП)
  • Другое
Описание:

Мұнда Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты ашық сабақ жоспары.

Бұл сабақ жоспарында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында түрлы әдіс-тәсілдер пайдаланылған.

Әдіс-тәсілдер: "ақылдың алты қалпағы", "дәмді бутерброд", "ыстық орындық".

Сабақты оқушылар өздері түсіндіріп, өздерін өздері бағалайды.

Автор Кулжа Молдир Сеитказыкызы
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 468
Номер материала MA-065535
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓