Главная / Другое / Сабақ жоспары "Ананың анасы" (7-сынып)

Сабақ жоспары "Ананың анасы" (7-сынып)



«Ғ.Мүсірепов Ананың анасы» атты әдебиет пен тарих пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ жоспары



Күні:

17.02.2016

Мұғалімдер

АтакееваАйман

Уақыты

Сабақ тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»


Ресурстары

Ғ.Мүсірепов суреті,флипчарттар, маркерлер, желім, қайшы,


Мақсаты:

1.Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.
2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын арттыру.
3.Өз халқының тарихын салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау,сүйіспеншілік қасиетке баулу, сыйластыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

Оқушылар әңгіменің мазмұнын түсіне отырып, сыни пікір айтуға дағдыланады. Анаға, жалпы үлкенге деген құрметтері арта түседі. Көзі ашық адам мен надан адамның іс әрекетін айыра алады. Сөздік қорлары жетіледі. Әдебиетке деген қызығушылықтары арта түседі.

Оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасау, шығармашылық қабілеттері дамиды


Сабақта қолданылатын модульдер


     Көшбасшылық, СТО,миға шабуыл:, Диалогтік оқыту, Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, АКТ, бағалау

Уақыт

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин

І Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық жағымды ахуал туғызу

  1. Топқа бөлу: «Сиқырлы әріптер» әдісі арқылы төрт топқа бөлінеді.

 Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ  топқа бөлінеді.келесі бес әріп IVтоп

Мұғалім: - Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. «Бала – ананың бауыр еті» дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей, анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан-жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамы анасына сый-құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән-күй шығарады. Яғни барлық азамат борышын өтеуге тырысады. Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. 

Оқушылар алған әріптеріне қарай анаға теңеу сөздерді айтады

Мысалы:

А Ана ақылды

Ә Ана әділдікті жақтаушы

Б Ана бақытты болуға лайық

Г Ана гүлдей жайнауға лайық

Ғ Ана ғибратты


2 мин

Топқа бөлу

«Алтын ереже»

Ролге бөлу және алтын ережені еске түсіру.Топта жұмыс жасаудың ережелерін талқылап, әр топтан 2 ереже жазу (қайталанбауы тиіс) тақтаға немесе флипчартқа жазады

1 топ Әдебиетшілер

2 топ Тарихшылар

3 топ Зерттеушілер

4 топ Журналистер

  1. Топтағы рөлдерді бөліп алыңыздар! (Баяндамашы, хатшы, бағалаушы,уақыт сақшысы, дизайнер, топ басшысы және т.б.)

Кім  сендерді,  балалар,  сүйетұғын,
Қуанышыңа  қуанып,  қайғыңа  күйетұғын?
-Түн  ұйқысын  төрт  бөліп,  кірпік  қақпай,
Елең  етіп, дамылсыз жүретұғын.
Кім  сендерді,  балалар,  тербететін,
Еркелетіп,  ойнатып,  сергітетін.


Үй жұмысы

Жалпы топқа топтастыру беру

1 топ Зерттеу жұмысы

2 топ Тарихи мозайка

3 топ Семантикалық карта

4 топ Тұлғаны таны

Жанай батыр, би Ережепулы (Жанай батыр Ережепұлы) (1828/30-1884/85) 

Бала би /Бименбет/ Есенәліұлы.

Оқушылар әңгімедегі кейіпкерлерді топтастырып әрбір кейіпкерге мінездеме береді.

hello_html_m7a1fd95a.gifhello_html_m2143ea06.gif

hello_html_28f7ac0e.gifhello_html_ad810fa.gif

2 мин

Оқылым дағдысы

Ананың портретін тауып оқы

Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқы.

Оқушылар түтіп алу әдісін пайдаланып мәтіндегі диалогты тауып оқиды

2 мин

Айтылым дағдысы Зымыран сұрақтар

Мәтінді еске түсіру


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1. Ғабит Мүсірепов кім?

2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?

3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

4. Әйтілес кім?

5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?

7. Бала би Жалпақ батырға не деді?

8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?

9. Сауға деген не?

10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?


2 мин

Тыңдалым дағдысы Болжау

Бейнежазба тамашалау

Бейнежазбаны тыңдату

Жалпақ балуанға,

Кейкіге мінездеме беру


20 мин

Жазылым дағдысы

Ой талқы

Талантты дарындылармен жұмыс

Жеке жұмыс

1топ Зерттеушілер тобына.Жазушыға тән шеберлігін ашу. Шығарманың көркемдік тілмен көркемдеп жазылған тұстарын табу



2 топ Әдебиетшілер тобына Шығарманы құрылысына қарай талдау және топтастыру /жұптық жұмыс 2-3 ден құрылысына қарай және топтастыру бойынша жұмыс жасайды

3 топ Журналистер тобына Шығарманы тілдік ерекшеліктеріне қарай талдау



4 топ Тарихшылар Рафт кестесі бойынша шығарма, өлең эссе жазады


hello_html_m53e6b5db.gif

1. Әңгімедегі теңеуді табу.

2. Тұрақты тіркесті табу.

3. Әңгімеден эпитетті табу.

4. Географиялық атауларды ата.

5. Дисфемизм, көнерген сөздерді табу.

6. Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.

5 мин

 «Ақиқатын айталық!» айдары

2 топ тарихшылар мен 4 топ журналистер тобы мәтінді ауызша талдайды. Әңгіме  желісі бойынша  сұхбат жүргізіледі.

Журналист: Сіз тарихшы ретінде Дерек пен дәйек келтірерсіз.

Журналист:Ал біздің қарастырып отырған әңгімеміз – «Ананың анасы» әңгімесі. Бұл әңгіме, негізінен, тарихпен байланысты. Тарихшы:Мұндағы тарихи тұлғалар – Бала би, Жанай батыр, Жалпақ батыр.

Тарихшы:Енді әңгіменің мазмұнына қысқаша тоқталатын болсақ, бұл әңгіме Әйтілес деген ақсақалдың өткен замандағы естелік оқиғасын аңыз қып шертіп отырған күйімен басталды. Бұл миф секілді қиял аралас хикая.

Журналист: Аңыз дегеніміз, Аңыз дегеніміз – хан, батырлар, би, шешендер жайындағы, сондай – ақ жер-су туралы тарихи шындыққа негізделген, халық есінде сақталған әңгіме.

Журналист: Әңгіме қалай басталды?

Тарихшы: Әйтілес қарт әңгімесі барысында қазақ елінің батыры Жалпақ балуан мен оның төңірегінде болған бір жайтты баяндайды. Сонау қалмақ шапқыншылығы кезінде Бала би өзінің ешкім тең келмес атышулы батырын шақырып алып, Оған Ергенекті елінен өзінің де, халқының да кегін алып қайтуға бұйырады

Журналист:

Менің атым-әйел” дейді Ана. Әңгімеде ананың нақты есімі берілмейді. Себебі неде  деп ойлайсыз?

Журналист: Шығарма “Ананың анасы” деп аталуы дұрыс па? Неліктен осылай аталған деп ойлайсың?
Журналист: Ана неге Жалпақ балуанға ілесіп кетпеді деп ойлайсыңдар? Себептерін өздерінше пайымда.
Журналист: Шығарма қандай оқиғамен аяқталды? Сен автордың шешімімен келісесің бе? Әлде басқаша аяқтар ма едің...

Топтағы қалған жұп сұрақ жауапқа дайындалады .

1.    Шығармада оқиға  кімнің атынан әңгімеленеді?
2.    Әйтілес қарттың әңгімесін тыңдаушылар кімдер?
3.    Бала бидің батыры кім? Оның шабуға  барған елі?
4.    Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде еді?
5.    Ергенекті  елінде  Жалпақ балуанның қандай  құнды  дүниесі бар деп ойлайсыздар?
6.    Жалпақ балуанның қасында  қанша  жігіт бар еді?
7.    Батырдың тілегі не? Байдың тілегі не?
8.    Жылқының бір шетін төңкеріп, қиқулап келе жатқанда барымташыларға кім кездеседі?
9.    Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді? Оның халі не болды екен?
10.    Қырық жігіт пен Жалпақты  тізе  бүктірген қандай  күш, нендей құдірет?
11.     жалпақ балуан сіздердің ойыңызша  кім?
-Әділетсіз қара күш иесі.
-Өмірде  адасып жүрген адам.
-Адамгершілігін, мейірімін сақтаған адам.



3 мин

Дананың кілттері

«Егер де» кілті – Жалпақ батыр болсам....

«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.Ана ақылды,әлдилейді,пана,дана,

«Кемшіліктер» батырдың кемшілігі.

«Тағы қалай?» кілті – мен жазушы болсам тағы мына нәрселерді қосар едім.....

«Қиыстыру» кілті –шығармада қасиеттері әр түрлі кейіпкерлер бар мысалы батыр,өжет ана


2 мин

Рефлексия





hello_html_m43053524.gif


































hello_html_m44c0bb37.gif







Сабақ жоспары "Ананың анасы" (7-сынып)
  • Другое
Описание:

Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ топқа бөлінеді.келесі бес әріп IVтоп Мұғалім: - Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. «Бала – ананың бауыр еті» дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей, анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан-жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамы анасына сый-құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән-күй шығарады. Яғни барлық азамат борышын өтеуге тырысады. Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді

Оқушылар әңгіменің мазмұнын түсіне отырып, сыни пікір айтуға дағдыланады. Анаға, жалпы үлкенге деген құрметтері арта түседі. Көзі ашық адам мен надан адамның іс әрекетін айыра алады. Сөздік қорлары жетіледі. Әдебиетке деген қызығушылықтары арта түседі.

Оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасау, шығармашылық қабілеттері дамиды

Автор Кулжа Молдир Сеитказыкызы
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 244
Номер материала MA-065544
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы