Главная / Информатика / Сабақ тақырыбы: "Экономикалық жүйе ұйымында ақпараттың және басқарудың орны"

Сабақ тақырыбы: "Экономикалық жүйе ұйымында ақпараттың және басқарудың орны"

Сабақ жоспары

Сабақ №19-20


Пәні: Қолданбалы информатика

Мамандығы, біліктілігі: «Автокөліктік транспортқатехникалық қызмет көрсету, эксплуатация және жөндеу жұмыстары»

Топ: 9ТОРА-14-1, 11ТОРА-14-1

Бағдарлама бөлімі/модуль: Ақпараттық жүйе

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық жүйе ұйымында ақпараттың және басқарудың орны
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәліметтерді өңдеу есептерін шығару – экономикалық объектіні басқару үшін қажетті құрама ақпарат шығару мақсатында экономикалық ақпаратты өңдеу және сақтауды үйрету.
Дамытушылық: студенттердің тақырыпты меңгеру барысындағы логикалық, ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: студенттердің ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ үлгісі: Интерактивті (топтап) оқыту
Сабақ түрі: дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд.


Сабақ барысы:


І. Сабақты ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу; Сабаққа келгендерін және сынып әзірлігін тексеру. Тақырыпты және жоспарды хабарлау. Мақсат қою.
ІІ үй жұмысын тексеру.
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері

ІІІ. Жаңа тақырыпты өту

Экономикалық ақпарат – автоматтандырылған өңдеу объектісі

Кез келген пәнді оқу оның негіз қалаушы терминдері мен категориярының анықтамаларын келтіруден басталады. «Информация» («ақпарат») термині латынның «informatio» сөзінен шығатыны және баяндау немесе түсіндіру мағынасын беретіні баршамызға белгілі.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілген мағлұматтар. Бұндай сигналдардың табиғатында оны сақтаудың, жеткізудің және түрлендірудің (өндеудің) мүмкіндіктері бар болуы тиіс.

Терминологиялық қатарды ақпаратпен қатар «деректер» және «білімдер» ұғымдары орналасқан.

Өндеуді мүмкін (күтілген) үрдіспен орындауға болатындай нақты қалыпқа келтірілген ақпаратты деректер деп түсінеміз.

Деректер деп әдетте ақпараттарды өңдеуде адекватты мүмкіндіктер (күтілетін) процесстері нақты пішімде көрсетілген ақпарат деп түсініледі. Білімдер – бұл негіздемеден логикалық ойлау жолымен анықталған қорытынды алуға болатын ақпарат.

Ақпараттың құрылымы және пішімі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақпараттың құрылымы – бұл оның құрамдас элементтерінің арасындағы өзара байланысты анықтайды. Ақпараттың терең қасиеттері жүйеліктің қасиеттілігі болып табылады.

Шындығында, жүйе деп оған кіретіндер жеке элементтер ішінен біреуі де белгілі бір қасиеттерді иелене алмайтын, ал керісінше ондай қасиеттерді иелене алатын жиынтықты айтады.

Басқа жағынан ақпарат оның қойылымының пішімі болып табылады. Негізгі пішімдер арасынан келесілерді атауға болады:

- символды-мәтінді (әріптер, сандар, белгілер және т.б. жиынтық түрінде көрсетілген ақпарат);

- графикалық (бейнелеу және т.б.);

- дыбысты.

Басқару (ағылшынша - control) – бұл жүйенің мақсатты қондырғысының жүзеге асырылуына бағытталған және жүйе құрылымына іштей тиістілігін қолдайтын әртүрлі (техникалық, биологиялық немесе әлеуметтік) табиғаттың ұйымдастырылған жүйесінің функциясы.


Барлық деңгейдегі басқарудың шешімін қабылдау үшін қолданылатын, ақпарат, өз мазмұнымен өте әртүрлі. Фирма (кәсіпорын) деңгейінде оған қатысты мыналар:

- өндіріс құралдарының техникалық сипаттамалары (бірінші кезекте, жабдықтар);

- өндірістің шарттарын және технологияларын сипаттау;

- нарықтық конъюнктура (бағалар, сұраныс көлемдері);

- айналым құралдары туралы мағлұматтар;

- кадр құрамы туралы мағлұматтар;

- қорлардың тұтынушылығы және бар болуы туралы мағлұматтар;

- нормативтер, жоспарлы тапсырмалар;

- есептеу көрсеткіштерінің жиынтығы (қор көлемі, ұтымдылық, өзіндік құн);

- әртүрлі бұйрықтар, нұсқамалар, әдістемелер.

Тізбелеуді және нақтылауды жалғастыруға болушы еді, бірақ барлық олардың топтастыруларында жалпы белгі бар – олар халықтың өндірісті-шаруашылық қызметіне жатады. Оларды осы белгі бойынша экономикалық ақпарат деп анықтайды.

Экономикалық ақпарат –оларды тұрақтандыруға, беруге, қайта қалпына келтіруге, сақтауаға және халықтық шаруашылықты және оның жеке әртүрлі деңгейдегі буындарын басқару функциясын жүзеге асыру үшін қолданатын экономикалық сипаттаманың әртүрлі топтастыруларының жиынтығы.

Кіру ақпараты басқарушы мүшеге сырттан келеді. Оның бір бөлігі, алғашқы ақпарат, басқару объектісінен келіп түседі және тура өлшеу немесе есептеу нәтижесінен пайда болады. Кіру ақпараттың қалған бөлігі – оны кейде сыртқы деп те атайды және шартты түрде мәлімдеуші және директивті болып бөледі – жүйелік мүшенің басқарушысына басқа жақтан қатынас бойынша келіп түседі.

Өзгеру жиілігі және пішім бойынша қолдануды нормативті-анықтамалық ақпарат бөледі. Бұл экономиклық, технологиялық, материалдық және еңбек нормативтері, есептеу коэффициенттері, каталогтар, тізімдемелік анықтамалар. Нормативті-анықтамалық ақпарат үлкен тұрақтылықпен ерекшеленеді және ереже бойынша, біртектілік массивке ұйымдасырылады.

Нормативті-анықтамалық және кіру ақпараттардан өңдеу нәтижесінде туынды ақпараттың барлық молшылығы пайда болады. Өңдеу әдістері әртүрлі, жәй берілуден, агрегеттаудан және топтасудан талдаумен шектелген қиын экономикалық есептеуге дейін болуы мүмкін.

Өңдеуде ақпаратты өзгерту процессі сияқты қабылдаушы кезеңты болжамды, жоспарлы және тіркеуші ақпараттарға бөлуге болады. Тіркеуші ақпарат өндірістің шындық процесіне және оның нақты экономикалық жағдайына жатады. Бұған алғашқы ақпарат сияқты дәл солай туындының бір бөлігі кіреді.

Тіркеуші ақпараттан айырмашылығы болжам және жоспарлы ақпарат жағдайдың немесе мақсаттың өзгеру кезінде түзелуі мүмкін. Тіркеуші және жоспарлаушы деректердің есебі небір мағынада кездесу ағындарын құрайды. Есептеу кезінде тіркелуші деректер негізінен агрегатталынады, топтастырылады және болмыстық көрсеткіштерден құндылыққа келеді, ал жоспарлы деректер, керісінше, құндылық және іріленген болмыстық көрсеткіштерден техникалық дайындықтың және өндірісте қамтамасыз етілетін бөлшектік деректерге келеді.

Өңдеудің аяқталаған нәтижесі деп шығару деректерін алғанды санауға болады. Оларды шығарылған деп аталған себебі, жоғарғы тұрғандар (сыртқы) мүшелер жағынан оларды басқару (немесе бақылау) түсініледі. Олардың бір бөлігі басқару объектілеріне келіп түседі, ал бір бөлігі – жоғарғы мүшелерге және басқа бөлімдерге келіп түседі.

Басқару объектілеріне келіп түсетін ақпарат, қажетті ықпал көрсетеді және сонысымен кейінгі жұмысына әсер етеді. Бұл ақпарат әдетте адам қатысуымен өңделеді, шешім қабылдау процесінде анықталады, сондықтан оны басқарушы деп атайды. Жоғарғы мүшеге келіп түсетін ақпарат есептеу сипаттамасын береді және статистикалық және салықтық мүшелермен орнатылған пішімде берілуі мүмкін.

Экономикалық деректердің көп бөлігі айнымалы көлем атауларынан тұратын, сапалы белгілер жиынтығын және сандық негіздерді беретін көрсеткіш пішімде бейнеленген. Деректерді өңдеу деп жаңа көрсеткіштерді есептеу немесе аналитикалық жолдармен алуды, бар көрсеткіштерден жаңа деректерді құруды айтады.

Экономикалық ақпараттың сипаттамасының ішіндегі ең маңыздысы, оған қойылған талаптарды кескіндейтіні сыпайылық, құндылық, сенімділік, дәлдік, актуалдық, толымдылық деп аталулары мүмкін.

Экономикалық ақпараттық жүйелер

Экономикадағы ақпараттық жүйелер - деп нақты өмірдегі қандай-да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жайлы ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және таратумен айналысатын жүйені айтады. Мына анықтаманы да қабылдауға болады: ЭАЖ деп экономикалық объектінің тікелей және қарама-қарсы ақпараттық байланыстарының ішкі және сыртқы тасқындарының жиынтығын; шешім қабылдау және жасау процесіне қатысатын құралдар мен әдістерді айтады.

ЭАЖ міндеттері:

- мәліметтерді өңдеу есептерін шығару – экономикалық объектіні басқару үшін қажетті құрама ақпарат шығару мақсатында экономикалық ақпаратты өңдеу және сақтау;

- кеңсе жұмыстарын автоматтандыру – картотека жүргізу, мәтіндік ақпаратты өңдеу, машиналы графика, электронды пошта және байланыс;

- жасанды интеллект әдістеріне негізделген есептер – басқарушылық шешімдер қабылдау үшін. Шешім қабылдау кезіндегі өндіріс мамандарының іс-әрекетін модельдейді.

ЭАЖ құрылу және жұмыс істеу принциптері:

- үйлесімділік – ЭАЖ объектінің жұмыс істеуін берілген тиімділік бойынша қамтамасыз етуі керек;

- үнемділік – объектіде ЭАЖ пайдаланғанда экономикалық ұтыс ақпаратты өңдеуге кеткен шығыннан жоғары болуы керек;

- жұмыс тәртібі (регламенттілік) – ақпараттың көп бөлшегін берілген уақыт мерзімі бойынша кестеге сәйкес өңдеу;

- өзін-өзі бақылау – мәліметтердің және оларды өңдеу процесіндегі шыққан қателер жүйесін табу және түзету;

- интегралдылығы - мәліметтерді ЭАЖ-не бір рет қана енгізіп, бірнеше (көп мақсатта) пайдалану;

- бейімділігі – ЭАЖ-нің өзінің құрылымын өзгертуге қабілеттілігі және өзгеріп отырған сыртқы шарттарға қарамай тиімді нәтиже алу әрекетінің заңдары.

ЭАЖ-дің жұмыс істеу сапасының бағалануы бірнеше критериялар кешені бойынша орындалады. Бағалауға мыналар жатады:

  • жүйе толығымен;

  • жоспарлау кезеңдерінің жекелеген құраушылары;

  • жүйені қолдану кезеңдерінің маңызды компоненттері.

Әрбір критерий жоспарлау нәтижесі немесе жүйенің жұмыс істеуі мен алға қойған мақсат арасындағы сәйкестік дәрежесін мөлшерлі түрде анықтайды.

ЭАЖ алдына қойылған міндеттері бойынша келесі топтарға бөлінеді:

- басқарушы ИЖ (өндірісте технологиялық процестерді басқару);

- өндірісті басқарып отырған мамандар ұжымына қызмет ету үшін керекті әкімшілік-ұйымдастырушылық түріндегі жүйелер.

Функционалды нышандары бойынша келесі топтарға бөлінеді:

  • мәліметтерді өңдеу жүйелері (МӨЖ);

  • басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ);

  • Информациялық-іздеу жүйелері (ИІЖ).

Мәліметтерді өңдеу жүйелері (МӨЖ)- бұл әртүрлі мақсаттағы қолданбалы программалармен жабдықталған информациялық жүйелер.

ІҮ. Сабақты бекіту. АЖ-дің негізгі қызметтері: информацияларды жинау, беру, сақтау және өңдеудің келесі операциялары: енгізу, түзету, сұрыптау және шығару. Кіріс информацияларын шығыс информацияларына түрлендіру жоғарыда келтірген операциялар көмегімен қамтамасыз ете алмайтындықтан, арнайы қолданбалы программалар құрылады.

Басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) – басқарушылық шешімдер қабылдай алатын МӨЖ.

Жүйенің шешім қабылдауы (өз алдына немесе мамандар қатысуымен) математикалық әдістер көмегімен немесе басқарушылық шешім қабылдау үшін мамандар тірлігін модельдеу арқылы іске асырылады.

Бұл бағыттағы есеп түрлері материалдар қорын басқарудың тиімділік есептері.

Информациялық-іздеу жүйелері (ИІЖ) – құжаттар жиыны арасынан информациялық сұраныста көрсетілген тақырыптарға арналған немесе қажетті мәліметтерді іздеуге лайықталған жүйелер.

Индекстеу – екі кезеңнен тұратын процесс:

- берілген құжатта көрсетілген тақырыптарды анықтау;

- осы тақырыптарды ИІЖ-де қабылданған тіл арқылы білдіру және құжаттармен байланысқан іздеу бейнелері түрінде жазу.

Іздеу мүдделердегі (сұраудағы) іздеу бейнелері мен құжаттағы іздеу бейнелерін салыстыру арқылы жүргізіледі. Бейнелер толық немесе жарым-жартылай үйлессе, онда құжат мүддеге сәйкес деп танылып, тұтынушыға жіберіледі.

ЭАЖ-де жұмыс істеудің екі режимі қолданылады: пакетті және интерактивті (диалогты, мүдделі):

Ү. Үй жұмысы:

1. Экономикалық ақпараттың құрылымы

2. Ақпаратты топтастыру

3. Ақпаратты білім сатысымен топтастыру

4. Ақпаратты тұрақтылық белгісімен топтастыру





























1-тәжірибелік жұмыс. Ақпараттық базаны ұйымдастыру және құрастыру

Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау 1-суреттегі ведомосын құру.

Ведомость жасауға байланысты кеңестер:

а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;

ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз:

Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ), Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).

hello_html_m41fec6e1.gif


1-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосы


б) Есептеулер жасауға арналған формулалар:

ҚҚ = БҚ – НЕ

ҚТҚ = БҚ * К

ҚҚҚ = ҚҚ * К

мұндағы К – коэффициент мəні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 – егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 – егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.

Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:

D5 ұяшығына: = B5 – C5, E5 ұяшығына:

=B5*ЕСЛИ (B5<=650;3,3; ЕСЛИ(И(B5>650;B5<1000); 4,2;5,1))

F5 ұяшығына:

=D5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000); 4,2;5,1))

в) Барлығы жолындағы мəндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз немесе В12 ұяшығына = СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.

Төлем ақыны есептеуді автоматтандыру. Қарапайым тізімділікті құру.

MS EXCEL кестелік процессорының мүмкіндіктерін пайдаланып, жұмыс кітабының «Зарплата» атты парағында еңбек ақыны есептеу (айлық төлемдік-есептік ведомосін) үшін 3.6-сурет үлгісіндегі кестені құрыңыз. Фирманың 20 қызметкері бойынша бір айға қарапайым үлгіде еңбек ақыны есептеңіз.

Келесі мәліметтер белгілі: табельдік номер, аты-жөні, оклад, жұмыс күні саны, еңбек сіңірген күн саны. Қалған көрсеткіштер формула бойынша есептелінеді: жалақы сомасы, табыс салығы, кәсіподақ салымы, зейнетақы қорына салым, ұсталған жалпы сома, қолға берілетін сома.

Ескерту: Оклад көлемін, айдағы жұмыс күні санын, еңбек сіңірген күн санын өзгерткен жағдайларда, нәтижелердің мәні автоматты өзгеретіндей етіп кестені құру керек. Ол үшін есептеу формулаларында берілгендердің нақты мәнін емес, берілгендер орналасқан ұяшық адрестерін пайдаланыңыз.

Келесідей белгілеулер енгіземіз: О – оклад, ЖКС – айдағы жұмыс күні саны, ЕСК – еңбек сіңірілген күн саны, ЖС – жалақы сомасы, ТС – табыс салығы, КОС- кәсіподақ салымы, ЗаҚС – зейнет ақы қорына салым, ҰС – ұсталған жалпы сома, ҚбС – қолына берілетін сома.

Жалақы сомасы: ЖС = О / ЖКС * ЕСК

Кәсіподақ салымы: КОС = ЖС-ң 1%-ы

Зейнетақы қорына салым: ЗаҚС = ЖС-ң 10%-ы

Табыс салығы: ТС = (ЖС-ЗаҚС-Ағымдық уақыттаға ең төменгі жалақы мөлшері)*10%

Ұсталған жалпы сома: ҰС = ТС + ЗаҚС + КОС

Қолына берілетін сома: ҚбС = ЖС – ҰС


hello_html_m3ad3f3bb.png


3.6-сурет – Қаңтар айына еңбек ақының төлемдік-есептік ведомосі


Бақылау сұрақтары:

1) MS EXCEL-де формула қандай таңбамен басталып жазылады?

2) Сандардың қосындысын есептейтін функцияны ата.

3) MS EXCEL-дегі адрестеу түрлері және олардың қолданылуы ерекшеліктері қандай?

3-тәжірибелік жұмыс. Еxcel электронды кестесінде мәліметтер қорын құруға, автофильтр құруға, мәліметтер қорынан таңдау жасауға үйрету.

Афтофильтр тек белгілі бір мәннен тұратын жолды экранға шығаруға мүмкіндік береді.

Промежуточные.итоги математикалық функциясы тізімді фильтрлеу нәтижесінде болған жасырын жолдарды ескермей, қорытынды мәнді есептейді.

Промежуточные.Итоги(Номер функции; Ссылка1)

БДСУММ функциясы көрсетілген мәліметтер қорындағы белгілі бір ақпараттардан анықталған критериге сәйкес келетін барлық мәндерді қарап, қосындысын есептейді.

БДСУММ(База данных; Поле;Критерий).

1-тапсырма. Бірнеше менеджерлермен жүзеге асырылған сату туралы мәліметтерден тұратын мәліметтер қорын құру және қажетті ақпаратты алу.

1-қадам: Мәліметтер қорының жұмыс парағын құру.

В1 ұяшығына Продажи за ноябрь, А3 ұяшығына Дата, С3 ұяшығына Кому, D3 ұяшығына Сумма сөздерін енгізіңіз; Лист1 жұмыс парағына Ноябрь атын берңіз.

Данные-Форма меню командасын таңдаңыз; Оk пернесін басыңыз. Ноябрь аты берілген экранда форма диалогы ашылады.

Диалог алаңдарын 3.7-суреттегідей толтырыңыз. Келесі алаңға көшу үшін Таb клавишасын немесе тышқанды қолданамыз. Әр жолды енгізіп болғаннан кейін Добавить пернесін басамыз. Барлық жазуларды енгізіп болғаннан кейін Закрыть пернесін басамыз.

2-қадам: Афтофильтр құру.

С1 ұяшығына СУММ функцисын қолданып, айдағы жалпы сату көлемін есептейміз. Мәліметтер базасына әлі де жазулар енгізілетіндіктен максимальды мүмкін диапазонды көрсетеміз: СУММ(D4:D16384). Е3 ұяшығына Итого сөзін енгіземіз.

Функция шеберіндегі Математические категориясындағы Промежуточные Итоги функциясын таңдаймыз. Номер функции алаңына 9 санын енгіземіз. Ссылка1 алаңына D4:D16384 диапазонын көрсетеміз. Оk пернесін басыңыз. F3 ұяшығында нәтиже шығады: 70700.

Енді автофильтр құрамыз. Баған тақырыптары орналасқан А3: D3 диапазонын ерекшелейміз.

Данные•Фильтр•Автофильтр меню командаларын таңдаймыз. Ерекшеленген әр бағанның оң жағында автофильтр кнопкасы пайда болады.

Менеджер Ивановпен жүзеге асырылған жалпы сату көлемі қажет болсын. Ол үшін:

Менеджеры бағанының оң жағындағы автофильтр кнопкасын басыңыз. Мүмкін болатын фильтр тізімі шығады.


hello_html_3988d2fc.gif


3.7-сурет – Экранда форма диалогы


Иванов фильтрін таңдаймыз. Нәтижесінде Ивановпен жасалған сату туралы ақпараттар шығады, ал қалған жазулар жасырылып тұрады. F3 ұяшығында Ивановтың сату көлемі 31000 шығады. Сонымен Промежуточные Итоги функциясы экранда көрініп тұрған жазулар бойынша қорытынды есептейді.

Фильтрлеуді алып тастау үшін автофильтр кнопкасын басып (Все) командасын таңдаймыз.

Сату көлемін АО Салем+ фирмасына қатысты фильтрлеп көріңіз.

Иванов пен Сериковтың сату көлемін анықтау үшін Менеджер ұяшығындағы автофильтр кнопкасын түртіп, ашылған тізімнен (Условие...) таңдаймыз. Пользовательский автофильтр диалогы ашылады. Бұл диалог көмегімен равно, больше, меньше және т.б.салыстыру операторлары көмегімен фильтрлеу шартын беруге болады.

Сол жақ жоғары алаңға равно, жоғары оң жақ тізімнен Иванов мәнін таңдаймыз. ИЛИ ауыстырғышын орнатамыз.

Төменгі сол жақ тізімде равно операторын, төменгі оң жақтағы тізімнен Сериков мәнін таңдап, Оk пернесін басыңыз.

Мысалы, 12.11.02 күнінен кейін жасалған сату көлемін анықтау үшін Дата ұяшығындағы автофильтр кнопкасын түртіп, ашылған тізімнен (Условие...) таңдаймыз. Пользовательский автофильтр диалогы ашылады. Сол жақ жоғары алаңға больше, жоғары оң жақ тізімнен 12.11.02 мәнін таңдаймыз. Оk пернесін басыңыз.

Мәліметтер қорындағы барлық бағандардағы фильтрлерді алып тастау үшін: Данные-Фильтр-Отобразить все меню командасын қолданамыз. Автофильтрді өшіру үшін: Данные-Фильтр-Автофильтр.

3-қадам: Мәліметтер қорынан таңдау

Әр менеджермен жасалған сату көлемі туралы мәлімет, оларды өзара салыстыру үшін қажет болсын. Оны жаңа парақта жасаймыз.

Лист2 парағында А1 ұяшығына Продажи менеджеров за ноябрь тақырыбын енгіземіз. А3-ке Менеджер,А4,А5,А6 ұяшықтарына менеджер фамилияларын ензізіңіз: Иванов, Асанов, Сериков.

В бағанына әр менеджердің сату көлемін есептеу үшін формула енгіземіз: Курсорды В4 ұяшығына қойып, Функция шеберінен Работа с базой данных категориясыннан БДСУММ функциясын таңдаймыз.

Ашылған терезедегі База данных алаңына Ноябрь парағындағы $C$3:$D$16384 диапазонын енгіземіз.

Поле алаңына «Сумма» бағанының атын енгіземіз.

Критерий алаңына А3:А4 ұяшық диапазонын енгізіп, Оk пернесін басыңыз. Нәтижесінде менеджер Ивановпен жасалған сату көлемі есептелінеді, ал формула жолында келесі формула шығып тұрады:

БДСУММ(Ноябрь! $C$3:$D$16384;"Сумма";А3:А4). Сонымен БДСУММ функциясы көрсетілген мәліметтер қорындағы Сумма бағанындағы Менеджер=Иванов критериіне сәйкес келетін барлық мәндерді қарап, қосындысын есептейді.

В5 ұяшығында Асановтың сату көлемін анықтау үшін: :

БДСУММ(Ноябрь! $C$3:$D$16384;"Сумма";А3:А5)-В4;

В6 ұяшығында Сериковтың сату көлемін анықтау үшін: :

БДСУММ(Ноябрь! $C$3:$D$16384;"Сумма";А3:А6)-В5-В4;

Мәліметтер қорына жаңа ақпараттар енгізіп, қалай өзгеретіндіктерін байқаңыздар.

4-тәжірибелік жұмыс. Құрама кестелерді құрастыру

Құрама кестелердің мастермен жұмыс істеу. Қосымша операцияларды қолдану. Құрама кестелер бірнеше консолидацияларда.

Жұмыстың мақсаты мен мазмұны

Есепті орындау студенттерге құрама кесте сияқты Excel-дің мәліметтер қорымен жұмыс жасау құралын игеруге мүмкіндік береді.

Жұмыстың орындау методикасы

Құрама кестелер ақпаратты талдау үшін және мәліметтер қорында, жұмыс парақтарында, сыртқы файлдарда сақталынатын ақпараттарды жалпылау үшін қолданылады. Құрама кесте интерактивті кесте болып табылады, оның көмегімен мәліметтердің үлкен көлемдерін жылдам біріктіруге және салыстыруға болады, алғашқы мәліметтер бойынша әр түрлі нәтижелер алуға болады, сонымен бірге керекті облыстар бойынша мәліметтерді көрсетуге болады.

1-тапсырма. Эмитенттер мен құнды қағаздардың түрлері бойынша сұраныс пен ұсынысты талдау үшін 3.2-кестеде көрсетілген мәліметтер қоры бойынша құрама кестені құру қажет.


3.2-кесте – Құнды қағаздарының деректер базасы

ҚҚ түрінің коды

Эмитент коды

ҚҚ номиналы

ҚҚ эмиссиясы

ҚҚ сұранасы

ҚҚ курсы

Ұсыныс

құны

Сұраныс құны

А

П1

1000

10

10

1,05



А

П1

1500

2

2

0,07



А

П2

500

6

3

0,98



А

П3

100

3

4

0,97



В

П1

5000

2

3

1,12



В

П2

10000

1

2

1,06



В

П3

2000

1

1

1,09



В

П3

15000

3

1

1,12



О

П1

5000

6

5

1,01



О

П2

500

3

4

1,02



О

П3

1000

5

2

1,02



О

П2

2000

4

3

1



А

П2

5000

6

3

0,98



В

П3

100

3

4

0,97



В

П1

5000

2

3

1,1



В

П2

500

1

2

1,06



О

П3

500

5

1

1,07



О

П1

2000

6

5

1,04



О

П3

500

3

4

1,02



А

П3

1000

4

2

1,02



В

П3

500

1

3

0,98



О

П1

500

5

1

1,15



О

П2

1000

5

5

1,04




Ұсыныс бағасы эмиссияны номиналды бағаға көбейткенге тең болады.Сұраныс бағасы құнды қағаз сұранысы, номинал және берілген құнды қағаз курсының көбейтіндісіне тең.

Құрама кестені құру үшін бастапқы кестенің облысына курсорды қою керек, содан соң Данные менюіне кіру керек те, Сводная таблица командасын орындау керек. Әрі қарай сіз жиынтық кестені құру үшін деректер көзінің түрі ретінде Excel деректер базасын(тізімін) көрсетуіңіз керек. Келесі қадамда макет облыстарында бағалы қағаздардың деректер базасының өрісін келесі түрде орналастырыңыз:

- жолдарға – бағалы қағаздар түрінің коды;

- бағандарға – эмитент коды.

Данные облысында Стоимость предложения атты қорытынды өріс болу керек. Сіз оны ҚҚ бойынша сұраныс деп атын өзгертіп, Сумма операциясын қолдану керексіз.

Құрылған кестені жаңа бетке орналастырыңыз және оны «Құрама кесте» деп атаңыз.

Курсорды құрама кестенің облысына орналастырыңыз да тышқанның оң жақ батырмасын басып, Формулы, Вычисляемое поле командасын орындаңыз. Жаңа есептеуіш өрістің – Дефицит/Избыток атын көрсетіңіз. Есептеу формуласы: Ұсыныс құны – Сұраныс құны.

Құрама кестенің Данные облысына жаңа өрістер қосыңыз:

- Ұсыныс құны – Эмитент бойынша ұсыныс құрылымы атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Жол бойынша сома бөлігі;

- Сұраныс құны – Эмитенттер БҚ–дарына сұраныс құрылымы атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Жол бойынша сома бөлігі;

- Ұсыныс құны – Эмитенттің ұсыныс құны атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Баған бойынша сома бөлігі.

Параметры контексті меню командасы арқылы құрама кестенің келесі параметрлерін өзгертіңіз:

- баған бойынша жалпы сомасы;

- жол бойынша жалпы сомасы;

- афтоформат;

- форматтауды сақтау;

- кестелері бар деректерді сақтау;

- ашу кезінде жаңарту.

2-тапсырма. Қалалар бойынша банктер жұмысын талдаңыз және құрама кесте мастерінің көмегі арқылы бастапқы 3.3-кесте негізінде 3.4-кестені құрыңыз.

Банк қызметінің анализінде қарыз капитал меншікті капиталдың 10 %-іне тең. Ағымдағы берешек ағымдағы активтер мен қарыз капитал арасындағы алымға тең. Ағымдағы активтердің пайдалылығы таза пайданы ағымдағы активтердің орташа сомасына бөлгенге тең.

3.3-кестеБанктер бойынша деректер базасы

Қала

Банк коды

Таза пайда

Меншікті капитал

Меншікті капиталдың орташа сомасы

Ағымдағы активтер

Ағымдағы активтердің орташа сомасы

Негізгі қорлардың орташа құны

Алматы

123

123000

688799

568493

152356

15499

15000

Астана

123

186500

700000

600000

160000

16000

15500

Астана

115

15600

521358

684929

2165652

356513

59656

Алматы

145

59696

566389

659878

2656233

596568

596523

Алматы

112

126000

798931

684521

296532

526532

265945

Москва

137

135005

846563

659779

549656

651226

154835

Астана

108

15862

568598

550000

2656235

546563

154512

Астана

107

123687

798956

780025

358989

326562

788952

Алматы

197

56900

635799

516782

2698565

56598

265953

Алматы

131

148900

598369

600000

6589235

187652

126556

Алматы

156

15687

574894

550000

2168562

184952

1548535

Астана

122

132567

635979

590489

6598779

489926

154562

Алматы

125

122680

568722

505050

4587963

265623

645879

Астана

147

98503

843689

845000

2154652

219856

656546

Москва

159

110369

589355

600050

2165935

595965

216562

США

146

125863

597997

560045

6597556

26562

956235

Астана

111

149024

587600

560421

9562326

748756

595624

Алматы

108

125679

890000

850000

7521356

265562

265626

Москва

156

45455

678000

666023

1265597

487987

565624

Москва

121

26876

955606

850000

2165856

216583

154623

Алматы

196

26583

669768

669120

3457953

216956

595622

Алматы

110

139813

780008

764035

9432523

454526

1545213


3.4-кесте – Қалалар бойынша банктердің жұмысын талдау

Қала

Москва





Банк коды

Мәліметтер

Қорытынды

121

Таза пайда

26876

Меншікті капитал

955606

Қарыз капитал

95560,6

Ағымдағы берешек

2070295,4

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,124090995

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,173816315

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,028124562


3.4-кестенің соңы

137

Таза пайда

135005

Меншікті капитал

846563

Қарыз капитал

84656,3

Ағымдағы берешек

464999,7

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,207308983

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,871928182

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,159474251

156

Таза пайда

45455

Меншікті капитал

678000

Қарыз капитал

67800

Ағымдағы берешек

1197797

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,093147973

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,080362573

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,067042773

159

Таза пайда

110369

Меншікті капитал

589355

Қарыз капитал

58935,5

Ағымдағы берешек

2106999,5

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,185193761

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,509641581

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,18727083

Қорытынды Таза пайда

317705

Қорытынды Меншікті капитал

3069524

Қорытынды Қарыз капитал

306952,4

Қорытынды Ағымдағы берешек

5840091,6

Қорытынды Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,162778639

Қорытынды Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,291033524

Қорытынды Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,103503019


Негізгі қорлардың пайдалылығы таза пайданы негізгі қорлардың орташа құнына бөлу арқылы табамыз. Меншікті капиталдың пайдалылығы таза пайданы меншікті капиталға бөлгенге тең.

3-тапсырма. Алғашқы ведомосінің 3.5-кестесі негізінде құрама кестенің мастері көмегімен 3.6-кестені құру.

«Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы» және «Құнындағы үлес салмағы» атты өрістер есептелетін болып табылады. Қосымша есептеулер ретінде баған бойынша соманың бөлігін қойыңыз.


3.5-кесте – Өткізілген тауарлардың тізімдемесі

п/п

Тауар топтарының коды

Тауар аты

Сатылған тауарлар саны

Бірлік бағасы

1

Ет

2005

250

7980,00

1

Колбаса өнімдері

1258

360

8152,00

1

Сүт

4587

50

5133,00

1

Сыр

569

450

6551,00

2

Ұн

14789

45

3461,00

2

Тары

1258

26

1472,00

2

Рис

456

70

4216,00

2

Манка

789

50

3825,00

2

Гречка

123

85

4917,00

3

Сәбіз

478

15

1266,00

3

Қызылша

589

25

1977,00

3

Картоп

233

20

2511,00


3.6-кестеӨткізілген тауарлар анализінің тізімдемесі

Тауар аты

Деректер

Қорытынды

Колбаса өнімдері

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

8152

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

29,31%

Өткізілген сомасы

452880

Құнындағы үлес салмағы

4,85%

Сүт

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

5133

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

18,45%

Өткізілген сомасы

229350


Құнындағы үлес салмағы

2,45%

Ет

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

7980

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

28,69%

Өткізілген сомасы

501250

Құнындағы үлес салмағы

5,36%

Сыр

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

6551

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

23,55%

Өткізілген сомасы

256050

Құнындағы үлес салмағы

2,74%


3.6-кестенің соңы

Қорытынды Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

27816

Қорытынды Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

100,00%

Қорытынды Өткізілген сомасы

9345090

Қорытынды Құнындағы үлес салмағы

100,00%


Бақылау сұрақтары

1) Құрама кестелердің жұмыс қажеттілігін және механизмін түсіндіріңіз.

2) Эмитенттер бойынша ұсыныс құрылымы, Эмитенттердің ҚҚ-на сұраныс құрылым және Эмитент ұсыныстарының құрылымы өрістері арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.

3) Пайдалылық пен тиімділіктің түсініктері

5-тәжірибелік жұмыс. Несие төлемдерін есептеуде қаржылық функцияларды пайдалану

Еxcel кестелік процессорында ПЛТ, ПРПЛТ, ОСПЛТ қаржылық функцияларын қолдану арқылы, кезеңдегі несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге болады.

Кезеңдегі жалпы төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясы қолданылады. Оның аргументтері:

Ставка – кезеңдегі проценттік ставка.

КПЕР – төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны.

ПС – ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасы.

БС – соңғы төлемнен кейінгі болашақта болуы мүмкін құн немесе қолма-қол баланс. Егер БС аргументі жоқ болса, оны 0 деп есептейді.

ТИП – 0 немесе 1 сандары төлемінің сәйкес мерзімінің басында немесе соңында төленетінін көрсетеді. Егер 0 болса, онда төлем кезеңнің соңында, ал 1 болса, кезеңнің басында төленеді.

Әр кезеңдегі негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді есептеу үшін ОСПЛТ және ПРПЛТ функцияларын қолданамыз. Бұл функциялардың да, тек төлем кезеңін көрсететін «Период» аргументінен басқа барлық аргуметтері ПЛТ функциясының аргументтерімен бірдей.

Бұл функцияларды қолдану барысында мыналарды есте ұстау қажет:

- Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12-ге бөлу керек;

- ПЛТ функциясымен есептелетін төлемдер негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді қамтиды, бірақ кейде қарызбен байланысты болатын салықтарды, резервтік төлемдерді немесе комиссияларды қоспайды.

1-есеп. 10000 доллар көлемінде 5 жылға, жылдық 17%-тік ставкамен алынған қарыз бойынша жылдық төлем шамасын есептеу.

3.8-суреттегі В3:В5 ұяшықтары аралығына алғашқы мәліметтерді енгіземіз. В6 ұяшығына жылдық төлем шамасын есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз, аргументтерін келесі түрде енгіземіз: =ПЛТ($B$3;$B$4;-$B$5)

Жалпы төлем сомасы: =B6*B4

Әр кезеңде төленетін процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдерді анықтау үшін келесі формулаларды енгіземіз:


hello_html_4798ff84.png


3.8-сурет – Есептің шешуі


D10 ұяшығына =ПРПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз.

Е10 ұяшығына =ОСПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз. Нәтижесінде әр кезеңдегі процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдердің шамасы анықталады. Қарыз қалдығын өз бетіңізбен орындаңыздар.

2-есеп. 3 жылға жылдық 15%-пен алынған құны 700000 теңге болатын тұтыну несиесі бойынша айлық төлем шамаларын (негізгі төлем шамасын, проценттік төлем шамасын және жалпы айлық төлем шамасын) және қарыз қалдығын есептеңіздер.

3-есеп. 20 жылға 11 % жылдық ставкамен 52000 тенге ақша салынғанда шотта қанша ақша болатынын есептеу керек. Процент ай сайын есептеледі.

Шешімі:

Болашақ құнды есептеу үшін күрделі процентті есептейтін БС функциясы қолданылады:

БС(ставка; кпер; плт; пс; тип)

Біздің есебімізде функция төмендегідей жазылады:

БС(11 %/12;20*12;-52000)

Есептеу терезесі 3.9-суреттегідей болады:


hello_html_4b45d2de.gif


3.9-сурет – Салымның болашақ құнын есептеу


Болашақ құнның шамасын есептеу үшін В8 ұяшығына мына формуланы жазамыз:

= БС(B4/B5;B6*B5;-52000)

4-есеп. Проектіні іске асыру барысында жыл сайын түсетін пайда 54 000 000 болады деген болжам бар. Проектінің өзін-өзі ақтау мерзімін анықтау керек. Алғашқы инвестиция мөлшері 140 000 000, дисконттау нормасы 7,67 %

Шешімі:

Төлемдер мерзімін анықтау үшін КПЕР(ставка; плт; пс; бс; тип) функциясы қолданылады. Біздің есебіміз бойынша КПЕР(7,67 %; 54000000; -140000000) = 3

5-есеп. Облигация 200 000 номиналмен 7 жылға шығарылған. Процентті есептеу мынандай тəртіппен жүргізіледі: бірінші жылы – 11 %, келесі үш жылда – 16 проценттен, қалған үш жылда – 20 проценттен. Күрделі проценттік ставкамен облигацияның болашақ құнын есептеу керек.

Шешімі:


Күрделі проценттік ставкамен болашақ құнды төмендегі функцияның көмегімен есептейміз:

БЗРАСПИС(первичное; план)

Біздің есебіміз үшін ол 3.10-суреттегідей түрде болады:


hello_html_m1a4f9a6c.gif


3.10-сурет – Күрделі проценттік ставкамен өсетін құнды есептеу


Мұндағы В15 ұяшыққа = БЗРАСПИС(B3;B7:B13) формуласын енгіземіз

6-есеп. Проект бойынша шығындар 600 млн. Келесі 5 жыл ішінде түсетін пайда: 50, 100, 300, 200, 300 млн. Пайда нормасы 15 % болғанда инвестиция айналымының жылдамдығына байланысты проектінің тиімділігін бағалау керек.

Шешімі:

Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу үшін ВСД(значения; предположения) функциясы қолданылады. Біздің есебімізде Значения аргументі ғана қолданылады. Олардың біреуі міндетті түрде теріс сан болады. Егер инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы пайда нормасынан жоғары болса, онда проект тиімді деп саналады. Ондай болмаған жағдайда проект іске асырылмау керек.

Есептеу терезесі 3.11-суретте көрсетілген :

Мұнда В13 ұяшығына мына формуланы енгіземіз:

= ВСД(B4:B9)

В15 ұяшығына енгізілетін формула:

= ЕСЛИ(B13>B11;"Проект тиімді";"Проект тиімсіз")


hello_html_m569891c6.gif


3.11-сурет – Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу


Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.

7-есеп. 7 жылға шығарылған номиналы 200000 болатын облигацияның болашақ құны қанша болады? Процент мынандай тəртіппен есептеледі: алғашқы үш жылға – 18 %, қалған төрт жылға – 21 %. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 12 жылдан кейін кəсіпорынға 5 млн ақша қажет болады. Кəсіпорын осы соманы алу үшін қазіргі уақытта депозитке ақша салмақ ойы бар. Ол үшін 12 % проценттік ставкамен қанша мөлшерде депозитке ақша салу керек? ПС функциясын қолданыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1) Кезеңдегі несие төлемдерін қандай функция анықтайды?

2) Негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге арналған функцияларды ата.

3) ПЛТ функциясының аргументтері қандай?

4. ПРПЛТ функциясының аргументтері қандай?

5) ОСПЛТ функциясының аргументтері қандай?

6-тәжірибелік жұмыс. Параметрді келтіру құралын пайдалануы

MS Excel-дің Подбор параметра құралы тəуелді ұяшықта қажетті нəтижені алу үшін осы ұяшыққа кіретін тəуелсіз ұяшықта қандай мəн болу керектігін анықтауға жол береді.

1-есеп. 5 жылдың ішінде проект бойынша алынатын пайда: 120 000 000, 200 000000, 300 000 000, 250 000 000, 320 000 000 болады деген болжау бар.А.йналым жылдамдығы 12 % болғанда проектіге кететін алғашқы шығын қандай болу керек?

Шешім:

Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВСД (значения;предположения) функциясының көмегімен табылады. Берілгендерді енгізу төмендегідей 3.12-суретте көрсетілген терезеде жүргізіледі:


hello_html_6643224d.gif


3.12-сурет – Проект бойынша бастапқы шығындарды анықтау терезесі


Алғашында проектіні іске асыру үшін кететін шығын мөлшеріне ойдан кез-келген мəн бере саламыз (тіпті бұл ұяшықты бос қалдырса да болады).

В13ұяшығына =ВСД(B4:B9) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.13 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:


hello_html_m51d75358.gif


3.13-сурет – Подбор параметра құралының терезесі


Нəтижесінде біздің шарттарды қанағаттандыратын проектіге қажетті

шығындар мөлшері 3.14-суретте көрсетілгендей есептеліп шығады:


hello_html_4658a4a3.gif


3.14-сурет – Бастапқы шығындарды есептеудің нəтижелік терезесі


2-есеп. Сізден танысыңыз 15000 қарыз сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтарып бермекші: бір жылдан кейін – 3000, екі жылдан кейін – 5000, үш жылдан кейін – 9000. Танысыңыз қарызды қандай проценттік ставкамен алмақшы?

Шешімі:

Бұл есепті шешу үшін ЧПС(ставка; значение1; значение2; ...) функциясын жəне Подбор параметра құралын пайдаланамыз.

Берілгендерді енгізу терезесі 3.15- суретте көрсетілген.


hello_html_4e196953.gif


3.15-сурет – Бірыңғай емес капитал салымын табуға арналған жұмыс беті


Алғашында есептеу үшін жылдық проценттік ставкаға кез-келген мəн жазамыз (немесе бұл ұяшықты бос қалдыруға да болады).

В9 ұяшығына =ЧПС(B8;B4:B6) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.16-суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:


hello_html_m3d226885.gif


3.16-сурет – Подбор параметра құралының терезесі


Нəтижесінде 3.17-суреттегідей біздің беретін қарызымыз қандай проценттік ставкамен беріліп тұрғандығын анықтаймыз.


hello_html_5fc45006.gif


3.17-сурет – Бірыңғай емес капитал салымы табылған нəтижелік бет


Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп.Сізден танысыңыз 250000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80000, екі жылдан кейін – 90000, үш жылдан кейін – 100000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

2-есеп. Сізден танысыңыз 320000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80000, келесі үш жылда – 100000-нан, 5-ші жылы – 110000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп. 6 жылға шығарылған облигацияда процентті есептеу тəртібі мынандай: бірінші жылы – 10 %, келесі екі жылда – 15%, қалған үш жылда –17 %. Оның болашақ құны 1546,88 болатынын білсек, облигацияның номиналы қаншаға тең? БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Мөлшері 1500 инвестицияның болашақ құны 4 жылдан кейін 3000 болады. Оның табысы мынандай: бірінші жылы – 15 %, екінші жылы – 17 %, төртінші жылы – 23 %. Үшінші жылғы инвестиция табысын табу керек. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. Проект бойынша табыс 4 жыл ішінде мынандай: 50000, 100000, 300000, 200000. айналым жылдамдығы 10 % болу үшін бастапқы шығын қанша болу керек? ВСД функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Табыс нормасы 9 % болу үшін төмендегі табыстардың бастапқы шығыны қанша болу керек: 2, 5, 6, 8, 10 млн. ВСД функциясын қолданыңыз.

7-тәжірибелік жұмыс. Қою кестесі (таблица подстановки).

Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану

Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.

Шешуі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 3.18-суреттегідей құрамыз:

Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:

=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)

Бұл формулада абсолютті адрестеуді қолданған дұрыс.

ə) Түрлі проценттік ставкада ай сайынғы төлемдер қалай өзгеретінін анықтау үшін сол мəндер орналасатын диапазондарды 3.19-суреттегідей дайындаймыз;

hello_html_2dcfd7c2.gif


3.18-сурет – Берілгендер кестесі


б) Берілген мəндер мен шығатын нəтижелер орналасатын диапазондарды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз, нәтіжесі 3.20-суретте көрсетілген;

в) Шыққан Таблица подстановки 3.21-суретте көрсетілген терезесіне дайындаған мəндердің формулада қай ұяшық орнына қойылатыны көрсетеміз. Біздің мысалымызда ол В4;

г) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға сəйкес 3.22-суреттегідей есептелініп шығады.


hello_html_m77b15192.gif


3.19-сурет – Мəндер кестесін дайындау

hello_html_30930bb3.gif

3.20-сурет – Қою кестесін ерекшелеу


hello_html_fc2d52d.gif


3.21-сурет – Таблица подстановки терезесі


hello_html_2adca47a.gif


3.22-сурет – Бір өлшемді нəтижелік қою кестесі


Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану

Борышты өтеудің түрлі мерзімдері жəне түрлі проценттік ставкаға байланысты займ бойынша ай сайынғы төлемдерді есептеуді қарастырайық.

Шешімі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендер жазылған жұмыс бетін 3.23-суреттегідей дайындаймыз:


hello_html_m1837ea65.gif


3.23-сурет – Берілгендер кестесі


Мұнда В5 ұяшығына =ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2) формуласын жазамыз.

ə) Түрлі проценттік ставка жəне мерзімдер үшін ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін мəндер кестесін 3.24-суреттегідей дайындаймыз:


hello_html_mdb8eb3f.gif


3.24-сурет – Мəндер кестесі


б) Екі айнымалының мəндерін қолданып есептеулер жүргізілетін диапазонды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз. Шыққан 3.25-суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:


hello_html_5e9c1f1d.gif


3.25-сурет – Таблица подстановки терезесі


в) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға жəне мерзімге сəйкес 3.26-суреттегідей есептелініп шығады:


hello_html_415b1ab6.gif


3.26-сурет – Екі өлшемді нəтижелік қою кестесі


Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп. Əр түрлі мерзімдер мен проценттік ставкалар үшін мөлшері 400 млн займ төлемдеріне қою кестесін құрыңыз. ПЛТ функциясын қолданыңыз;

2-есеп. Жылдың аяғында проект бойынша капитал салымдары 150 млн., ал 4 жылдың ішінде түсетін пайда 45, 48, 56, 60 млн деп болжанады. Проектінің таза ағымдық құнын түрлі дисконттау нормалары мен капитал салымдарының мəндеріне байланысты қою кестелерінде есептеу керек. ЧПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Облигациялар 89 курспен, 9.09.2001 сатып алынған жəне купондық пайда (ставка) 10%, төлем периоды жырты жылда бір рет. Облигация борышы өтелетін күн 15.09.2005, курсы – 100 деп болжанады. Қою кестесінде облигация бағасы мен купонның жылдық ставкаға тигізетін əсерін көрсету керек. Уақытша есептеу базисы – 1. ДОХОД функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Номиналы 1000 облигация, купондық ставкасы 8 %, төлем периоды – жылына 4 рет, шығарылған күні - 1.09.2003, сатып алынған күні – 5.10.2003, купонның бірінші рет төленген күні – 12.12.2003, есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен жиілік пен купондық ставканың жинақталған табыстың мөлшеріне əсерін көрсетіңіз. НАКОПДОХОД функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 200000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 06.09.2002 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2005, бағасы – 250000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Вексельдің берілген күні – 6.09.2002, сомасы (инвестиция) – 250000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.09.2004 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз.

7-есеп. Облигация алынған күні – 11.08.2001, борышты өтеу күні – 25.11.2003, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 350000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 12.09.2004 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2008, бағасы – 450000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз.

9-есеп. Вексельдің берілген күні – 14.02.2005, сомасы (инвестиция) – 150000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.03.2007 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз.

10-есеп. Облигация алынған күні – 18.06.2000, борышты өтеу күні – 25.11.2007, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.

7-тәжірибелік жұмыс. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару

Күнделікті өмірде оптимизациялау есептерін шешу қажеттілігімен жие кездесеміз. Қарапайым мысал, сауда дүкеніне кіргенде әрдайым мына бір сұрақ туындайды: амиянымыздың мүмкіндігіне қарай қажеттілігімізді барынша қалай қанағаттандыруға болады? Ал, менеджерлер, экономистер үнемі жұмыстары барысында қызметкерлер штатын жоспарлау, еңбек ақы қорын жоспарлау, өндірістің тиімді жоспарын құру, тауарды нарыққа жылжыту бойынша жарнама кампанияларын жоспарлау секілді мәселелермен кездеседі.

Өмірде және экономикада жие кездесетін осындай есептердің көптүрлілігіне қарамастан, Excel оларды шешудің тиімді әдісі – Поиск решения құралын ұсынады. ДК пайдаланушысынан талап етілетіні Excel үшін есептің дұрыс қойылуын қалыптастыру, ал есептің тиімді шешімін дәл және тез арада Поиск решения құралы тауып береді.

Поиск решения(Шешімін табу) – оптимизациялау есептерін шешуге арналған Excel қондырмасы. Егер Сервис менюінде Поиск решения командасы болмаса, онда оны жүктеу қажет. Ол үшін СервисНадстройки командасын ашып, Поиск решения қондырмасын белсенді ету керек. Егер Поиск решения Надстройки сұхбат терезенде болмаса, Windows-ң басқару панеліндегі Установка и удаление программ пиктограммасына шертіп, Excel (немесе Office) орнату программасының көмегімен Поиск решения қондырмасын орнату керек.

Поиск решения 3.27-суреттегі сұхбат терезесінің элементтерін қарастырайық.

Установить целевую ячейку(Мақсатты ұяшықты орнату) өрісіне максимумы, минимумы немесе берілген мән табылатын функция ұяшығына сілтеме жасалады. Шешім мен мақсатты ұяшық арасындағы өзара байланыстың типі Равной(Тең болатын) тобындағы ауыстырғыштарға белгі қою арқылы орнатылады. Мысалы, мақсатты функцияның максимумын немесе минимумын табу үшін ауыстырғыш Максимальному значению немесе Минимальному значению жағдайына сәйкесінше қойылады. Мақсатты функцияның берілген мәнін табу үшін Равной тобындағы Значению жағдайы таңдалады.

Изменяя ячейки(өзгеретін ұяшықтар) өрісіне есептің шешімін табу барысында өзгеруі қажет ұяшықтар адресі, яғни айнымалыларға бөлінген ұяшықтар көрсетіледі.

Есептің айнымалыларына қойылатын шарттар

- Ограничения(Шектеулер) өрісінде бейнеленеді. Шешімін табу құралы теңдік, теңсіздік, сонымен қатар айнымалылардың бүтін сан болу шарты түріндегі шектеулерді енгізуге мүмкіндік береді. Шектеулер біртіндеп енгізіледі. Шектеулерді енгізу үшін Поиск решения сұхбат терезесіндегі

- Добавить батырмасына басу қажет және ашылған Добавление ограничения (Шектеулерді енгізу) 3.28-суретте көрсетілген сұхбат терезесінің өрістерін толтыру керек.


hello_html_12fd54ce.gif


3.27-сурет – Поиск решения терезесі


Ссылка на ячейкус(Ұяшыққа сілтеме) өрісіне шектеудің (шарттың) сол жағы, Ограничение(Шектеулер) өрісіне оң жағы енгізіледі. Ашылатын мына hello_html_35efa40d.gif тізім арқылы шектеудің сол жағы мен оң жағының арақатысы таңдалады. Келесі шектеулерді енгізу үшін Добавление ограничения сұхбат терезесіндегі Добавить батырмасына басу қажет. Барлық шектеулер енгізілгеннен кейін ОК батыршамасы шертіледі.


hello_html_m37122bbc.gif


3.28-сурет – Шектеулерді енгізу терезесі

Поиск решения сұхбат терезесінің Параметры батырмасы шешімді табу үшін қандай параметрлер берілгендігін текеру мақсатына қолданылады.

Параметры поиска решения сұхбат терезесінде зерттелетін мәселенің шешімін табудың варианттары мен шарттарын өзгертуге, сондай-ақ тиімді модельді жүктеуге және сақтауға болады. Үнсіз келісім бойынша қолданылатын басқару элементтерінің жағдайлары мен мәндері көптеген есептердің шешімі үшін жарайды.

Параметры поиска решения сұхбат терезесінің элементтерін арастырайық:

- Максимальное время өрісі есептің шешімін табуға кететін уақытты шектеу үшін арналған.

- Предельное число итераций өрісі аралық есептеулер санын шектеу үшін қажет.

- Относительная погрешность және Допустимое отклонение өрістері шешімнің қандай дәлдікпен табылатындығын анықтау үшін арналған. Үнсіз келісім бойынша берілген параметрлер арқылы табылған шешімді үлкен дәлдікпен және аз ауытқумен қайта тауып, сосын бастапқы шешіммен салыстырған орынды.

Мұндай тексеруді айнымалыларына бүтін сандық шарты қойылған есептерге жүргізу ұсынылады.

- Линейная модель жалаушасы сызықтық оптимизациялау есептерінің шешімін табу немесе сызықтық емес септердің сызықтық аппроксимациясы үшін қызмет етеді. Сызықтық емес есептер жағдайында бұл жалауша алынып тасталуы, ал сызықтық есеп жағдайында салынуы қажет, себебі кері жағдайда бұрыс шешім алынуы мүмкін.

- Показывать результаты итераций жалаушасы шешім табуды тоқтата тұруға және жекелеген итерациялардың нәтижелерін қарау үшін арналған.

- Автоматическое масштабирование жалаушасы өлшемі бойынша сапалық тұрғыда ерекшеленетін кіріс және шығыс мәндерді автоматты түрде нормализациялау үшін арналған, мысалы миллион теңгемен есептелетін салымдарға қатысты пайда пайызын максимизациялау жағдайында.

- Оценка тобы экстрополяция әдісін таңдау үшін қызмет етеді.

- Производные тобы сандық дифференциациялау әдісін таңдау үшін арналған.

- Метод тобы оптимизациялау алгоритмін таңдау үшін арналған.

Есептің шешімінің нәтижелері туралы есеп беруді дайындау үшін Результаты поиска решения сұхбат терезесінде қажетті есеп беру типін таңдау қажет: Результаты, Устойчивость, Пределы.

1-тапсырма. Бояу өндірісін жоспарлау

Келесі өндірісті жоспарлау есебін қарастырайық. Кіші фабрика 2 түрлі: ішкі (І) және сыртқы (Е) жұмыстар үшін бояу шығарысымен айналысады.

Екі түрлі өнім көтерме саудаға түседі. Бояларды өндіру үшін екі бастапқы өнімдер А және В пайдаланылады. Тәуліктік максималды қоры 6 және 8 тонна құрайды. А және В өнімдерінің сәйкесінше бояулардың бір тоннаға шығындары 3.7-кестеге келтірілген.

Өткізу нарығын зерттеуі І бояуының тәуліктік сұранысы Е бояуынан ешқашан 1 тоннаға артық болмағанын көрсетті. Осыған қоса, І бояуына деген сұраныс күніне 2 тоннадан артық емес екенін көрсетті. Бояулардың көтерме сауда бағалары: Е бояуы үшін 3000 тенге және І бояуы үшін 2000 тенге. Өнімді ақшаға айналдырудың табысы максималды болуы үшін фабрика әр бояудың қандай мөлшерін өндіру керек?


3.7-кесте– Бояу өндірісін жоспарлау есебінің бастапқы мәндері

Бастапқы өнім

Бір тонна бояуға бастапқы өнім шығыны, т

Максималды мүмкін қор, т

Е бояуы

I бояуы

А

1

2

6

B

2

1

8


Осы есепті шығару үшін математикалық моделін құру керек. Моделді құру процессін бастау үшін келесі үш сұраққа жауап беру керек:

- модел қандай шамаларды анықтауға құрылады (яғни айнымалы моделдер);

- мүмкін болатын айнымалы шамалардың көбінен тиімдіні таңдау мақсаты неден құрылады;

- белгісіздер қандай шектерден аспауы керек.

Біздің жағдайымызда табысты барынша көп алу үшін фабрика дұрыс өндіріс көлемін жоспарлау керек. Осыған сәйкес айнымалылар: хІ І бояуының тәуліктік өндіріс көлемі және хЕ Е бояуының тәуліктік өдіріс көлемі.

Тәуліктік табыс жиынтығы z І бояуының өндірістік хІ және Е бояуының х2 z=3000х1+2000хЕ тең болады. Мүмкін болатын хЕ және хІ шамалардың ішінен фабрика мақсаты табыс жиынтығын максималданатын, яғни мақсатты z функциясын анықтау.

Енді х1 және хЕ қойылатын шектерге көшейік. Бояларды өндіру көлемі теріс бола алмайды, яғни х1 , хЕ >= 0

Бояулардың екі түрін өндіруге қажетті бастапқы өнім шығыны мүмкін болатын бұл бастапқы өнім қорынан артық бола алмайды. Яғни,

hello_html_m4f9acaec.gif,


hello_html_76b73b80.gif.


Осыған қоса, бояуға деген сұраныс шамасының шегі:


hello_html_4b232064.gif,


hello_html_m32c03991.gif.

Осылай, бұл есептің математикалық моделі келесі түрге ие:

Төменгі шек арқылы z=3000х1+2000хЕ максималдау:


hello_html_m4f9acaec.gif,


hello_html_76b73b80.gif,


hello_html_4b232064.gif,


hello_html_m32c03991.gif,


hello_html_m19ae1608.gif.


Мұндағы модель сызықтық екенін ұмытпау керек, себебі мақсатты функция және шектер айнымалылардан сызықты байланыста тұр.

Бұл есепті Сервис, Шешім іздеу (Поиск решения) командасы арқылы шешейік. Шешім іздеу құралы Excel қондырғысының біреуі болып табылады. Егер Сервис менюінде Шешім іздеу командасы жоқ болса, онда оны құру үшін Сервис, Надстройки, Шешім іздеу командасын орындау қажет.

3.29-суретте көрсетілгендей A3 және ВЗ ұяшықтарын hello_html_m329f8a58.gif мен hello_html_4ecfebdf.gifайнымалылар шамасына бөлейік.


hello_html_m7d8404f6.png


3.29-сурет – Айнымалыларға, мақсатты функцияға және шектерге бөлінген диапазондар.


С4 ұяшығына мақсатты функцияны енгізейік

=3000*АЗ+2000*ВЗ.

А7:А10 ұяшықтарына сол жақ шектерді енгізейік

=АЗ+2*ВЗ;

=2*АЗ+ВЗ;

=ВЗ-АЗ;

=ВЗ,

В7:В10 ұяшықтарыдна – шектеулердің оң бөліктері.

Содан кейін Сервис, Шешім іздеу командасын таңдап, 3.30-суретте көрсетілген ашылған Шешім іздеу терезесін толтырамыз.


hello_html_m6f987b6b.png


3.30-сурет – Бояу өндірісін жоспарлау есебінің Шешім іздеу терезесі.


3.31-суретте көрсетілген Орындау батырмасын басқаннан кейін Шешім іздеу нәтижелері атты терезе ашылады да, шешім табылды деген ақпаратты береді.


hello_html_m39962279.png


3.31-сурет– Шешім іздеу нәтижесінің терезесі.


Бұл есептің нәтиже санаулары (өндірістің тиімді жоспары мен оған сәйкес табыс) 3.32-суретте көрсетілген. Ең тиімді болып күніне Е бояуының 3,33 т және І бояуының 1,33 т өндірісі табылады..Бұл өндіріс көлемі фабрикаға 12,67 мың. тенге табыс әкеледі.


hello_html_6fa76bc1.png


3.32-сурет– Бояу өндірісін жоспарлау есебінің шешім іздеу құралы көмегімен есептелген нәтиже санаулары.


2-тапсырма. Қорытпалардың құрамын анықтау

Есепті қарап шығайық: А және В қорытпалар алу үшін І, ІІ, ІІІ және ІV металлдар қолданылады. Олардың А және В қорытпалардың құрамында болу талаптары 3.8-кестеде келтірілген.

І, ІІ, ІІІ және ІV металлдарын өндіруге қажетті кендер қорлары мен олардың мінездемелері 3.9-кестеде көрсетілген.


3.8-кесте – Қорытпа құрамын анықтау есебіндегі металлдардың қорытпа құрамында болу талаптары.

Қорытпа

Металл құрамына қойылатын талаптар


А

I металлының 80 %-нен артық емес

II металлының 30 %-нен артық емес

В

II металының 40 %-нен 60 %-не дейін

III металлының 30 %-нен кем емес

IV металлының 70 %-нен артық емес


3.9-кесте– Қорытпа құрамын анықтау есебіндегі кендер мінездемесі мен қоры

Кен

Максималды қор, т

Құрамы, %

Баға, доллар

I

II

III

IV

басқа компоненттер

1

1000

20

10

30

30

10

30

2

2000

10

20

30

30

10

40

3

3000

5

5

70

20

0

50


А қорытпасының 1 т бағасы 200 долларов болсын, ал В қорытпасының 1 т – 210 доллар. А және В қорытпаларын сатқаннан келген пайданы максималдау қажет..

А және В қорытпаларын алуға қажетті І, ІІ, ІІІ және ІV металлдарының санын сәйкесінше hello_html_m40742ad9.gif, hello_html_m119ad1b.gif, hello_html_m1a285d19.gif, hello_html_m67dcb1fc.gif и hello_html_m56ca5686.gif, hello_html_m267e61bd.gif, hello_html_m48c08171.gif, hello_html_m40bb7d5e.gif белгілейік. Қолданылған hello_html_m2c5d5f29.gif-нші кен санын hello_html_m3696b98.gif деп белгілейік.

Осылай, бұл есептің математикалық моделі келесі түрге ие: максималдау


hello_html_m39c0ffb.gif


Қорытпа құрамына шек бойынша ( екі кесте мәліметтері негізінде):


hello_html_362e9371.gif,

hello_html_31bab951.gif,

hello_html_m33b587c8.gif,

hello_html_43f2be35.gif,

hello_html_6fbf7516.gif,

hello_html_6e4631d1.gif,


Кен құрамы мен мінездеме бойынша (үш кесте мәліметтері негізінде):


hello_html_m5eaa5cac.gif,

hello_html_m1e4f1ae6.gif,

hello_html_64b98016.gif,

hello_html_438d255a.gif,


Сонымен қатар, айнымалыларды пайдалану диапазоны бойынша:

hello_html_m772964e6.gif,

hello_html_m1f9dc2a.gif,

hello_html_14bf1af9.gif,

hello_html_m5a1761a9.gif,


3.33-суретте көрсетілгендей, C3:D6 ұяшықтар диапазонын hello_html_m3edd431a.gif айнымалыларға бөлейік, ал F3:F5 ұяшықтар диапазонын hello_html_m3696b98.gif айнымалырға бөлейік.


hello_html_65b0f518.png


3.33-сурет – Қорытпа құрамын анықтау есебінің бастапқы мәліметтер.

G9 ұяшығына мақсатты функциян енгізейік

=200*СУММ(СЗ:С6)+210*СУММ(D3:D6)-30*F3-40*F4-50*F5

С8:С17 ұяшықтар диапазонына сол жақ шектерді енгізейік және оларды барлық айнымалылар сол жақта болатындай, ал тең емес белгілері – кем немесе тең болатындай түрге келтірейік:

=СЗ-0,8*СУММ(СЗ:С6),

=С4-0,3*СУММ(СЗ:С6),

=D4-0,6*СУММ(D3:D6),

=0,4*СУММ(D3:D6)-D4,

=0,3*СУММ(D3:D6)-D5,

=D6-0,7*СУММ(D3:D6),

=СУММ(СЗ:D3)-0,2*$F$3-0,1*$F$4-0,05*$F$5,

=СУММ(С4:D4)-0,1*$F$3-0,2*$F$4-0,05*$F$5,

=СУММ(С5:D5)-0,3*$F$3-0,3*$F$4-0,7*$F$5,

=СУММ(С6:D6)-0,3*$F$3-0,3*$F$4-0,2*$F$5.

НЗ:Н5 ұяшықтар диапазонына қорды бар кен санын енгізейік. 3.34-суретте көрсетілгендей Сервис, Шешім іздеу командаларын таңдап, Шешім іздеу терезесін толтырайық.

Қажетті ұяшықтарды және шектерді толтырғаннан кейін Орындау батырмасын басыңыз.


hello_html_623171bd.png


3.34-сурет – Қорытпа құрамын анықтау есебіндегі Шешім іздеу терезесі


3-тапсырма. Кəсіпорын төрт түрлі өнім шығарады: Ө1, Ө2, Ө3, Ө4. Оны өндіруде үш ресурс қолданылады: еңбек, шикізат жəне құрал-жабдық. Əр ресур бойынша шығын төмендегі 3.10-кестеде берілген.

Өнімді сатқаннан түсетін пайда:

Ө1 – 60, Ө2 – 70, Ө3 – 120, Ө4 – 130.

Кəсіпорынның пайдасын максималдау үшін əр өнім бойынша өндірудің тиімді жоспарын құрыңыз.

3.10-кесте – Өнімді шығаруға жұмсалатын ресурстар нормасы

Ресурс

Өнім түрі

Ресурс көлемі

Ө1

Ө2

Ө3

Ө4

Еңбек

1

1

1

1

16

Шикізат

6

5

4

3

110

Құрал-жабдықтар

4

6

10

13

100


8-тәжірибелік жұмыс. Сценарий диспетчерлерімен жұмыс: капитал салымдарының тиімділігін талдау.

Жұмыстың мақсаты: EXCEL-де сценарийлер диспетчерімен жұмыс жасауға дағдылану. “Не-егер” үлгісі үшін бірнеше сценарийлер тұрғызуға практикалық дағдылану. Барлық өзгеретін және нәтижелі ұяшықтар туралы тиянақты деректері бар есеп берулер алу.

1-тапсырма. Қарызданушы 10000 доллар мөлшерінде қарыз сұрап, 6 жыл бойы 2000 доллардан қайтарып тұруға уәде береді. Бұл келісім қарыз берушіге жылдық 7% -к ставкамен тиімді бола ма?

3.35-суреттегідей кестенің В5 ұяшығына: =ПЗ(В4; В2; -В3) еңгіземіз.

В6 ұяшығына: =ЕСЛИ(В1<В5; «Ақшаны қарызға берген тиімді»; ЕСЛИ(В5=В1; «Варианттар тепе-тең»; «Ақшаны процентке салған тиімдірек»))


hello_html_42bd617d.png


3.35-сурет –Есептің шешуі


Жағдайға параметрлердің бірнеше мүмкін варианттары бойынша талдау жасаған ыңғайлы. Сервис – Сценарии командасы осы мүмкіндікті жүзеге асырады және автоматты түрде есепті шығарып береді.

Осы команданы келесідей үш жағдай бойынша нәтижелерді алу үшін қолданайық, мерзімі және қайтарылатын жылдық сома сәйкесінше: 1) 6 жыл, 2000 доллар; 2) 12 жыл, 1500 доллар; 3) 7 жыл, 1500 доллар.

- Сервис – Сценарии командасын шақырамыз;

- Диспетчер сценариев сұхбат терезесінде бірінші сценариді құру үшін Добавить батырмасын басамыз;

- Добавление сценария сұхбат терезесінде Название сценария өрісінде ПЗ1 атын, Изменяемые ячейки өрісінде $В$2:В$3$ ұяшықтарына сілтеме жасаймыз.

- Ок батырмасын басқаннан кейін, Значения ячеек сценария сұхбат терезесі пайда болады. Онда параметрлердің мәнін енгіземіз, яғни В2 өрісіне 6, В3 - 2000

- Добавить батырмасын кезекпен басу арқылы сценарилардің қажет санын құрамыз. Осыдан кейін Диспетчер сценарив деп аталатын сұхбат терезе пайда болады. Вывести батырмасы көмегімен таңдап алынған сценаридің нәтижесін шығаруға болады.

- Отчет батырмасын басу Отчет по сценарию деп аталатын сұхбат терезені ашады. Бұл терезеде Структура немесе Сводная таблица жағдайын таңдап, Ячейки результата өрісінде нәтиже мәндерінің ұяшықтарына сілтеме жасалады, бізді мысалда =$В$5:В$6$. Ок батырмасын басқаннан кейін есеп құрылады. 3.36-суретте Структура типіндегі есеп көрсетілген.


hello_html_1d64bb96.gif


3.36-суретСтруктура типіндегі есеп.


2-тапсырма. 15000 доллар мөлшеріндегі сома, жылдық 10%-к ставкамен қарызға берілген жағдайда төмендегі вариантардың қайсысында келісім тиімді болатындығын анықтау:

1) айына 150 доллардан 10 жыл бойы;

2) айына 170 доллардан 9 жыл бойы;

3) айына 200 доллардан 8 жыл бойы;

9-тәжірибелік жұмыс. Амортизациялық салымдарды есептеу

Жұмыс мақсаты: студенттерде амортизациялық салымдарды есептеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, амортизацияның түрлі әдістерімен таныстыру, тәжірибелік есептерді шешу үшін ЕХСЕL программасының АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функцияларын пайдалануға үйрету.

Сабақ жоспары:

-Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

-Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялар.

Кәсіпорында амортизациялық салымдарды есептеу бірнеше мақсаттар үшін қажет:

- Салық салынатын пайданы есептеу үшін – амортизациялық салымдар өнімнің өзіндік құнына енеді, сондықтан салық сомасын азайтады;

- Қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін қолданылатын акционерлік компания пайдасын есептеуге;

- Өндірісті жаңартуға және кеңейтуге инвестиция үшін жеке қаражаттар жинақтауға;

- Мүліктің баланстық құнын анықтауға.

Біркелкі амортизация анағұрлым қарапайым болып табылады: егер кәсіпорын осы жылы құрал-жабдық сатып алса, онда ол оның құнын нормативтік кезең бойына тең сомаға бөледі. Инфляция жағдайында біркелкі амортизация уақыт өте өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі, себебі құрал-жабдықты сатып алудың номинальды сомасы оны индексациялаусыз есептелінеді, ал бұл кәсіпорынның салық сомасының өсуіне әкеледі. Сондықтан инфляция жағдайында кәсіпорынға жедел амортизация тиімді, себебі амортизациялық салымдар алғашқы жылы жоғары, уақыт өте төмен болады. Жедел амортизация құрал-жабдықтардың тез жаңартылуына мүмкіндік береді, ал бұл тағы да өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, яғни нарықта бәсеке қабілеттікке ие болуына мүмкіндік береді.

Мүліктің баланстық құнының, яғни амортизацияның төмендеу процесін қарастырайық. Машиналар, құрал- жабдықтар, ғимараттар және басқа да мүліктердің қызмет ету мерзімі бар. Бұл мүліктердің есептік құжаттарда бекітілген құны қызмет етуі барысында нольге дейін немесе қандай-да бір қалдық құнға дейін төмендейді. Мүлік құнының азайтылған сомасы амортизациялық салымдар деп аталады.

Амортизациялық салымдарды есептеудің бірнеше тәсілдерін қарастырайық.

Біркелкі амортизация

Анағұрлым қарапайым болып біркелкі амортизация немесе құнның сызықтық кемуі, яғни оны жыл сайын бастапқы құнның қандай да бір бірдей пайызына, сәйкесінше бірдей сомаға азайту табылады.

Егер мүліктің қызмет ету мерзімі n, бастапқы құны S, қалдық құны А болса, онда жыл сайын мүлік құны (S-А)/n шамасына(амортизациялық салым мөлшері) кемиді.

1-есеп. Кәсіпорын 58000 теңгеге станок сатып алды. Бұл станоктың қызмет ету мерзімі 8 жыл. 8 жылдан кейінгі қалдық құны 4000 теңге. Амортизациялық салымдардың кестесін 3.11-кестені құру қажет.

Шешімі:

Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін құрамыз.


3.11-кесте – Амортизациялық салымдардың кестесі

Қызмет жылы

Амортизациялық салымдар

Жыл соңындағы құны

0

0,00 тенге

58000,00 тенге

1

6750,00 тенге

51250,00 тенге

2

6750,00 тенге

44500,00 тенге

3

6750,00 тенге

37750,00 тенге

4

6750,00 тенге

31000,00 тенге

5

6750,00 тенге

24250,00 тенге

6

6750,00 тенге

17500,00 тенге

7

6750,00 тенге

10750,00 тенге

8

6750,00 тенге

4000,00 тенге


Жедел амортизация(жылдар қосындысы ережесі)

Кез келген мүлік иесі баланстық құнының шапшаң кемуіне және оның өнімнің өзіндік құнына аударылуына мүдделі, себебі салықты есептеу үшін қор азаяды, және сәйкесінше салық сомасы кемиді. Құрал-жабдықтың шынайы физикалық тозуы қызмет ету мерзімінің соңына қарағанда басында жылдам жүреді. Мысалы, автомобиль эксплуатацияның соңғы уақытына қарағанда алғашқы жылдары тез тозады. Сондықтан жедел амортизация тәсілі құрылған.

Амортизациялық салымдарды есептеудің жылдар қорсындысы ережесі келесідей: егер амортизация мерзімі n жыл болса, онда арифметикалық прогрессия қосындысы формуласы бойынша жылдар номерінің қосындысын

hello_html_73ff7761.png

і-ші жылдағы амортизациялық салым шамасы келесі формула бойынша есептелінеді:

hello_html_m1eb6ea68.png

2-есеп. Фирма станок құнының кему прцесін жеделдетуді қалайды(1-мысалды қараңыз). Жылдар қосындысы ережесін қолданып амортизациялық салымдар кестесін құру қажет.

Шешімі: Жылдар қосындысын есептейміз:


hello_html_m719d581.png


Енді жылдар номерін кері тәртіппен жазамыз: 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

Жылдар қосындысы ережесі бойынша бірінші жыл соңында бастапқы құнның 8/36, екінші жылдың соңында бастапқы құнның 7/36 бөлігі аударылады және осылай әрі қарай. Сегізінші жылжың соңында бастапқы құнның 1/36 бөлігі аударылады.

Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін 3.12-кестедегідей құрамыз.


3.12-кесте – Амортизациялық салымдар және қалдық құнны

Қызмет жылы

Бастапқы құнның

аударылатын үлесі

Амортизациялық салымдар

Жыл соңындағы құны

0

0

0,00 тенге

58000,00 тенге

1

8/36

12000,00 тенге

46000,00 тенге

2

7/36

10500,00 тенге

35500,00 тенге

3

6/36

9000,00 тенге

26500,00 тенге

4

5/36

7500,00 тенге

19000,00 тенге

5

4/36

6000,00 тенге

13000,00 тенге

6

3/36

4500,00 тенге

8500,00 тенге

7

2/36

3000,00 тенге

5500,00 тенге

8

1/36

1500,00 тенге

4000,00 тенге

АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функциялары

ЕХСЕL-де түрлі әдістермен амортизациялық салымдарды есептейтін бірнеше функциялар бар.

Ехсеl 2000-де АСЧ қаржылық функциясы көрсетілген кезеңге жылдық амортизацияны есептейді:

АСЧ(стоимость;остаточная_стоимость;время_эксплуатации; период)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период кезең(толық амортизация уақытының бірлігімен өлшенуі қажет).

3-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, бірінші жылға жылдық амортизация:

АСЧ(30000;7500;10;1) - 4090,91 теңгеге тең.

Оныншы жылға жылдық амортизация: АСЧ(30000;7500;10;10) - 409,09 теңгеге тең.

АПЛ қаржылық функциясы бір кезеңге мүліктің тікелей амортизация шамасын есептейді:

АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость; время_эксплуатации)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация соңындағы қалдық құн(кейде жойылу құны деп аталады).

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

4-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, Әр эксплуатациялық жыл үшін құнның төмендеуі елесіні құрайды:

АПЛ(30000;7500;10) - 2250 теңгеге тең.

ФУО қаржылық функциясы амортизацияны тұрақты есепке алу әдісін қолданып, көрсетілген кезеңге мүлік амортизациясын есептейді:

ФУО(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период;месяц)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период амортизация есептелінуі қажет кезең.

Месяцбірінші жылдағы ай саны. Егер месяц аргументі қалдырылып қойылса, онда 12-ге тең етіп алынады.

Амортизацияны тұрақты есепке алу әдісі амортизацияны бекітілген пайыз ставкасын қолданып есептейді. Ерекше жағдай болып бірінші және соңғы кезеңдердегі амортизация табылады.

4-есеп. Кәсіпорын құны 1 000 000 тенге құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 6 жыл. Қалдық құны 100 000 теңге. Келесі мысалдар құрал-жабдықтың эксплуатациясы уақытындағы амортизация шамасын көрсетеді. Нәтижелер жуықтап алынған.

1)ФУО(1000000;100000;6;1;7) - 186 083 теңге.

2) ФУО (1000000;100000;6;2;7) - 259 639 теңге.

3) ФУО (1000000;100000;6;3;7) - 176814 теңге.

4) ФУО (1000000;100000;6;4;7) - 120 411 теңге.

5) ФУО (1000000;100000;6;5;7) - 82000 теңге.

6) ФУО (1000000;100000;6;6;7) - 55842 теңге.

7) ФУО (1000000;100000;6;7;7) - 15845 теңге.

ДДОБ қаржылық функциясы амортизацияны екі қайтара есепке алу әдісін немесе басқа нақты көрсетілген әдісті қолданып, көрсетілген кезеңге мүлік амортизациясын есептейді:

ДДОБ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период;коэффициент)

Нач_стоимость – мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период амортизация есептелінуі қажет кезең.

Коэффициент баланстық құнның төмендеу нормасы. Егер коэффициент жазылмаса, онда 2-ге тең етеп алынады(амортизацияны екі қайтара есепке алу әдісі)

Ескерту: Амортизацияны екі қайтара есепке алу әдісі жедел амортизация болып табылады. Бұл жағдайда бірінші кезеңде амортизация максимальды, соңғы кезеңдерде төмен.

5-есеп. Кәсіпорын құны 2400 тенге болатын құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 10 жыл. Қалдық құны 300 теңге. Келесі мысалдарда амортизация әр кезеңдерге есептелінген. Нәтижелер жуықтап алынған.

ДДОБ(2400;300;3650;1) 1,32 теңгеге тең, бұл бірінші күн үшін амортизация. Ехсеl автоматты түрде коэффициентті 2-ге тең етіп алады.

ДДОБ(2400;300;120;1;2) 40,00 теңгеге тең, бұл бірінші ай үшін амортизация.

ДДОБ(2400;300;10;1;2) 480,00 теңгеге тең, бұл бірінші жыл үшін амортизация.

ДДОБ(2400;300;10;2;1,5) 306,00 теңге тең, амортизацияның екі қайтара есепке алу әдісі орнына коэффициент 1,5-ті қолданған жағдайдағы екінші жыл үшін амортизация.

ДДОБ(2400;300;10;10) 22,12 теңге тең, 10-шы жыл үшін амортизация. Ехсеl автоматты түрде коэффициентті 2-ге теңетіп алады.

1-тапсырма. Кәсіпорын құны 200 000 тенге болатын құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 8 жыл. Қалдық құны 25 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның бірінші және бесінші жылдарына жылдық амортизацияны есептеу керек.

2-тапсырма. Фирма құны 120 000 теңге болатын компьютер сатып алсын, қызмет мерзімі 6 жыл, қалдық құны 15 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның әр жылдарына компьютер құнының төмендеуін есептеу керек.

3-тапсырма. Ұйым құны 60 000 теңге болатын лазерлік принтер пайдаланады. Қызмет мерзімі 5 жыл, қалдық құны 6000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, принтер эксплуатациясы кезеңіне жылдық амортизация шамасын есептеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1) Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

2) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функцияларды ата.

3) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялардың аргументтеріне сипаттама бер.

10-тәжірибелік жұмыс. Транспорттық есеп.

Транспорттық есептің математикалық моделі

Жалпы түрде транспорттық есепті былай түсіндіруге болады: m пунктте: A1, …, Am біртекті жүк бар. Жүктің көлемі сəйкесінше a1, …, am. Бұл жүкті тұтынушыларға (B1, …, Bn) жеткізу керек. Олардың сұранысы – b1, …, bn. Тасымалдау құны i-ші (i=1,m) пункттен j-ші (j=1,n) пунктке дейін cij. Тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын жəне транспорттық шығындар минималды болатын жоспар құрыңыз.

Есепті математикалық жазу түрінде былай беруге болады:


hello_html_1b5f5f8b.gif(1)


hello_html_m42c43d5c.gifhello_html_m496a4f9f.gif(2)

hello_html_m48410c12.gifhello_html_24706533.gif


hello_html_m6aba36c5.gifhello_html_m496a4f9f.gifhello_html_24706533.gif(3)


Сонымен, берілгені: сызықтық функция (1), шарттар (3), шектеулер жүйесі (2). Шешімдер жиынынан (2) сызықтық функцияның (1) минимумы болатын теріс емес шешімін тау керек.

Егер жүк жеткізушідегі жүктің жиынтық көлемі тұтынушыға керек жүктің жиынтық көлеміне тең болса, онда транспорттық есеп жабық (балансталған) деп аталады: яғни, төмендегі теңдік орындалса:


hello_html_m115c550.gif


Егер төмендегі шарттардың бірі орындалса, онда транспорттық есеп ашық (балансталмаған) деп аталады:


hello_html_m5646c262.gif


hello_html_70db1d01.gif

Транспорттық есептің шешімі болу үшін ашық модельді жабық модельге айналдыру керек.

Егер hello_html_70db1d01.gif шарты орындалса, онда фиктивті (n+1)-ші пунктті

Bn+1 кіргіземіз, яғни есепке қосымша баған кіргізіледі. Бұл тұтынушының сұранысы мынаған тең болады:


hello_html_m3b68c7eb.gif


Тасымалданатын жүктің құны нөлге тең болады, яғни, hello_html_255e3f7c.gifhello_html_m496a4f9f.gif.

Егер hello_html_70db1d01.gifшарты орындалса, онда фиктивті (m+1)-ші жеткізушіні Am+1 кіргіземіз, яғни, есепке қосымша жол кіргізіледі. Бұл жеткізушідегі жүк мынаған тең деп алынады:


hello_html_m3b68c7eb.gif

Тасымалданатын жүктің құны нөлге тең болады, яғни, hello_html_255e3f7c.gifhello_html_m496a4f9f.gif.

Ашық модельді жабық модельге айналдырғанда мақсаттық функция өзгермейді, өйткені қосымша жүк тасымалына сəйкес келетін қосылғыштар нөлге тең.

1-тапсырма. Транспорттық есеп

Шешім іздеу құралы қолданылатын тағы бір мысалды қарастырайық. Төрт фабрика және оның өнімдерін өткізу бес орталықтарға ие фирма бар деп шамалайық. Күніне 200, 150, 225 және 175 өндіріс мүмкіншіліктерге ие фирма фабрикалары Денвер, Бостон, Новый Орлеан және Даллас қалаларында орналасқан. Күніне 100, 200, 50, 250 және 150 қажеттіліктерге ие фирма өнімдерін өткізу орталықтары сәйкесінше Лос-Анджелес, Даллас, Сент-Луис, Вашингтон және Атланта сында орналасқан. Өткізу орталығына жіберілмеген фабрикада өнім бірліктерді сақтау күніне 0,75 доллар қымбатқа түседі, ал тұтынушының өткізу орталығында тапсырыс берілген, бірақ мерзімі өткен өнім бірлігі үшін күніне 2,5 доллар қымбатқа түседі. Фабрикадан өткізу орталықтарға шейін өнім бірлігін тасымалдау құны 3.13-кестеде көрсетілген.


3.13-кесте– Транспорттық шығындар

Қалалар

Лос-Анджелес

Даллас

Сент-Луис

Вашингтон

Атланта

Денвер

1,5

2

1,75

2,25

2,25

Бостон

2,5

2

1,75

1

1,5

Новый Орлеан

2

1,5

1,5

1,75

1,75

Даллас

2

0,5

1,75

1,75

1,75


Көліктік шығындарды минималдандыру үшін тасымалдауларды дұрыс жоспарлау қажет.

Бұл модель балансталғандықтан (өдірілген өнім көлемінің сомасы оның ішіндегі қажеттіліктер көлемінің сомасына тең бөлінген), өнім жеткізбеушілік және қоймалауға байланысты шығындарды санамауға болады. Басқа жағдайда келесі мәліметтерді енгізу керек:


- артық өндіру жағдайында – жалған өткізу орталығын, қоймалау құны кіретін өнім бірлігінің бірдей тасымалдау құнын, ал тасымалдау көлеміне – өнім артықтарының қоймалау көлемдерін;

- тапшылық жағдайында – жалған фабриканы , өнімді жеткізбеу айып пұлдары кіретін өнім бірлігінің бірдей тасымалдау құнын, ал тасымалдау көлеміне – өткізу орталықтарына жеткізілмеген өнім көлемін.

Бұл есепті шығару үшін оның математикалық моделін құрастырайық. Осындағы белгісіздер тасымалдау көлемі болып табылады. hello_html_m73fb0817.gif – i-нші фабрикадан j-нші өткізу орталыққа тасымалдау көлемі. Мақсатты функция – көліктік шығындардың сомасы, яғни:


hello_html_7d179993.gif,


мұндағы hello_html_m628d7685.gif – i-нші фабрикадан j-нші өткізу орталыққа өнім бірлігінің тасымалдау құны.

Белгісіздер келесі шектеулерді қанағаттандыру керек:

- тасымалдау көлемі теріс бола алмайды.

- модель балансталғандықтан, бүкіл өнім фабрикадан шығарылу керек, ал бүкіл өткізу орталықтардың қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылу керек.

Нәтижесінде келесі модель пайда болады: минималдандыру hello_html_7d179993.gif келесі шектеулерде:

hello_html_m65f05305.gif,


hello_html_57a252c9.gif,


hello_html_562a7d10.gif,


мұндағы hello_html_m7acbe575.gif – i-нші фабриканың өндіріс көлемі; hello_html_m41fba07e.gif – j-нші өткізу орталығының сұранысы.

3.37-суретте көрсетілгендей бұл есепті шешу үшін шешім іздеу құралы көмегімен бастапқы мәліметтерді енгізейік.

А1:Е4 ұяшықтарына тасымалдау құнын енгіземіз. А6:Е9 ұяшықтары белгісіздер (тасымалдау көлемі) үшін бөлінген. G6:G9 ұяшықтарына фабрикадағы өндіріс көлемі енгізілген, ал А11:Е11 ұяшықтарына өткізу орталықтарының қажеттіліктері енгізілген.

F10 ұяшығына мақсатты функция енгізілген.

=СУММПРОИЗВ(А1:Е4;А6;Е9)


hello_html_m67559819.png


3.37-сурет– Транспорттық есептің бастапқы мәліметтері


А10:Е10 ұяшықтарына өткізу орталықтарына әкелінетін өнім көлемін анықтайтын келесі формулалар енгізілген

=СУММ(А6:А9),

=СУММ(В6:В9),

=СУММ(С6:С9),

=СУММ(D6:D9),

=СУММ(Е6:Е9),

F6:F9 ұяшықтарына фабрикадан шығарылатын өнім көлемін анықтайтын формулалар енгізілген.

=СУММ(А6:Е6),

=СУММ(А7:Е7),

=СУММ(А8:Е8),

=СУММ(А9:Е9),

3.38-суретте көрсетілгендей Сервис, Шешім іздеу командасын таңдап, ашылған Шешім іздеу терезесін толтырамыз.


hello_html_1b5e7687.png


3.38-сурет – Транспорттық есеп үшін Шешім іздеу сұхбат терезесі


Іздеу параметрлері терезесінде Сызықтық модель тұсында жалау қоюды ұмытпаңыз. 3.39-суретте көрсетілгендей Орындау батырмасын басқаннан кейін шешім іздеу құралы өнім жеткізудің ең тиімді жолын және оған тиісті көліктік шығындарды анықтайды.


hello_html_4efd2cbf.png


3.39-сурет – Транспорттық есептің тиімді шешімі


11-тәжірибелік жұмыс. Тағайындаулар туралы есептер

Тағайындаулар туралы есептерді шешудің мысалын қарастырайық. Төрт жұмысшы жұмыстың төрт түрін орындай алады. j-й жұмысының i-м жұмысшымен hello_html_5cbe4a18.gif орындауының бағасы 3.40-суретте A1:D4 диапазонының ұяшықтарында келтірілген.


hello_html_173ebff0.png


3.40-сурет – Тағайындаулар туралы есебіндегі жұмыстардың бағалары


Бұл кестеде жолдар жұмысшыларға сәйкес келеді, ал баған – жұмыстарға. Барлық жұмыстар орындалғандай етіп, әрбір жұмысшы тек бір жұмыста ғана болатындай етіп, ал барлық жұмыстардың орындалуының жиынтық бағасы минималды болатындай етіп жұмыс орындау жоспарын құру керек. Берілген есеп теңгерілген, яғни жұмыс саны жұмысшылар санына тең екенін атап көрсету керек. Егерде есеп теңгерілмеген болса, онда оны шешудің алдында есепті теңгеру керек, ол үшін жұмыстың жоғары құндары бар жетпейтін жолдардың немесе бағандардың санын енгізу керек.

Берілген есепті шешу үшін оның математикалық моделін құрайық. Егер i жұмысшымен j жұмысы орындалса, онда hello_html_16ef7fad.gif, егерде i жұмысшымен j жұмысы орындалмаса, онда hello_html_56cf4e22.gif.

Онда модель келесі түрге ие: минимизациялау hello_html_2a788a0.gif келесі шектеулерде:

hello_html_ma51c98c.gif,


hello_html_196587e5.gif,


hello_html_m5a5a4b45.gif.


Шешімді іздеу құралдарының көмегімен бұл есепті шығару үшін белгісіздерге F2:I5 ұяшықтарының диапазонын бөлейік. J1 ұяшығына жұмыстардың бағасын есептейтін мақсаттық функцияны енгіземіз:

= СУММПРОИЗВ(F2:I5;A1:D4), 3.41-суретте көрсетілгендей шектеулердің сол жақтарына сәйкес келетін формулаларды енгіземіз.


hello_html_50cececd.png


3.41-сурет – Тағайындаулар туралы есептегі шектеулердің сол жақтары


Бұдан кейін Сервис, Поиск решения командасын таңдаймыз және ашылған Поиск решения сұхбат терезесін 3.42-суретте көрсетілгендей толтырамыз.


hello_html_m18154a6d.png


3.42-сурет – Тағайындаулар туралы есебінің Поиск решения сұхбат терезсі


Параметры поиска решения сұхбат терезесінде Линейная модель флажогын орнатуды ұмытпаңыз. Выполнить батырмасын басқаннан кейін шешімді іздеу құралы 3.43-суретте келтірілген тиімді ешімді табады.


hello_html_6096ff19.png


3.43-сурет– Тағайындаулар туралы есебіндегі жұмыстардың тиімді жоспары


12-тәжірибелік жұмыс. Кездейсоқ сандар генераторын қолданғанда еліктемелік модельдендіру

Тапсырма

Сауда агентінің еңбек ақысы екі бөлігінен тұрады:

- Негізгі бөлігі, сатылған тауарлар құнының 10%-ына тең

- Сыйлықақы, әкімшілік белгілейді.

Күн сайын агент 80 сатып алушыға тауар ұсынып үлгереді, олардың әр қайсысы р=0,2 ықтималдығымен нарық бағасымен тауар сатып алады.

Фирма әкімшілігі өз қалауымен әр жұмыс күніне еңбекақының негізгі бөлігінің 0%, 20%, 50%-на тең сыйлық ақы тағайындайды. Бұл мөлшерлердің ықтималдығы тиісінше 0,2; 0,5 және 0,3-ке тең.

Нарықтық баға С күні бойы өзгермейді деп есептелсе, ол жалпы кездейсоқ мөлшер m(C)=100 тенге және σ(С)=10 тенге қалыпты бөлінген болып табылса, кездейсоқ мөлшердің, Z – сауда агентінің еңбек ақысы, 200 мәнін алу. Агенттің орташа еңбек ақысы М(Z) және орташа текшелік ауытқу σ (Z) неге тең екенін анықтаңыз. σ(С) (σ (С)=5, 10, 20) параметрінің М(Z) мен σ (Z)-ға ықпалын талдаңыз.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігін орындау әдістемесі 3.14-кестені дайындаймыз:

1) Тұтынушыларға тауар ұсынуды бірдей тәуелсіз сынақтар сериясы ретінде қабылдауға болады, сондықтан бір күн ішінде сатылған тауарлар саны п=80: р=0,2 параметрлерімен биноминальды бөлеміз. Ол үшін Сервис Деректемелерді талдауКездейсоқ сандар генераторы командасын орындаймыз. Кездейсоқ сандар Генерациясы терезесінде анықтайтынымыз: Өзгермелілер саны – 1; Кездейсоқ сандар – 200; Бөлу – Биноминальды; р мәні – 0,2; Сынақ саны – 80; Шығу интервалы - $B$3. ОК кнопкасын басқан соң $B$3:$B$202 диапазонында өзіміз таңдаған бөлініспен кездейсоқ мөлшердің 200 мәнін аламыз.


3.14-кесте – Сауда агентінің еңбек ақысы


A

B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

1

Сауда агентінің еңбек ақысы

2

Саны

Бағасы

Түсім

Еңбек ақының негізгі бөлігі


Қосымша

(%)

Қорытынды


Сыйлық

ақы

Ықтималдық

3

1









0%

0.2

4

2









20%

0.5

5

3









50%

0.3

6

4











7

5









М(Z)


8

6









σ(Z)



2) Осылайша $С$3:$С$202 диапазонында m=100, сm=10 параметрлі қалыпты бөлінген кездейсоқ мөлшердің 200 мәнін генерациялаймыз.

3) Түсім мен еңбек ақының негізгі бөлігімен есеп айырысу үшін D3 және Е3 ұяларына тиісінше В3*С3 және 10%*D3 формулаларын енгізіп, оларды D3:D202 мен Е4:Е202 диапазондарында жинақтаймыз.

4) Кездейсоқ сандар Генераторының көмегімен дискертті кездейсоқ мөлшер мәнін алу үшін алдын ала оның бөліну қатары туралы деректерді дайындау керек. Ол үшін J3–J5 диапазонына сыйлық ақының (%-да) мәні, ал К3:К5 диапазонына олардың ықтималдығы енгізіледі. Кездейсоқ сандар Генерациясы шақырылған соң Бөлу – Дискреттікті таңдау керек. Мәндер мен ықтималдықтардың кіру интервалы – $J$3:$К$5. Шығу интервалы - $G$3.

5) Н3 ұясына =Е3*(1+G3) формуласын енгізіп, Н4:Н202 диапазонында жинақтаймыз.

6) Формулалардың көмегімен М(Z) мен σ (Z) табамыз.

Ұялар Формула

J7

=СРЗНАЧ(Н3 : Н202)

J8

=СТАНДОТКЛОН(Н3 : Н202)





7) σ(С)-тің М(Z) мен σ(Z)-ға ықпалын көру үшін алынған есепті С3:С202 диапазонында σ(С) басқа мәндерінде нарықтық бағаның мәндері генерацияланған жаңа параққа көшірген ыңғайлы. σ (С) өзгергенде М(Z)-нің еш өзгермейтінін, ал σ (С)-тің ұлғаюымен σ (Z)-нің өсетінін байқау қиын емес.

Бақылау сұрақтары

1) Кездейсоқ сандар генераторы қалай жұмыс істейді?

2) Қалыпты бөлінгенде генератор не көрсетуі керек?

3) Биноминальды бөлгенде қандай деректер қажет?

13-тәжірибелік жұмыс. Корреляциялық талдау

Тапсырма.

Өнім өндіру тиімділігі көрсеткіштерінің машина жасау кәсіпорындарына, тұтасынан бір типті өндірістер тобы бойынша өзара байланысының бар-жоғын анықтау қажет. Тиімділікті бағалау көрсеткіштері ретінде келесі факторлар іріктеліп алынды: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, өнімнің материалдық сыйымдылығы.

Осы көрсеткіштерінің динамикасы мен мәні туралы статистикалық ақпарат машина жасау саласы бойынша жиналып, соның ішінде статистикалық іріктеу ретінде 25 бір типті машина жасау кәсіпорнынан топ талдауға алынды.

Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау әдістемесі

Кәсіпорындардың жылдық есептерін зерттеу негізінде келесі 3.15-кестедегі мәліметтер алынды;

x – ППП орташа тізімдік санының әрбәр жұмыс істеуішке шаққанда өзгеріссіз бағада жалпы өнім жасау, млн. тенге;

y – негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қордың орташа жылдық құнының 1 тенгеге шаққанда жалпы өнім шығару, тенге;


z – құндық мәндегі материал сыйымдылығы, өзгеріссіз бағадағы жалпы өнімдегі материалдардың құны, %.

Коррециялық талдау жүргізу үшін осы режимнің Талдау модулін Сервис меню-жүйесін пайдаланып, онда корреляция талдау аспабын белсендіру қажет. Мұнда Корреляция диалогтік терезесі ашылады, соған болжамды өрісті толтыру керек.

Толтыру реті мұндай болуы мүмкін:

- Кіру диапазоны. Талданатын мәліметтер бар $B$7:$D$31 ұялар диапазонына сілтеме кіргізіледі.


3.15-кесте – Есепке бастапқы мәліметтер

Кәсіпорынның номері

X

Y

Z

1

6,0

2,0

25

2

4,9

0,8

30

3

7,0

2,7

20

4

6,7

3,0

21

5

5,8

1,0

28

6

6,1

2,0

26

7

5,0

0,9

30

8

6,9

2,6

22

9

6,8

3,0

20

10

5,9

1,1

29

11

5,0

0,8

27

12

5,6

2,2

25

13

6,0

2,4

24

14

5,7

2,2

25

15

5,1

1,3

30

16

5,2

1,5

24

17

7,3

2,7

20

18

6,1

2,4

27

19

6,2

2,2

28

20

5,9

2,0

26

21

6,0

2,0

26

22

4,8

0,9

31

23

7,3

3,2

19

24

7,2

3,3

20

25

7,0

3,0

20



Ескерту. Сілтеме баған немесе жол күйінде ұйымдастырылған мәліметтердің ең кемі екі аралас диапазонынан тұруы керек.

- Шығу диапазоны. $S$7 шығыс диапазонының сол жақ үстіңгі ұясына сілтеме енгізіледі.

Ескерту. Мәліметтердің екі жиынтығының корреляциясының коэффициенті олардың өнделу ретіне қатыссыз болғандықтан шығу саласы өзіне арналған орынның жартысын ғана алады. Жолдары мен бағандарының координаттары дәл келетін шығу Диапозонының ұяларында 1 мән болады, себебі әрбір жол мен баған кіру диапазонында өзін-өзі толығынан корреляциялайды.

Топтандыру. Ол үшін бағандар бойынша жағдайға ажыратқыш орнатып, ОК-ны басу керек.

S7:V10 ұялар блогына шығу мәліметтері бар корреляциялық матрицасы қойылады.

Алынған есептер диагональ асты элементтері корреляцияның қосарлы коэффициенттері: rxy, rxz, rvz екенін көрсетеді.

Корреляция коэффициентінің – 1-ден +1-ге дейінгі интервалдан мән алатыны белгілі.

Корреляция коэффициентіне +1 мәні тиісті ауытқулар арасында (хi -hello_html_40cc3bad.gif) және (yi -hello_html_2cd66de0.gif) тікелей байланыс, ал – 1 мәні олардың арасында кері байланыс болғанда жетеді. Осы шамалар арасындағы байланыстардың мәні тікелей немесе кері байланыстар көбірек ауытқыса, ауытқу сомасы сонша көп болып, нөлге жақындайды.

Корреляцияның оң коэффициентінде оң корреляция, теріс коэффициетінде теріс корреляция туралы айтылады. Корреляция коэффициенті ±1 мәніне неғұрлым жақын болса, байланыс та соғұрлым тығыз да қарқынды. Желі үдемелі функциональдық тәуелділікте өзгермелі у пен х арасында ryx=+1, желі бәснңдігінде ryx= -1. Корреляция байланысы нөлге жақындаған сайын зерттелетін байланыс нашарлау. Екі өзгермелілер арасындағы желі байланысы жағдайында тек бір корреляция коэффициенті болады.

Мәліметтердің екі жиынтығының арасындағы корреляция коэффициентін есептеу үшін КОРРЕЛ статистикалық функциясын пайдалануға болады.

Ұяларға формулалар енгізіледі:

rxy V15: =КОРРЕЛ(В7:В31; С7:С31);

rxz V16: =КОРРЕЛ(В7:В31; В7:О31);

rvz V17: =КОРРЕЛ(С7:С31; О7:В31).

Ол үшін Мастер функций терезесінде Статистикалық категорияны, ол онда КОРРЕЛ функциясын таңдап, функция мастерін пайдаланамыз.

1 массивте – мәндер интервалының ұясы, 2 массив – мәнді ұялардың екінші интервалы.

Бұл функция массив 1 және массив 2 адрестері бойынша анықталған ұялар интервалдары арасындағы корреляция коэффициентін оралтады. Корреляция коэффициенті екі айырықшылық арасында өзара байланыстың бар-жоғын анықтау үшін пайдаланылады.

Алынған есептер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның басқаларымен жұмысының тиімділігінің зерттелген көрсеткіштерінің әрқайсысы өзара тығыз байланысты (детерминацияның барлық көбейтінді коэффициенттері мәнді және 0,8-ден асады).

Әсіресе қор қайтарымы мен қалған екі көрсеткіш – еңбек өнімділігі мен материал сыйымдылығы тығыз байланыс бар. Қор қайтарымының орташа 84,25%-ға өзгеруі еңбек өнімділігі мен материал сыйымдылығының өзгеруімен түсіндіріледі (қор қайтарымының орташа 15,75%-ға өзгеруі бақыланбайтын факторлардың, нышандардың ықпалымен түсіндіріледі). Мұнда еңбек өнімділігі 1млн. тенгеге ұлғайғанда қор қайтарымы негізгі өндіріс қорының рубліне шаққанда орташа 0,55 тенгеге ұлғаяды. Материал сыйымдылығы 1%-ға кемігенде қор қайтарымы орташа 0,48%-ға ұлғаяды. Зерттелген көрсеткіштер өздерінің орта деңгейлерінен шағын мөлшерде ауытқыған жағдайда көрсетілген нормативтер салыстырмалы түрде тұрақты (тұрақтылық сенімді интервалдармен және 0,95 ықтималдығымен көрсетіледі).

Бұл жағдайларда материал сыйымдылығы мен еңбек өнімділігінің арасындағы өзара тәуелділік (қор қайтарымын есептегенде) дәлелденбеген (корреляцияның жеке коэффициенті pxz/y елеулі емес). Мұндай тәуелділікті барынша сенімді тексеру үшін біздің қолымыздағыдан көбірек іріктеу көлемі қажет.

Бақылау сұрақтары

1) Корреляциялық талдау жүргізгенде мәліметтер қалай ұйымдастырылады?

2) Корреляциялық талдау қандай жағдайда қолданылады?

3) Корреляциялық талдау жүргізуге қандай функциялар қатысады?

14-тәжірибелік жұмыс. Регрессивті талдау

Тапсырма. Регрессивті модель құру есебін шығару. Шешімді іздеу құралдарының көмегімен бір тәуелді және бір тәуелсіз өзгермелілер үшін регрессия теңдігін табу есебін шешу.

Жұмыстың орындау әдістемесі

Екі байқалатын шама х пен у бар, мысалы, қолданыста болған автомобильдерді сататын фирманың өткеру көлемі, оның алты аптадағы жұмысы. Бұл байқалатын шамалардың мәндері 3.44-суретте келтірілген, онда х – есепті апта, ал у – сол аптада өткерілу көлемі. Бастапқы мәліметтері 1 суретте келтірілген.


hello_html_ebc01bf.png


3.44-сурет – Желілік модель салу үшін бастапқы мәліметтер.


Байқалатын мәндерді барынша жақсы көрсететін hello_html_m4f461d76.gif желілік моделін салу қажет. Әдетте m мен b байқалатын және тәуелді өзгермелі у теориялық мәнінің арасындағы айырмашылық текшелерінің сомасы минимальды болатындай етіп іріктеледі, яғни минималдандырылғанда:


hello_html_47f8c6fc.gif


мұнда n – бақылау саны (мына жағдайда n=6).

Бұл есепті шешу үшін m мен b өзгермелілеріне тиісінше D3 және E3 ұяларын бөлеміз,ал F3 ұясына минималдандырылған функцияны енгіземіз

{=СУММКВРАЗН(B2:B7;E3+D3*A2:A7)}.

СУММКВРАЗН функциясы көрсетілген массивтердің элементтері үшін айырмашылық текшелерінің сомасын есептейді.

Енді Сервис, Шешімді іздеу командаларын тереміз, ашылған Шешімді іздеу диалогты терезесін 3.45-суретте көрсетілгендей толтырамыз.

m мен b өзгермелілеріне шектеудің жоқ екенін атап өтеміз. Есептеу нәтижесінде іздеу құралы шешімді табады: m=1,88571 және b=5,400. Бұл нәтижелер 3.46-суретте келтірілген.


hello_html_eed54d9.png


3.45-сурет – Регрессия теңдігін есептеу үшін шешімді Іздеу диалогты терезесі



hello_html_5bf83b22.png


3.46-сурет – Регрессия теңдігінің ұтымды шешімі.

Бұл бөлімде регрессияның желілік теңдеуінің түрлі сипаттарын тікелей есептеген жұмыс парағының функциялары келтірілді.

Алдыңғы бөлімдегі у=mx+b желілік моделінің m мен b параметрлерін НАКЛОН және ОТРЕЗОК функцияларының көмегімен анықтауға болады.

НАКЛОН – ұзындық бойындағы мәндердің өзгеру жылдамдығы. НАКЛОН функциясы желілік тренд еңісінің коэффициентін анықтайды. Синтаксис:

НАКЛОН (белгілі_мәндер_у; белгілі_мәндер_x).

ОТРЕЗОК (INTERCEPT) функциясы желілік тренд желісінің ординат кіндігімен қиылысқан нүктесін анықтайды. Синтаксис:

ОТРЕЗОК (белгілі_мәндер_х; белгілі_мәндер_у).

НАКЛОН мен ОТРЕЗОК функцияларының дәлелдері:

  • белгілі_мәндер_у – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;

  • белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві. Егер белгілі_мәндер_x дәлелі түсіп қалса, онда массив {1;2;3;...} белгілі_мәндер_у дәлеліндей мөлшерде деп топшыланады.

  • НАКЛОН мен ОТРЕЗОК функциялары мына формулаларымен есептеледі:


hello_html_7d21eb97.gif

hello_html_68edca0b.gif,

мұнда hello_html_3f45ea34.gif, hello_html_637b7d7e.gif


4 суретте көрсетілген D2 мен Е2 ұяларында тиісінше m мен b табылды, формулалары:

=НАКЛОН(В2:В7;А2:А7);

=ОТРЕЗОК(В2:В7;А2:А7).

m мен b коэффиценттерін басқа тәсілмен де табуға болады. А2:В7 ұяларының диапазоны бойынша нүктелі кескіндеме салыңыз, қосарлы шертпемен кескіндеме бөліңіз, содан соң мышьтың оң жақ кнопкасымен шертіңіз. Ашылған контексттік менюде 3.47-суретте көрсетілгенде тренд желесі командасын таңдаңыз.


hello_html_m70dca6d5.png


3.47-сурет- Тренд желісін салудың басы.

Тренд желісін салу тобында Тип вкладында тренд Желісідиалогтық терезесінде (аппроксимация мен сглаживание) Желілік параметрін таңдаңыз, ал Параметрлер вкладына диаграммада теңдеуді Көрсету және аппроксимация шынайлығы шамасы диаграммасына Орналастыру (R^2) жалаушыларын қойыңыз (яғни диаграммаға корреляция коэффиценті текшесінің мәнін орналастыру қажет).

Корреляция коэффициентіне қарап, регрессияның желілік теңдеуін пайдаланудың дұрыстығын пайымдауға болады. Егер ол 0,9-дан 1-ге дейінгі диапазонда жатса, бұл тәуелділікті нәтижені алдын ала болжау үшін пайдалануға болады. Корреляция коэффициенті бірлікке тақаған сайын оның бақылаудағы шамалар арасындағы желілік тәуелдікті көрсететінін негіздей түседі. Корреляция коэффициенті -1-ге тақау болса, бақылаудағы шамалар арасында кері тәуелділіктің болғаны.

Нүкте белгілі болған жағдайда ғана қисық сызықпен Ү кескіндігін қиылысқан нүктесіне жалауша қойылады. Мысалы, жалауша қойылатын, оның өрісін 0 енгізілсе, y=mx моделі іздестірілуде деген сөз.

Тренд желісі командасының орындалу нәтижесі 3.48-суретте келтірілген


hello_html_m2d55e40f.png


3.48-сурет – Тренд желісінің кескіндемесі


Суреттен көрініп отырғандай, коррелация коэффициентінің текшесі 0,9723-ке тең, демек желілік модель нәтижелерді алдын ала айту үшін қолдынылады.

Регрессия теңдеуінің табылған коэффициенттерінің негізінде бақылаудағы y шамасының теориялық мәнін анықтауға болады. 3.48-суретте көрсетілген С2 ұясында y теориялық мәнін

=$D$2*A2+$E$2

формуласы бойынша А2- ден x кезінде есептеп шығарамыз.

Алайда тіркелген нүктеде y теориялық мәнін желілік модель коэффициенттерін алдын ала анықтамай-ақ ПРЕДСКАЗ функциясының көмегімен есептеп шығаруға болады.

Синтаксис:

ПРЕДСКАЗ (t; белгілі_мәндер_y; белгілі_ мәндер_x).

Дәлелдер:

t – мәні алдын ала айтылатын мәләметтер нүктесі;

белгілі_мәндер_y – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;

белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2; 3;..}мөлшері белгілі_мәндер_y массивінікіндей деп болжанады.

3.46-суретте С2 ұяда теориялық мәнді мына формуламен шығаруға болады:

=ПРЕДСКАЗ (A2;$B$2:$B$7;$A$2:$A$7)

ТЕНДЕНЦИЯ функциясының регрессиясы бір өлшемді, сондай-ақ көр өлшемді деңгейі үшін тәуелсіз өзгермелерінің тұтас ауқымы үшін жиілік регрессиясы теңдеуінің мәндерін есептеп шығарады. Регрессияның көп өлшемді желілік моделінің түрі:


hello_html_508495b4.gif


Синтаксис:

ТЕНДЕНЦИЯ (белгілі_мәндер_y; белгілі_мәндер_x; жаңа_мәндер_x; конст)

Дәлелдер:

- белгілі_мәндер_y – тәуелді бақыланатын шаманың белгілі мәндерінің массиві;

- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақыланатын шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2;3;....} мөлшері белгілі_мәндер_y массивінікіндей деп болжанады.

- жаңа_мәндер_x – жаңа мәндер x, олар үшін тенденция функциясы тиісті мәндер y-ті қайтарады.

- конст- қисынды мән b константының 0-ге тең болуының қажетінің бар- жоғын көрсетеді. Егер дәлел конст ИСТИНА мәнінде болса немесе түсіп қалса, онда b әдеттегідей есептеледі. Егер конст ЛОЖЬ мәнінде болса, онда b 0-ге тең деп болжанады.

Егер көп өлшемді желілік модель салынса, онда дәлелдер белгілі_мәндер_x пен жаңа_мәндер_x әрбір тәуелсіз өзгермелі үшін баған (немесе жол) ұстауы керек. Егер дәлел жаңа_мәндер_x түсіп қалса, онда ол дәлел белгілі_мәндер_x-пен сәйкес келеді деп болжанады.

ЛИНЕЙН функциясы көп өлшемді желелік регрессия теңдігінің параметрлерінің мәндерінің массивін hello_html_m10a5460e.gifоралтады.

Синтаксис:

ЛИНЕЙН (белгілі_мәндер_y; белгілі_мәндер_x; конст; статистика).

Дәлелдер:

- белгілі_мәндер_y – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;

- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2;3;....} мөлшері белгілі_мәндер_y-тегідей деп болжанады.

- жаңа_мәндер_x – жаңа мәндер x, олар үшін тенденция функциясы тиісті мәндер y-ті қайтарады.

- конст- қисындық мән конст b-ның 0-ге тең болуының қажетілігі- қажетсіздігін көрсетеді. Егер дәлел конст ИСТИНА мәнінде болса немесе түсіп қалса, онда b әдеттегідей есептеледі. Егер конст ЛОЖЬ мәнінде болса, онда b 0-ге тең деп болжанады.

- статистика- регрессия бойынша қосымша статистиканы, мысалы, корреляция коэффициентін шығарудың қажетілігі- қажетсіздігін көрсететін мән. Егер статистика ИСТИНА мәнінде болса, онда ЛИНЕЙН функциясы қосымша регрессиялық статистиканы оралтады. Егер дәлел статистика ЛОЖЬ мәнінде болса немесе түсіп қалса, ЛИНЕЙН функциясы коэффициенттердің мәнін ғана оралтады.

Бақылау сұрақтары:

1) Регрессиялық талдаудың қандай әдістері бар?

2) Регрессиялық талдауға қандай функциялар қатысады?

3) Тренд желілерінің мәні?

4) Қандай тренд желілерінің мәні



4 Өздік жұмыстардың тапсырмалары


4.1 Дәріс сабақтарына дайындалуға тапсырмалар

1-тақырып. «Экономикалық ақпараттық жүйелер»

Мақсаты: экономикалық объектіні басқарудағы ақпараттық жүйелермен танысу.

Тапсырма: төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына

ауызша жауап беу.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ). Құрылымы.

2) ЭАЖ жіктелімі.

3) Менеджменттегі және маркетингтегі ақпарат жүйелерінің негізгі түрлері.

Бақылау сұрақтары :

1) «Ақпараттық жүйе», ЭАЖ ұғымдарына анықтама беру.

2) Өздеріңізге белгілі ЭАЖ түрлерін атаңыздар.

3) Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (АвАЖ) деген не?

2-тақырып. «Жаңа ақпараттық технологиялар»

Мақсаты: студенттерді информатиканың, ақпараттарды өңдеу құралдарының қазіргі қоғамдағы ролімен таныстыру.

Тапсырма: төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына

ауызша жауап беу.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Ақпараттық технологиялардың даму сатылары.

2) Ақпараттық технология түсінігі және олардың жәктелімі.

3) Анағұрлым кең тараған ақпараттық технологиялар.

Бақылау сұрақтары:

1) «Ақпарат» терминіне ауқымды сипаттама беріңіз.

2) Ақпараттық технология деген не?

3) ЭЕМде программалау дегенді қалай түсінесіз?

3-тақырып. “Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары”

Мақсаты: басқарудың ақпараттық жүйелерін меңгерту.

Тапсырма: төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелері (АСУ ТП).

2) Жобалауды автоматтандыру жүйелері (САПР).

3) Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУП).

Бақылау сұрақтары:

1) Басқарудың технологиялық объектісі деген не?

2) Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелерінің негізгі функциялары.

3) Жобалау деген не?

4) Қандай жобалау автоматтандырылмаған деп аталады?

5) Қандай жобалау автоматтандырылған деп аталады?

6) Жобалауды автоматтандыру жүйелері деген не?

7) Жобалауды автоматтандыру жүйелеріндегі жобалау технологиясының қағидаларын атаңыздар.

8) Өндірісті басқару жүйелері деген не?

4-тақырып. «Маманның автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО)»

Мақсаты: заманауи мекемені және қызметкердің жұмыс орнын техникалық жабдықтау сұрақтарымен таныстру. Сонымен қатар, Power Point программасымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырма: келесі сұрақтар бойынша электрондық презентация дайындау.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орны.

2) Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орны.

3) Технологтың автоматтандырылған жұмыс орны.

4) Басшының автоматтандырылған жұмыс орны.

Бақылау сұрақтары:

1) Маманның автоматтандырылған жұмыс орны деген не?

2) Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орнының міндеттері.

3) Бухгалтердің АЖО-ң негізгі міндеттері.

4) Басшының АЖО-ң тағайындалуы.

5) Электрондық офис деген не?

6) Офиске арналған интеграцияланған пакеттерге қандай программа кіреді?

5-тақырып. «Эксперттік жүйелер»

Мақсаты: «Интеллектуальды» ақпараттық технология түсінігімен таныстыру.

Тапсырма: Эксперттік жүйелердің мақсаты мен міндеттерін сипаттау.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Жасанды интеллект түсінігі.

2) Басқарудың эксперттік жүйелері.

3) Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттері.

4) Білімдер базасы.

Бақылау сұрақтары:

1) Жасанды интеллект деген не?

2) Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттерін атаңыз.

3) Шешім қабылдауды қолдау жүйелері деген не?

4) Эксперттік жүйелердің сыныптарын атаңыз.

5) Эксперттік жүйелердің құрылымы.

6) Білімдер базасы деген не?

6-тақырып. «Жобаларды басқару жүйелері»

Мақсаты: жобаларды басқаруды программалық жабдықтаумен таныстыру .

Тапсырма: сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Іс қағаздарын жүргізу процесін және бизнес-жоспарлауды автоматтандырудың программалық құралдары.

2) Жобаларды басқару теориясының жалпы мәселелері.

Бақылау сұрақтары:

1) Жобаларды басқару саласында туындайтын негізгі міндеттер класын сипаттаңыздар.

2) Жобаларды басқару міндеттерін шешетін программалық жабдықтарға мысал келтіріңіздер.

7-тақырып. «Компьютерлік желілер және желілік технологиялар»

Мақсаты: компьютерлік желілерде ақпараттарды берудің қазіргі заманғы желілік технологияларымен студенттерді таныстыру.

Тапсырма: келесі сұрақтар бойынша электрондық презентация дайындау.

Өз бетімен дайындалу сұрақтары:

1) Интернет желісінің даму тарихы.

2) Интернет негізіндегі перспективті технологиялар.

3) Электрондық коммерция.

4) Электрондық төлем жүйелері.

Бақылау сұрақтары:

1) Жергілікті желі деген не?

2) Жергілікті желі құру үшін қандай байланыс линиялары қолданылады?

3) Әлемдік желі мен жергілікті желінің негізгі айырмашылықтары неде?

4) Интернет желісін құрудың базалық қағидаларын атаңыздар.

5) Интернет желісінің қандай ақпараттық серверлерін білесіздер?

6) Интернетте қандай негізгі іздеу құралдары бар?


4.2 Тәжірибелік сабақтарына дайындалуға тапсырмалар

1-нұскау

Қаржылық талдау

1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару.

Дүкен үш түрлі өнімді саудалайды: Ө1, Ө2, Ө3. Екі шектелген ресурс қарастырылады: дүкеннің пайдалы ауданы – 450 (кв.м)., дүкен жұмысшыларының жұмыс уақыты – 600 (адамсағат). Тауар айналымы 240000-нан кем болмауы керек. Ең максималды пайда табу үшін қандай тауар айналымы болу керектігін анықтаңыз. Тауарды сатуға кететін ресурстардың шығындары мен содан түскен пайда төмендегі 4.1-кестеде берілген:


4.1-кесте – Тауарды сатуға кететін шығындар мен пайда

Ресурстар

Тауарды сатуға кеткен шығындар

Ресурстар көлемі

Ө1

Ө2

Ө3

Аудан

1,5

2

2

450

Жұмыс уақыты

3

2

1,5

600

Пайда

50

65

70



5-есеп.Транспорттық есепті шығару

Өнімді өндіру n кəсіпорында орындалады. Ол өнім m тұтынушыға тасымалданады. Кəсіпорындардың бір күнде өндіретін өнімі, тұтынушы пункттері бір күнде тұтынатын өнім көлемі, кəсіпорыннан тұтыну пунктіне дейін жүкті жеткізу үшін кететін шығындардың сандық мəндері əр варианттың кестесінде берілген. Өнімді қоймада сақтау үшін күніне кететін шығын – 1,6, келісім бойынша жүк жеткізілмей қалған əр күн үшін айып пұл – 3,4. Өнімді жеткізуге кететін шығынды минималдау керек. Өнім бірлігін тасымалдау құны 4.2-кестеде көрсетілген.


4.2-кесте– Транспорттық шығындар

Кəсіпорын

Өнімді тасымалдау құны

Өндіру көлемі

Тұтыну пункттері

1

2

3

4

A

5

1,8

6

6

30

B

1

5,1

8

2

42

C

3,5

6

3

3,1

10

D

2,2

4,9

1,3

4

10

E

3

7

8,95

1

10

Тұтыну көлемі

20

38

30

22



2-нұскау

Қаржылық талдау

1-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.

2-есеп.. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.

3-есеп.. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару.

Цех екі түрлі өнім шығарады, оған екі шикізат қолданады. Максимум пайда түсіретіндей өндіріс жоспарын құру керек. Өнімді шығаруға кететін шикізат мөлшері төмендегі 4.3-кестеде берілген :


4.3-кесте – Тауарды сатуға кететін шығындар мен түсетін пайда

Шикізат

Тауарды сатуға кеткен шығындар

Шикізат көлемі

Ө1

Ө2

1

5

8

600

2

14

8

1400

Пайда

50

30



5-есеп.Транспорттық есепті шығару

Өнімді өндіру n кəсіпорында орындалады. Ол өнім m тұтынушыға тасымалданады. Кəсіпорындардың бір күнде өндіретін өнімі, тұтынушы пункттері бір күнде тұтынатын өнім көлемі, кəсіпорыннан тұтыну пунктіне дейін жүкті жеткізу үшін кететін шығындардың сандық мəндері əр варианттың кестесінде берілген. Өнімді қоймада сақтау үшін күніне кететін шығын – 1,6, келісім бойынша жүк жеткізілмей қалған əр күн үшін айып пұл – 3,4. Өнімді жеткізуге кететін шығынды минималдау керек. Өнім бірлігін тасымалдау құны 4.4-кестеде көрсетілген.


4.4-кесте – Транспорттық шығындар

Кəсіпорын

Өнімді тасымалдау құны

Өндіру көлемі

Тұтыну пункттері

1

2

3

4

A

2,3

7

6

8

15

B

2

1,3

1

2,5

55

C

4,9

4

4

1

12

D

2

8

1

4

18

E

33

2,1

1,2

5

17

Тұтыну көлемі

35

35

15

25



3-нұскау

Қаржылық талдау

1-есеп.7 жылға шығарылған номиналы 200000 болатын облигацияның болашақ құны қанша болады? Процент мынандай тəртіппен есептеледі: алғашқы үш жылға – 18 %, қалған төрт жылға – 21 %. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

2-есеп.12 жылдан кейін кəсіпорынға 5 млн ақша қажет болады. Кəсіпорын осы соманы алу үшін қазіргі уақытта депозитке ақша салмақ ойы бар. Ол үшін 12 % проценттік ставкамен қанша мөлшерде депозитке ақша салу керек? ПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп.3 жылдан кейін 90 млн алу үшін депозитке 20 % жылдық ставкамен қанша сома салу керек екенін анықтаңыз. Проценттік есептеу квартал сайын болсын. ПС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару.

Өнімнің төрт түрін (Ө1, Ө2, Ө3, Ө4) өндіретін кəсіпорынның максимал пайда түсіретін өндіріс жоспарын жасаңыз. Бұл өнімдерді дайындау үшін үш ресурс жұмсалады: еңбек, шикізат, құрал-жабдықтар. Ресурстар бойынша шығындар мен əр өнім бойынша түсетін пайда төмендегі 4.5-кестеде берілген:



4.5-кесте – Тауарды шығаруға кететін шығындар мен түсетін пайда

Ресурстар

Шығарылатын өнім

Ресурстар көлемі

Ө1

Ө2

Ө3

Ө4

Р1

Еңбек

4

2

2

8

4800

Р2

Шикізат

2

10

6

0

2400

Р3

Құрал-жабдық

1

0

2

1

1500

Пайда

65

70

60

120



5-есеп.Транспорттық есепті шығару

Өнімді өндіру n кəсіпорында орындалады. Ол өнім m тұтынушыға тасымалданады. Кəсіпорындардың бір күнде өндіретін өнімі, тұтынушы пункттері бір күнде тұтынатын өнім көлемі, кəсіпорыннан тұтыну пунктіне дейін жүкті жеткізу үшін кететін шығындардың сандық мəндері əр варианттың кестесінде берілген. Өнімді қоймада сақтау үшін күніне кететін шығын – 1,6, келісім бойынша жүк жеткізілмей қалған əр күн үшін айып пұл – 3,4. Өнімді жеткізуге кететін шығынды минималдау керек. Өнім бірлігін тасымалдау құны 4.6-кестеде көрсетілген.


4.6-кесте – Транспорттық шығындар

Кəсіпорын

Өнімді тасымалдау құны

Өндіру көлемі

Тұтыну пункттері

1

2

3

4

A

4

2

4,1

6

17

B

5

2,5

2

3

73

C

3

4

3

4,2

52

D

5,1

3

2

7

38

Тұтыну көлемі

20

25

80

20



4-нұскау

Қаржылық талдау

1-есеп. Проект бойынша шығындар 570 млн. Үш жылда: 270, 330, 290 млн пайда əкеледі деп болжанады. Дисконттау ставкасы 17 %. Проектінің ағымдағы құнын анықтау керек. ЧПС функциясын қолданыңыз.

2-есеп. Компанияны сатып алу үшін 15 % жылдық ставкамен 197 млн ссуда алынды. 4 жылда түскен пайда: 75, 28, 35, 110 млн. 18 % реинвестицияланған. Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын табу керек. МВСД функциясын қолданыңыз.

3-есеп. 100 млн мөлшердегі инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын анықтаңыз. Болжанатын пайда мөлшері: 21, 33, 40, 50 млн. ВСД функциясын пайдаланыңыз.

4-есеп. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару.

Фабрика үш түрлі мата шығарады: І, ІІ, ІІІ. Бір күнде кем дегенде шығару керек: І – 90 м, ІІ – 70 м, ІІІ – 60 м. Бір күндік ресурстар мынандай: өндіріс құралдары – 780, шикізат – 850, электр энергиясы – 790. Əр метр матаға кететін шығындар төмендегі 4.7-кестеде көрсетілген:


4.7-кесте – Матаны шығаруға кететін шығындар

Ресурстар

Маталар

I

II

III

Өндіріс құралдары

2

3

4

Шикізат

1

4

5

Электр энергиясы

3

4

2


5-есеп.Транспорттық есепті шығару

Өнімді өндіру n кəсіпорында орындалады. Ол өнім m тұтынушыға тасымалданады. Кəсіпорындардың бір күнде өндіретін өнімі, тұтынушы пункттері бір күнде тұтынатын өнім көлемі, кəсіпорыннан тұтыну пунктіне дейін жүкті жеткізу үшін кететін шығындардың сандық мəндері əр варианттың кестесінде берілген. Өнімді қоймада сақтау үшін күніне кететін шығын – 1,6, келісім бойынша жүк жеткізілмей қалған əр күн үшін айып пұл – 3,4. Өнімді жеткізуге кететін шығынды минималдау керек. Өнім бірлігін тасымалдау құны 4.8-кестеде көрсетілген.


4.8-кесте – Транспорттық шығындар

Кəсіпорын

Өнімді тасымалдау құны

Өндіру көлемі

Тұтыну пункттері

1

2

3

4

A

1,7

3

4

6

23

B

5,2

2,66

9,8

3

27

C

3

2

1

4

52

D

6

5

2,5

7

18

Тұтыну көлемі

32

18

60

15





Қорытынды бақылау сұрақтары


1. Экономикалық ақпараттың құрылымы

2. Ақпаратты топтастыру

3. Ақпаратты білім сатысымен топтастыру

4. Ақпаратты тұрақтылық белгісімен топтастыру

5. Ақпаратты өңдеу процедурасы

6. Ақпаратты жинау процедурасы

7. Экономикалық ақпараттық жүйелердің түрлері және мақсаты (ЭАЖ)

8. ЭАЖ қамтамасыз етуші бөлім

9. ЭАЖ функционалды бөлім

10. Ақпараттық технологиялардың топтастыруы

11.Пайдаланушылық интерфейс үлгісімен ақпараттық технологиялардың таптастыруы

12. Пакетті технологияның сипаттамасы

13. Графика түрлері. Графикалық редакторлар

14. Мәтіндік редакторлар

15. Эксперттік жүйенің

16. Жасанды ақыл

17. Электрондық пошта

18. Электрондық пошта жіберу тәртібі

19. Гипермәтіндік технология

20. Интеграцияланған пакеттер

21. Мультимедиа технологиясы

22. Электрондық кестелер

23. Желілі технологияның

24. Желілі стандарт эталондық үлгісі

25. Ашық жүйелердің эталондық үлгісі

26. Желілер топологиясы

27. Желілердің түрі

28. Жергілікті желі

29. Коммутация түйіні

30. Физикалық, өзекті, желілі деңгейлердің орындалатын функциялары және негізгі мақсаттары.

31. Өкілдік, транспорттық, қолданбалы деңгейлердің негізгі мақсаттар және орындалатын функциялары

32. Коммутация түрлері

33. Каналдардың коммутациясы

34. Хабарлаулардың коммутациясы

35. Пакеттердің коммутациясы Internet құрылымы

36. Internet қосу түрлері

37. Internet ақпараттық қорлары

38. Салық ақпараттық жүйеге тап осы база құрылымы (САЖ)

39. БАЖ-де банктін ішіндегі әрекеттестік

40. Пластикалық карталардың жүйесі

41. Ірі өндірістін бухгалтерлік ақпараттық жүйелері (БУАЖ)

42. Кіші және орта кәсіпорынның БУАЖ

43. MS EXCEL программасы көмегімен салымдар үшін пайызға есеп айырысу, ұдай кезеңдік төлемдерге есеп айырысу

44. MS EXCEL құралы көмегімен жалақыны есептеу.

45. MS EXCEL программасы көмегімен несие төлемдерін есептеу. Қаржылық функцияларды пайдалану

46. MS EXCEL-ді қолданып несие төлемдерін есептегенде түрлі проценттік ставкалардың төлем мөлшеріне әсерін қойылымдық кесте негізінде талдау

47. Қаржылық шешімдерді қабылдау үшін EXCEL-дің «Подбор параметра» тәсілін пайдалану.

48. Сценарий диспетчерлерімен жұмыс: капитал салымдарының тиімділігін талдау

49. Облигация портфелінің табыстылығын есептеу

50. Еxcel электронды кестесі: мәліметтер қорымен жұмыс.



63


Сабақ тақырыбы: "Экономикалық жүйе ұйымында ақпараттың және басқарудың орны"
  • Информатика
Описание:

Сабақ барысы:


І. Сабақты ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу; Сабаққа келгендерін және сынып әзірлігін тексеру. Тақырыпты және жоспарды хабарлау. Мақсат қою.
ІІ үй жұмысын тексеру.
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері

ІІІ. Жаңа тақырыпты өту

Экономикалық ақпарат – автоматтандырылған өңдеу объектісі

Кез келген пәнді оқу оның негіз қалаушы терминдері мен категориярының анықтамаларын келтіруден басталады. «Информация» («ақпарат») термині латынның «informatio» сөзінен шығатыны және баяндау немесе түсіндіру мағынасын беретіні баршамызға белгілі.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілген мағлұматтар. Бұндай сигналдардың табиғатында оны сақтаудың, жеткізудің және түрлендірудің (өндеудің) мүмкіндіктері бар болуы тиіс.

Терминологиялық қатарды ақпаратпен қатар «деректер» және «білімдер» ұғымдары орналасқан.

Өндеуді мүмкін (күтілген) үрдіспен орындауға болатындай нақты қалыпқа келтірілген ақпаратты деректер деп түсінеміз.

Деректер деп әдетте ақпараттарды өңдеуде адекватты мүмкіндіктер (күтілетін) процесстері нақты пішімде көрсетілген ақпарат деп түсініледі. Білімдер – бұл негіздемеден логикалық ойлау жолымен анықталған қорытынды алуға болатын ақпарат.

Ақпараттың құрылымы және пішімі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақпараттың құрылымы – бұл оның құрамдас элементтерінің арасындағы өзара байланысты анықтайды. Ақпараттың терең қасиеттері жүйеліктің қасиеттілігі болып табылады.

Шындығында, жүйе деп оған кіретіндер жеке элементтер ішінен біреуі де белгілі бір қасиеттерді иелене алмайтын, ал керісінше ондай қасиеттерді иелене алатын жиынтықты айтады.

Басқа жағынан ақпарат оның қойылымының пішімі болып табылады. Негізгі пішімдер арасынан келесілерді атауға болады:

- символды-мәтінді (әріптер, сандар, белгілер және т.б. жиынтық түрінде көрсетілген ақпарат);

- графикалық (бейнелеу және т.б.);

- дыбысты.

Басқару (ағылшынша - control) – бұл жүйенің мақсатты қондырғысының жүзеге асырылуына бағытталған және жүйе құрылымына іштей тиістілігін қолдайтын әртүрлі (техникалық, биологиялық немесе әлеуметтік) табиғаттың ұйымдастырылған жүйесінің функциясы.

Автор Бекбаулова Эльвира Ермахановна
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров 312
Номер материала MA-066996
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓