Главная / География / Сабақ тақырыбы: Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

Сабақ тақырыбы: Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

Сабақ тақырыбы:  Қазақстан шаруашылығына сипаттама

Мақсаты: 1.Оқушыларды Қазақстан шаруашылығның ерекшеліктерімен кеңінен таныстыру

2.Оқушылардың ойлау әрекеттерін қалыптастыра  отырып, Қазақстан шаруашылығының   салалық құрылымын  терең  меңгерулеріне жағдай жасау.

3. Оқушыларды топпен жасай отырып ауызбіршілікке, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу,

Тұлғаның дамуына бағытталған мақсат: Оқушылардың  шығармашылық ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту арқылы, тұлғаның дамуына жағдай жасау.  

Оқушыларды  алға  мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етуге тәрбиелеу.

Оқушының мақсаты:

- «Шаруашылық», « Сала»  « Өнеркәсіп»  терминдерін талқылау;

- Шаруашылықтың салалық құрылымын меңгеру;

- Өнеркәсіптің шаруашылықты дамытудағы рөлін білу;

- Өнеркәсіптің экономикалық жағдайын білу;

- Шарауашылық салаларының арасындағы байланыстылықты түсіндіре білу;

- Проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып, шеше білу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТОтехнологиясы, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.  

Көрнекіліктер:  Қазақстанның картасы, оқулық, интерактивті тақта,  

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру    А) сәлемдесу Ә) Оқушыларды түгендеу

Б)Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, сабаққа назар аударту.

В) Оқушыларды бағалау парағымен таныстыру.  

Оқушыларды бағалау кестесі.

Үй тапсырмасын сұрау. Сарамандық жұмысты тексеру.Тест. «Орнын тап!»

II. Жаңа сабақ

Мағынаны тану.Төмендегі терминдерге жауап табу:

  1. Нарықтық экономиканың негізі не болып табылады?

  2. Шаруашылық деген не?

  3. Шараушылық салалары қалай бөлінеді? 

  4. Шаруашылықтың салалық құрылымы

  5. Өндірістік саланың ерекшелігі

  6. Өндірістік емес саланың ерекшелігі

1. Шаруашылықтың салалық құрылымына  талдау жасап олардың арасындағы байланыстылықты түсіндір.                

  1. Шаруашылық - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, білім беру, денсаулық сақтау салаларының  өзара байланысқан жиынтығы.

Сала – біртекті  өнімдер шығаратын  не  біртекті  қызмет  көрсететін кәсіпорындардың  жиынтығы.

Шаруашылықтың салалық құрылымы 2 бөлінеді:

  1. Өндірістік  сала

  2. Өндірістік емес сала                             

  3. Өнеркәсіптің «А» тобы: ауыр өнеркәсіп

Өнеркәсіптің «Б» тобы: Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

1. Сәйкесін тап!

Мына берілген сөздерден өндірістік және өндірістік емес салаларды тауып жаз.

Отын, ауыл шаруашылығы, электр энергетикасы, білім беру, денсаулық сақтау, химия, машина жасау, өнер, ғылым, құрылыс материалдары, тұрғын үй, тамақ, демалыс мекемелері, мәдениет, қара металлургия,түсті металлургия.

 

2.Өнеркәсіптің «А» және «Б» топтарын сызбанұсқа түрінде көрсет.

 Талдау:

1. «Кім жылдам» тест сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар  тест сұрақстарына интерактивті тақтада жауап береді.

  1. Венн диаграммасы:

Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіпті салыстыр:

 

Өндіруші өнеркәсіп              Өңдеуші өнеркәсіп

III.Бағалау.

Еліміз үшін қай саланы дамытқан дұрыс?

Шаруашылықты дамытуда ҒТР қандай маңызы бар?

Өнеркәсіптің қай саласы тез қарқынмен дамуды қажет етеді?

 

IV. Қорытынды.  Бекіту.

Топтау: Жаңа сабақты бекіту

Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:

  1. Шаруашылық қандай салаларға бөлінеді?

  2. Рыноктық экономикаға көшуде өнеркәсіп алдында тұрған міндеттер қандай?

  3. Өндірістік салалардың арасында қандай байланыс бар?

Бағалау: Оқушылар  сабақ басында көрсетілген бағалау картасы арқылы бағаланады.   

V. Үйге тапсырма.

 «Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама»  тақырыбын оқу.





Ембі қалалық №3 орта мектеп







Тақырыбы:

Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама

Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы









Пән мұғалімі:М.М.Борамбаева

Сынып: 9 «А»







2015-2016 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама
  • География
Описание:

Мақсаты: 1.Оқушыларды Қазақстан шаруашылығның ерекшеліктерімен кеңінен таныстыру

2.Оқушылардың ойлау әрекеттерін қалыптастыра отырып, Қазақстан шаруашылығының салалық құрылымын терең меңгерулеріне жағдай жасау.

3. Оқушыларды топпен жасай отырып ауызбіршілікке, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу,

Тұлғаның дамуына бағытталған мақсат: Оқушылардың шығармашылық ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту арқылы, тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Оқушыларды алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етуге тәрбиелеу.

Оқушының мақсаты:

- «Шаруашылық», « Сала» « Өнеркәсіп» терминдерін талқылау;

- Шаруашылықтың салалық құрылымын меңгеру;

- Өнеркәсіптің шаруашылықты дамытудағы рөлін білу;

- Өнеркәсіптің экономикалық жағдайын білу;

- Шарауашылық салаларының арасындағы байланыстылықты түсіндіре білу;

- Проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып, шеше білу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТОтехнологиясы, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.

Көрнекіліктер: Қазақстанның картасы, оқулық, интерактивті тақта,

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру А) сәлемдесу Ә) Оқушыларды түгендеу

Б)Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, сабаққа назар аударту.

В) Оқушыларды бағалау парағымен таныстыру.

Оқушыларды бағалау кестесі.

Үй тапсырмасын сұрау. Сарамандық жұмысты тексеру.Тест. «Орнын тап!»

II. Жаңа сабақ

Автор Борамбаева Майра Малдыбаевна
Дата добавления 02.12.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров 354
Номер материала MA-062892
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы