Главная / Начальные классы / Іс-шара "Аяулы анашым" - даярлық топ

Іс-шара "Аяулы анашым" - даярлық топ

8 наурыз мерекесі



Ж: Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі


Армысыздар құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы 8- наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.

Осы мерекемен құттықтай отыра: Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт, көктемнің гүлін, күннің нұрын тілейміз.

Мерекеге арнап біздің бүлдіршіндеріміз дайындаған ертеңгілігін бастайық.


Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналалды құрметтеп,

Ән маржаның шашайық.



Балалардың орындалуында: ән «Ақ мамам»


Ж: Ананың әр сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры мейрімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Балалардың орындауында тақпақ.



Мамам менің ақ мамам,

Балын маған сақтаған,

Әнін маған сақтаған, Карина и

Бәрін маған сақтаған.


Мамам менің ақ мамам

Менсіз таңы атпаған

Менсіз күні батпаған Ильяс

Мен ұйықтамай жатпаған


Айтсан болды тіл алам

Әйбат мамам, ай мамам,

Сені көрсем қуанам, Диана

Сен керексін әрқашан.



Жүре берсем қасында,

Әйбат анам қуанам

Ботам деген дауысынан Жаслан

Мен мәз болып оянам




Мамам менің, ақ мамам,

Гүлді маған баптаған,

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрін мақтаған. Дина


Ж: Әжем барда еркелеп,

Әдемі боп кетемін.

Ә дегенде әлдилеп,

Әннің айтам нешеуін.



Балалар ән айтып билейді: «Достарым кел билейік»


«Әже мен немере» ел ауызынан


Белі бүгіліп , бойындағы бар күшін тауысқан қарт әже еңкейе басып жүріп келеді. Мұны көріп, алдынан жүгіріп шыққан немересі:

  • Әже, әже, айтшы, не іздеп жүрсіз? Бір нәрсе жоғалтып алдыңызба? -дейді.

-Иә, балам! Жастығымды жоғалтып алып, соны іздеп жүрмін, - деп әжесі жерге еңкейе түсті.

Сонда немересі қарсы алдына келіп тұра қалды:

-Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр ғой, әже!

-О, құлыным!... менің жастық шағым сен екенсің ғой, - деп мейірлене бетінен сүйді әжесі.

(Гульсана- Ақбар)


Әже

Әжем барда еркелеп,

Әдемі боп кетемін.

Ә дегенде әлдилеп, Элифнұр

Әннің айтам нешеуін.





Әжем менің мейірімді,

Әлпештейді көңілімді.

Әке, шешем анасы ол, Арман

Әркез тілер өмірімді.


Әжемді ерекше сыйлаймын,

Әттеген- ай, дегізбей.

Кәрілікке қимаймын, Карина Б

Ақылы оның теңіздей...



Әжем менің әдемі,

Ұнайды сөз мәнері.

Еркелетіп біздерді, Марғұлан

Үлгісі оның мәуелі.


Ертегі қандай көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша, Даниял А

Әжем менің тамаша.


Ж: Аружанның орындалуында ән «Әже»

Ойын: Аяулы алақан


Аналардың арасынан 4-5 ананы ортаға шықырып көздерін байлаймыз. Алдарына 6-7 баланы отырғызып, солардың ішінен алақанымен қолын ұстау арқылы, өз балаларын тауып алу керек.



Ж: Қайсы бийш,і кім күйші

Талабына қарайық

Қара жорға биін билеп

Ортада өнер салайық

Би «Қара жорға»


Ж: Жасынан сүйіп өскен балақаның,

Бір ғана сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайынан алақаны.


Сабағымнан қалмаймын,

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым Даниял Б

Қуантамын анамды


Өмірге анабұлақ ана пана,

Өмірге өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем. Диляра

Талай ер, талай ақын, талай дана.


Ойнаймыз күлеміз,

Жарқылдап жүреміз,

Ананы сыйлаймыз, Ерасыл

Айтқанды тындаймыз.



Балалардың орындалуында ертегіні тамашалап көрейік.

«Үйшік» ертегі


Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз! Нурсултан

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Ж: Ойын аналар өз балаларына қалай жақсы көретінің көрсетеді.

Бір қадам - балаға арналған бір жақсы сөз.



Әжесі мен Бағлан


-Журегім кім менің?

-Мен.

-Тірегім кім менің?

-Мен.

-Жаным кім менің?

-Мен.

-Сәнім кім менің?

-Мен.

-Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласын,

Ой, қарғам менің?

оқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға болмаймын!

Қарға «қарқ - қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.


«Достық» өлені


Ж: Көзінді жұмып тындашы. Сен анаңның дауысын естисің. Осы, өзіңе ен жақын, дауыс сенің өзіңде өмір сүреді, оны сен басқа дауыстарымен еш уақытта шатастырмайсың. Ер жетіп, азамат болған кезде де,

Сен анаңнын дауысын, анаңның саған қараған көзің, ананың сені басыңнан сипаған алақанын әрдайым есіңде сеқтайсын.


Ойын: Балалар өз ананы дауысынан тауып алу керек.


Ж: Балалар дайындаған ертегіні көрейік.

«Мақтақыз бен мысық» ертегі.


Ж: Ана десем,алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем,әділдікті ұғынам.


Құттықтаймын, анашым!


Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе, Ақбар

Мейірімді күннен де.


Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым, Тахмина

Сегізінші наурызбен!


Ж: Ендігі кезекте биші қыздарымызды қарсалайық .

Би «Хавана»


Ж: Құлақтан кіріп бойдалар

Жақсы ән мен тәтті күй

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз.

«Анашым» өлеңі – Аружан мен Сабина


Анашым менің анашым

Жанаша жақын жанасым.

Жылытып балдай жүректі

Жарқырап күндей жанасын.


Анашым менің анашым

Аялап мені бағасын

Не керек бәрін табасын

Анашым менің анашым


Анашым...


Анашым менің анашым

Ақылы асқан данасы

Ағарып жатқан танымсын

Әсерлі әсем әнімсін.


Анашым менің анашым

Сенімді серік панасың

Өнеге берік өнерлік

Дария болып ағасын


Анашым...


Анашым менің анашым

Күтеді өсіп баласын

Құшаққа ыстық аласын

Анашым менің анашым





Ж: Халық арасында «Ана бір қолмен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» , деген қанатты сөз бар.

Аналарға, әжелерге сөз беру.


Ендеше әжелерге, аналарға, сүйкімді қыздарға деген жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмасын, тіпті көздеріңізден тамған әр тамшы қуаныш пен шаттықтан тамсын жүздеріңізден шуақ кетпей күліп ойнап, шаттақа кенеліп балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер, уайым мұң қонбасын жанарына.

гүл бітсін бәріңіздің қадамына дей отыра бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Келгендеріңізге көп рахмет!

Іс-шара "Аяулы анашым" - даярлық топ
  • Начальные классы
Описание:

8 наурыз мерекесі

 

Ж:   Бүгін Наурыздың сегізі

         Сұлулықтың негізі

         Әдемі сөз адамның

         Анаға айтар лебізі

 

Армысыздар құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы  8- наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.

Осы мерекемен құттықтай отыра: Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт, көктемнің гүлін, күннің нұрын тілейміз.

Мерекеге арнап біздің бүлдіршіндеріміз дайындаған ертеңгілігін бастайық.

 

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналалды құрметтеп,

Ән маржаның шашайық.

 

 

 

Балалардың орындалуында:  ән «Ақ мамам»

Автор Искакова Анар Балгабековна
Дата добавления 30.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 467
Номер материала 18687
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓