Главная / Другое / С. Аронұлы өмірі және шығармашылығы

С. Аронұлы өмірі және шығармашылығы

Сабақ тақырыбы: С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығы, «Бөрілі менің байрағым», «Әділеттік орнаса» өлеңдері. 
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын өлеңдерінің тақырыптық-идеялық негізін ашу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға жағдай ұйымдастыру.  Дамытушылық: мәтінмен жұмыс жасау,ойды жүйелі баяндау, өзіндік пікір айта білу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, адамдық ізгі мінездерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: диалогтік оқыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: проблемалық оқыту, оқу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Келісу-келіспеу» стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушылармен сәлемдесу, топқа бөліну,сабақ мақсатымен таныстыру, топ жетекшілеріне бағалау парағын беру.
Тақтаға 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған стикерлер жапсырылады. Оның артында ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүрген ақындардың өмірінен деректер, шығармаларынан үзінділер жазылған. Деректер мен шығармалардың кімдікі екенін анықтап, сол бойынша 4 топқа бөлінеді.
1.«Батыр» -Махамбет өмірі мен шығармашылығы
2. «Семсер» -Дулат өмірі мен шығармашылығы
3. «Жігер» -Шортанбай өмірі мен шығармашылығы
4. .«Байрақ» -Сүйінбай өмірі мен шығармашылығы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Келісу-келіспеу» стратегиясы бойынша С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығынан кітаптан оқыған мәселері анықталады. 
1.Жамбыл -Сүйінбайдың ізбасары.
2.Сүйінбайды айтыс өнерінің алтын діңгегі деп бағалаған – А.Байтұрсынов.
3.Сүйінбайдың арғы тегінде ақындар болмаған.
4. Сүйінбай халықаралық деңгейдегі айтыс ақыны болған.
5. Ақын Тезек төренің адалдығын, әділеттілігін өз өлеңдерінде жырлаған.
6. Сүйінбай жыршы емес.
7. Ақын Алматы облысында дүниеге келген.
8. Сүйінбай « Көмекейің емес, жүрегің сөйлесін» деген сөзді Қатағанға айтқан.
ІІІ. Жаңа сабақ
А.Өлеңді оқушылар өз қалауларымен мәнерлеп оқиды.
«Әділеттік орнаса» өлеңін «Дана үкілер» техникасын қолдану арқылы талдау жүргізіледі.
1. Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар.
2. Иллюстрациялық бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету) 
3. Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?
4.Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір табыңыздар.
Б. «Бөрілі менің байрағым» өлеңімен жұмыс. Өлең тыңдалады.
- Әр топқа тапсырма беріледі. 
Өлеңде 4 жалқы есім кездеседі. Сол адамдардың кім екенін интернет желісі арқылы анықтайды.
Интернеттен алынған мәліметтерін айтады.1.«Батыр» - Қастек 2. «Семсер» -Қазыбек 3. «Жігер» - Қарасай
4. «Байрақ» -Шапырашты - Әр топ бір-біріне тапсырма, сұрақ әзірлеп, алмасады. Алған сұрақ пен тапсырмаларды орындауға берілген уақыттан кейін жауап береді. 
ІV. Сабақты бекіту. Халықты ел мүддесі үшін күрес жолына біріктіруде, жігерлендіруде, рухтандыруда «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің өз заманында маңызы аса зор болды. Сол батыр да қайсар, жігерлі де намысты ата-бабаларымыз күресімен қол жеткізген еркін елдің ұландарымыз. Біз үшін ұлттық рәміз –көк тудың бойымызға ұлттық намыс, отанға сүйіспеншілік пен құрметімізді білдірудегі маңызын білу үшін арнайы тапсырма орындайық. «Көк тудың желбірегені» әні баршамызға таныс. Осы әнді «Бөрілі менің байрағым» өлеңімен байланыстыра отырып әннен алатын әсерлеріңізді жазып беріңіздер (1-2 оқушының жазғанын оқыту).
V. Рефлексия
Сабақтан қандай әсер алдым? Өз ойларын қысқа баяндау.
VІ.Үй тапсырмасы
Шағын ғылыми жоба жазуға тақырыптар ұсынылады.
1. Сүйінбай өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
2. Сүйінбай –үздік айтыскер.
3.С.Аронұлының ақындық мектебі
4. Сүйінбай өлеңдеріндегі отаншылдық рух көрінісі
5. Ақынның қазақ әдебиетіндегі орны.
VІ.Оқушылар білімін бағалау.



С. Аронұлы өмірі және шығармашылығы
  • Другое
Описание:

Сабақ тақырыбы:С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығы, «Бөрілі менің байрағым», «Әділеттік орнаса» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын өлеңдерінің тақырыптық-идеялық негізін ашу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға жағдай ұйымдастыру. Дамытушылық: мәтінмен жұмыс жасау,ойды жүйелі баяндау, өзіндік пікір айта білу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:ұлтжандылыққа, адамдық ізгі мінездерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: диалогтік оқыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: проблемалық оқыту, оқу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Келісу-келіспеу» стратегиясы.
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы.

Автор Кабидоллина Куралай Кабидоллакызы
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 429
Номер материала MA-066325
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓