Инфоурок Технология КонспектыАшық сабақ "Өрнек түр"

Ашық сабақ "Өрнек түр"

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Өрнек түрлері.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою-

өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың  шеберлігін ұштау.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшандық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі сегіз элементінің көріністері, ою-өрнек бейнеленген көрнекілік.

Сабақтың барысы: 1. Жаңа тақырыпты әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Шетелдік (В.Куррер), кеңестік (С.В.Иванов, В.В.Стасов, Ф.К.Волков, С.А.Давыдов, Н.Ф.Думцов, т.б.)және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Е.Масановтың, М.Мұқановтың және т.б. зерттеу материалдарын айтсақта жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (ұшбұрыш, төртбұрыш), т.б. қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек, ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.

Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады. Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады. Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.

1.      Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.

2.      Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.

3.      Аңға байланысты өрнектер: «Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.

4.      Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер: «алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көьелек», «шыбынқанат», «тышқан із».

5.      Құстарға байланысты өрнектер: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.

6.      Өсімдік бейнелі өрнектер: «арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.

7.      Қару-құралдарға байланысты өрнектер: «балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.

8.      Геометриялық ою-өрнектер: «қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.

2. Сабақтың тақырыбын түсіндіру: Ал енді бүгін танысқан ою-өрнектерімізді есімізге сақтап қалуымызға тырысайық . Төрт топқа бөлінген оқушылардың алдарына араласып жатқан ою-өрнектердің элементтерін талдап топқа бөлуін талап ету.

Бірінші топқа: Космогониялық

Екінші топқа: Зооморфтық

Үшінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер

Төртінші топқа: Геометриялық өрнектер

Топтап бөліп болғаннан кейін тақтаға сурет салу арқылы оқушыларға ою-өрнек элементтерінің түрлерін салып үйрету, қолдарын жаттықтыру.

3. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

-салып жатқан өрнектің пішімін анықтау

- жобалау және үйлестіру жолдары

-суретті салу процессі

- жұмыстарын аяқтау

4. Сабақтың қорытындысы. Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту. Ою-өрнектерді зерттеген ғалымдарды атап беріңдер. Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?

Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.

5. Жұмыс орындарын жинау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Өрнек түр""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация к уроку по технологии «Изготовление и декорирование пасхальной корзинки»
  • Учебник: «Трудовое обучение. Технический труд в 8 классе», Гузов В.В.
  • Тема: 2.3. Организация практической деятельности по реализации подраздела «Деревянная мозаика (интарсия)» 
  • 13.05.2016
  • 829
  • 5
«Трудовое обучение. Технический труд в 8 классе», Гузов В.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 1097
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казенова Айзада Турарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казенова Айзада Турарбековна
    Казенова Айзада Турарбековна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6839
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 60 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 68 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 989 человек из 78 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 41 региона