Главная / Другое / "Рәмізіміз – елдігімнің белгісі"

"Рәмізіміз – елдігімнің белгісі"

Сабақтық тақырыбы: Рәмізіміз – елдігімнің белгісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу.

Тәрбиелік: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру, ой-өрісін кеңейту.Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру одан әрі дамыту бағыттарындағы түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.

Көрнекілік: интерактивті тақта, портреттер, кітап көрмесі т.б.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Әнұраным – айбаттым

ІІІ. Елтаңбам – егемендік айғағы!

ІV. Көк тудың желбірегені,

Ү.Бәйге.

ҮІ. «Кім тапқыр

ҮІІ. Шығармашылық тапсырма

VІІІ. Қорытынды

Әнұран орындалады:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар!

Бүгінгі «Рәмізіміз – елдігімнің белгісі» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған сынып сағатын рәміздер еліне саяхатқа шығумен бастаймыз. Әлемдегі кез келген жаңадан пайда болған мемлекет -өзінің мемлекеттік рәміздерін: туын, елтаңбасын және әнұранын бекітеді. Бұл әрбір елдің саяси егемендігінің белгісі. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Рәмізбен айналысатын ғылым салалары - геральдика (Елтаңба тану) мен вексилология (ту тану) өмірге келгелі де бірнеше ғасыр өткен. Бұл жөніндегі алғашқы кітаптар 16 ғасырда-ақ белгілі бола бастаған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені жазған үлкен еңбегі үшін елтаңба тану ілімінің атасы атаңды.

-ҚР-ның Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім 98-баптан тұрады. 9-бабында: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы жазылған. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.

Жүргізуші: Ал балалар, біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл елде-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған –Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: «Әнұран» «Елтаңба» «Ту». Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырамыз.

Оқушы: Гимн «ән ұран» сөзі гірек тілінен шыққан.

Қытайлар гимнді «гоге»-мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағына береді. Қазіргі әнұранымз  Кеңес Үкіметі кезінде, Қазақстанда жастарды, халықты отаншылдыққа шақыратын еліміздің ресми емес әнұраны болып кеткен ән. Бұл ән 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында шырқалған болатын. Сөзі Н.Нәжімеденовтікі, әні Ш.Қалдаяқовтікі «Менің Қазақстаным әні»



Оқушы: ҚР –ның мемлеккеттік әнұранының әуені көңілді толқытып, жаныңды шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады.Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны көпшілік алдында орындағанда міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды. Бұл – егемен елімізге зор құрмет. Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту- әрбір азаматтың міндеті.

Оқушы: Жаңа әнұран ресми түрде 2006 жылы 11-қаңтарда Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ҚР әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Жүргізуші: Жастарды қайсарлыққы, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақыратын Әнұранымыздың авторы кімдер екенін білеміз бе?

Оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар

Болмаған деп әнұран?

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Барша халық таныған,

Шырқалғанда әнұран.

Шаттық кернер жүректі,

Біздің үміт, тілекті.



Жүргізуші: «Елтаңба» ауылына да келіп жеттік. Бұл елдің сәулетшілерімен және елтаңбаның әр белгісімен танысайық

Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Таңбада әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі.Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.Алғашқы елтаңбалар Қытай жерінд Чжоу әулеті билік жүргізгенде б.з.д. 12ғасырда дүниеге келген деседі. Өз тіліміздегі «таңба» сөзі Түркі қағанатында дүниеге келген.

Оқушы: Елтаңбамыздың негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ - отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Асқан шеберлікпен, әсерлі де әсем бейнеленген түндік көгілдір, ашық аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.Елтаңбаның көгілдір кеңістігінде ортасынан жан-жаққа тең таралған уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін еске алады. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері үш жүздің мызғымас бірлігін білдіреді.

Оқушы:Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Тұлпардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген, яғни ол-еңбектің, молшылықтың, байлықтың белгісі.

Оқушы: Әсем де мықты мүйіздері жеті буыннан немесе бөліктен тұрады. Бұл жеті буынның байланысы, олардың мызғымас бірлігі жеті атасын білмеудің тексіздік екенін, есімізге салады.

Оқушы:Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз бар, бұл біздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континеттің өкілдеріне де айқара ашық екенін білдіреді. Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келеді. Ал көгілдір аспан әлемнің барша халықтарына ортақ.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы кімдер?

Оқушы: Елтаңба- өжеттік, өрліктің белгісі.

Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі.

Елтаңба- кемелдік кеңдіктің белгісі,

Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі

Елтаңба- егемен елдіктің белгісі.

Жүргізуші:

«Ту» ауылына да келіп қалыппыз. Мұнда тудың авторымен және ту туралы мағлұматтар аламыз.

Оқушы:.

Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышаны. Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.

ҚР Мемлекетік Туы – тік төртбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған.

Оқушы Тудың ені-1метр, ұзындығы – 2 метр. Зеңгір көк түс (түркілік наным – сенім тұрғысынан алғанда – тәңірлік түс)-дегенді білдіреді. Жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді

Оқушы:

Көгілдір түс - аспанды бейнелейді. Аспан бейбітшілік пен молшылықтың белігісі. Көгілдір аспан аясында мәңгілік алтын шуақ шашқан ұлы Күн бейнесі – бақыт пен байлық рәмізі. Күн бізге жылулық беріп қараңғылықты сейілтеді, барлық тірі жанға өмір береді.

Қыран – құс патшасы. Қыран бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол, еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағуы.

Өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен ең ұлы табыстардың бірі. Ою-өрнек халықтың сана сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі, қоршаған ортаны көркем тануының құралы.

Оқушы: Ту ресми шараларда немесе шетелдік қонақтарды қарсы алғанда немесе шығарып салғанда ілінеді. Қазіргі кезде барлық жерде мемлекеттік белгі ұлттық ту болып табылады. Туға әскери құрмет көрсетіліп және тағзым етіледі. Туды құрметтемеу елді, жерді құрметтемеу болып табылады. Жоғарғы дәрежедегі қонақты қарсы алғанда оның елінің туы да тігіледі.

Оқушы: Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер, ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке көтере желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.

Оқушы:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.



Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданған күнін білесіңдерме?

Оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4-маусымда қабылданды . Жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Жүргізуші: Балалар сендер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің мектепте қолдану рәсімі жөнінде ережені білесіңдер ме?

Оқушы: Мемлекеттік мереке айрықша мәнді мереке күндері салтанатты іс-шаралардың басталуы мен аяқталуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны барлық қатысушылармен орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып орындалады. Оны орындау барысында артық қозғалыс-қимылға жол берілмейді

Оқушы: Салтанатты іс-шаралар барысында білім беру ұйымдарының үздік оқушылары үш адамнан бір ту ұстаушы және екі шығарып салушыдан құралған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілгеннен кейін іс-шараға қатысушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.

ІІ кезең. Бәйге.

1. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері ту, елтаңба қашан бекітілді. (1992.4.06.)

  1. Көк байрақты ғарышқа алып шыққан ғарышкер кім? «Т.Мұсабаев.»

3. Елтаңбаны тану ғылымы қалай аталады? «гералдика»

4. Қазақта шаңыраққа байланысты қандай тілек сөзді білесіз? «шаңырағың биік болсын»

5. Туларды зерттейтін ғылым саласы (вексиология)

6. Қ.Р. елтаңбасының авторлары кімдер? «Ж. Мәлібеков, Ш.А.Уалиханов»

7.Жаңа әнұраның әнін жазған кім? «Ш.Қалдаяқов»

8. Қазақ ұғымындағы қасиетті жануар «жылқы».

9. Елтаңба тану ілімінің атасы кім? (Менестрэ)

10. Гимн «ән ұран» сөзі қай тілден шыққан? (грек)

11. Елтаңбаның төменгі жағында қандай сөз жазылған? «Қазақстан»

12. ҚР алғашқы Мемлекеттік ән-ұраны қашан қабылданды? (1992ж. 16.12.)

13. Туды даралап тұрған қазақы өрнек қалай аталады? (қошқар мүіз)

14.ҚР мемлекеттік туының авторы кім? (Ш.Ниязбеков).

15. Тудағы - өмірдің, береке-байлықтың белгісі болып не бейнеленген? (күн бейнесі)

16. Ата – бабаларымыздың басты баспанасы ( киіз үй)

17. Қ.Р. жаңа ән-ұраны қашан қабылданды? (2006ж. 7.01.)

18.Жаңа ән-ұранның сөзін жазған кімдер? (Ж.Нәжімеденов.Н.Назарбаев.)





ІІІ кезең. «Кім тапқыр». Бұнда мақал – мәтелдер берілген.

Мемлекеттік рәміздерге қарап отырып жетіспейтін сөздерін толықтыру қажает. Әр топқа екі мақалдан

1. Түйе сойсаң сорпа май, 1. Шай төгілсе, өзен болмас,

......... сойсаң етке май. Көп......... ай болмас.

2. Аяз .............. қысады. 2. Атадан жақсы ұл туса, елінің ...... болады.

............. сыйырды қысады. Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады.

1. Дүние ..........жарқырайды, 2. ................ тамаққа сақта,

Адам біліммен жарқырайды. Ақшаны қиыншылыққа сақта.



ІҮ кезең. Шығармашылық тапсырма: Әрбір топ  өздерінің рәміздерін ойлап табулары керек. Негізгі шарты: Ол ерекше, таңқаларлық болуы керек. Жәнеде міндетті түрде Қазақстанмен байланысуы шарт.

Жүргізуші:

Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар. Бүгінгі «Рәмізіміз – елдігімнің белгісі» атты тәрбие сағатын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!















"Рәмізіміз – елдігімнің белгісі"
  • Другое
Описание:

Сабақтық тақырыбы:   Рәмізіміз – елдігімнің белгісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу.

Тәрбиелік: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру, ой-өрісін кеңейту.Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру одан әрі дамыту бағыттарындағы түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.

Көрнекілік: интерактивті тақта, портреттер, кітап көрмесі т.б.

Автор Амиржанов Аскербай Қазиұлы
Дата добавления 27.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 731
Номер материала 5724
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓