Главная / Другое / Республикалық "ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінің сценариі

Республикалық "ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінің сценариі

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»

қабылдау


Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.

«Атамекен» әні

1-Жүргізуші: 

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.

2- Жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 

1- Жүргізуші:

 «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ  съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын

2-Жүргізуші:  

Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар құрметті қонақтар Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.    

  1- Жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

2-Жүргізуші: Кадр сыртындағы дауыс: 

Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!.

(Салтанатты марш ырғағымен)

( «Жас Ұлан» гимні орындалады )  

1-Жүргізуші:

«Жас Ұлан» - шыншыл патриот

«Жас Ұлан» - нағыз топжарған

«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

«Жас Ұлан» - жауапты азамат

«Жас Ұлан» - сенімді дос

«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»

2-Жүргізуші: 

«Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

1-Жүргізуші: 

Құттықтау сөзі мектеп директоры Бекет Мырзағұлұлы Кабасовқа беріледі

(фанфары)

2-Жүргізуші: 

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

«Қазақтай ел қайда» әні орындайтын

1-Жүргізуші: 

Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсіміне шақырамыз.  

2-Жүргізуші:

(галстук пен төсбелгі табыстау рәсімі кезінде оқылып тұрады)

«Жас қыранға» қабылданатын оқушылар: 2 сынып оқушылары (тізімі оқылады)

1-Жүргізуші:

«Жас Ұланға» қабылданатын оқушылар: 5сынып оқушылары (тізімі оқылады), 7-8-9 сынып оқушылары (тізімі) оқылады.

2- Жүргізуші:

 Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

8 сынып оқушысы Ғарифуллин Төребек ант береді:

А Н Т

Біз, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге ант етеміз.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

қалған мүшелері  «Ант етеміз!» деп 3 рет айтады. 

1-Жүргізуші: 

-Құттықтау сөзі Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Зәмзәгүл Мерекеқызына беріледі.

-Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжегүл Мұғайдақызына беріледі

( «Жас Ұлан» гимні орындалады )  

2-Жүргізуші: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын.(Гимн ойналады)

1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. 

2-Жүргізуші: Сау болыңыздар! Кездескенше!

«Қазақстан» әні















C:\Users\User\Desktop\photo.jpg

Республикалық "ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінің сценариі
  • Другое
Описание:

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен оқушылары

(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.

«Атамекен» әні

1-Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.

2- Жүргізуші:

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

Автор Нургалиева Бахаргуль Ныгметуллиевна
Дата добавления 22.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 673
Номер материала MA-065080
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓