Инфоурок Другое КонспектыРесми іс - қағаздар стилі

Ресми іс - қағаздар стилі

Скачать материал

Күні:

Сыныбы:9

Пәні:қазақ тілі

2.Сабақтың тақырыбы:Ғылыми стиль,оның ерекшеліктері

Жалпы  мақсат:

Білімдік: Баланың ғылыми стиль жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың теориялық білімді бекітуіне ықпал ету.

Дамытушылық: Пікірін еркін жеткізуіне жағдай тудыру, түйсіну, сезіну, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу.

 Тәрбиелік:Ғылыми ізденіс пен жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу.

Сабақтың түрі: зерттеушілік-таным сабағы

Сабақтың әдіс тәсілдері: ой тастау, дәлелді ізденіс, шығармалық ізденіс және жаттығу тапсырмаларымен жұмыс істеу барысында көкейкесті мәселелерді тани білу, ізденістерді жобалау

Жұмыс  формалары: ұжымдық, топтық, жекелей

Дереккөздер, ресурстар: пікіралмасуға қажетті плакат, түсті қағаз, қалам түрлері

Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Өзіңе тілегенді өзгеге тіле» ойсергегі

Таьыс критерилерімен таныстыру

Үй тапсырмасын сұрау

Публицистикалық стиль дегеніміз не?

Публицистикалық стильдің қолданылу аясы және стилдік сипаты қандай?

Публицистикалық стильдің амал-тәсілдері туралы мысалдар арқылы түсіндір

 

Тұсаукесер

Жаңа сабақ

Білу. Түсіну. Ғылыми стильге  байланысты кестені негізге ала отырып, бір ғылыми еңбек сипатынаша көрсете отырып ой тудыру, оқушылардың өз ойы мен түсінігін  айтуына мүмкіндік тудырамын

 

 

Қолдану

105-жаттығу. Мәтінмен танысып, дәлелдеу, сипаттау, тілдік қолданысына тоқталып, талдатамын

   Ғылыми стил

мақсаты

Қолданылу аясы

Стильдік сипаты

Тілдік амал-тәсілдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

3.Сабақтың тақырыбы:Пунктуация. Нүкте. Сұрақ белгісі.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді,нүкте мен сұрақ белгісін,  жетік меңгеріп, ойын сауатты жазып, жеткізуіне ықпал ету.

Ә) Қарапайым, өміршең мысалдар арқылы білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік туғызу.

Б) Оқушылардың мәдениеттілік үлгілеріне мән беруіне бағдар беру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  нүктенің  негізгі және қосымша қызметін меңгереді, Сұрақ белгісінің қойылуын, жасалуын меңгереді

Сабақтың түрі: шығармашылық – таным сабағы

Жұмыс формалары: ұжымдық, топтық, жекелей

Сабақтың көрнекілігі:  сызба-кестелер, пікір парақшасы, плакат

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Табыс критерилерін түзу

 

Үй тапсырмасын сұрау

1.      Тіл мәдениеті дегеніміз не?

2.      Тыныс белгі қою үшін қандай белгілерге сүйену керек?

3.      Негізгі тыныс белгілерді ата, тыныс белгілер қаншаға бөлінеді?

4.      Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді атаңдар

5.      Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді ата

 

Ынтымақтастық атмосферасын «Сымсыз телефон»  ойсергегін ойнайды

 

Табыс критерилерін түзеді

Үй тапсырмасын оқиды, айтады

 

 

Тұсаукесер

Жаңа сабақ:

Сөйлем соңына  қойылатын тыныс белгілер

Нүкте

Аман үйге келді.

Сұрақ белгі

Айтарың осы ма?

Леп белгі

Бабаларым, рахмет сендерге!

Көп нүкте

Дауыстар естілгендей болды...

 

 

2. Нүктенің негізгі қызметі мен қосымша қызметін түсіндіру

3. Сұрақ белгісінің қойылу мақсаттарын түсіндіру

 

 

Постерге нүкте мен сұрақ белгісін жазып өздері  түсіндіреді

Негізгі кезең

134-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазып, қалаған бір шумағына байланысты шағын пікір айтып, сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем құрау

Жеке және ұжымдық жұмыс орындайды

 

135- жаттығу

Үзіндіні оқып, қалып қалған тыныс белгілерін түгендеу. Балықшылардың бұл хабарды естіген сәтіндегі көңіл күй мен айтлар ойын  өздерің жалғастырыңдар

Ұжымдық және жеке жұмыс:Үзіндіні оқып, қалып қалған тыныс белгілерін түгендейді.

 

140-жаттығу

Мәтінді оқи отырып, хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыру

Топтық жұмыс: Мәтінді оқи отырып, хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырады

Қорытынды

1.      Сөйлем соңына тыныс белгілерінің қай түрі қойылады?

2.       Тыныс белгі туралы ө ойларыңды қорытып жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер

3.      «Тыныс белгілерін жақсы білеміз бе? Тақырыбында достарыңмен пікір алмасыңдар

Топтық жұмыс: сұрақтарға жауап береді

бағалау

Рефлексия жүргізу, не үйренгендерін, не үйренгісі келетіндерін білу. Жиынтық баға қою

не үйренгендерін, не үйренгісі келетіндерін жазады

 

Не сәтті өтті?

 

 

 

 

 

Не сәтсіз өтті?   

 

 

 

 

Нені дамыта аламын?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

4.Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі. Көп нүкте.

Сабақтың мақсаты: а) Леп белгісі мен көп нүктенің қойылу жағдайларын жаттығу жұмыстары арқылы  терең меңгерту

Ә) қарапайым , өміршең мысалдар арқылы білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік туғызу

Б) Оқушының мәдениеттілік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне мән беру

Күтілетін нәтиже: Леп белгісі мен көп нүктенің қойылу жағдайларын жаттығу жұмыстары арқылы  терең меңгереді

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: блум таксономиясы, сұрақ-жауап, менталді карта тірек сызба,

Дереккөздер, ресурстар: Электронды оқулық, кіші тіректер. кестелі қағаздар

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әркеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Өз топтарының ұранын таңдау

Табыс критерилерін  бірге құру

 

Үй тапсырмасын сұрау

Әр топ  сұрақтар дайындап  бір-біріне қояды

 

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді ата

Нүкте қандай жағдайда қойылады?

Нүктенің негізгі және қосымша қызметі қандай?

Сұрақ белгісінің қызметі қандай?

 

Өз топтарының ұранын таңдап айтады, топтар бір-біріне сәттілік тілейді

 

 

Әр топ  сұрақтар дайындап  бір-біріне қояды

 

 

Білім

 

 

Түсіну

Жаңа сабақ

Электронды оқулықтан  леп белгісі, көп нүкте тақырыптарына байланысты  мтериал ұсынамын

Топтарға тірек сызба арқылы леп белгісі мен көп нүктені түсіндіруін ұсынамын

 

 

 

 

Постерге тірек сызба арқылы леп белгісі мен көп нүктені түсіндіреді

Қолдану

143-жаттығу

1– топқа;«Бабаларым , рахмет сендерге!» өлеңін оқытыплеп белгінің қойылу себебін түсіндіру

2 – топқа : 149- жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқып сөйлемдерде неліктен тыныс белгі қойылғанын түсіндіреді

3- топқа:

144-жаттығу. Ақын өлеңіндегі  тыныс белгілерінің қойылуын талдатамын

«Мені таңғалдырған жүйрік» тақырыбында ойбөлісу

4-топқа:

152-жаттығу. 150 жаттығу

Мәтіннің стилін анықтау.  Тыныс белгілердің қойылу себептерін айқындау

 

Топтық жұмыс: төрт топқа бөлек-бөлек жаттығу орындайды

Талдау

1-2 – топқа:  сұраулы, хабарлы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырып жазу

2-3 – топқа : 153 – жаттығу Тыныс белгілерін қойып, ойды аяқтау

 

1-2 – топқа:  сұраулы, хабарлы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырып жазады

2-3 – топқа : 153 – жаттығу Тыныс белгілерін қойып, ойды аяқтайды

 

Жинақтау

1-2  - топқа:

1-3   145-жаттығу

Мәтінмен танысып, «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөздің астарын талдап беріңдер. «Алыс пен қарғыс» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.

3-4 топқа:

152 жаттығу Көп нүктенің  және сызықшаның қойылу себептерін түсіндіру. Екі шығарма авторының көлдің бетін, аққуларды суреттеген тілдік қолданыстарына тоқталу

 

Бағалау

Леп белгісінің маңызы  бар ма,  леп белгісін қоймай-ақ  мәтін  құруға бола ма?

Көп нүктенің сөйлемдегі қызметі қандай? Т.б.

Сұрақтарға жауап береді

 

Үй тапсырмасын сұрау: 151-жаттығу

 Көркем әдебиеттен көп нүктеге байланысты мысалдар тауып жазу

153 – жаттығу Тыныс белгілерін қойып, ойды аяқтау

Рефлексия кезеңі: не әйренгенін, не білгісі келетінін  стикерлнрге жазу

Рефлексия кезеңі: не әйренгенін, не білгісі келетінін  стикерлнрге жазады

 

С. Сейфуллиннің шығармасындағы көркемдегіш, бейнелеуіш, суреттеме құралдары

М. Мақатаевтың өлеңіндегі көркемдегіш, бейнелеуіш суреттеме құралдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып:  9

Пән:  қазақ тілі

5.Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер.

Жалпы мақсат: Оқушылардың сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді жетік меңгеріп, өз ойын сауатты жазып, жеткізуіне ықпал ету

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді жетік меңгеріп, өз ойын сауатты жазып, жеткізеді

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу – сұхбат, ой тастау, шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен  жұмыс

Дереккөздер, ресурстар: Электронды оқулық, кіші тіректер. кестелі қағаздар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Сабақтың ұранын таңдау.

1.      Бар жақсылықтың басы – тіл. (М.Қашқари)

2.      Шын сөз -  бал, жалған сөз – жуа. (А. Йүгнеки)

3.      Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас. (Абай)

Үй тапсырмасын сұрау

4-топқа берілген тақырыптар бойынша баяндама, реферат және суретті плакат даярлап,сыныпта шағын конференция өткізу

1  Көне түркі тілі және Орхон ескерткіштері. 2. Төте жазу және ислам мәдениетіқазақ жерінде.  3. Шығарма тілі әр туындының өзіндік ерекшеліктері. 4. Шығарманы сөйлететін тыныс белгілері. 

4 топ  баяндама, реферат, суретті плакат даярлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-топқа берілген тақырыптар бойынша баяндама, реферат және суретті плакат даярлап,сыныпта шағын конференция өткізеді

Тұсау-кесер

Жаңа сабақ:

 

 

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады

(,)үтір: Мен, Айдын, Үсем үшеуіміз келдік.

(:) қос нүкте: Айтарын білдім: тас түйін боп алған.

() жақша: Толғауы тоқсан қызыл тіл. (Абай)

(«») тырнақша: «Жас келсе іске» деген сөз бар.

(-) сызықша: үйде шешен: - дауда жоқ

Үлкен тірек сызба арқылы түсіндіремін

Негізгі кезең

159-жаттығу. Конфуций еңбектерімен таныстырып, тыныс белгілерінің қойылу себептерін айқындау.

 

Жеке жұмыс ретінде дәптеріне орындайды, ұжымда талдайды

 

160-жаттығу. Мәтінді оқып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнән түсіндіріңдер. Стилін анықтаңдар. Мәтіннен кестеде көрсетілген сөз таптарына 3 мысал тауып толтырыңдар.

Дара зат есім

Жалпы есім

Туынды зат есім

Көсемше тұлғалы етістік

Сабақты етістік

Ықылас

Дүкен

Ерназар ауылы

Күйші

Әулет

ауыл

Жаугершілік

Күйші

барымташы

Тұра қалып,, тыңдап,

Балқып,

 

Қобызды тартқан,қобызын тыңдап,

Мәтіннен кестеде көрсетілген сөз таптарына 3 мысал тауып толтырады

 

161-жаттығу.Ф.Оңғарсынованың өлеңіндегі тыныс белгілердің қойылуы жөнінде өз ойларымен ой бөлісу

 

 

Ұжымдық жұмыс: өз ойларымен ой бөліседі

 

Өзін-өзі дамытуға арналған жаттығулар

1-деңгей

1.Пунктуацияға қатысты не білесіндер? Бұл қай тілден енген, қандай мағынаны білдіреді?

2. Төмендегі мы салдарды оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

           Мұқан Омарбаев амалсыз орнынан тұрып, аяғын сылбыр басып маған қарай аяңдады. Мен оған «асықпа» дегендей белгі бердім де:

-          Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант, - дедім Полянцевке қарап тік тұра қалып.

2-деңгей

1.      Тыныс белгілерін қоюдың ережелері туралы не айтар едіңдер?

2.      Өздерің таңдаған бір ақынның өлеңін оқып, танысып, сосын жатқа жазыңдар. Тыныс белгілерін қойып шығыңдар.

3-деңгей

1.      Тыныс белгілердің мәні мнен маңызы туралы не айтар едіңдер?

2.      Сөйлем ішінде кездес етін тыныс белгілеріне тмысал келтіріңдер. Осы тақырыпқа өз пікірлеріңді жазып, ой жинақтап, пікіралмасу ұйымдастырыңдар.

 

Өзін-өзі дамытуға арналған жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар орындайды

Қорытын-дылау

Бағалау

Рефлексия жасау

 

Не сәтті өтті?Не сәтсіз өтті?Нені дамыта аламын?

1-деңгей1.Пунктуацияға қатысты не білесіндер? Бұл қай тілден енген, қандай мағынаны білдіреді?

2. Төмендегі мы салдарды оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

           Мұқан Омарбаев амалсыз орнынан тұрып, аяғын сылбыр басып маған қарай аяңдады. Мен оған «асықпа» дегендей белгі бердім де:

-          Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант, - дедім Полянцевке қарап тік тұра қалып.

2-деңгейТыныс белгілерін қоюдың ережелері туралы не айтар едіңдер?

3.      Өздерің таңдаған бір ақынның өлеңін оқып, танысып, сосын жатқа жазыңдар. Тыныс белгілерін қойып шығыңдар.

3-деңгейТыныс белгілердің мәні мен маңызы туралы не айтар едіңдер?

3.      Сөйлем ішінде кездесетін тыныс белгілеріне мысал келтіріңдер. Осы тақырыпқа өз пікірлеріңді жазып, ой жинақтап, пікіралмасу ұйымдастырыңдар.

2-деңгейТыныс белгілерін қоюдың ережелері туралы не айтар едіңдер?

1.      Өздерің таңдаған бір ақынның өлеңін оқып, танысып, сосын жатқа жазыңдар. Тыныс белгілерін қойып шығыңдар.

Күні:

Сынып:  9

Пән:   қазақ тілі

6.Сабақтың тақырыбы:   Диктант  «Өнер кеші»

Жалпы мақсат: Оқушылардың  сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер туралы  алған  білімдерін  диктант арқылы  сарапқа салу. Тыныс белгілерді сауатты қоя білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер туралы  білімдерін  диктант арқылы тиянақтайды. Тыныс белгілерді сауатты қоя білуге үйренеді.

Сабақтың түрі:  жазба жұмысы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: жазба жұмысын жүргізу, түсіндіру жұмыстары, талдау

Дереккөздер: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. Алматы «Білім» 2006ж

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

Диктант жазудың  мақсат-міндетімен таныстыру.

                                            Өнер кеші.

Ауыл-ауылдан келіп жатқан адам аяғы түн ортасына дейін саябырсымады.  Тағы бір топ адам сықырлап кеп, ауыз үйге  сырт киімдерін үйіп, ән шыққан жаққа ұмтылды. Тойды атқарып жүрген даяшы жігіттер әр бөлмеге бөліп, қонақтарды  жасына қарай реттесе де, көбі көнер емес.

-         Ақан қайда?

-         Мына дауыс Ақандікі ғой!

-         Бізді тамақ ішуге келді дейсің бе!? – десіп, жастар жағына сығылыса кіреді.

     Ақан – қайда да Ақан. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін біледі...

     Ақан келгендердің көңілі үшін Біржанның аса шебер әншіні керек ететін, қиын

айшықты  «Сырғақты»,  «Ақ тентек» әндерін айтып берді...

     Содан соң  Ақан Шәкейге  иек қақты:

-         Шәкей, енді сен біраз домбыра тартшы.

-         Е, сіздің де өнеріңіз бар екен ғой! Тартыңыз.  Өлең айтыңыз.

-         Апырай, қонақтардың бәрі әнші екен-ау! – десіп жастар жағы Шәкейге қарады.

Шәкей – шынында да, әнші, әсіресе, домбырашы жігіт. Ақанға еріп ел аралағаннан бері әнге де, күйге де бұрынғыдай салғырт қарамай, жанға қорек,елге керек өнер деп ұға бастаған.

        Сұлтанмұраттың тізесінде жатқан сырлы домбыраны алып, өзінің еркін орындайтын қара шертістерін мың құбылтып, құйқылжытып тартты да, бір кезде домбыраны бұрап алып, Ықыластың  «Ерден күйін» сарната жөнелді.  (С. Жүнісов  171 сөз)

Тапсырмалар:

1.      Мәтінде қойылған тыныс белгілердің не себепті қойылғанын түсіндіріп беріңдер.

2.      Өзге тыныс белгілермен ауыстыруға бола ма?

Рефлекстя жүргізу

Үйге тапсырма: қайталау

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып:  9

Пән:қазақ тілі

7.Сабақтың тақырыбы: Үтір. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір.

Жалпы мақсат: Оқушыларға үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық, интонациялық принциптерін  меңгерту.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық, интонациялық принциптерін  меңгерту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу – сұхбат, ой тастау, шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен  жұмыс

Дереккөздер, ресурстар: Электронды оқулық, кіші тіректер. кестелі қағаздар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жүректен-жүрекке» ойсергітуі

Үй тапсырмасын тексеру

160-жаттығуды оқытып, дұрысығын тексеру

«Жүректен-жүрекке» ойсергітуін жасайды

 

Тұсау-кесер

Жаңа сабақ:

Электронды оқулықтан ережені көрсету

Үтір – ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтір қойылмаған жағдайда ой бұлыңғыр, түсініксіз болып, оқырманның қабылдауы да қиын болады.Сөйлем ішінде оқшаусөздерге, бірыңғй мүшелер мен оңашаланған айқындауышқа қатысты және құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің аражігіне үтір қойылады. Үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық принциптерін есте сақтау қажет.

Бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылады

Қаратпа сөздерден кейін қойылады

Қыстырма сөздерден кейін қойылады

Оңашаланған айқындауыш сөздерден кейін қойылады

Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдерден кейін қойылады.

 

 

 

 

 

Электронды оқулықтан ережені оқып танысады

 

Негізгі кезең

162-жаттығу. О.Бөкейдің  туындысынан алынған мәтіндегі үтірлердің қойылу себебін түсіндіріңдер

Ұжымдық жұмыс: мәтіндегі үтірлердің қойылу себебін түсіндіреді

 

163-жаттығу.  Мәтін стиліне тоқталып, тыныс белгілерінің атқарып тұрған қызметін түсіндіру Қарамен жазылған сөз тіркестері арасындағы байланыс түрлері мен тәсілдерін анықтау

Ұлттың болашағына – матасу, жалғау арқылы байланысқан.

Негізі бар- қиысу,

Дәстүрлі өмір салттың – қабысу, анықтауыштық қатынас, орын тәртібі арқылы  іргелес тұрып байланысқан

Жұрттар сияқты шашып-төккеніміз жоқ – жанасу, шылау арқылы байланысқан, пысықтауыштық қатынас

Кең көлемде араласқа түскен жоқ – меңгеру,  жалғау арқылы байланысқан, толықтауыштық қатынас

Ықпал еткенін атап өткен жөн – меңгеру, жалғау арқылы байланысқан, толықтауыштық қатынас

Жұптық жұмыс: Қарамен жазылған сөз тіркестері арасындағы байланыс түрлері мен тәсілдеріне талдау

 

Тілтаным:

Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір туралы  менталді карта жасап, түсіндіреді.

Топта  бірлесіп постер жасап, тілшілер қорғайды

Қоры-тынды

Қорытындылау:

Әр топқа өз-өздеріне сұрақ дайындатып, бір-біріне қойдыру.

Рефлексия жасау:

 Бағалау парақшаларын  талдау, бағалау

Әр топқа өз-өздеріне сұрақ дайындатып, бір-біріне қойып, жауап береді

 

 

Үйге тапсырма: 164-жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

8.Сабақтың тақырыбы: Одағай,қаратпа сөздерге, айқындауышқа  байланысты қойылатын үтір.

Жалпы мақсат: Оқушыларға қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтірдің қойылуын жетік меңгертіп, өз ойын сауатты жазып, жеткізуіне ықпал ету

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтірдің қойылуын  жетік меңгереді, өз ойын сауатты жазып, жеткізуге шыңдалады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, кітаппен жұмыс, зерттеу ізденісі, жинақтау, бекіту тапсырмалары,жеке тапсырмалармен жұмыс. «Жүректен-жүрекке» ойсергітуі

Дереккөздер, ресурстар: Ы.Алтынсарин атындағы  Білім Академиясы «Қазақ әдеби тілінің тарихы», постер

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жүректен-жүрекке» ойсергітуі

 

Табас критерилерін құру.

1)     Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір туралы, оңашаланған және қосарлы айқындауышқа байланысты қойылатын үтір туралы ережені білу

2)     Қаратпа сөздерге, оңашаланған және қосарлы айқындауышқа байланысты қойылатын үтірді мәтіннен, сөйлемнен ажырата білу.

3)     Мәтін құрағанда, жазба жұмыстарында үтірді дұрыс қоя білу

 

«Жүректен-жүрекке» ойсергітуін жасайды

 

Табас критерилерін құрады

Тұсау-кесер

Жаңа сабақ:

Ойқозғау.

Қаратпа сөз дегеніміз не?

Оңашаланған және қосарлы айқындауыш дегеніміз не? Бұлар туралы не білесіңдер?

 

3 топ постерге ментальді карта жасап, тақтаға тілші шығып түсіндіру

 

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемгің ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады

Қаратпа сөз сөйлемнің аяғында келсе, үтір екі жағынан қойылады

Асқар, кел ақылдасайық.

Ақылдасатын, Бейбітжан, не қалды?

Неге олай дейсіз, апа?

 

 

Ойқозғау сұрақтарына жауап береді

 

Топтық жұмыс: 3 топ постерге ментальді карта жасап, тақтаға тілші шығып түсіндіреді

 

 

 

Оңашаланған айқындауыш – өзінің алдында тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз.

Үтір – оңашаланған айқындауыштың екі жағынан да қойылады. М: Біз, Қазақстан жастары, еліміздің жарқын болашағына сенеміз! Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі кезең

164-жаттығу Мәтіннің тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу

Жеке жұмыс: Мәтіннің тыныс белгілерін қойып көшіріп жазады

 

166-жаттығу.  Мәтіннен оңашаланған, қосарлы айқындауыштарды тауып, қандай мүшені айқындап тұрғанын білу үшін сөйлем мүшелеріне талдау жасау.

 

 

Жұптық жұмыс

 

165-жаттығу.

«Бал балалық қызықтары» атты 10 минут көлемінде мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіру сәтін ұйымдастыру

1.      Оқиға қай сыныпта болған еді?

2.      Сол кездегі көңіл-күйің қандай болды?

3.      Егер сен кітап жазар болсаң, кімді бас кейіпкер етінп алатын едің?

4.      Өз өміріңнен немесе сынып өмірінен кино түсіру мүмкін деп ойлайсың ба?

Ұжымдық жұмыс: «Бал балалық қызықтары» атты 10 минут көлемінде мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіру сәтін ұйымдастырады

 

Қорытын-дылау

1)     Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір туралы, оңашаланған және қосарлы айқындауышқа байланысты қойылатын үтір туралы не білдіңдер?

 

Бағалау

1.      Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері стиль түріне байланысты шектеулі қолданылады ма?

2.      Сөйлем ішіне өойылатын тыныс белгілері қажетті немесе қажетсіз деген пікірді дәлелдеуге қандай бұлтармас дәлелдер ұсынар едіңдер?

 

 

Үй тапсырмасы: «Елін сүйген жүрек» тақырыбына шағын әңгіме жазу

 

Рефлексия жасау

Стикерлерге не білгендерін, не үйренгісі келетінін жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

9.Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемге қыстырма сөздерге және байланысты қойылатын үтір.

Жалпы мақсат: Оқушыларға қыстырма және құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір жайында қарапайым, өміршең мысалдар арқылыбілім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін  нәтиже: Оқушылар  қыстырма және құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір жайында қарапайым, өміршең мысалдар арқылы білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдайды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, ментальді карта жасау, кітаппен жұмыс, зерттеу ізденісі, жинақтау, бекіту тапсырмалары,Жұптық тапсырмалармен жұмыс.

Дереккөздер, ресурстар: Қ.Ибрагимов, Б.Базарғалиева «Қазақ тілі»

С.Арпабеков «Қазақ тілі» анықтамалық, Алм. 2004

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оөушының іс-әрекеті

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жүректен-жүрекке» ойсергітуі

 

Табыс критерилерін құру

1.      Қыстырма сөзге, құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір туралы ережені білуі

2.      Мәтіндерден қыстырма сөзге және құрмалас сөйлемге байланысты  үтірді өз бетімен таба білуі

3.      Өз бетімен мәтін құрып, үтірлердің қойылу себебін түсіндіре білуі

«Жүректен-жүрекке» ойсергітуін жасайды

 

Табыс критерилерін құрады

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

165-жаттығу.

«Бал балалық қызықтары» атты 10 минут көлемінде мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіру сәтін ұйымдастыру

5.      Оқиға қай сыныпта болған еді?

6.      Сол кездегі көңіл-күйің қандай болды?

7.      Егер сен кітап жазар болсаң, кімді бас кейіпкер етіп алатын едің?

Өз өміріңнен немесе сынып өмірінен кино түсіру мүмкін деп ойлайсың ба?

«Бал балалық қызықтары» атты 10 минут көлемінде мектеп өмірінен қызықты оқиғаларды еске түсіру сәтін ұйымдастырады

 

Тұсау-кесер

 Үш топ постерге берілген тақырып бойынша  ментальді карта жасап түсіндіреді.

1-топ: Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын  үтір

2-топ: Одағайға байланысты қойылатын тыныс белгі

3-топ: Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Топтық жұмыс:  Үш топ постерге берілген тақырып бойынша  ментальді карта жасап түсіндіреді.

Негізгі

кезең

Ұжымжық жұмыс:

167-жаттығу

Сөйлем ішіндегі тыныс белгілеріне назар аударып, қойылу себебін түсіндіріңдер.

       Бір қолына қорқынышты, екінші қолына үмітті мықтап үстап, қалғандарды екі ортада әрі-сәрі қылып қоя алатын тегеурін ғана әлжуаз  әлсіздікті күшке айналдыра алады; оның қолына түскен бүгіннің өзі  - ертеңмен егесетін қару

Ұжымжық жұмыс:

Сөйлем ішіндегі тыныс белгілеріне назар аударып, қойылу себебін түсіндіреді

 

Жұптық жұмыс:

168-жаттығу.

Адасқан тыныс белгілерді орнына қою

-          Толғанай,  әткеншекке мінейікші!

Расында, әткеншек: «Менен қалай өтіп кетесіңдер»- дегендей бізге қарап қалыпты. Мен қулыққа басамын.

-Әткеншек-ау, әткеншек, Саматтан сізге не керек?

Бетімді көлегейлеген күйі даусымды өзгертіп.

-          Үйге барып демалғаны керек! – деймін...

Жұптық жұмыс:

Адасқан тыныс белгілерді орнына қояды

 

 

169-жаттығу

Құрмалас сөйлемдердегі үтірдің қойылу мәнін түсіндіру. Мәтіннің стилін анықтау

Құрмалас сөйлемдердегі үтірдің қойылу мәнін түсіндіреді

Қорытын-дылау

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны Әр топ бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап, жүргізушіге береді. Әр топтан бір оқушыдан келіп сұрақтарды алып жауап береді

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны арқылы сабақты қорытындылайды

Бағалау

Бағалау парақшасындағы жинаған ұпайына байланысты бағаланады.

Үйге тапсырма: Эссе жазу

Рефлексия жасау

Бағалау парақшасын талдап, бағалаймын.

Рефлексия жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

10.Сабақтың тақырыбы:  Нүктелі үтір .Қос нүкте.

 Жалпы мақсат: Оқушыларға қос нүктенің, нүктелі үтірдің қойылатын орындарын қарапайым, өміршең мысалдар арқылы  білім негіздерін, жүйелі, нақты қабылдауға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  қос нүктенің, нүктелі үтірдің қойылатын орындарын қарапайым, өміршең мысалдар арқылы  білім негіздерін, жүйелі, нақты қабылдайды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ментальді карта, «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны,

Пікірталас, кесте толтыру

Дереккөздер, ресурстар:электронды оқулық, кестелі парақ, постер

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Сабақтың ұранын таңдау.

·         Бар жақсылықтың басы – тіл. (М.Қашқари)

·         Шын сөз -  бал, жалған сөз – жуа. (А. Йүгнеки)

·         Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас. (Абай)

 

Сабақтың ұранын таңдайды

 

Үй тапсырмасын сұрау

Сызықша тақырыбына байланысты жоғары дәрежелі сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды.

Сызықша тақырыбына байланысты жоғары дәрежелі сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды

Тұса-кесер

 

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Қос нүкте,  нүктелі үтір жайындағы ережені оқып, әр топ постер жасап, түсіндіру.

175-жаттығу Кестеге көркем шығармадан мысал тауып жазу

                         Қос нүкте

Жалпылауыш сөздерден кейін бірыңғай мүшелердің алдынан қойылады.

Түсіндірмелі салалас  сөйлем арасына қойылады.

Жалғаулықсыз

Себеп-салдар мәнді сөйлемнен кейін қойылады.

Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе

 

 

 

 

Қос нүкте,  нүктелі үтір жайындағы ережені оқып, әр топ постер жасап, түсіндіреді

 

176-жаттығу

Даналар сөзіндегі қос нүктенің мәнін ашу.

Бауырласың болмаса, жолдас ізде: жақсы жолдас бауырлас

 

Құлағы сақтың  - ойы кең

 

Адамға тілене беру – ұят: наны көбейгенмен, абыройы азаяды.

 

Қол қосылса күш өсер

Даналар сөзіндегі қос нүктенің мәнін ашады

 

178-жаттығу

Мәтінмен танысып,сөйлем түрлеріне талдау жасаңдар. Үтірлі нүкте қандай жағдайда қойылады.

 

 

180-жаттығу.

Өлең мәтіні бойынша «Мағжан өлеңінен туған ойлар» атты пікірталас ұйымдастырып, нүктелі үтірмен берілетін сөйлем құраңдар

«Мағжан өлеңінен туған ойлар» атты пікірталас ұйымдастырады

Қоры-тынды

Қорытынды

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны

 

 

 

Үй тапсырмасы: 181-жаттығу . Өзін-өзі дамытуға раналған жаттығулар

Рефлексия жасау

 

 

Не сәтті һтті?

 

 

 

 

 

 

 

Не сәтсіз өтті?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып:  9

Пән:  қазақ тілі

11.Сабақтың тақырыбы:  Сызықша.Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

Жалпы мақсат: Оқушыларға сызықшаның бастауыш, жалпылауыш сөз, оңашаланған айқындауыш, құрмалас сөйлем, төл сөз бен автор сөзі, диалогқа байланысты  қойылу себептерін  айқындату

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  сызықшаның бастауыш, жалпылауыш сөз, оңашаланған айқындауыш, құрмалас сөйлем, төл сөз бен автор сөзі, диалогқа байланысты  қойылу себептерін  айқындайды

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, проблема тудыру, кітаппен жұмыс, зерттеу ізденісі,Ғажайып әлемнің алтын кілтін ұстату, «Адасып кеткен тыныс белгілер

Дереккөздер, ресурстар: Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілер» Алм. «Рауан» 1996ж

Н.Уәлиұлы, Қ.Жаманбаева, Қ.Күдеринова «Емлесі қиын сөздер» анықтамалық сөздік  Алм. «Балауса» 2000

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Кіріс-пе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

Жүректен жүрекке ой сербету жасады

 

Үй тапсырмасын сұрау

Құрмалас сөйлем сөйлемдердегі үтірдің қойылу себебін  сұрау. Мәтіннің стилін анықтау.

 

Тұсау-кесер

Жаңа сабақ:

Ой қозғау:  Сабақ мазмұнына негізделген түйін сөзді таңдап, оның әр жолын талдату арқылы ой туғызу, тақырыпқа зейін аудартуды мақсат тұту.

 

Ой қозғау әдісі арқылы ой тудыру тапсырмаларын орындады

Негізгі бөлім

Проблема тудыру: 

Сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында ойлануға жетелеу сұрағын жазбаша мәтін түрінде  даярлап, таратып беру.

 

     Асқар үнемі асығып жүреді. Кейде осы мінезі  оның реніш-өкпесіне негіз болып жатады. Бірде осы достарына: «Берік ақсақал мен Жәмила әжейдің үйіне барып, қолғабыс жасайық.Сендер Берік ағайдың үйіне бара беріңдер, мен Жәмила әжейдің үйінде боламын,» - деп жүгіріп кетті.

Арман, Ардақ, Жәкен-үшеуі Берік атайдың үйінде кешке дейін жүріп бақша өңдеп, Сынған қоршауды жасап әрең үлгерді.

Ертеңіне кездескен кезде Асқар алғыс орнына өкпесін білдірді. «Мен Арман мен Ардақ Берік атайға барады, сен, Жәкен, Жәмилә апайдың үйіне келеді деп жоспарлап едім. Бұл айқын дүние ғой, неге осыны түсінбейсіңдер?»-деді.

Жәкен: «Түк те айқын емес, сен нақты атамызды атап айтуың керек еді. Сендер – Арман, Ардақ – атайдың үйіне барыңдар, сен, Жәкен, Жәмилә апайдың үйін кел десең болмай ма? Бұл ренішің – асығыстық  жетегінде кеткен өз қателігіңді сезінбей, азаматтығыңа сын болар өкпе – орынсыз қылық,» - деп дауласа кетті. Сендер кімді жақтар едіңдер? Айқындап айту уәжі  сендерді қанағаттандырады ма? Мұндай жай сендер де болды ма? Сызықша не себепті қойылып тұр екен? Өзге тыныс белгісімен ауыстыруға болады ма?

Мысалы:

Сендер, Арман, Ардақ, атайдың үйіне барыңдар.

Бұл ренішің, асығыстық жетегінде кеткен өз қателігіңді сезінбей, азаматтығыңа сын болар өкпе, орынсыз қылық.

Ойлануға жетелеу сұрақтарына жауап берді

 

Айқын пікірге қадам Ұжымдық жұмыс түрі:

 170-жаттығуда мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін талдап түсіндіріңдер.

Нақты да дәлелді пікірлер келтіруіне бағыт-бағдар беру.

Ұжымдық түрінде мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін талдап түсіндірді

 

Зерттеу әдісі Топтық жұмыс түрі:

Кітаптар мен басылымдар бойынша мысалдар қосарлы және оңашаланған айқындауышқа бес-бестен он мысал тауып жазу.

Оңашаланған айқындауыштың сызықшамен келер түріне ойдан жазбаша мысал келтірту, неліктен қойылатынын пысықтау.

Көкейкесті мәселеге арналған диктант немесе «Адасып кеткен тыныс белгілері» тапсырма. (2-3 минут)

171-жаттығуда мәтіндегі сызықшаның қойылу себебін талдап түсіндіріңдер.

172-жаттығуда құрмалас сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерінің және сызықшаның қойылу мәнін түсіндіріңдер.

 

Топтық жұмыс жасап әр жаттығуды топпен орындады

Үйге тапсырма: 173-174 жаттығуды орындап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

15.Сабақтың тақырыбы:  Бақылау диктанты. «Жыр құдіреті»

Жалпы мақсат: Оқушылардың жыл бойы өткен тақырыптары бойынша, стилдің түрлері, пунктуациядан  алған білімдерін саралау, сауатты жазуға баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жыл бойы өткен тақырыптары бойынша, стилдің түрлері, пунктуациядан  алған білімдерін сараланады, сауаттылығы  артады.

Сабақтың түрі: білімді саралау сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Дереккөздер:  Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романынан үзінді

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің  іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңберін құру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Табыс критерилерімен таныстыру

 

Тұсау-кесер

Бақылау диктантының мәтінін оқып, таныстыру.

 

Оқушылар диктант мәтінін мұқият тыңдайды

Негізгі кезең

Бақылау диктанты

 

         «Жыр құдіреті»

           ...Құлаққа жағымды қоңыр үндердің арасынан тыңқ-тыңқ шертілген домбыра дауысы естіледі. Құдабай шал қалақтай қара домбыраны күйге келтіріп, бебеулетіп отыр. Былайғы жұрттың есіл-дерті соның аузында.

-      Қане, бір «әу» деп жіберші!

-      Иә, көптен даусыңды сағынып жүрміз.

-      «Бөгенбайдан» қозғайсың ба, қалай?

-      Ол тым Ұзақтау ғой.

-      «Сәтбек батырды» айтсын.

-      Өзің біліп біреуін баста енді.

        Құдабай қаңсыған тамағын кенеп алды да, «Ах-ау!» - деп бір көтеріп тастады.Сонан соң шығыс қиссашыларының қоңыр мақамымен  мймаңдата жөнелді. Өлең сөздерін шумақ-шумағымен тастап алады да, қайырмасын тіс арасынан бебеулете, аса бір сәнді нақышпен қайырады.

Қарттың жырын Жәнібек алғашқыда ажырата аламай отыр еді.

         Соғыстан қайтпай қалған жанның өлеңмен жазған хаты екен. Белгісіз жігіт төніп тұрған қатарді алдын-ала сезгендей, көп-көп сыр толғайды. Туған елді,  анасын, әйелі мен жалғыз ұлын еске алып,ар шегеді. Жыр аяқталғанда, тыңдап отырғандар дуылдасып кетті.

-      Ой, қайран сабаз – ай!

-      Туып өскен жер оңай дейсің бе?

-      Ол күннің бетін ары қылсын десеңші!

-      Талай ерлер өтті – ау дүниеден?!

«Соғысқа қарсы жазылған аса күшті толғау, - деді Жәнібек ішінен. – Басылып жүрген кейбір поэмалар мынадай әсер қалдырмайды. Ал, әсер етпеген сөз айдалаға атылған оқпен тең»( Қ. Жұмаділов, 170 сөз)

Оқушылар диктантты жазады

 

Қорытынды үй тапсырмасы: қайталау

 

 

Күні:

Сынып: 9

Пән: қазақ тілі

16.Сабақтың тақырыбы:  Қос нүкте. Жақша.Тырнақша.

Жалпы мақсат: Оқушыларға қос нүктенің, нүктелі үтірдің қойылатын орындарын қарапайым, өміршең мысалдар арқылы  білім негіздерін, жүйелі, нақты қабылдауға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар  қос нүктенің, нүктелі үтірдің қойылатын орындарын қарапайым, өміршең мысалдар арқылы  білім негіздерін, жүйелі, нақты қабылдайды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ментальді карта, «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны,

Пікірталас, кесте толтыру

Дереккөздер, ресурстар:электронды оқулық, кестелі парақ, постер

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Кіріспе

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Сабақтың ұранын таңдау.

·         Бар жақсылықтың басы – тіл. (М.Қашқари)

·         Шын сөз -  бал, жалған сөз – жуа. (А. Йүгнеки)

·         Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас. (Абай)

 

Сабақтың ұранын таңдайды

 

Үй тапсырмасын сұрау

Сызықша тақырыбына байланысты жоғары дәрежелі сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды.

Сызықша тақырыбына байланысты жоғары дәрежелі сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды

Тұса-кесер

 

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Қос нүкте,  нүктелі үтір жайындағы ережені оқып, әр топ постер жасап, түсіндіру.

175-жаттығу Кестеге көркем шығармадан мысал тауып жазу

                         Қос нүкте

Жалпылауыш сөздерден кейін бірыңғай мүшелердің алдынан қойылады.

Түсіндірмелі салалас  сөйлем арасына қойылады.

Жалғаулықсыз

Себеп-салдар мәнді сөйлемнен кейін қойылады.

Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе

 

 

 

 

Қос нүкте,  нүктелі үтір жайындағы ережені оқып, әр топ постер жасап, түсіндіреді

 

176-жаттығу

Даналар сөзіндегі қос нүктенің мәнін ашу.

Бауырласың болмаса, жолдас ізде: жақсы жолдас бауырлас

 

Құлағы сақтың  - ойы кең

 

Адамға тілене беру – ұят: наны көбейгенмен, абыройы азаяды.

 

Қол қосылса күш өсер

Даналар сөзіндегі қос нүктенің мәнін ашады

 

178-жаттығу

Мәтінмен танысып,сөйлем түрлеріне талдау жасаңдар. Үтірлі нүкте қандай жағдайда қойылады.

 

 

180-жаттығу.

Өлең мәтіні бойынша «Мағжан өлеңінен туған ойлар» атты пікірталас ұйымдастырып, нүктелі үтірмен берілетін сөйлем құраңдар

«Мағжан өлеңінен туған ойлар» атты пікірталас ұйымдастырады

Қоры-тынды

Қорытынды

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны

 

 

 

Үй тапсырмасы: 181-жаттығу . Өзін-өзі дамытуға раналған жаттығулар

Рефлексия жасау

 

 

Не сәтті һтті?

 

 

 

 

 

 

 

Не сәтсіз өтті?

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ресми іс - қағаздар стилі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныбы:9 Пәні:қазақ тілі 2.Сабақтың тақырыбы:Ғылыми стиль,оның ерекшеліктері Жалпы мақсат: Білімдік: Баланың ғылыми стиль жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың теориялық білімді бекітуіне ықпал ету. Дамытушылық: Пікірін еркін жеткізуіне жағдай тудыру, түйсіну, сезіну, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу. Тәрбиелік:Ғылыми ізденіс пен жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу. Сабақтың түрі: зерттеушілік-таным сабағы Сабақтың әдіс тәсілдері: ой тастау, дәлелді ізденіс, шығармалық ізденіс және жаттығу тапсырмаларымен жұмыс істеу барысында көкейкесті мәселелерді тани білу, ізденістерді жобалау Жұмыс формалары: ұжымдық, топтық, жекелей Дереккөздер, ресурстар: пікіралмасуға қажетті плакат, түсті қағаз, қалам түрлері

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2020 1289
    • DOCX 213 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рак Ольга Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рак Ольга Андреевна
    Рак Ольга Андреевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85163
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек