Главная / Другое / Рефлексия на тему: "Оқушылардың білім алған тізбектелген сабақтар топтамасына бір рефлективтік есеп"

Рефлексия на тему: "Оқушылардың білім алған тізбектелген сабақтар топтамасына бір рефлективтік есеп"

Оқушылардың білім алған тізбектелген сабақтар топтамасына бір рефлективтік есеп

Ж.С.Жалмуханбетова

Мұғалімнің ойы

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс.

Қазіргі таңда мұғалім болу оңай жұмыс емес. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан

тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалімде Шульманның «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту (бас, қол, жүрек) жақсы болып саналады. (Нұсқаулық 7-8 бет)

Сыни ойлау маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде білімін өмірде қолдану бағытындағы тапсырмаларды орындату оңтайлы тәсілдің бірі деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлау–бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Қолданудағы мақсатым:

  1. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту

  2. Өз ойын анық, ашық айтуға төсілдіру

  3. Тілдік қорын дамыту

  4. Оқушы ізденісін қалыптастыру

Онлайн кезіндегі 5 сыныпқа өткізген “Whose T-shirt is this?” сабағымда тіл тосқауылын жеңу мақсатында жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. «Уақыт шеңбері» арқылы оқушылар дөңгелек құрып тұрды, мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады. Мысалы: a sock (s-o-c-k), a T-shirt (T-s-h-i-r-t), trainers (t-r-a-i-n-e-r-s), jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress. Венн диаграммасын құруда оқушылардың:

- танымдық қызметі қалыптасты;

- ойлау қабілеті артты;

- ағылшын тілінде айтып беруді үйренді;

- алған білімнің түйінін таба алды.

Қыздар Ұлдар

киімі Ортақ киімі

Trousers

A shirt

A tie

A cap


Jeans

skates

sweater

trainers

A blouse

A hat

A dress

A skirt









Оқушыларға жұппен жұмыс («жұптас - ойлан -бөліс» (pair -think - share) берілді. Сурет салып, суреттеу. Мысалы: Cap. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмысын топта талқылады, бірін-бірі сыни бағалады.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Зерттеу жұмысым барысында 5 сыныпта өткізілген әрбір сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым. Ағылшын тілі сабағында қарым-қатынасқа түсу, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызу ол күнделікті қайталанатын нәрсе. Сабағымда оқушылар кіріспе бөлімінде үй тапсырмасы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұралды. Мұнда оқушылардың ойлары жинақталған, жоғары мәртебелі сұрақтар қоюмен көзге түсті. Оқушыларды көңілді үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздеріне берілген көңілді смайликтер арқылы өз топтарына барып жайғасып, құралдарын шығарып, үй тапсырмасына дайындалды.

Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:

- Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;

- Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;

- Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;

-Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді.

Өз тәжірибемде АКТ- ны ағылшын тілі сабағында үнемі қолданамын. Мысалы, 5 сыныптағы «Whose T-shirt is this?» тақырыбындағы кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау негізделді. Интерактивті тақтада (флипчарттағы кітапхана) пайдаланып, қаламды дұрыс қолдана отырып, тақтада берілген баламен қызды киіндіру және оны суреттеу тапсырылды. Бұл тапсырманы орындауда Шерхан мен Тоғжан, Ұлан, Төрежан, Сәулет өздерінің ептілігі, икемділігі арқасында берілген суреттерді талғамға сай киіндіріп, оларды суреттеуде сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрін қолданды. Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықты тыңдап, өткен материалды естеріне түсіріп, қайталап, сабақта тиімді қолдана білді. Сонымен қатар осы сабақта тіл тосқауылын жеңу мақсатында интерактивті тақтада аудио жазбаға жазылған жаңа сөздерді суреттер арқылы тыңдады. Жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. Мұндай жұмыстар оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Келесі тапсырма бейне роликтен ән шырқау кезінде интерактивті тақтаны қолданғанымыз көрінді. «The blue coach» әнін оқушылар көткріңкі көңіл күймен шырқады. Ағылшын тілі сабағында АКТ-ны қолдану өте тиімді. АКТ-ны қолданудың тиімділігі оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, топтасып жұмыстануға, шығармашылық тапсырмаларды шапшаң, нақты орындай алады. АКТ- ны білу әр адамның өзіне байланысты. Өз тәжірибемде АКТ-ны сабақтарымда жиі қолданамын.

Курс барысында мен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында алған теориялық білімімді тәжірибеде қоланғанда оқушыға тиімді болды. Әр оқушы өзіне қажеттісін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстанады, талпынады, ізденеді, құлшынады, ынталанады, яғни көштен қалмау үшін барлық іс –әрекеттер мен қабілет, дарынын жұмсайды.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. (Нұсқаулық, 57-58 бет)

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалау формаларын енгізу маңызды рөл атқарады. Мектептегі тәжірибе кезінде «Whose T-shirt is this?» тақырыбы бойынша өткен сабағымда оқушылардың топпен бағалауын енгіздім. Ол үшін бағалау парағын критерий арқылы жасап, әр топқа үлестіріп бердім. Мысалы, бағалауда қызыл смайлик тобының топ басшысы Тоғжан өзінің тобындағы Шерханды төменде берілген критерийлер бойынша сыни бағалады. 1.Үй тапсырмасының орындалуына Шерханға өте жақсы баға қойылды, өйткені ол тапсырманы дұрыс орындаған, 2. Жаңа сөздікті меңгеруіне Шерханға өте жақсы деген баға қойылды, сабақта орындалған тапсырмаларды ол жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады. 3.Cұрақтарға нақты жауап беруінде Шерхан өз ойын ашық айтты, АКТ-ні қолдана алды, топта, жұпта, жеке жұмыс орындауда көшбасшылық танытты және нәтижесінде «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалады. Бағалауда Не дұрыс емес? Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады? деген сұрақтарға жауап беру арқылы сыни бағаланды.

Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

А) бақылау;

Ә) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

Б) бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау (Нұсқаулық, 57 бет).

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеп, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, өз пікірін дәлелдей алуға үйретеді.

Мектептегі тәжірибемде өз пәнімді оқытумен ғана шектелмей, сонымен қатар оқушымен арадағы ынтымақтастықтың қалыптасуына да мән бердім. Оқу мен оқытуда белгілі бір деңгейде табысқа жету үшін оқушылар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі керек. Оқушы бойында өзіне деген сенім мен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында алғашқы «Уақыт шеңбері» тренингін пайдаландым. Менің тәжірибеге таңдап алған 5 сыныбымның оқушылары қозғалғыш, бірақ ұйымшыл.

Тәжірибемнің барысында оқушыларыма топ ережелерін жасаттым. Алдымен олар жеке топ ережелерін шығарып, кейін ойларын біріктірді, постерға 3 топтың ережелерінен бір ереже құрып іліп қойдық. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда бұрын көп араласып, әңгімелесе бермейтін оқушылар Мейрамбек, Сәулет, Назерке топтық жұмыстар барысында, ынтымақтастық, ұйымшылдық қарым – қатынас пайда болып, нығая түсті. Оқушыларым бір – бірімен жұмыс істегенде өздерін өте жайлы сезінеді, достық қарым – қатынас орнаған сынып деп толық айта аламын. Сыныпта ынтымақтастық, достық қарым қатынас, жайлы атмосфера қалыптасса саналы тәрбие, сапалы білім қалыптасады деп ойлаймын.

Онлайн кезінде сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілді енгізу үшін 5 сыныпты зерттеуге алдым. Сыныптағы оқушылардың жасы 10-11-де. Бұл жастағы оқушылардың ақыл-ойы жақсы дамиды да, мінез ерекшеліктері қалыптасатын кезеңі. Жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық дамуларын да үнемі ескергеніміз жөн.

5-сынып оқушылары сабақтарымда жоспарға сәйкесті жұмыстанып отырды. Оларда сабақ үстінде шаршап, зерігетіндей, немесе берілген тапсырманы мүлдем түсінбейтіндей жағдайлар орын алған жоқ, себебі бұл жастағы балалар бастауыш сынып оқушыларына қарағанда өз іс-әрекеттерін қадағалай алады, өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады.

Жас ерекшеліктерін ескеру және білім беру критерилері.

  1. Көренекілік принципін ескеру. (орынды пайдалану)

  2. Қайталау жұмысын жүрггізу

  3. Ойландыру

  4. Зейінін тұрақтандыру.көрнекілік арқылы

  5. Сергіту сәтін өткізу

  6. Бір нәрседен екінші нәрсеге шолу.(байланыстық болу)

  7. Ойын әрекетін оқу әрекетімен алмастыру.

  8. Оқушының денсаулығын ескеру.

  9. Оқушыны сөйлету,сөздік қорын дамыту.

  10. Қысқа мерзімді,зейінді,ұзақ мерзімді зейінге айналдыру үшін жаттаған жаттауларын 3 күн сайын қайталату арқылы тұрақтандыру.

  11. Ата-анамен байланыс жасау арқылы мінез- құлық тану

  12. Темпераментына сәйкес жеке тапсырмалар беру.

Осы аталған критериларды өз сабақтарымда жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданамын. Мысалы: сергіту сәтінде видео жазбаны пайдаландым.

Қорыта айтқанда бұл сабақта оқушылар интербелсенді тақтаны бұрыннан пайдаланып жүргендіктен, оларға көп қиындық туғызбады. Сабақ кезінде үш топта белсенді жұмыстанды. Кейбір тапсырмаларды бөліп алып, «сен мынаны орындайсын, мен мынаны орындаймын»-деп, топ арасында бір шешімге келіп сабаққа деген қызығушылығы, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Барлық топ тапсырмаларды орындап болғасын топ басшысы мұғалім берген критерийлер бойынша өз тобын бағалап шықты. Кейбір оқушыларға сын айтылған кезде де, олар өз қателіктерін түсініп, қойылған бағаға риза болды.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

  • Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

  • Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

  • Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

  • Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

  • Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.

  • Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Т. Г. Браже «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»

Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.





Пайдаланылған әдебиет:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ресурстар

Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту

жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер.] 4th edition, York, Dialogos.

Flavell, J.H., (1976). Metacognitive aspects of problem solving. [Проблемаларды шешудің метаког-нитивтік аспектілері.] in Resnick, L.B. (Ed). The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ, Erlbaum).

Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. [Жетек-шілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме.] Clevedon: Multilingual Matters.

Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана.] (Cambridge, MA, Harvard University Press).

Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалардың ойлану және білім алу қабілеттері

қандай?] 2nd edition. Oxford: Blackwell Publishers Ltd.

www.cpm.kz.







Рефлексия на тему: "Оқушылардың білім алған тізбектелген сабақтар топтамасына бір рефлективтік есеп"
  • Другое
Описание:

Оқушылардың білім алған тізбектелген сабақтар топтамасына бір рефлективтік есеп

                                                                             Ж.С.Жалмуханбетова

Мұғалімнің ойы

        Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.

       Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

       Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық   шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеуметтік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс.  

          Қазіргі таңда мұғалім болу оңай жұмыс емес.  Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.     

       Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

       Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан

тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

        Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалімде Шульманның «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту (бас, қол, жүрек)  жақсы болып саналады. (Нұсқаулық 7-8 бет)

           Сыни ойлау маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде білімін өмірде қолдану бағытындағы тапсырмаларды орындату оңтайлы тәсілдің бірі деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлау–бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге  бағытталған пәндік шешім. Қолданудағы мақсатым:

1)     Оқушылардың сыни ойлауын дамыту

2)     Өз ойын анық, ашық айтуға төсілдіру

3)     Тілдік қорын дамыту

4)     Оқушы ізденісін қалыптастыру

Онлайн кезіндегі 5 сыныпқа өткізген “Whose T-shirt is this?” сабағымда  тіл тосқауылын жеңу мақсатында  жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. «Уақыт шеңбері» арқылы оқушылар дөңгелек құрып тұрды,  мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады. Мысалы: a sock (s-o-c-k), a T-shirt (T-s-h-i-r-t), trainers (t-r-a-i-n-e-r-s), jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a  pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress. Венн диаграммасын құруда оқушылардың:

- танымдық қызметі қалыптасты;                                                                       

- ойлау қабілеті артты; 

- ағылшын тілінде айтып беруді үйренді;

- алған білімнің түйінін таба алды.

                Қыздар                                    Ұлдар

                  киімі              Ортақ                киімі

     Jeans

      skates

      sweater

      trainers

A blouse

A hat

A dress

A skirt

 

     Trousers

      A shirt

      A tie

      A cap

 

 

 

 

 

 

 

 


          

Оқушыларға жұппен жұмыс («жұптас - ойлан -бөліс» (pair -think - share) берілді. Сурет салып, суреттеу. Мысалы: Cap. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмысын топта талқылады, бірін-бірі сыни бағалады.

            Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

          Зерттеу жұмысым барысында 5 сыныпта өткізілген әрбір  сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым.  Ағылшын тілі сабағында қарым-қатынасқа түсу, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызу ол күнделікті қайталанатын нәрсе. Сабағымда оқушылар кіріспе бөлімінде үй тапсырмасы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұралды. Мұнда оқушылардың ойлары жинақталған, жоғары мәртебелі сұрақтар қоюмен көзге түсті. Оқушыларды көңілді үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздеріне берілген көңілді смайликтер арқылы өз топтарына барып жайғасып, құралдарын шығарып, үй тапсырмасына дайындалды.

  Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:

- Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;

- Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;

- Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;

-Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді.

       Өз тәжірибемде АКТ- ны ағылшын тілі сабағында үнемі қолданамын.  Мысалы, 5 сыныптағы «Whose T-shirt is this?» тақырыбындағы кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау негізделді. Интерактивті тақтада (флипчарттағы кітапхана) пайдаланып, қаламды дұрыс қолдана отырып, тақтада берілген баламен қызды киіндіру және оны суреттеу тапсырылды. Бұл тапсырманы орындауда Шерхан мен Тоғжан, Ұлан, Төрежан, Сәулет өздерінің ептілігі, икемділігі арқасында берілген суреттерді талғамға сай киіндіріп, оларды суреттеуде  сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрін қолданды. Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықты тыңдап, өткен материалды естеріне түсіріп, қайталап, сабақта тиімді қолдана білді. Сонымен қатар осы сабақта тіл тосқауылын жеңу мақсатында интерактивті тақтада аудио жазбаға жазылған жаңа сөздерді суреттер арқылы тыңдады. Жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. Мұндай жұмыстар  оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Келесі тапсырма бейне роликтен ән шырқау кезінде интерактивті тақтаны қолданғанымыз көрінді.  «The blue coach» әнін  оқушылар көткріңкі көңіл күймен шырқады. Ағылшын тілі сабағында АКТ-ны қолдану өте тиімді. АКТ-ны қолданудың тиімділігі оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, топтасып жұмыстануға, шығармашылық тапсырмаларды шапшаң, нақты орындай алады. АКТ- ны білу әр адамның өзіне байланысты. Өз тәжірибемде АКТ-ны сабақтарымда жиі қолданамын.

           Курс барысында мен  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»  тақырыбында алған теориялық білімімді тәжірибеде қоланғанда оқушыға тиімді болды. Әр оқушы өзіне қажеттісін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстанады, талпынады, ізденеді, құлшынады, ынталанады, яғни көштен қалмау үшін барлық іс –әрекеттер мен қабілет, дарынын жұмсайды.                 

           Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. (Нұсқаулық, 57-58 бет)

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалау формаларын енгізу  маңызды рөл атқарады.  Мектептегі тәжірибе кезінде «Whose T-shirt is this?» тақырыбы бойынша   өткен сабағымда  оқушылардың  топпен бағалауын  енгіздім. Ол үшін  бағалау  парағын критерий арқылы жасап, әр топқа үлестіріп бердім. Мысалы, бағалауда қызыл смайлик тобының топ басшысы Тоғжан өзінің тобындағы Шерханды төменде берілген критерийлер бойынша сыни бағалады. 1.Үй тапсырмасының орындалуына Шерханға өте жақсы баға қойылды, өйткені ол тапсырманы дұрыс орындаған, 2. Жаңа сөздікті меңгеруіне Шерханға өте жақсы деген баға қойылды, сабақта орындалған тапсырмаларды ол жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады. 3.Cұрақтарға нақты жауап беруінде Шерхан өз ойын ашық айтты,  АКТ-ні қолдана алды, топта, жұпта, жеке жұмыс орындауда көшбасшылық танытты және нәтижесінде «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалады. Бағалауда Не дұрыс емес? Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады? деген сұрақтарға жауап беру арқылы сыни бағаланды.

Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

А) бақылау;

Ә) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

Б) бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау (Нұсқаулық, 57 бет).

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеп, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, өз пікірін дәлелдей алуға үйретеді.

         Мектептегі тәжірибемде өз пәнімді оқытумен ғана шектелмей,  сонымен қатар  оқушымен арадағы ынтымақтастықтың қалыптасуына да мән бердім. Оқу мен оқытуда белгілі бір деңгейде табысқа жету үшін оқушылар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі керек. Оқушы бойында өзіне деген сенім мен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында алғашқы «Уақыт шеңбері» тренингін пайдаландым. Менің тәжірибеге таңдап алған 5 сыныбымның оқушылары  қозғалғыш,  бірақ ұйымшыл.

Тәжірибемнің барысында оқушыларыма топ ережелерін жасаттым. Алдымен олар жеке топ ережелерін шығарып, кейін ойларын біріктірді, постерға  3 топтың ережелерінен бір ереже құрып іліп қойдық. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда бұрын көп араласып, әңгімелесе бермейтін оқушылар Мейрамбек, Сәулет, Назерке топтық жұмыстар барысында, ынтымақтастық, ұйымшылдық қарым – қатынас пайда болып, нығая  түсті. Оқушыларым  бір – бірімен жұмыс істегенде өздерін өте жайлы сезінеді, достық қарым – қатынас орнаған сынып деп толық айта аламын. Сыныпта ынтымақтастық, достық қарым қатынас, жайлы атмосфера қалыптасса саналы тәрбие, сапалы білім қалыптасады деп ойлаймын.

Онлайн кезінде сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілді енгізу үшін 5 сыныпты зерттеуге алдым.  Сыныптағы оқушылардың жасы 10-11-де. Бұл жастағы оқушылардың ақыл-ойы жақсы дамиды да, мінез ерекшеліктері қалыптасатын кезеңі. Жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық  дамуларын да үнемі ескергеніміз жөн.

        5-сынып оқушылары сабақтарымда жоспарға сәйкесті жұмыстанып отырды. Оларда сабақ үстінде шаршап,  зерігетіндей, немесе берілген тапсырманы мүлдем түсінбейтіндей жағдайлар орын алған жоқ, себебі бұл жастағы балалар бастауыш сынып оқушыларына қарағанда өз іс-әрекеттерін қадағалай алады, өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады.

Жас ерекшеліктерін ескеру және білім беру критерилері.

1.     Көренекілік принципін ескеру. (орынды пайдалану)

2.     Қайталау жұмысын жүрггізу

3.     Ойландыру

4.     Зейінін тұрақтандыру.көрнекілік арқылы

5.     Сергіту сәтін өткізу

6.     Бір нәрседен екінші нәрсеге шолу.(байланыстық болу)

7.     Ойын әрекетін оқу әрекетімен алмастыру.

8.     Оқушының денсаулығын ескеру.

9.     Оқушыны сөйлету,сөздік қорын дамыту.

10. Қысқа мерзімді,зейінді,ұзақ мерзімді зейінге айналдыру үшін жаттаған жаттауларын 3 күн сайын қайталату арқылы тұрақтандыру.

11.  Ата-анамен байланыс жасау арқылы мінез- құлық тану

12. Темпераментына сәйкес жеке тапсырмалар беру.

Осы аталған критериларды өз сабақтарымда жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданамын. Мысалы: сергіту сәтінде видео жазбаны пайдаландым.

        Қорыта айтқанда бұл сабақта оқушылар интербелсенді тақтаны бұрыннан пайдаланып жүргендіктен, оларға көп қиындық туғызбады. Сабақ кезінде үш топта белсенді жұмыстанды. Кейбір тапсырмаларды бөліп алып, «сен мынаны орындайсын, мен мынаны орындаймын»-деп, топ арасында бір шешімге келіп сабаққа деген қызығушылығы, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Барлық топ тапсырмаларды орындап болғасын топ басшысы мұғалім берген критерийлер бойынша өз тобын бағалап шықты. Кейбір оқушыларға сын айтылған кезде де, олар өз қателіктерін түсініп, қойылған бағаға риза болды. 

          Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

-         Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

-         Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

-         Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

-         Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

-         Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.

-         Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

         Т. Г. Браже «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»

          Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

       

 

           

 

Пайдаланылған әдебиет:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ресурстар

Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту

жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер.] 4th edition, York, Dialogos.

Flavell, J.H., (1976). Metacognitive aspects of problem solving. [Проблемаларды шешудің метаког-нитивтік аспектілері.] in Resnick, L.B. (Ed). The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ, Erlbaum).

Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. [Жетек-шілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме.] Clevedon: Multilingual Matters.

Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана.] (Cambridge, MA, Harvard University Press).

Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалардың ойлану және білім алу қабілеттері

қандай?] 2nd edition. Oxford: Blackwell Publishers Ltd.

www.cpm.kz.

 

     

 

 

 

 

Автор Жалмуханбетова Жазира Серикбаевна
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1416
Номер материала 54361
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓