Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыРеферат на тему: "Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан басталады"

Реферат на тему: "Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан басталады"

Скачать материал

Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан басталады

 

 Қандай бір ұлт болмасын ата-бабасының салт-дәстүрі, сөзі, өнері арқылы жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге тырысады. Француздар «Әр адамның екі Отаны болады: өзінің Отаны және Франция» дейді екен. Көрдіңіз бе, өздері сүйіп қана қоймай, басқалардың да Францияға құрметтеп қарауына ықпал еткілері келеді.

Мәдениеттің үлкені – өзінді өзің сыйлау, яғни туған тіліңді, еліңді, Отаныңды сыйлау, құрметтеуден басталатынын біздің жастарымыздың бойына қалай дарытамыз?

Ең алдымен тәрбиенің барлығы әрбір отбасынан басталады. Біз адам бойына ең ізгі қасиеттер күннің көзінен, ананың ақ сүтінен дариды деп жатамыз. Демек, ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ештеңемен теңестіруге болмайды. Халқымыз «ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» - деп тегін айтпаса керек. Баланың бойына ана тіліміздің кәусәрін сіңіру, ұлттық, дәстүр, салт-санамызды дарыту әрбір ананың қасиетті борышы. Осы борышты терең сезінген ана ғана балаларға дұрыс тәрбие бере алады.

Бұрынғы замандағы ақжаулықты әжелеріміз ешқандай арнаулы білімі болмаса да өз ұрпақтарының бойына елін, жерін жаудан қорғаған батыр, шешен балаларының ерлік істері мен даналық сөздерін құлағына сіңірумен бірге «адал», «арам», «обал», «сауап» деген терең мағыналы төрт сөзбен ғана адамгершілік тәрбиесін беріп келген.

Ұлы Абайдың әжесі Зере немересіне жас кезінен бастап «Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең» - деп бұрынғы ата-бабаларымыздың өнегелі істерін ертегі етіп айтып құйма құлақ, ойшыл етіп тәрбиелегенін тарихтан білеміз. Олай болса ұрпақтың тағдыры да, тәрбиесі де, болашағы да, ұлттық тілі мен дәстүрін сақтап қалуы да, отаншыл болуы да ананың ақ пейілі мен аялы алақанына, қажыр қайраты мен білікті тәрбиесіне байланысты.

Мұхаммед Пайғамбарымыз бір хадисіңде: «мемлекеттің негізі - әйел, ол гүлденсе мемлекет гүлденеді, ол күйресе мемлекет күйрейді» - десе, Мұхтар Әуезов ең алғашқы мақаласын «Адамдық негізі - әйел» деп атап, ондағы: «Қазақ мешеу болып қалам демесен тағылымыңды, бесігінді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе» - деп түйіндеуі тегін емес.

Сондықтан аналар ұрпақ алдындағы осы жауапкершілігін сезінсе, болашақ аналар – қыздарымыз отбасынан заманға лайық дұрыс тәрбие алса, оған бүкіл азаматтар болып, ел болып ойланып қамқорлық жасаса ертеңгі ұрпағымыздың тағдырына сенімді болатынымыз анық.

Екіншіден, жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін алдымен ана тіліміздің рөлін барынша көтермесе болмайды. Өйткені тілін білмейінше қазақтың баласы ұлтын танымайды. Олай дейтініміз ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің бір ұшы қазақтың ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерінде, қанатты сөздерінде жатыр. Мысалы, қазақтың мақалы «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі» деп жас ұрпақты елін сүюге, намысты таптатпауға насихаттайды. Туған тілін біліп, ата-бабасынан қалған мақал-мәтелді қазақша оқып өскен қазақтың баласына ұлтжандылық дариды. Өйткені ауыз әдебиетіміздегі шешендік өнер, қанатты сөздер, мақал-мәтел, ғибраттардың Отан, туған ел, халық, ұлт тақырыбын айналып өткені жоқ. Мысалы: «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Отан сатқан – ант атқан», «Опасызда Отан жоқ», «Құртақандай торғай да өз ұясын қорғайды», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ел іші – алтын бесік» т.б.

Ертегілеріміз бен батырлар жыры, ғашықтық жырларының өзі – тұнған тарих, ерлік пен елдік, рух биіктігі мен намыс, табиғатқа, туған өлкеге деген махаббатты оятатан жауһар жәдігерлер. Терме-жырлар, халық әндерінің негізгі тақырыбы – елге, жерге деген махаббат. Міне осындай тәрбиелік мәні зор халықтың құдыретті өнерінен алшақтап бара жатқанымыз ұлттық тәрбиемізге нұқсан келтіріп, жастарды қазақи рухта тәрбиелеуге көп кедергі келтіріп отырғаны жасырын емес. Бұл мәселеде де ата-аналардың, әрбір отбасының жауапкершілігін көтермесе болмайды. Бұл жөніндегі жақсы үлгілерді кеңінен насихаттап, кемшіліктерімізді ашық айтуға тиіспіз.

Сонымен қатар елдегі барлық мәдениет мекемелері, өнер ұйымдары түгел ат салысып, мемлекет тарапынан көп қамқорлық жасалмаса түпкі нәтижеге жету қиын екені сөзсіз.

Отаншылдықтың бастауы – төл тарихта жатыр. Бұрынғы ел билеген Абылай, Кенесары сияқты хандарымызды, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты тұлғалы билерді, Шоқан, Абай, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев сияқты қазақтың дара тұлғаларын білмейтін жастардан қандай отаншылдық шығады.

Н. Назарбаевтың «Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» деген есиетін басшылыққа алып жұмыс жүргізуіміз керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Реферат на тему: "Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан басталады""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан басталады Қандай бір ұлт болмасын ата-бабасының салт-дәстүрі, сөзі, өнері арқылы жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге тырысады. Француздар «Әр адамның екі Отаны болады: өзінің Отаны және Франция» дейді екен. Көрдіңіз бе, өздері сүйіп қана қоймай, басқалардың да Францияға құрметтеп қарауына ықпал еткілері келеді. Мәдениеттің үлкені – өзінді өзің сыйлау, яғни туған тіліңді, еліңді, Отаныңды сыйлау, құрметтеуден басталатынын біздің жастарымыздың бойына қалай дарытамыз?Ең алдымен тәрбиенің барлығы әрбір отбасынан басталады. Біз адам бойына ең ізгі қасиеттер күннің көзінен, ананың ақ сүтінен дариды деп жатамыз. Демек, ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ештеңемен теңестіруге болмайды. Халқымыз «ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» - деп тегін айтпаса керек. Баланың бойына ана тіліміздің кәусәрін сіңіру, ұлттық, дәстүр, салт-санамызды дарыту әрбір ананың қасиетті борышы. Осы борышты терең сезінген ана ғана балаларға дұрыс тәрбие бере алады.Бұрынғы замандағы ақжаулықты әжелеріміз ешқандай арнаулы білімі болмаса да өз ұрпақтарының бойына елін, жерін жаудан қорғаған батыр, шешен балаларының ерлік істері мен даналық сөздерін құлағына сіңірумен бірге «адал», «арам», «обал», «сауап» деген терең мағыналы төрт сөзбен ғана адамгершілік тәрбиесін беріп келген.Ұлы Абайдың әжесі Зере немересіне жас кезінен бастап «Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең» - деп бұрынғы ата-бабаларымыздың өнегелі істерін ертегі етіп айтып құйма құлақ, ойшыл етіп тәрбиелегенін тарихтан білеміз. Олай болса ұрпақтың тағдыры да, тәрбиесі де, болашағы да, ұлттық тілі мен дәстүрін сақтап қалуы да, отаншыл болуы да ананың ақ пейілі мен аялы алақанына, қажыр қайраты мен білікті тәрбиесіне байланысты.Мұхаммед Пайғамбарымыз бір хадисіңде: «мемлекеттің негізі - әйел, ол гүлденсе мемлекет гүлденеді, ол күйресе мемлекет күйрейді» - десе, Мұхтар Әуезов ең алғашқы мақаласын «Адамдық негізі - әйел» деп атап, ондағы: «Қазақ мешеу болып қалам демесен тағылымыңды, бесігінді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе» - деп түйіндеуі тегін емес.Сондықтан аналар ұрпақ алдындағы осы жауапкершілігін сезінсе, болашақ аналар – қыздарымыз отбасынан заманға лайық дұрыс тәрбие алса, оған бүкіл азаматтар болып, ел болып ойланып қамқорлық жасаса ертеңгі ұрпағымыздың тағдырына сенімді болатынымыз анық.Екіншіден, жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін алдымен ана тіліміздің рөлін барынша көтермесе болмайды. Өйткені тілін білмейінше қазақтың баласы ұлтын танымайды. Олай дейтініміз ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің бір ұшы қазақтың ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерінде, қанатты сөздерінде жатыр. Мысалы, қазақтың мақалы «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі» деп жас ұрпақты елін сүюге, намысты таптатпауға насихаттайды. Туған тілін біліп, ата-бабасынан қалған мақал-мәтелді қазақша оқып өскен қазақтың баласына ұлтжандылық дариды. Өйткені ауыз әдебиетіміздегі шешендік өнер, қанатты сөздер, мақал-мәтел, ғибраттардың Отан, туған ел, халық, ұлт тақырыбын айналып өткені жоқ. Мысалы: «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Отан сатқан – ант атқан», «Опасызда Отан жоқ», «Құртақандай торғай да өз ұясын қорғайды», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ел іші – алтын бесік» т.б.Ертегілеріміз бен батырлар жыры, ғашықтық жырларының өзі – тұнған тарих, ерлік пен елдік, рух биіктігі мен намыс, табиғатқа, туған өлкеге деген махаббатты оятатан жауһар жәдігерлер. Терме-жырлар, халық әндерінің негізгі тақырыбы – елге, жерге деген махаббат. Міне осындай тәрбиелік мәні зор халықтың құдыретті өнерінен алшақтап бара жатқанымыз ұлттық тәрбиемізге нұқсан келтіріп, жастарды қазақи рухта тәрбиелеуге көп кедергі келтіріп отырғаны жасырын емес. Бұл мәселеде де ата-аналардың, әрбір отбасының жауапкершілігін көтермесе болмайды. Бұл жөніндегі жақсы үлгілерді кеңінен насихаттап, кемшіліктерімізді ашық айтуға тиіспіз.Сонымен қатар елдегі барлық мәдениет мекемелері, өнер ұйымдары түгел ат салысып, мемлекет тарапынан көп қамқорлық жасалмаса түпкі нәтижеге жету қиын екені сөзсіз.Отаншылдықтың бастауы – төл тарихта жатыр. Бұрынғы ел билеген Абылай, Кенесары сияқты хандарымызды, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты тұлғалы билерді, Шоқан, Абай, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев сияқты қазақтың дара тұлғаларын білмейтін жастардан қандай отаншылдық шығады. Н. Назарбаевтың «Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» деген есиетін басшылыққа алып жұмыс жүргізуіміз керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.06.2020 325
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тазенок Елена Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тазенок Елена Александровна
    Тазенок Елена Александровна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65459
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек