Главная / Начальные классы / разработка утренника "Біз мектепке барамыз"

разработка утренника "Біз мектепке барамыз"

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.


Әдісі: Ертеңгілік.


Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз.

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық


(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)

- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.

І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.

ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан

ІІІ тапсырма Математика сабағынан.

ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.


І тапсырма «Тапқыр болсаң талас жоқ»

1-жүргізуші: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз бүгін «Көктемгі гүлдер» ойынын ойнаймыз

(Даярлық тобының балалары гүлдерді теріп, ішіндегі тапсырмаларды орындайды).


1-тапсырма:

- Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?

«Біздің Қазақстан», «Отан» .

Сенің ауылың кімнің атымен аталады?

Мектебің кімнің атымен аталады?

ҚР рәміздерін кімдер атап береді?

«Елтаңбасы елімнің» , «Қазақстанның байрағы» , «Әнұран»

Оқу құралдарын айтамыз.

Апта күндерін атап беру.

Сөздерді буынға бөлу (оқушы, мұғалім, балапан, кітап).

Мына сөздерге сөйлемдер құрастыру (гүл, бала, оқушы, мектеп)

Неше жыл мезгілі бар?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатқа нелер жатады?


ІІ тапсырма ( Кім зейінді?)


  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

  • Дауыссыз дыбыстарды ше?

  • Мына сөз туымды кім оқып береді?( Айан, Айша, Айбар, Айдана)

  • Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)

  • Тақтаға өз атын кім жазып береді?

Мақал-мәтелдерді жалғастыр

Оқу түбі... ( тоқу).

Ойна да күл... (оқы да біл).

Біліп тұрсаң да ... (сұрап ал).

Көп біл.... ( аз сөйле).

Ырыс ... (ынтымақ).

Еңбек...( ер атандырады).

Күлме досыңа.. ( келер басыңа).

Ата-ананың ақылы... (сайрап жптқан жолмен тең).

Білемін деп мақтанба... (сенен де білгіш табылар).

Өз елің –.... (өлең төсегің).

III тапсырма ( Кім жылдам?)

  • Тура және кері санап бер.

  • Кім есеп құрастырып береді? ( суреттерге қарап есеп құрастыру)

  • Геометриялық пішіндерді ата

Ойын: «иә, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Танартең ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

ІҮ тапсырма «Өнерлі өрге жүзер»

Бейбарыс:

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың,

Ер жетті деп бөбегім,

Ата-анамыз қуансын.


Бақтай


Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап

Алаңдауды білмедім.

Ернар

Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.


Ән «Біз бақытты баламыз»

Би «Үнді биі»

Қаракөз

Нағыз білім ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

Диас

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз

Нұрсейт.

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Мектепке барам мен енді,

Даярлық топ қош енді.


Тоғжан

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Әділжан


Ән салайық бас қоса

Даярлықпен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен қоштаса.


Ән «Бала, бала, балақан»

БИ «Орыс биі»

Әйгерім

5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.


Асылан

Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келгенбіз,

Біз бірінші сыныпқа.

Мұхамед

Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.



Олжас

Шықтық бүгін алға енді,

Даярлық топ қош енді.

Қадам бастық есейіп,

Қызық өмір алда енді.

Көрініс «Байлық пен ақыл»

Нұрай

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді сыйлаймыз.

Елнұр

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.


Нұршат

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Алғашқы топты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Айдын

Алты жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Ата-ананы қуантып

Кілең бестік аламыз

Ұлдана

Мектеп қамқор анамыз

Оқу білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біріншіге барамыз

Айсана

Күннің нұры шуақты

Өтті сәби күндерім

Құрдастарым сияқты

Біріншігн барамын

Санжар

Биыл алты жастамын

Кітап оқи бастадым

Әріптерді танимын

Енді жаза аламын

Балнұр

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген білімнің ең үлкені


Би «Испан биі»

Ән «Қуыршақ»

Би «Вальс»

Қорытынды

- Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.









разработка утренника "Біз мектепке барамыз"
  • Начальные классы
Описание:

   

Тақырыбы:          Біз   мектепке     барамыз!

Мақсаты  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.                                                                                                                                                                               

 

Әдісі:  Ертеңгілік.

 

Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.

                     ІІ   Кіріспе  сөз. 

         -  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық  топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық

 

    (Есік қағылып ,  «5»-тік  баға  кіреді.)

- Сәлеметсіңдер ме,балалар!  Мені сендерге «Білім ханшайымы»        балалардың   мектепке барардағы  білімдерін тексер,-  деп  жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының»  беріп  жіберген, бірнеше тапсырмалары  бар.   Осы  тапсырмаларды оқып, орындауларыңды  талап  етемін. Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке  даярлықтарыңды  тексеремін.

 І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру.

ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан

ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан.

ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

 

І тапсырма «Тапқыр болсаң талас жоқ»

1-жүргізуші: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз бүгін «Көктемгі гүлдер» ойынын ойнаймыз

(Даярлық тобының балалары гүлдерді теріп, ішіндегі тапсырмаларды орындайды).

 

              1-тапсырма:

  - Біз қай елде тұрамыз?  Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?

  «Біздің Қазақстан»,   «Отан» .

    Сенің ауылың кімнің атымен аталады?

   Мектебің  кімнің атымен аталады?

             ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді?

           «Елтаңбасы елімнің»      , «Қазақстанның байрағы» , «Әнұран»

               Оқу құралдарын айтамыз.

               Апта күндерін атап беру.

              Сөздерді буынға бөлу (оқушы, мұғалім, балапан, кітап).

             Мына сөздерге сөйлемдер құрастыру (гүл, бала, оқушы, мектеп)

            Неше  жыл мезгілі бар?

  Табиғат нешеге бөлінеді?

   Тірі табиғатқа нелер жатады?

 

          ІІ тапсырма  ( Кім зейінді?)

 

-         Дыбыстар нешеге  бөлінеді?

-         Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?

-         Дауыссыз    дыбыстарды ше?

-         Мына сөз туымды кім оқып береді?( Айан, Айша, Айбар, Айдана)

-         Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та,   қа-ла,   да-ла)

-         Тақтаға өз атын кім жазып береді?

Мақал-мәтелдерді жалғастыр

Оқу түбі... ( тоқу).

Ойна да күл...  (оқы да біл).

Біліп тұрсаң да ...  (сұрап ал).

Көп біл.... ( аз сөйле).

Ырыс ...  (ынтымақ).

Еңбек...( ер атандырады).

Күлме досыңа.. ( келер басыңа).

Ата-ананың ақылы... (сайрап жптқан жолмен тең).

Білемін деп мақтанба... (сенен де білгіш табылар).

Өз елің –.... (өлең төсегің).

 III тапсырма ( Кім жылдам?)   

-         Тура және кері санап бер.

-         Кім есеп құрастырып береді? ( суреттерге қарап есеп құрастыру)

-         Геометриялық пішіндерді ата

Ойын: «иә, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Танартең  ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

 ІҮ  тапсырма «Өнерлі өрге жүзер»

      

                        Бейбарыс:

                Қуан,  шаттан  алақай,

                Қуанатын  күн бүгін.

                Бұл қуаныш себебін,

                Бізге қарап ұғарсың,

                Ер жетті деп бөбегім,

                Ата-анамыз қуансын.

 

                 Бақтай

 

                 Құшағыңда жарқылдап,

                Өтті сәби күндерім.

                Би биледім, ән тыңдап

                 Алаңдауды білмедім.

             Ернар

               

       Енді мен үлкен боламын,

      Анамның тілін аламын.

      Ұстаздың барлық айтқанын,

       Миыма құйып аламын.

 

    Ән «Біз бақытты баламыз»

     Би «Үнді биі»

  Қаракөз       

Нағыз білім ырыс  бақ,

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз  дұрыстап.

Диас

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге  барамыз

Нұрсейт.

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Мектепке барам мен енді,

Даярлық топ қош енді.

 

        Тоғжан

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

            Әділжан      

 

Ән салайық бас қоса

Даярлықпен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен қоштаса.

 

           Ән «Бала, бала, балақан»

           БИ «Орыс биі»

                Әйгерім

        5 болсын алар бағамыз,

        Білімнен бақыт табамыз.

        Өнер-білім көп тоқып,

        Өсе берсін санамыз.

 

Асылан

      

Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келгенбіз,

Біз бірінші сыныпқа.

   Мұхамед              

        Биыл күзде мектепке,

        Біріншіге барамын.

       Мақтанбаймын мен текке,

       Дайын дәптер, қаламым.

 

 

Олжас           

Шықтық  бүгін алға енді,

Даярлық топ қош енді.

Қадам бастық есейіп,

Қызық өмір алда енді.

 

Көрініс «Байлық пен ақыл»        

    Нұрай              

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді  сыйлаймыз.

  Елнұр         

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

 

Нұршат

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Алғашқы топты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Айдын

Алты жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Ата-ананы қуантып

Кілең бестік аламыз

Ұлдана

Мектеп қамқор анамыз

Оқу білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біріншіге барамыз

Айсана

Күннің нұры шуақты

Өтті сәби күндерім

Құрдастарым сияқты

Біріншігн барамын

Санжар

Биыл алты жастамын

Кітап оқи бастадым

Әріптерді танимын

Енді жаза аламын

Балнұр

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген даналардың мекені

          Мектеп деген тәрбиеші адамға

         Мектеп деген білімнің ең үлкені

 

Би «Испан биі»

Ән «Қуыршақ»

Би   «Вальс»

Қорытынды 

-  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.

    Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,    ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

 

 

 

 

Автор Қайықбаева Гулбакарам Жанайдарқызы
Дата добавления 20.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 1219
Номер материала 8698
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓